Әнуарбек құданың қызымен сұхбат

  • Автор
Таныс болыңыздар: Anuarbekkyzy

Қала: Ақсай, БҚО
Сала: Аударма

— КерекИнфоға қалай келдің?

Негізі студент кезімде тарих пәнінің оқытушысы «Керек Инфо» газетіне жазылыңдар, оқыңдар деп жүретін. Сол газетті іздеп осы сайтқа тап болдым. Шынымды айтсам, сол студент кезімдегі дебат ойындарына, түрлі конференция, жастар мәслихатының қатысушылары болған жастармен аралас-құралас болған уақытты жоқтаймын. Сол жоғымды осы блог жүйесінен тапқан секілдімін.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?

Бұл жерде қазақтар жиналған. Маған сонысы ұнайды. «Бұл не айтып отыр, айналасында қазақ аз ба?» деп ойлап отырған шығарсыз. Шынымен де, қазақтар жетеді, бірақ олардың біразы орыстілді. Рухани шөлдеп жүремін, сол шөлімді КерекИнфода қандырып аламын қолым бос уақытта. Бұнда кілең сен тұр, мен айтайындар шоғырланған сияқты. Осы сайттағыдай мен тек қана қайын атаммен ғана пікір алмаса аламын.
Керек Инфодағы тақырыптар бірсарынды емес, яғни қалағанымды оқи аламын. Бірақ бір жағынан сұйық әңгімелердің де болатыны рас, кейде көбейіп кетеді. Енді таңдау өзімізде ғой.
Кейде бір нәрсе мазалап, кімге айтарыңды білмей, жарылып кетердей боласың. Ол оймен Керек Инфода бөлісуге болады, өйткені мұндағылар немқұрайлы емес.
Анда-санда бір пікіржазғыштардың арқасы қозып кете ме, әйтеуір әр сөзіңе байланып, «ә» десең, «мә» деп қоймайтындар болады. Сондай кісілерге жыным ұстайды. Бірақ сондай пікірлердің арқасында мен бар нәрсені көңіліме ала бермеуді үйрендім. Отбасымдағы жағдайға да әсері болды ма деймін. Өйткені бұрын айналамдағы жақын адамдардың айтқан нәрселерінің бәрін көңіліме ала беретінмін, ал қазір не естісем де, ол адамның маған қарсы емес, жай ғана ол менен өзгеше екенін түсіндім.
Блогтың арқасында түрлі шаралар ұйымдастырылады екен, сонысы ұнайды, соларға қатысқым келеді, бірақ оған мүмкіндік бола ма, жоқ па…
Аударма саласында істегендіктен осы сайттағы аударылып жүктелген посттарға қызығушылығым басым. Жұмысыңа қажеттіні тауып аламын, ұнайтыны да сол.
А сосын не ғой, бұрын соңғы пікірлерді тақырыпты ашпай-ақ оқуға болатын еді, қазір түсі ақ болған соң оқи алмайсың. Ұсақ-түйекті айтып кетті ғой деп, айып етпессіздер.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?

Оқу бітіргеннен кейін орналасып, бірақ белгілі себептермен одан бас тартып, содан бес жыл уақыт өткеннен кейін сол компанияға әйтеуір жұмысқа орналастым. Сол себепті қоныс аудардық.
Негізі некемізді бұрын қиған болатынбыз, бірақ дәл осы жылы той жасап, заңды түрде неке қию туралы куәлігімізді алдық.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?

