Блиц-сұхбат: Esmeralda

  • Автор
1. Алматыда туғансың ба? Қай мектепке бардың? Қай универде оқып жатырсың?
Алматыда туып-өстім, қазақ гуманитарлық өнер гимназиясын бітірдім, қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.

2. суреттеріңді көрдім түсірген(кейбірі жақсы шыққан), қандай фотик ұстап жүрсің?
Фотоға түсіргенді жақсы көрем, фотигім қарапайым Canon 14megapixel, түсірген суреттерім көп, соның ішінде балконнан жоғарыны, төменді түсірген және терезенің алдында суыққа тоңып отырған көгершіндердің (олар күн сайын ұшып келеді) суреттері өзіме қатты ұнайды.

3. Кітапты көп оқисың ба? қандай кітаптар ұнайды?
Көп оқитын сияқтымын)) Өзімнің үйдегі жеке кітапханамдағы ең алғашқы маған сыйланған кітаптар тым ыстық, олар: Барбиге арналған кітаптар (3), «Большая книга знаний», қазақ ертегілері мен В.Кард, К.Чуковскийдің ертегілері. Кітапханамдағы кітаптардың көбісі — шетел әдебиеті, оқушы кезімнен бастап оқыдым, кейде қайталап оқып тұрамын. Қазақ жазушыларынан Б.Соқпақбаев пен Н.Ораздың әңгімелері ұнайды. Қазір сабағымның қиындығы және инетте көп отырғасын онша көп оқымайтын боппын, көп уақытым өзім оқып жатқан тілге байланысты күнде сөздіктен бірнеше сөз жаттауға кетеді. (Және тағы бір секрет: каникул бір айға созылды ғой, тамақ істеуді үйреніп жүрмін, күніне кейбірін инеттен қарап неше түрлі пирог, торт пісіріп қоям, кешке үйдегілер сүйсініп жейді, маманың «елдің қыздары...» деп басталатын сөзінен құтылып жатырмын ) Ал поэзияға онша қызықпаймын десем, кейбіреуіңіз өкпелеп қаласыздар ма ))

4. Басыңнан кешкен өте қызықты оқиғаны айтып бере аласың ба?
Ең қызық оқиға есімде жоқ. Көп қызықты жайлар болды, олар сол болған кезінде ғана қызықты сияқты, қазір айтсам, бәрібір сіздерді қызықтырмас еді)) Соған қарағанда өте «серьезныймын» ғой дим))

Қазір корей музыкаларын тыңдап жүрмін, мына клиптегі махаббат туралы ән

Ұқсас посттар

101 пікір

e_zhalgas
осындай екенсің ғой
Esmeralda
эстафета таяқшасы сізде
Esmeralda
сізге сұрақтар жіберем, келісесіз бе?
e_zhalgas
басқа амал жоқ сияқты ғой
asaubota
суретті кішірейтсем бола ма?
monti
болад
Esmeralda
тақырыптағы менің есімімнен кейінгі смайлды алып тастаңызшы)
Esmeralda
аға, тағы да кішірейтіңізші суретімді, өтініш
TERISKEY
Таним ғо дейм бұ қызды. Таныс ще то
Esmeralda
ҚазҰУ-дің көп қыздарының бірімін ғой
aktobe88
менің апайымның қызы.
деп мақтанып қояйыншы
Esmeralda
маманын подружкасынын сінлісіз гой, танимын сізді
MrQ
Ал поэзияға онша қызықпаймын десем, кейбіреуіңіз өкпелеп қаласыздар ма
даже Мақатаев ұнамайма
Esmeralda
неге? ұнайды «Сөйле, Данте, менің ана тілімде» деген өлеңін жатқа білем
жалпы қазір өлеңді көп оқи бермеймін дегенім гой)
muro
поэзия әлемінде саяхат жасамайды екенсін әйтпесе кездесіп қалатын едік
Esmeralda
Мен Мақатаевтың жоғарыдағы өлеңін оқып, мектептегі апталықта бірінші орын алғанда жюри мүшесі болған адам осы сайтта, аты-жөні құпия, аға, осыны оқып отырсаңыз, сізге респект)
meirzhan
Медет!
Esmeralda
ол кім?
meirzhan
Жасбоз блогерлер плеядасының Аристотелі, яки ұстазы
Esmeralda
танымаймын, ол кісі емес
neoman
Бұл қарындасымның поэзияға, жалпы әдебиетке жақын болмауы мүмкін емес шығар.
satibaldi
даже Мақатаев ұнамайма
Бар екен ғой шіркін-ай, бар екен ғой!
Бауыр! Мой Мирде бар болсаң, «Мұқағали» қауымдастығына шақырамын! Қазірдің өзінде 2 550 мүше болдық. мұнда әркім өз өлеңін, арнауын жазып, естеліктер айтып отырамыз. хош келіпсіз!!!
monti
Осының алдында админ ағай да маған бұрынғы эстафета бойынша сұрақтар ұсынған, мен кейінірек жауап берем дегем, бүгін сол сұрақтарға да жауап берсем деймін.

