БЛИЦ-СҰХБАТ: E_ZHALGAS

  • Автор

1.Сіздің жазғандарыңыз күрделі, түсіну қиын, бұл көп оқығаныңыздан ба? Әлде сізде вундеркиндтің белгілері бар ма?))

Бұны сының деп қабылдайын. Негізі, жазу көңіл күйге бағынады. Өзгені білмеймін, өзімде сондай. Көңіл күйім еден жағалап, құлазығанда шегіп кете алмаймын. Өкпемді тым аяймын. Сыралату да қызықсыз, — ол көңілге бағынбайды. Жер қазып, астын паналап кеткім-ақ кетеді кейде, бірақ оған қарағанда, іш пыстырмайтын жол тапқандай болғанмын. Қысқасы, көп оқымағанмын да, күрделі жазбаймын да. Ал, біреулерге түсініксіз болып бара жатса, ол менің бас ауыртатын мәселем емес деп есептеймін. Иа-иа, білемін, менікі дұрыс емес, бірақ барым сол.

Енді екінші сұрағыңа көшсек. Вундеркинд белгілеріне адамның келбетіндегі, не денесіндегі қал, мең, не өзге де әдеттегіден тыс физикалық белгілерді жатқызуға болса, онда – иа! Негізі, он жасымда «Ақжелкен» журналында «Мен ерекше баламын ба?» деген сипаттағы вундеркиндке тиесілі әңгіме айтып кермеппін. Соған қарағанда, вундеркинд емеспін, шамасы.

2.Байлыққа қызығасыз ба?

Сұрақ компромат үшін жиналғандай екен. Қазір жауап берсем, «Айттым ғой» деп атып шығатын сияқтысың бір қуыстан. Сондықтан, жауап берер алдын айналамды барлап қайтайын. Вооот… Өтірік айта алмаймын. Әрине, қызығамын. Бірақ, байлыққа қызығу – байлыққа ұмтылуды білдірмесе керек. Табиғатқа қарсы шығу қиын, негізі. Дегенмен, байлықтың да түр-түрі болуы мүмкін. Егер өзіңнің организміңе қажетті сыраны аптасына бір-екі рет қандырып отыруға байлығың жетпесе, нағыз мүсәпір сонда болғаның. Әйтсе де байлықтан бірдеңе үшін баз кешесің бе деген сұраққа «ЖОҚ» деп жауап беремін.

3.Классикалық музыканы жақсы көресіз бе, арнайы муз. біліміңіз бар ма?

Классикалық музыканы жақсы көремін, арнайы музыкалық білімім жоқ. Классикалық музыканы тыңдау үшін арнайы төрт жыл оқып келу керек деген ұстаныммен де келісе алмаймын. Бұл сөйлеуді үйрену үшін мектепке барыптының кері ғой.

4.Кітап оқудан басқа не қызықтырады?

Кітапты оқудан басқа, басқа кітапты оқу қызықтырады. Бұл сұрақтың қойылуын, мені алдын ала кітапсүйгіштер қатарына қосып қоюың деп қабылдадым. Так, сенің көңіліңді қалдыруға онша асығыс болмасам да, осылай етпеуге амал жоқ болып тұр. Мен кітапсүйерлер қатарынан безіп кеткенім қашан. Қазіргі «әріпті кезексіз әрі мағынасына бармай жұту» процесі дымға қажеті жоқ флудтарды оқуға ғана кетеді екен, бағамдап отырсам.