Қатты ұнаған тақырыбым таңдаулыларда. Ол Ермек Тұрсыновтың блогына жазған ойлары. Аударма да мықты.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

80 пікір

zholantai
керек инфо деген газеттің керекпен қандай да байланысы бар ма?
asaubota
ешқандай байланысы жоқ. газет ашылар кезде біздің сайттың жұмысы тоқтап қалған болатын. қайтып істеймін деген ой болған жоқ. газеттің редакторы досым болғасын, «сайт бәрібір жоқ қой атын алайын» дегесін «ала бер» деген едім.
Bayan_
ОЛ газетке алғашқы жазушы авторлардың бірі де-өзің едің ғой, Аршат. Футбол туралы материалыңды оқығам.
Газет қазір де оқырманы бар, жақсы басылым.
@Anuarbekkyzy, қазір Ақтөбеде тұрып жатырсыз ба?
bizbike
жоқ, Ақсайда тұрамыз, бірақ қызымды нағашыларына жиі апарамын.
007
cіз айтыскер ақынсызба
bizbike
кой, оган жету кайда, быр шытпактар жазганмын бурынырак, ортелып кетты олар бырак
zholantai
Енді түсінікті. өткенде қазақтілді сайттардың кроссворды жасырылғанда, кездейсоқ kinfo.kz -ті байқағанда, «кім-кімнен атауды алған екен?» деген сұрақ қалған еді.
Zhanara2012
Не деген жомарттық? Бұл жомарттық кейде қырсықтыққа да ұласып жатады…
Erke
не деген жомарт жігіт!
bizbike
бәсе, сіздің танысыңыз болса, онда қызық екен. Неге аттары сәйкес деп ойлайтын едім…
asaubota
рөмкелесім Жаңалық Ахаш түн ішінде звондап сұрап тұрғасын бере салғам. жоғарыда Баян айтқандай иә басында жазғам футбол туралы. 1 айға шытырлатып 200-діктермен 4 мың теңге санап берген кезде ішімнен "қой, құрсын бүйткен журналистикасы" дедім де рулеткаға тайдым.
Adiletshu
Штаттан тыс болдың ба. 1 айда қанша мақала жаздың
asaubota
аптасына бір рет қой. сұрақтарыңды сұхбат кейіпкеріне қойыңдар енді
VKM
 жақсы сұхбат.Пікірлеріңізді оқып жүрміз ғой, ал осылай таныстырылғанда біраз ақпарат алып қаламыз)
Marco
Маралбекті қайдан танитыныңызды айтып жіберіңізші)))
bizbike
дебаттан ғой, дебаттан....қайдан болушы еді. Көп ойланып, есіңізге небір оқиғалар түсіп кетіп жатыр ма жас кезіңізде өткізген? Сіздің университетте бір Құлсарының жігіті болатын, сосын "Қазақстан" арнасында айтысқа да қатысып жүрді… Сырымбет деген. Сол екеуміз шығып едік қой, Алматыға барып келдік.
alisha
Сырымбет?! Алматыда дейсіз бе? Қай жылдар еді? 2005 жылғы Ұлттық турнирге біз де қатысқанбыз. Сырымбеттің «серігі» есімі түспей отырғаны… Атыңыз кмі? Ақтөбенің дебатерларынан Толқын, Динаралар есімде қалыпты. Сосын Мөлдір, әлде, Жұлдыз..ұмытып отырмын.
bizbike
Сырымбет екеуміз Атыраулық қыздармен айтысқанбыз. Біреуінің түрі енді орыс сияқты… қызық. Мен де атын ұмытып отырмын. Әке-шешемнің үйінде суреттер бар. Қарау керек. Толқын «Рика» телеарнасында істеді, қазір білмеймін қайда екенін. Орыс тобындағы Динара есімде...қазақ тобында да болды ма деймін… суретін көрсем есіме түсірер ме едім
alisha
Менің коллаж мінездемемді көріп шығыңызшы… Сіз айтып отырған түрі орыс сияқты қызық қыз мен шығармын дәу де болса
bizbike
Сол кезде «Тау самалында» болды ма дебат? Я 2005 жыл сияқты
alisha
Я, Тау самалында, Амангелді Айталымен кездескеніміз есімде қалыпты. Осындағы Тимур Бектұр болды.
bizbike
онда қайта табысқанымызға, қайта танысқанымызға қуаныштымын!!! Оралға, Ақтөбеге, Ақсайға келіп жатсаңыз есік ашық!!!
19852407
 Оралдық сіңлімді тауып алдым, алақай!
bizbike
сіз Оралдансыз ба, қазір қай жерде тұрып жатсыз?
19852407
Оралда тұрам, Оралда тұратын оралдықтардан кіретін екі кісі болдық екеуміз, жақсы болды  Оралға каелсең хабарлас, «Керек-пати» жасаймыз, ық-ық…
bizbike
екеу-ақпыз ба? 30 дарына барып қаламын
alisha
Сонымен сіздің атыңыз кім болды? Сырымбеттер бізден жеңіліп, "Қайда барсақ та, сен алдымнан шығасың" деп «ашуланғаны» бар. Ақтаудағы аймақтық турнирда да жолын кесіп едік…
bizbike
мен коллажды қарағанмын, бірақ ана суретті бір актрисаның суреті болар деппін. Шынымен де сіз болып шықтыңыз ба. Есімім Анар. Солай ма еді, я я, сіздер көкшетаулықтармен финалға шықтыңыз ба соңында? Онда дұрыс, біз жеңілген болып тұрмыз сіздерден. Сол кезде қызылордалық қыздар «бәрібір бізбен шықпайсыздар ғой, жобаларыңызды беріңізші» деп сұрап алған. Біз беріп, сөйтсек ұпаймен саналады екен, сонымен төртінші болып келдік қой.
alisha
Иә, дәл…

