Arular.kz

Фильм: "Десима жүрегінде"

Футбол, тек қана футбол!: Фильм: Десима жүрегінде
2013-2014 маусымы Мадридтің Реалы үшін сәтті аяқталды деуге болады. Требл жасап тірелмесек те, 24 мамырда көптен күткен Десимаға, яғни Чемпиондар Лигасының оныншы кубогына қол жеткіздік. Одан басқа да жеңістер болды.

Сенбінің түні мадридисталардың есінде шығар. Лиссабон, Годин, Касильяс, 93 минут, Рамос, РАМОС, РАМОС (!!!), 1 де 1, ақсақал Анчи, айқай, шу, біз матч көріп отырған Red Bus Pub-тың іші истерика, қарлыққан дауыс, шайналған бармақ, тістеленген ерін, қуаныштан солқылдап жылап, еңіреп жүрген, екінші нөмірлі Варан деген жазуы бар футболка киген қыз, Ди Мария, 4 те 1, костюм киген Хесе мен Алонсо, таңғы сегізге дейін тойлау…

Қазір жағдайымыз қиын. Перестің пи… пайдакүнемдігі, Бенитестің псевдобапкерлігі, уэльстік «теп-жүгір» мен бос қақпаның құдайы — проблема жетіп артылады. Жә, жыл ұзақ, қайырын берсін, әйтеуір.

Осындай қиын сәтте, глорлар жаппай миграциялап, басқа клубтарға ауған кезде сіздерге бір тамаша фильм ұсынып отырмын. "Десима жүрегінде" (En el corazón de la Décima) деп аталады. Түсірген — Реал Мадрид әкімшілігі. Лиссабондағы финалдың ар жақ-бер жағында алаңнан тыс не болды, соны көрсетеді. Қасиетті Жеңіс сыйлаған ғажап сезімдерге қайта бөленесіз.

Жіберіп алған Король клубының жанкүйерлеріне көру парыз:)

¡Así gana el Madrid! ¡Hala Madrid!

" data-width="600" data-numposts="5">

1 пікір

avatar
Бір жылап алдым;(;(;(

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.