Тепси кебап

  • Автор
Естеріңізде болса, былтыр Теріскей амиго маған эстафета таяғын ұсынған еді. Содан бері дені дұрыс бірдеңе жариялаудың еш ыңғайы болмады да, бір жылға жуық уақыт өтіп кетіпті. Опшым, кеш те болса, үрдісті жаңғыртып жіберсек

Ұсынайын деп отырғаным — тепси кебап деген түріктердің тамағы. Ескі офисте әбет уақытында күнделікті түскі ас ішіп жүрген түріктердің асханасында осыны алып жеп тұрушы едім. Енді өзім де бірдеңе қылып үйреніп алдым. Үйдегі ас мәзіріне алуандық қосу үшін жақсы ма деп қалдым.

Опшым, керек© заттар мынадай:
— Духовка (жалпақ қаңылтыр табағымен)*
— 500 г майсыз фарш (құрығанда, майы мейлінше аз болсын)*
— 2 бас үлкен және орташа пияз**
— 1 орам петрушка*
— 1-2 сарымсақтың бөлігі*
— 1 ас қасық қызыл бұрыш (ірі түйіршікті етіп ұнтақталған болғаны жөн)*
— 1 ас қасық қара бұрыш*
— 1 ас қасық кимион (түріктердің дүкенінен немесе Рамстордан табуға болатын шығар)***
— 2-3 ас қасық өсімдік майы*
— дәміне қарай тұз*
— 1 қасық томат пастасы*
— 0,5-1 стакан су*
— 1-2 помидор****
— 1-2 сүйір бұрыш****
* Міндетті
**Пияздың үлкені фаршпен араластырылады. Орташасымен бетін сәндейсің.
*** Тапқаныңа қарай. Қазір өзім оны зирамен алмастырып жасап жүрмін
**** Бетін сәндеу үшін керек. Опшым, табылғанын ғана пайдаланса, онда тұрған сөлекеттік жоқ сияқты. Мысалы, помидорды ғана немесе бұрышты ғана.

Жасалуы:
Фаршты духовканың табағына саламыз. Үстіне ұсақтап (кубик сияқты етіп) туралған бір пияз, ұсақтап туралған петрушка, ұсақтап туралған сарымсақ, кимион, қызыл бұрыш, қара бұрыш, тұз бен өсімдік майын қосып, жақсылап илеп араластырамыз. Опшым, фаршқа қосылған нәрселер біркелкі болып таралып, араласуы керек. Содан кейін оны лепешка сияқты етіп жаямыз да, үстін дөңгелектеп туралған помидормен, ұзыншалап туралған бұрышпен, ортасынан бөлінген пияздың екі жартысымен безендіреміз. Томат пастасын 0,5-1 стакандай суға араластырамыз да, алынған соусты кебаптың үстіне құйып шығамыз. Содан соң, кебапты алдын ала қыздырылған духовкаға салып, шамамен 200-250 градусқа қойып, 1 сағат күтеміз. Осымен болды

Жеген кезде, пицца сияқты тілімдерге бөліп, табаққа гарнирмен бірге салып жейді. Өзім гарнир жасауды білмегендіктен, әйелім жасайды. Бойдақ қалғанда, жақын жерде супермаркет бар — сол жерден ала саламын

Кеше жасағаным мынадай болып шықты:

Ұқсас посттар

45 пікір

saken
әбетте тәбет ашатын кебаб екен )))
Nurgisa
Ұнады, жасалуы оңай екен. Істегім кеп кетті, болып жатса, осында бөліскім келеді. Ешқандай эстафета тұяғын күтпей.
Айтпақшы, таяқты біреуге тапсыруың керек сияқты, заңдылықтары бойынша
asaubota
таяқты Нұрғисаға бере қой, құлшынып отырған сияқты

маған берме. мен де сен сияқты 3 жылда 2 рет тамақ істейтіндерденмін.
sammita
Тепси кебап не мағына береді?
asaubota
кебап деген кебап, пісірілген фарш. тепси деген үлкен табақ, ыдыс.
Daniar-Alan
қайта істид кесіз… мен нан әкемим ғо дүкеннен… аййййй менің байғұс қатыным аййййй
araika
 Тамақ жасаудан хабары жоқ адамдарға өте ыңғайлы екен, түсіндіруіңіздің өзі
omarbirat
Сөйтетін шығармын. Бірақ бұл былтырғы эстафетаның кешіккен жалғасы екенін естеріңе сала кетейін.
Нұрғиса былтыр жазып кеткені бар еді, сондықтан тепси кебаптың фотоесебін күтетін шығармыз деп отырмын
Былтырдан бері көп қолданушылар келді. Соны ескере отырып, бұрын осы эстафета бойынша пост жазып көрмеген тек еркек қолданушының бірі алса деген бір тілек болып тұр. Еркектік шовинизмге баламауларыңызды өтінемін: бұл шынымен тек еркектердің арасындағы эстафета еді. Түсіністікпен қарарсыздар
Aldeken
тек еркек қолданушының бірі алса
оппа, жынысаралық қақтығыстың алғышарты…
asaubota
Марарлбектің шебер аспаз екенін көрдік, Алдан құрдас қалай екен деген ой болып тұр. Бірақ, ол сыболыш үйіне 11-де келеді екен мамасының айтуы бойынша және үйінде мамасы да бар болғасын дайын асқа үйренген типтерден ау деп ойлап отырмын.
Aldeken
әйелім де бар ед, негізі…
asaubota
мамасы да