Анар… а, есіме түсті, біз тіпті өте жақын араластық қой сол кезде, блокнотымызға естеліктер жазып, хабарласуға уағдаласқанымыз есімде. Бірақ түріңізді есіме түсіре алмай отырмын, шашыңыз ұзын, көзілдірігіңіз болған сияқты, ия… Әйтеуір қарапайым, биязы қыз екеніңіз есімде
alisha
Менің қасымдағы Қарлығаш деген қыз есіңізде жоқ па?
bizbike
Қарлығаштың бет-әлпеті есімде. Бойы ұзын, әдеміше келген. Мен сол блокнотымның қайда қалғанын білмеймін. Ақтөбеген барғанда қарау керек. Әлі де шашым ұзын, әлі де көзілдірік тағамын . Бізден бөтен Данагүл барды, қасында Кәмшат болған сияқты.
asaubota
сөйтіп тауып алдыңдар ескі подружкалар бір бірлеріңді
bizbike
айтпа деймін… керектің көмегі ғой
alisha
Қарлығаш осындағы Сигманың "қабырғасы"
VKM
мяяяя, Санта-Барбарамыз ғой))))))бәрі түбінде бір-бірін таниды
Tyulpan
ищо туыс болып шығады, қарға тамырлы қазақ: р
Marco
Өшшш, Толқынды білгенде мені қалай білмейсің? ))))
Rafaello
Басында қатты ашулы болып көріндіңіз, ұрыса беретін едіңіз ғой. Неге?
bizbike
солай болып көрінген шығар… негізі сабырлымын, бірақ кейде болып тұрады ондай-ондай жағдайлар
Tyulpan
ануарбекқызы, намаз оқисыз ба?
Delhi
Сіз Орал, Ақсай, Ақтөбе дегенде көзіме оттай басылдығой. Мен Оралда туып өстім, Ақсайда мектеп бітіргем, Қазір Ақтөбедемін. Руыныз қандай?
bizbike
бырыншыден казакпын, сосын торемын, бырак акем нагашысынын колында оскендыктен озын торткаранын куламаны санайды
ofnur
Құламанның қайысы? Менің бауырым болып қаларсыз
bizbike
менын акем сызге жиен болады онда
ofnur
Аааа) Жиеннен туған жиен шар болдыңыз ғой)
bazuka
сары самолетіңіз бар ма?))
bizbike
сары самолет? түсінбедім сұрағыңызды
bazuka
әзіл ғой ренжіп қалмаңыз. сары самолет туралы қалжынды білмейсіз бе? жеңгем "құламан" соған үнемі әзілдейтін інілерім, Ырғыздікі болсаңыз міндетті түрде білу керек деп ойлаймын бұл қалжынды)))
bizbike
әкемнің елі ғой ырғыз, ал біз сіңліміз екеуміз Алматыда туып-өскенбіз. Бірақ ағайындарымнан сұрау керек екен әзілді сары самолет туралы
bazuka
менде толық білмеймін, тек құламандармен әзілдесіп жататынын білемін сары самолет туралы, үйдегілерден сұрап жазармын артынан.
Marco
 қанатына неше адам сияды де?
bazuka
сіңлім қалжынды түсінбей жатыр))) негізі былай нағашы-жиендігім жоқ
Bayan_
Құламанның қайсысы? Айбас, Қоске?
