Arular.kz

Шыңғыс Есенамановпен сырласу

Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласуҚазіргі заманда қыз баланың араласпайтын шаруасы жоқ. Әмбебап болғаннан ешкім зардап шекпеген шығар, енді. Сол себепті ара-арасында футболға да қызығамыз. Сіздерге ескіріп кеткен жаңалықпен бөліспекпін. Шамамен 1 ай бұрын, үй тапсырмасы ретінде, республикалық деңгейде жүлделі орын алған бір спортшыдан сұқбат алу керек болды. Бәріміз жанталасып іздей бастадық. Сөйтіп, менің кейіпкерім кім болды? Қызық болса, сұқбатыма көз жүгіртіп өтіңіз! ^=^
Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласу
Шыңғыс Есенаманов — «Тұлпар» футбол командасының бұрынғы капитаны, Қазақстан құрамасының вице-капитаны, қазір "Қайрат" мини-футбол клубының ойыншысы. 2012 жылы маусымның ең үздік ойыншысы атанып, араға үш жыл салғаннан кейін қайтадан осы номинацияның жеңімпазы болды.
Шыңғыс, естуімше, сіз Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің (КЭУК) түлегісіз. Не себепті қаржыгер емес, футболист болуды таңдаңыз?
— Балалық шақтан бері футболға құмармын. Қарапайым балалар сияқты алаңдарда ойнап жүрдім. Ақырында қалай кәсіби спортшыға айналып кеткенімді білмей қалдым. Қазір футболсыз өмір, өмір емес. Ол — өмірімнің үлкен бір бөлшегі.
— Қазір физиотерапиялық ем қабылдап жүрсіз. Инстаграм парақшаңызда «аздаған жарақат алдым» дегенсіз. Қашан және қалай жарақат алып жүрсіз? Қандай жағдаяттарда?
— Бізде енді онсыз болмайды. Көбіне дайындықтар мен жарыстардан аламыз. Иә, шынымен ем қабылдап жүрмін. Жаттығу кезінде аздап буындарымды зақымдап алдым. Қазір, шүкір, бәрі жақсы. Жаттығуларға да бәріне қатыса аламын.
Ең бастысы — денсаулық! Сізге тезірек жазылуыңызға тілектеспін. Жазда маусымның ең үздік ойыншысы атаныпсыз. Құттықтаймын! Бұл сүйінші хабармен sport.kz интернет-порталымен бөлісіпсіз. Сонда «Хочется что-нибудь выиграть» дегенсіз, ойға алған мақсатыңызға жеттіңіз бе?
— Рақмет, бұл тосын жаңалықтардың бірі еді. Иә, іштей сездім. Бірақ осы маусымның ең үздік ойыншысы болатынымды естігенде қуанып кеттім. Жоқ, әлі армандаған мақсатыма тек шындалудамын. Бар ынтамды салып, болашақта жүзеге асырсам, нұр істіне нұр болар еді. Бәрі өз уақытымымен болады. (жымиды)
Сонда қандай арманға шындалудасыз?
— Менің арманым Қазақстанның чемпионы болу. Негізі, егер Бразилияға ұтылып қалмағанда, бәрі оңай болушы еді. Бірақ ештен кеш жақсы демекші. Әлі талай жеңісті күндерімізді көп болатына сенемін!
-Білуімше, сізде екі кішкентай ұлдарыңыз бар. Болашақта оларды Қазақстан құрамасының ойыншылары ретінде көре аламыз ба?
— (Езу тартып, күлді) Иә, ұлдарым бар. Негізі қалай жауап берерімді білмей тұрмын. Себебі, үлкен ұлым боксты жақсы көреді. Кішкентайым, әлі ештеңеге қызықпайды. (жымиды) Бірақ әлбетте олардың футболист болғандарын қалаймын. Егер басқа спортқа қызықса да қарсы болмаймын.Олардың қалауы бәрнен маңыздырақ.
Әлбетте, балалардың орны әрқашан бөлек болған, ғаламторда бір қызық пікірге көзім шалынды. Осы пікірге қалай жауап берер едіңіз?
Футбол, тек қана футбол!: Шыңғыс Есенамановпен сырласу
— Енді бұл жерде ешкімді кінәлауға болмайды. Себебі егер Тұлпарда бұрынғы ойыншылар қала берсе, жастар не істейді? Талай талантты жас футболшылар бар. Оларға да өздерін көрсетуге мүмкіндік беруіміз керек.
— Сізбен толық келісем, ал енді Тұлпардан кеткеннен кейін қазіргі жаңа тобыңызбен қарым-қатынастарыңыз түзу ме?
— Аллаға шүкір, бәрі де жақсы. Олардың іштерінде де Қарағандының адамдары бар. Бір-бірімізді қолдап жүреміз. Басында аздап қиын болса, қазір бір отбасының балаларындаймыз.
— Кейде бәрін тастап кеткіңіз келеді ме?
— Пенде болған соң әр түрлі жағдайларға тап боламыз, бірақ ешқашан өмір бойы жиған-тергенімді тастап кетуге дайын емеспін. Ондай күндерім болмады десем де болады.
— Ал, енді, ең соңғы сұрағым. Шетелде болған ең қызық, ыстық естеліктеріңізбен бөлісе кетсеңіз.
— Футболдың арқасында көптеген елдерді араладым. Бір қызығы оларды бөліп жармаймын, өткізген әр сәтім ыстық естеліктерге толы. Әр ойыншыға ең бастысы — туған еліне жеңіспен оралу. Бұл ұмытылмас шақ. Міне, осы ойындардың арқасында қызықты жайттарға кезігіп жүреміз. (Күлді)
Шыңғыс, алтын уақытыңызды бөліп, сұқбат бергеніңіз үшін мың да бір алғыс! Бұл алғашқы сұқбат емес деп сенемін. Болашақта ойға алған армандарыңыз орындала берсін! Амандықта жолығайық!
P.S.: Шыңғысты тек футболист ретінде танитынмын. Оның өзі сырттай ғана. Ал, сұқбатасудан кейін, ойым мүлдем өзгерді. Бір ескеріп кететіні спортшылар тұйық болып келеді. Менің кейіпкерім іштегі бар ойын жасырмай ақтарып салды. Сұрақтарыма толық жауап берді. Көпшілігіне ойнау шеберлігімен көзге түссе, мен оны қамқор әке, адамгершілігі мол, өте қарапайым адамның бейнесінде тани білдім.
" data-width="600" data-numposts="5">

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.