5.Ал, тыңдауға ән, нақтырағы – клип, міне:
Esmeralda

Студент

    120 пікір

    Esmeralda
    жауаптарыңыз ұнады, бірақ суретіңіз қорқынышты екен
    Aldeken
    Сіздің жазғандарыңыз күрделі, түсіну қиын, бұл көп оқығаныңыздан ба?
    Кейде жалпы оның жазғанына да шүкіршілік қыламын.
    e_zhalgas
    соны айтамын. қинап қойды осылай
    Erke
    Сугіретіңді көргенде вундеркинд емес, зомби ма деп қалдым! , Сұхбат кереметік!
    e_zhalgas
    ұнамаса, қарама  тым үлкейіп кеткен сияқты, жазба авторына құлаққағыс
    Esmeralda
    жауабына ренжімеңіз, мен жазған бірінші пікірге де осылай жауап бергісі келіп, сізге айта салды ұнамаса, қарама деп
    Erke
    Қыз болган соң жазбағанғо сізге!
    e_zhalgas
    мені ақтап отырғаны нес?
    Esmeralda
    ана кісі екеулеріңіз ұрысып қалып, мына жер флудталып кете ме деп корықтым
    Erke
    кім кісі?
    Esmeralda
    сіз)
    Erke
    кісі деп тым қартайтып жіберген жоқсыз ба?
    asaubota
    қазір не істеп жатырсың? Вики?
    e_zhalgas
    «Центр тяжести» форумында редактор
    asaubota
    Ойтөбе фиаскосының себебі не?
    e_zhalgas
    себебін, фиасконы бастағандар айтып берсін
    Aizhantabyn
    ооооо, Жарас!!! сұрақ: ең керемет, бақытты деген кезің?
    e_zhalgas
    ооооо, Жарас!!!
    Сұраққа жауап беруден бас тартамын. Маған қаратылмаған.
    estetika91
    Шамасы, Айжан сіздің мына суретіңізді көріп, есіміңізді ұмытып қалған секілді... Түсіністік танытып, жауап берсеңіз деген өтінішім бар))))
    Aizhantabyn
    ooooi, kewir!!! Jarasty oilap otyryp, o4epyatka bop ketti!!!!))))))) Jalgas)))))
    e_zhalgas
    бақытты сәтім әлі алда деп сенемін. осы сөзді өмірі айтқым келетін
    nurbergen_makym
    Таңғы төртте лоундж-барда отырып, Шахановтың саясаттағы рөлі смяқты әңгімелерді әлі айтасың ба?
    e_zhalgas
    сыралатып, біраз нәрсені астаң-кестең етуге әлі де қарсы емеспін
    asaubota
    әсіресе діни тақырыптарда ұзақ пікірталаса алатыныңды байқадық
    Rozatai
    сенің ҚазҰУ-ға, олимпиадаға келген кезің есімде. Өте белсенді студент болғасын көзге көп түстің сол жолы. Жалпы, қоғамдық шараларға қалай атсалысасың? Барлық жерде белсендісің бе?
    e_zhalgas
    жоқ, белсенділік қолымнан келмейді, барынша жауапсызбын, ал олимпиадаға мені еркімнен тыс сүйреп барған еді
    Rozatai
    екі күн ойландың ғой, құрсын
    e_zhalgas
    айып етпеңіз енд
    neoman
    Мамандығың қай саладан? Гуманитарияға жақын-ау шамасы… Философия демеші
    e_zhalgas
    философия дид???
    баяғыда, былтыр, журиктердің қатарын толықтырғанмын, бірақ мамандық бойынша жұмыс істемегенмін.
    patick
    Былай жақсы жігіт, тек кейде ішіп, әйелін ұратыны болмаса
    estetika91
    Ия, негізі былайынша, жақсы жігіт тек өткенде кино таңдағаны болмаса…
    e_zhalgas
    бәріміз де +18 едік шамасы сол кезде
    edige
    Сені қайда жүр десем теледидарда да, Esmeraldaга да сұхбат беріп жур екенсің ғой…
    estetika91
    Жалғас саңырауқұлақ жемеуіңіздің сыры неде?
    FaraOn1
    орман кезіп(суретте) жүргеніне қарағанда опыртатын сияқты ғой)
    estetika91