1. КерекИнфоға қалай келдің? Оқып жатқан мамандығыма байланысты бітірген соң халықаралық журналистика саласында жұмыс істесем деген қызығушылық болады менде кей кездері. Оқушы кезде қазақ тілі мен әдеб-нен ылғи олимпиадаларға, жобаларға қатысып, шығарманы көп жазғанның әсерінен болар, кейде өзімше творческий болғым кеп кетеді)). Әсіресе 1-курста «Қаз.унив» газетіне мақалам басылған соң (мұнда қоюға болмайтын мақала ғой ) инеттегі блогтарды оқи бастадым, ойын еркін айтатын қазақша блогтар бар екенін көрдім, өзім де ашсам ба деп ойлап жүрдім, сосын осы жерді көрсеткен адам болды. Бірақ қазір ол қызығушылығым (блогшы болсам деген) азайып бара жатқан сияқты кейде неғып жүрмін осында деп ойлайтын да кезім болады, үйрене алмадым-ау деймін бұл жерге, солай жүрмін ғой әлі

2. Күніне неше рет кіресің? Тіркелген соң алғашында көп кіретінмін, қазір көп емес, бірақ кешкілік уақытым инетте өтетіндіктен (көбіне ВКонтактеде отырам), бір рет болса да кірем міндетті түрде, кейде сыртынан да көріп өтем, жақсы пост бар ма екен деп)

3. Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды? Барлық тақырыптарды оқимын деп айта алмаймын, түсінуіме қиын және жаман сөздері көп тақырыптарды оқымаймын, көбіне алғашқыдан өзіме таныс адамдардың жазғандарын оқуға тырысам. Жалпы, мәдениетті жазылған, адамды ойланта білетін посттар болса тақырыбына қарамастан оқуға тырысамын.

4. Кімдердің пікірлері ұнайды? Осы адамдікі ғана ұнайд деп іздеп жүріп оқымаймын, жақсы айтылған пікірлерге (четко, метко) плюс қойып өтем, бір тақырыпта бір адамның пікірі ұнаса, келесі тақырыпта ол адамдікі ұнамауы мүмкін. Бұл жерде еркін, әділ пікірталас болатынын білем, кейбір адамдардың ой ұшқырлығын, логикасын жоғары бағалаймын, бірақ арты бос флуд боп кететін пікірлер көп, кейінгі кездері аға-әпкелердің бір-бірінен асып түсем деп айтқан жаман сөздерін жеке қауымдастық ашып, сонда айтса деп ойлаймын, сондай сөздері бар пост көрсем, ары қарай оқымаймын, жақсы жазбалар күтем сіздерден. Және маған бір-бірін танитын адамдардың пікірлерінен гөрі жаңа посттарға не айтылатыны, бір-бірімен қалай тіл табысатындары қызығырақ.

5. Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
Алғашқы жазғандарымды жақындарыма өзім мақтанып көрсеткен кезім болды. Қазір құрбым оқиды, бірақ бұл жерді онша ұната бермейді, тіркел десем тіркелмейді, дегенмен ноуттан екеуміз бірге кіріп оқитын кезіміз болады. Бұл сайтта бір мектепте оқыған, мені сырттай танитын аға-әпкелер де бар, олар да оқып тұратын болар.

6. Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің
Бұл сайтты өз ісін білетін профтар жасады деп ойлаймын, ештеңе айта алмаймын, тек кей посттарды барлық адамдарға емес, тіркелгендерге немесе достарыңа ғана көрсете алатындай функция болса ғой деп ойлап қоям.
araika
Ал поэзияға онша қызықпаймын десем, кейбіреуіңіз өкпелеп қаласыздар ма ))
Мен өкпелеп, ат-тонымды ала қаштым
monti
Мен өкпелеп, ат-тонымды ала қаштым
 ужасна,
негізі арайка өзіңіз өлең жазасыз ба?
araika
Прозаға кетіп қалғам

