Рейтинг
+53.77

Эстафеталар

138 оқушы, 84 тақырып
/ / 6 / 1015 / 0
Ең....

Ең жолым болған кездер: 1990 жылы КазГу-ға оқуға түсуге құжат өткізіп, үш емтихан тапсырдым, жалпы үш «төрттік» деген баға алдым, бірақ, конкурстан өтпей қалдым, еш жеңілдік жоқ, қабылдау комиссиясына құжаттарды алуға бардым, хатшысы бермей қойды, қазір еліңе қайта бер, шешім қабылданып, оқуға түссең телеграмма саламын, ал түспесең, документтеріңді бандерольмен салып жіберемін деді, бір жұма өткен соң телеграмма алдым, әлгі тәтейден))) Қазір...

/ / 15 / 1392 / 0
ҰНАМАЙДЫ!!!! ұнайды

Ұнамайды: балық аулауға бара жатқанда әйелімнің кенет ауыра қалатыны, бітпейтін бір қонаққа бару міндеті, жұмыста ананың-мынаның туған күніне жиналатын алым-салықтар, түнде бала жылағанда әйелімнің жорғалап кетпейтіні, қыртылдатып, өзін дін ғұламасы ретіннде танитындар, қандай да болмасын фанатиктер, жұмысқа ішіп келетіндер, кешігіп жүретіндер, жолдағы тормоз жүргізушілер, пешеходтар, полиция қызметкерлері, шенуніктер, әсіресе бастықтарынікін...

/ / 22 / 1279 / 0
Ең, ең, ең... Мәншүктен

Ең бірінші мақалам «Ұлан» газетіне шыққан. Сол кезде қатты қуанып, аспанға ұшардай әсерде болғам. Ол тоғызыншы сынып болатын. Ал ең бірінші маған келген шақыру хат «Айгөлек» журналы ұйымдастырған фестивальге шақыру хаты болатын. Ең қатты қуанған күнім десе де болады. Ал мектепте ең бірінші танысу хаты 5-сыныпта орыс сыныбында оқитын Лена деген қыздан келген. Дос болйық деп әр түрлі ручкамен қазақша-орысша жазып жіберген болатын. Бірақ ол...

/ / 48 / 1993 / 0
Ең...Ең...Еңңңңңң Қисық

«Еңнің» ыңыршағы шықпай тұрғанда жазып тастау дұрыс қоғҰә? Ең бірінші және ең ұзақ ұстаған телефоным 2004 жылдың жазында әпкем алып берген Samsung N620 трубкасы . Жарықтыққа «Ауған соғысының» ардагері атағын беруге болатын, себебі көрмеген құқайы жоқ-ты. Тілерсегі тілерсегіне соғылып, тілі салақтап, көзі айналып, «көн шалбары көтіне қатқан» (батырлар жырынан) сол «соткам» осы жылы жазда «жығылып» тынды. Онда да «батарейкасы» істен шығыпты,...

/ / 26 / 1027 / 0
4 ең

Ең бірінші интернетте хат алысуым. 1997 жылы республикалық олимпиадада танысқан қыздармен мектептегі интернет-класстағы интернет байланысы бар жалғыз компьютер арқылы хат жазысатынмын. Ең қызығы, жазатын мәтінімізді алдын-ала қағазға жазып әкеліп, компьютерде қайта теретініміз және келген жауап хаттарды міндетті түрде принтерден басып шығарып, сақтап қоятынымыз еді… эпистолярлық жанрыңдыссс… Ең бірінші орысша сөйлеуім. Шамамен 1985-86 жылдар…...

/ / 28 / 1153 / 0
Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… )) Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім . Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім. Ең ұзақ киген аяқ киімім . Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін...

/ / 46 / 1482 / 0
Ең,ең,ең...Әбіләкім

Ең ессіз әрекетім — жұмыстас біреудің өтінішімен Астанаға (2007ж.) 500 000 теңгені жұқа күртешемнің қалтасына салып апару. Бұл жеердегі ессіздік, сол ақшаны Астанадағы соттың ішіне кіріп (үш бидің ескерткіші тұрған сот қалай аталады?) бір судьяға беруім. «Не үшін бердім?», «басым пәлеге қалмай ма?» деген ойлар миыма кірмепті сол кезде, жұмыстан үш күнге босатқанға мәзбін. Ең бірінші басқарған тойым- шамалы адам жиылған құдалық (туған күн,...

/ / 15 / 1355 / 0
Эстафета - Ең, ең, ең. Сатыбалды.

Эстафетаның бұл формасы міндетті емес. Әйтеуір өздеріңізге байланысты «ең-ең-ең» дүниелерді еске алсаңыз болғаны. Қолыма ұстап көрген ең көп ақша. Алты жарым мың доллар. Қазақтардың астанасы Алматыға жеткізгенше көз ілмей, кірпік қақпай бардым. Кез-келген мент, жолаушы, саудагер дәл менің ақшам туралы бірдеңе білетін сияқты күй кештім мен. Тіпті Луговаяға жеткенде менде үркектік синдромы пайда болды: біреу қараса — мен де тіксініп қарай...

/ / 25 / 1490 / 0
KILYZAMAN: ұнайд/ұнамайд

Ұнамайды: Көлгірсіген көкбет өзеуреп ертедегіні еске салып, МАШАЙЫҚ қашып құтылыптының керін келтірген кезде; алтын шақта қара бақыр да бұйырмай, қағажу ететін дәнек арман болатын, болатыны несі — қас қылғандай солай қылатын өмірдің әділетсіз тұстарына; делебені қоздырып күй күмбірлететін елдің алды ғой деген азаматымыз қозып кетіп қызды бүлдіріп, салдық құрып жүретініне; Абайдың ұлы болам дегенде күрмеуі көп қу дүния шырғалаңына шыр айналдырып,...

/ / 36 / 1521 / 0
Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды: Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған...

/ / 52 / 1371 / 0
ұнайД :), ұнамайД :(

АКУ таяқшаны бергенде, қолым тимеп ед ұнайД: таңғы кофе, көкшай, жалғыздық, пластинка тыңдау, М-бук, нетбугім, корея/жапон доромдары, Эпольдамен өткен әр сәт, бейсенбі күні түнімен корей драммасын көріп шығу, демалыс күнгі ұйқы, мамды күлідіру, күріш кашасы, мәнді өмірлік кинолар, 4-міздің стаутқа барған кезде куәлігімізді сұрауы, судың кез-келген түрі(арық, көл, теңіз, бассейн, көлшік, баня, душ, ванна), суретке түсіру, бөлмемнің түк жоқ болып...

/ / 34 / 1249 / 0
найт/намайт

найт : келіншегім, футбол, тейбл теннис, каратэ, картинг, көөөп ақша, Алматы, Түрген, математика, логикалық есептер, психология, лимонмен көк шай, құрт көже, ет-нан, палау, ЛФЛ, өзіміздің жігіттермен футболдан кейін саунаға бару, (аллергиям болса да) жусанның иісі, жауыннан кейінгі топырақ иісі, аз ұйқтау (түні бойы пашти ұйқтамау, түстен кейін 1 сағат ұйқтау), ұйқыдан тұра салып тастай су ішу, таңертең жүгіріп кеп сүт ішу, үйге шаршап келгенде...