Рейтинг
+53.77

Эстафеталар

138 оқушы, 84 тақырып
/ / 161 / 1842 / 0
Таныс болыңыздар: serjan

serjan — Қасен Сержан Қасенұлы, 1982 жылы 18-маусым, ҚХР Үрімжі ауданы Еренқабырға тауының баурайындағы бір ауылда дүниеге келіпті. Мектепті сол ауылда бітіріп, Қазақстанға 2001 жылдың 15 қазанында аяқ басты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетін бітірді. 2009 жылдың қыркүйек айынан Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған ауылындағы мектепте мұғалім. — КерекИнфоға қалай келдің? — Жалпы Аршат туралы бұрыннан білетінмін оның...

/ / 124 / 2713 / 0
Таныс болыңыздар: Erkekyz

Erkekyz — Әкімбаева Райхан. 1988 жылдың 27 қарашасында ОҚО, Мақтарал ауданы, Асықата ауылында дүниеге келді. Сонда туып-өсіп, жақында Шымкент қаласына қоныстанды. — КерекИнфоға қалай келдің? — Мен бұрынғы Солайде сайтынан бері келе жатқан қолданушымын. Кейін кездесу.комда да болдым. Сол жақтан Дабай.кз туралы оқып, «келіп-кетіп» жүрдім. Кейін АКУ Дабайдан блог аштым деген соң, қызығушылығым одан сайын артып, осында тіркелдім. —...

/ / 92 / 1500 / 1
Таныс болыңыздар: AKA

AKA — Бектеміс Ақнұр, 1993 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында Сыр өңірі — Қызылорда қаласында дүниеге келді. Осында 11 жылдық білім алып, 2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, «инженер — құрылысшы» мамандығы бойынша оқуға түсті. Қазір 2 курс студенті, журналист ағасы әзілдемекші, болашақта «Шехрезат ханым» болып қызмет етеді, иншАллаһ! — КерекИнфоға қалай келдің? — Жалпы ғаламторда қазақ блогерлерінің...

/ / 144 / 3356 / 0
Таныс болыңыздар: Aldeken

Алдан Жылгелдi — Aldeken Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар...

/ / 60 / 2529 / 0
Таныс болыңыздар: bazuka

Тұрсынбекова Базарайгүл — bazuka 19 наурыз 1982 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің физика математика факультетінің түлегі. Бос уақытында әдеби кітап, интернеттегі жаңалықтарды оқиды, КерекИнфоға кіреді. Таңертең жүгіргенді (жазда ғана) жақсы көреді және спорттық жаттығулар жасайды. Хоббиі фото, видео монтаждау. Ұнатпайтын нәрселері: үй телефонына хабарласқандарды (сирек...

/ / 165 / 2526 / 0
Таныс болыңыздар: Dinara

Динара Талдыбаева — Dinara 6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған. 2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен. Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша. — КерекИнфоға қалай келдің? — Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол,...

/ / 112 / 2845 / 0
Таныс болыңыздар: Zhan

Жансая Сыдықбай — Zhan 4 желтоқсан 1980 жылғы, ОҚО, Төле би ауданы, Майбұлақ ауылында туған. Қазір Астана қаласында «Сарбаз» әскери-патриоттық газетінің тілшісі. – «КерекИнфоға» қалай келдің? – Жалпы, «Керекинфоға» Журналистер мерекесі қарсаңында 23 маусым күні тіркеліппін. Шынымды айтсам, бұған дейін осы еркін блог жүйесін де, блог, блогшылар деген қауым барын білмеппін. Биыл наурыз айында блог ашқан соң, көп нәрсеге басқаша қарай...

/ / 116 / 2358 / 0
Таныс болыңыздар: talgatjez

Талғат Байназаров — talgatjez Студенттік өмірін Жезқазған қаласында өткізген бұл жігіттің туып өскен жері – Қостанай. 1995 жылы қаладағы енді ашылған 2 қазақ мектептің біреуіне ата-анасы туған тілін үйренсін, оқысын деп берген. Кейін университеттегі оқуын бітіріп, өзінің оқыған С. Мәуленов атындағы гимназиясына математика мұғалімі болып оралады. Қазір Назарбаев Университетінде мұғалімдердің біліктілін арттыру курстарында оқып жүр. —...

/ / 185 / 4092 / 0
Таныс болыңыздар: dark_nazgul

КерекИнфоның жаңа форматының ашылғанына 1 жыл толады 1 айдан кейін. Осы ай ішінде КерекИнфоның белсенді мүшелерімен жақын таныс болу мақсатында жаңа эстафета бастап отырмын. Қолданушы туралы қысқаша ақпараттан кейін стандарт сұрақтарымды қоямын. Сосын басқа қолданушылар өз сұрақтарын қоюларына болады. Сонымен алғашқы қонағымыз dark_nazgul Қожабекова Назгүл. 1982, Алматы қаласында туған. ҚазҰУ филология факультетінің магистратурасын тәмамдаған....

/ / 39 / 2122 / 0
Ең алғашқы тамағым - Сатыбалды

«Палау — кімге тамақтың, ал кімге — мемлекеттің аты шырағым». © Күмісхан апай, жағырапия мұғалімі. «Рашки». «Рожки». Суретін салмағаным сол: оны, ол пісірілген табаның кескіні қасіретті мұң назымына жетелеуі мүмкін. Сондай сұрықсыз таба мен — Зевстің өзі кешірсін — тамақ. Очм, бір күні жынды қарын ашт нақ. Ашқанда сұрама. Өзім байқадым: мына істің басын, ана істің аяғын шалып, айқай-шумен жүріп, адам қарны ашқанын білмейді екен. Ал тап сол...

/ / 24 / 3270 / 0
Ең алғашқы тамағым.

Ең алғаш тамақ істегенім 7 сыныпта болатын. Алдын мамам жас, өзі істеп қоятын немесе әжем де бақуат кісі еді, кейде сол әжем жасай салатын. Сол жылы әжем қайтыс болып, анашым қатты сырқаттанып қалған себеп, үй тірлігі өзіме қалды. Сонымен, тамақ істеу керек болды. Макарон қуырайын деген ой келді да, барып ағамнан сұрадым қанша салайын деп, ол 300 гр сала бер, азбыз ғой деді(папам, ағам және мен). Қайдан білейін, таразыға 300 гр тартып көрдім, аз...

/ / 20 / 1092 / 0
Ең, ең, ең және тағы да ең

Ең бірінші рет интернетті 9-ды бітіріп колледжге түскенде көрдім. Мэйл.руды сайт деп ойлап, ашып алып мәз болғанмын Ең алғаш рет Ақзеренің «Ақын, Махаббат, Періште» деген блогына кіріппін. Машинамен ең жоғары жылдамдық 180-ге алып барған етінмін. Одан әрі де асар ма еді, қасымда отырған әкем ұрсып берді. Ал, айдап көрген машиналарымның ішіндегі ең крутойы тайота камри 20 болса, ең нашары «запарожец» етін. Ең бірінші рет өзімді жаман...