Бала кезімде шымай-шатпақ болған, түрткі болған — еліктеушілік сияқты, себебі Сырдың еліненмін ғой Қазіргі таңда тек оқимын және мәнерлеп оқығанды аса қатты ұнатамын. Бұл да біреуден жұқты Қысқасы, ақынжандымын.
TERISKEY
еліктеушілік сияқты, себебі Сырдың еліненмін ғой
araika
Сені бір күні жылатпасам ба «Сырдың елі — жырдың елі» дегенді мен шығарғам жоқ, оның үстіне аты дүркіреген ақын ауылында өстім. (мақтанып емес, ақталған түрім)
TERISKEY
мені жылатып не пайда табайын девең
Esmeralda
Қазіргі таңда тек оқимын және мәнерлеп оқығанды аса қатты ұнатамын
neoman
Келеді тыңдағым… дауысыңызды. Мұнда аудиофайл ретінде жазып, осында салатын Алиша атты әпкеңіз бар еді, тағы бір жұлдыздың тууына еш кедергі жоқ сияқты
araika
Алиша… ол кісі профессионал ғой, мендегі жәй ғана. Үлкен минусым -дауысымның тұрақсыздығы, мүмкін табиғи талант дарымаған болар
Жоғарыда
мәнерлеп оқығанды аса қатты ұнатамын
деп өзіме емес, өзгелерге қарай бұрып айтқан едім. Дегенмен, әуесқойлық басым, бір жұмыстың жоспары да бар. Бұйыртса…
monti
қыздар/балдар, Эсманың жасы(тым кіші) ерекшелігіне бола, кішкене әдеппен қойсақ ага сұрақты* 
ну енд андай бомасын

сұрақтарыңыз
TERISKEY
жасы кіші, жасы кіші.
қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде оқимын.
дап-дардай ғо
monti
кіскентай Теріскей, мен ше солай енд, ну типа сен әпке/әпке дегенге кәдімгідей өсіп кішкентай көремін, білмеймін, маған солай ұнайд, расымен менен қанша жас кіші ғо Эсма өзі де қазір сайтқа көп кірмей жүр
Esmeralda
жоқ, әлі кішкентаймын
AKA
Uh ty, Esma!  Aty-jonindi aityp otsen?
Esmeralda
сен білмейд дегенге сенбеймін
AKA
 Айта салшы ендi?
Esmeralda
АКА, Алматыдағы кездесудің суреттерін ілмейсің бе?
AKA
Men ali osindamin goi, janem!  Seni korem degen umit bar ali  Tugan jerime bargan son asykpai jazamin, ilemin suret.  Kydyrys kop bop ketti da
Esmeralda
суреттеріңді жекеге жіберші)
AKA
Komppen otirgan jokpin, sosin jiberemin ya.  Korikpa, seni tani alamin go  , jarti sagatindi arnasan da riza bolam.
e_zhalgas
неткен құрбандық!
Aizhantabyn
өзіңді елден ерекшемін деп санайсың ба?
ванильные девочки сияқты жастар ағымдарына көз қарасың қандай?
Суретке түсіргенде инспирэйшнді қайдан аласың?
Esmeralda
өзіңді елден ерекшемін деп санайсың ба?
сұрағыңыз ұрысқан сияқты сезіліп кетті ерекшемін деп санамаймын өзімді, керісінше өте қарапайыммын деп ойлаймын
ванильные девочки дейсіз бе? жақсы қараймынподростковый периодтан өткен шығармын деп жүрмін, элементтері менде де бар ғой жалпы ондай ағымдардың ешқайсына қарсы емеспін, үлкен кісілер кінәлап жатады ғой жастарды, ал шынында оның бәрі өз жасына лайық еліктеушіліктен болады ғой, кейін қалатын шығар
әрқалай, Алматының тұманы да вдохновение беріп, түсіре салам)
TERISKEY
сонда дейм да, қойылған сұрақтарға бұ кісі бір аптадан соң жауап бере ме?
Esmeralda
почти тунімен отырам ноутта)
VKM
маманың «елдің қыздары...» деп басталатын сөзінен құтылып жатырмын
хехе, таныс жағдай екен)))
Үйде жүргенде мен де тамақ дайындаушы едім,қазір «Быстров»кашасын, жұмыртқа, картоп қуыра салып, салат, йогуртпен жүре беремін. Өткінші нәрсе екен.Кейін өз жанұяң болғанда болмаса)))
rauka
Тамақ дайындай алмау асқан бір кемшілік емес шығар, қыз балаға қайда барса да алдынан шығатын міндет қой. Үйрен де жирен…
FaraOn1
сабағымның қиындығы және инетте көп отырғасын онша көп оқымайтын боппын
Бәрін де тастап кітап оқу керек онда)))
Esmeralda
кітаптан да шаршайды гой адам)
meirzhan
Инеттен көз талады.
Esmeralda
сөздік, реферат қытай тіліндегі, т.б. көп қарауға тура келед)
konvict
Есмералда сіздің шын есіміңіз қандай?
Esmeralda
4 әріптен тұратын қарапайым есім)
meirzhan
Ас атасын алып бер, жұптап қана салып бер ©
ық-ық
muro
Жүзі жарқын қыз екенсін.
Тасада өскен қазақтың бір гүлі деп теңеу айтсам ешкім қарсы болмас.
boztorgai
4 әріптен тұратын қарапайым есім

