ҚПЛ-2016 маусымына болжам

  • Автор
12 наурыз күні футболдан Қазақстан Премьер Лигасының кезекті маусымы басталады. Формат бұрынғыдай: 12 команда, кейін алтылықтарға бөліну. Маусым алдында командалардың алатын орындарын шамалап көрейін. Нақты орындарын айту оңай емес, тек 2 лидер мен 2 аутсайдерді анық деуге болады, сондықтан 12 команданы 3 топқа бөлейін: Лидерлер, Ортанқолдар, Аутсайдерлер.

Футбол, тек қана футбол!: ҚПЛ-2016 маусымына болжам
Астаналық жанкүйер Астана — Қайрат матчын тамашалауда. Сурет: fca.kz

Лидерлер: Астана — Қайрат — Тобыл — Ордабасы
Чемпиондыққа биыл да Астана мен Қайрат таласады. Екеуінің бюджеті де, ойыншылар құрамы да жақсы. Бұл екеуіне тең келер ешкім бола қоймас сірә. Қазақстандық Лестер әзірше шыға қоймайды. Бұл екеуіне биыл біраз жақсы трансфер істеген Тобыл мен былтыр 4-орын алып, Еуропа Лигасына жолдама алған Ордабасыны қостым. Егер командалық ойындары жақсы қалыптасса Тобыл қиналмай үштікте болады, ал, шымкенттіктерден биыл да жақсы старт күтемін.

Ортанқолдар: Атырау — Ертіс — Оқжетпес — Жетісу
Бұл төртеуінің бюджеттері де, құрамдары да шамалас. Алтылыққа кіру — басты мақсаттары болады деген ойдамын. Атырау сәл тырысса төрттікке де таласа алатын күште. Ал, жалпы бұл төрттіктегілер күштілерден жеңіліп, әлсіздерді жеңіп, өзара ұпай бөлісіп, ортада жүретін командалардан. Биыл үлкен бір секіріс күтпеймін.

Аутсайдерлер: Тараз — Шахтер — Ақтөбе — Ақжайық
Футболымызда өкінішке қарай барлық нәрсені ақша белгілейді. Соңғы төрттіктегілер бюджеті төмен клубтар. Маусымарасында үлкен трансферлері болды деп айта алмаймын. Тараз бен Шахтер биыл да үміттенбейтін сияқты алғашқы алтылықтан. Оралдықтар өз күштеріне сенуде, жастарға жақсы тәжірибе болмақ биылғы маусым. Ал, Ақтөбенің бюджеті бұрынғыдан азайса да жалпы қарағанда басқа командалармен шамалас бюджеті бар. Бірақ, командадағы жаңа басшылық сол бюджетті дұрыс қолдана алмауда. Командада бұрын ересектерді баптап көрмеген жаңа бапкер, Ресейдің 2-лигасы мен дубльдерінен әкелінген төменгі сортты жас футболшылар және қазақстандық ешкімге керек емес болып қалған ойыншылар. Мұндай жаңа құрам нәтиже әкеле ме? Сену қиын.

Жалпы, ойым осы. Ешқандай командадан тосынсый күтпеймін. Таза, реалистік ой ;)
asaubota

КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор

Ұқсас посттар

1 пікір

MickThatsMyNick
Қатарынан 10 жыл үштіктен түспедік, 5 мәрте чемпион атанып үлгердік. Тіпті еліміздің өзі Ақтөбе туралы осы футболдан ести бастады. Бірақ Еуропалық турнирлерде топтық кезеңге шыға алмадық. Махтааралмен тең ойын көрсеткен соң биылғы үміт жұтаң.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.