    Жоқ, өткенде Ситиде байқағанбыз, Жалғастың саңырауқұлақ жемейьіндігін…
    e_zhalgas
    теңіз тағамдары мен саңырауқұлақ ұнамайды
    Esmeralda
    қалай балық жемей жүруге болад?)
    meirzhan
    Балық теңіз тағамдарына жатпайды ғой, саңырауқұлақтарға жатпаса…
    Esmeralda
    түсінбедім?
    meirzhan
    Биологтардың бір шоғыры балықтарды саңырауқұлақтарға жатқызады, себебі балық дыбыстарды естімейді.
    meirzhan
    Естімеген балықтар елде көп. Жүре берсең, ести бересің.
    meirzhan
    Теңіз және өзен балықтары теңіз тағамдарына жата ма, жатпай ма. Түсінбедім. Әйтеуір екеуі де пайдалы дид.
    Esmeralda
    балық болған соң теңіз тағамдарына жатады ғой, ал сіз шаяндарды айтып тұрсаңыз онда басқа)
    meirzhan
    ее, солай шығар, қарағым. Көп балық жеу маңдайыңа жазылсын.
    Esmeralda
    балықты онсыз да көп жеймін, Қызылорданың балықтарын)
    e_zhalgas
    қуырылған, қақталған балыққа кейде аллергиям бар  иа-иа, өзім де алғаш рет байқағанда таң қалғанмын…
    AKY
    Суреттің несі жаман? Өте-мөте прикольный
    Esmeralda
    Қазір жауап берсем, «Айттым ғой» деп атып шығатын сияқтысың бір қуыстан
    суреті өзінің осы сөзінің жауабы сияқты)
    e_zhalgas
    жаман деп кім айтты?
    Esmeralda
    Қысқасы, көп оқымағанмын да, күрделі жазбаймын да. Ал, біреулерге түсініксіз болып бара жатса, ол менің бас ауыртатын мәселем емес деп есептеймін
    мына жазбаларыңызды айтқам, негізі (әрине мен түсінбегем, бірақ сіз бас ауыртатын мәселе емес
    www.kerekinfo.kz/blog/kazkino/4829.html
    www.kerekinfo.kz/blog/4501.html
    Nurgisa
    Шымкенттiн кай жерiненсiн?
    satibaldi
    Трайбализм детектед. Бааамп, бааамп, бааамп!
    madlen
    Жалғасик, джимэйлда всегда онлайн болшы
    Abilakim
    алматыда оқып жүрген Жалғас досынан өзін суретке түсіруді сұрапты.Суретке түсірейін деп жатса ағаштың артына тығылып қалыпты.
    -Жалғас, жындысың ба, көрінбей қаласың ғой бері қарай шығып түссейші-деген досына
    -мен бұл суретті Түркістанға жіберемін.Мені сағынған анам«Менің ұлым қайда екен?» деп іздеп отырғанда, ағаштың артынан атып шықпаймын ба?-деген екен деседі…
    e_zhalgas
    алматыда оқымағанмын!
    Abilakim
    Алматыда жүрген дей салайық
    araika
    Жалғас, «Дарын»-ның түлегісің бе? Сосын не ғой, джинсыны сүйесің-ау деймін, классикалық үлгіде соңғы рет қашан киінгеніңді еске түсіріп жіберші?
    e_zhalgas
    мектепті бітірердегі банкетте, яғни 5-6 жыл бұрын
    e_zhalgas
    айтпақшы, «Дарында» оқымағанмын
    araika
    алматыда оқымағанмын!
    айтпақшы, «Дарында» оқымағанмын
    Сен өзі оқығансың ба?
    e_zhalgas
    бір жерде бірдеңені бітіріпті деген куәлік қағаздарым бар, әйтеуір
    Zako
    Біз жігіттің жазғанын оқыған адамға қарағанда сөзін тыңдаған адам бірдеме түсінеді
    Zako
    Бұл жігіттің дегенім ғой
    Gastarbaiter
    Маған Жалғастың жазбалары мынаны елестеді:
    Канализацияда әркімнің салиқалы салиқасыз қилары, тойыс ойлары, және одан туған тұжырымдары араласып буырқанып қайнап жатады. Кейде бубық-бубық етіп пузырлар атылғанда кесек кесек ойлар люктың тесігінен сыртқа атып шығады. Солар пікір болып сайтқа жарияланады. Кеше сұйық, бүгін құмалақ, ертең қандай болады екен