bizbike
білмедім ол жағын
Marco
Құламан жардан құлап жылаған! ))))
madikon
қазір аудармашы ретінде жұмыс жасап жүрсіз бе? ауызша ма, жазбаша аударма түрі ме?
bizbike
жазбаша, ауызша тажырибем аз
Erke
Бұл ауылдың жигиттери қайда эстафетада таныстырған қыздарды алуан түрлі сұрақ астына алатын?
Adiletshu
Фотоаппараттың ар жағындағы кім?
madikon
 сенде сұрақ қою керек дегенде, сасып қалып тауып алғанға ұқсайсың. ондай сұрақ болама, қызықсың!
bizbike
Ольга Кадырова — актобелык фотосуретшы
Adiletshu
Аты-жөні Сатыпалдының кейіпкері болуына сұранып тұр екен)
Adiletshu
Ақжайық пен Ақтөбе ойнап жатса қайсына болысар едіңіз?
bizbike
Актобе чемпион!!! Арине Актобеге болысамын
meirzhan
Түрлі талқылауда жеке пікіріңізбен ерекшеленесіз, кейде өзге қолданушылармен қарама-қайшы келіп жатасыз. Бұл дебатер болғандықтан шығар. (кейбіреулер ойлайтындай "өзгенің пікірін менсінбеуден" емес )
Сарышаян бейнеленген бұрынғы аватарыңызды (профиль суретін) неге ауыстырдыңыз?
Дебатты әлі де сағынасыз ба?
Қай тақырыптар сізді қызықтырады? (өмірде, блогта, БАҚ-та)
bizbike
мен казыр телефоннан отыр едым, сурактарынызга дуйсенбыде жауап берейын, руксат болса
bizbike
білмеймін неге ауыстырғанымды, сарышаян улы ғой, онсыз да мындағылар мені ұрысқақ дейді
Дебатты сағынамын әрине, одан кәдімгідей ләззат алатын едім шын айтсам. Ойды шынықтыратын еді, тілді ұштайтын еді ғой ол ойын деген.
Админнің ойынша мені ауыр тақырыптар қызықтырады. Әлеуметтік тақырыптар қызықтырады мені барлық салада да, бірақ оны уайымдай бермеу керек шығар шынымен де, позитив ойлап, бұйырған зат болады ғой бәрі бір
asaubota
сурет әдемі шыққан екен айтпақшы.
bizbike
озыме де унайды, солай тусыруды уйренып журмын озымше, мында жуктейн десем, тым ауыр ма
aza
Аваға гүл қоюды ВКМ нан ұрлап алдыңыз ғой, шыныңызды айтыңызшы…
bizbike
вкм гул койып па еды? кызымнын тусырген суреты гой, тек ашейын коя салдым унагасын
Daniar-Alan
лібәә, қалай көрмегем наны? )
bizbike
бәсе қалай көрмей қапсыз?
bizbike
Оффтоп, менің таңдаулыларымдағы Ермек Тұрсынов сұхбатының аудармасы неге өшіріліп қалған, КИ барлап шықтым, жоқ қой!
asaubota
мақаланың аты қандай еді?
bizbike
Ермек Тұрсынов деген жазу бар әйтеуір, нақты тақырыбын ұмытып отырмын
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.