деп жаздым ғой сол үшін
omarbirat


Өзі де Алданға ұсынамын-ау деген ой болып еді.
Aldeken
ұсынсаң қабыл алайын, 1 жылдың ішінде мен де бір күн кухняға күн жарықта кіретін күн табармын…
Aldeken
Жаз шыққасын, реалда далада қазанға ет қосқан күріш (палау деп айтуға духым жетпей отыр, Сайрамдағы фотоесептен кейін.) дайындап берермін.
Nurshat
Араным ашылып кетті  жақсы жолдама
satibaldi
Zepter кастрюліңмен һәм Tappetware ыдысыңмен жыртылуға уақыт алмай, кәуділгі табаға істей салып көрсеткеніңе рақмет.
omarbirat

Негізі, осылай оңай жасала салатын нәрсе өзі
AKY
ештен кэш жақсы, маладес, Омеке!
Marco
Тәәәк, бүгін супермаркетке соғып фарш пен кимион алайын! Қалғаны үйде бар сияқты)
sammita
маладес, эстафетаны жалғастырып күйбең өмірімізге сән бергенің үшін)
үйге кеткім кеп кетті
AKY
үйде тепси кебаб күтвотыр дей ме? )
omarbirat
Фаршты еттартқыш ойлап табылмаған кезге дейінгі ежелгі әдіс бойынша кәдімгі пышақпен кесіп дайындап, тамақты табаға салып шоққа көміп, ашық аспан астында жасаса не болады екен деген бір азғын фантазия қылаң беріп тұрғаны

Тамаққа шашлык сияқты түтіннің иісі сіңіп тұрса жынды болатын шығар иә?
meirzhan
Аспаздың дүниеге келуі осындай фантазиялардан бастау алса керек.
Nurgisa
Омеке, маған да осы ой ұнап отыр. Одан соң, аздап лимон суын қосса жаман болмайды-ау деймін. Жалпы, фантазияға ерік беруге болады, консистенция жағынан да, гарнир жағынан да…
Nurgisa
Омеке, саған алғысым шексіз. Істеп көріп ем, үйдегілерге ұнаған сияқты:

Сенің кеңесіңе сүйеніп, қосылғыштарды қостым. Тек, кимионды зирамен алмастырдым. Үсті безендірілгесін духовкаға аманат етілді:


Тура бір сағат пісті. Томаттың шырыны етке тұтастай әдемі сіңіпті:



Гарнирге картоп пен сәбіз қуырылды:



Тұрақты жасап тұратын астардың қатарында енді тепси кебаб, Омар құрдастың арқасында.
zhanibek_nurish
Тәбетті ашып жіберді, фотолар. Қолға дерт бермегей!
omarbirat
Базар жоқ, Нұреке
Gulistan
Нұрғиса, тәттілігіне шүбам жоқ, бірақ бейнесі де көз тартарлық
satibaldi
Мен де съемка үшін олифа жағып, жылтыратты ма деп отырм.
asaubota
сенбі күні саунаға неге келмей қалғаның енді түсінікті болды. суреттің свойствасын қарағанда 07/04/2012 деп тұр.
Zhan
Негізі қыздарға қарағанда ер адамның пісірген тамағы тәтті болады. Жеке ойым. Кебабты жынды дайындап қояды екенсің.
Nurgisa
Айтпақшы, осы эстафетаны Омекеңе ұсынған Теріскейді көрдім жаңа. Жұмысына енді келе жатыр. Түс ауа. Жұмысына қызықтым… Түнде кеш жатты ма екен, әлде…
sammita
кешкі 10-ға дейін істейді шатыспасам. біз сияқты бес күндік емес еще
sammita
ммм, бүгін окорочка кебаб жасамасам
Arys_arlany
қарын ашып тұрғанда мынау сілекейді шұбыртып жіберді ғой.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.