есімдерің қарапайым, өздерің жарты әлем, ал түсініп көр
Aizhantabyn
енді ағасы есімі Қатирашгүлраушан өзі жарты ауыл болса несі жақсы?
Esmeralda
несі жаман?)
Aizhantabyn
әлі кішкентайсың))) өскен соң түсінесін, қарағым))))
AL-ASTER
Шығыс елдерінің арасынан қай елдің мәдениеті көбірек қызықтырады Сізге?

Мен ойлаймын, корейше түсінерсіз деп, ол тілдің кей ерекшеліктері қазақ тіліне ұқсайды дейді, рас па екен?
Esmeralda
корейше аздап білемін, бірақ ауызша сөйлегенде емес, жазбаша оқып түсіне аламын және аздап сол тілде жаза аламын. Сериалдарын көп көрем, сыпайы, мәдениетті қарым-қатынастары ұнайды, мысалы олардың өз мәдениетінде елдің бәріне бірдей қарау қалыптасқан, ол начальник пе, шахтер ме, аула сыпырушы ма бәріне бірдей қарап амандасу, халін сұрасу сияқты қарапайымдылығы ұнайды)
мен қытай тілін оқып жатырмын, сол елдің тарихын, мәдениетін оқыдық, оның да өз мәдениетінің ерекшеліктері бар, жалпы әр халықтың мәдениетінің өз жақсы жақтары бар ғой)
Esmeralda
www.kerekinfo.kz/blog/4257.html
осы постымда қазақ тілімен ұқсастығы туралы айттым)
satibaldi
Эсмеральда, өз Квазимодоңды кездестірдің бе?
Altygradus
ілген топты Жапонияда да промоушн жасап жатқан, бірақ қаншалықты ісен асқанын білмим қазір үйде телевизорым жоқ
Esmeralda
осы топ ұнап жүр маған)
Aikona
Әдемі екенсіз  Бізбен неге кездесуге келмейсіз?
TERISKEY
Себебі
кішкентай ғой әлі
Esmeralda
кішкентаймын ғой енді, кешкі 6-дан кейін үйден шығармайды)
Esmeralda
рахмет, соншалықты әдемі емеспін кездесеміз ғой әлі)
abzik
Сіздің суреттеріңізді қайдан көрсем болады?
monti
Сіздің суреттеріңізді қайдан көрсем болады?
мына поста сурет көрінбей тұрма сонда?
қыздар/балдар Эсманың суреті көрніп тұрма сіздерге?
araika
Көрініп тұр, бұл кісі жоғарыдағы Эсманың
түсірген суреттерім көп, соның ішінде балконнан жоғарыны, төменді түсірген және терезенің алдында суыққа тоңып отырған көгершіндердің (олар күн сайын ұшып келеді) суреттері өзіме қатты ұнайды.
дегенін айтып сұрап отырған сыңайлы.
Esmeralda
мүмкін түсірген суреттерімді бір күні салармын)
Delhi
Қандай жан...құдай жыны… пәк көздер… көптен көрмеген көздер…
Эсма кереметсің!
TERISKEY
құдай жыны…
 Омманэ…
Esmeralda
көздерім үлкен емес болғасын өзіме онша ұнамаушы еді, сіз мақтап қойыпсыз ғой)рахмет
edige
суыққа тоңып отырған көгершіндердің суреттері өзіме қатты ұнайды.
Жаныңыз ашымайды ма?
Esmeralda
ашиды нанды ұсақтап қойып қоям) мен бұл жерде сол тоңып отырған көгершіндердің суреті жақсы шыққаны туралы айтқым келген)
balenti
маманың «елдің қыздары...» деп басталатын сөзінен құтылып жатырмын )
типі «Жұрттың балдары» деп басталатын монологты мәдениеттендіріпсін ееее...)))
әп әсем қыз екенсін....)
Esmeralda
рахмет)бірақ айтқаныңызды түсінбедім, ол сөздер жаман сөздер емес қой)
balenti
обычно „елдің қыздары„ жұрттың балдары деген монолог кой… соны айтам да… сендер де либі басқаша либі басқаща))))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.