    Gastarbaiter
    Мына жазбамнан копрофилософияның иісі шығып тұр ма қалай?
    Erkekyz
    Өлкң жақсы екен. мр3 іздеуге кеттім.
    asaubota
    көп суытпай жалғастыр эстафетаны
    VKM
    Жалғас,все с тобой понятно… хехех)))
    e_zhalgas
    собсна, никогда не скрывал и не скрывался
    Esmeralda
    Келесі сұхбатты Айжаннан алыңызшы www.kerekinfo.kz/profile/aizhan/
    Aizhantabyn
    кешір, жартылай ғана орындалды тілегің))) Айжаннан алды, бірақ одан емес)))))
    Esmeralda
    түсінбедім?
    Aizhantabyn
    ооо, Эсми! Айтып жатырмын, ол уже сұхбат менен алды, мен де Айжанмын ғой, елки палки))) Бірақ сен сұраған Айжан емес, сол себеп жартылай тілегің орындалды дим.
    Esmeralda
    оооо, тіптен қуаныштымын, мен білмедім, асыға күтемін сұхбатты)
    Aizhantabyn
    жазып жібердім))))
    TERISKEY
    89ға ұқсамайсың!
    araika
    Сенің де ұқсап тұрғаның шамалы
    Erkekyz
    Сонда қаншасыншыларға ұқсатыватсыңдар?)
    araika
    Теріскей маған атасының баласы, сол себепті кішкентай боп көрінеді құрдас секілді
    Ал Жалғасты қартайтпаған көңіл-күй шығар
    TERISKEY
    Атасының баласы деп шеттетесің қарағым, атасының баласы да әжептеуір қыздарды көрсе...
    araika
    хе-хе, түсінемін, маған Теріскей деген Шәмшінің өлеңін тауып берші, а? Қалғанын жекеге жазамын,ұмытып кетпесем.
    e_zhalgas
    қартайтпаған?
    araika
    «Мәңгілік бала бейне» ғой былайша айтқанда
    Zilola
    Иии, жаным сол!
    Сагындым го ажаптауыр!
    AKA
     Өте жақсы жігіт, бірақ…  Ортаны жандыра алады, іш пыспайды жанында, соған риза болдым.
    VKM
    АКА, неге бірақ??? Осы жерден толығырақ)))
    Aldeken
    Фильм таңдаудағы «арандатушылығын» әлі кешіре алмаса керек, за компанию…
    AKA
    Толығырақ болғанда… жоғарыдағы пікірлерде айтылды.
    e_zhalgas
    иа, жандыруға сіріңкем дайын тұрады
    Vikilikas
    Тоғайда, ағаш артында кімнен тығылып жүрсің)
    (сурет)
    e_zhalgas
    уайымдама, сенен емес
    meirzhan
    Қызыл телпектің алдынан атып шыққан қасқыр сияқты. ертегідегі
    Gastarbaiter
    Байлыққа қызығасың ба?
    Сұрақ компромат үшін жиналғандай екен. Қазір жауап берсем, «Айттым ғой» деп атып шығатын сияқтысың бір қуыстан. Сондықтан, жауап берер алдын айналамды барлап қайтайын. Вооот… Өтірік айта алмаймын. Әрине, қызығамын

    Әнеки айттым ғой!
    araika
    Жаңа ғана сұхбатыңды көрдім, сен көп сөйледің бе, әлде қабылдауыма қиын тиді ме(өз шаруам ғой бірақ ) ұзаааақ болды ғой Байқағаным, нүктеге(пауза) сараң екенсің
    Өзекті боп тұрған мәселеде өз ойыңмен бөліскенің үшін МӘЛӘДЕС©
    Классикамен қауышу ойда жоқ па?
    Esmeralda
    қандай сұхбат?
    araika
    СТВ арнасынан жаңалықтардың соңын ала берілді-ау деймін. Өзім де ортасынан қосылған едім.
    TERISKEY
    жамағат, блиц-сұхбат не бокетті өзі? кімде?
    Esmeralda
    Aizhantabyn) осы кісіде болатын
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.