Блиц-сұхбат: qisyq

  • Автор

1. Сынды қалай қабылдайсың? Қанша түсіністікпен қабылдадым дегеннің өзінде, іштей «Лібәд, жеген екенсің» дегендей қарсы ойлар мазаламай ма?

Сынды әртүрлі қабылдаймын. Баж-баж етіп, түкірігі шашырап, қалшылдап-селкілдеп айтылған негізсіз сынды сабырлы кейіппен, түсіністік көзқарасымен тыңдаған күннің өзінде, іштей сол «Лібәд, жеген екенсіңнің» маңында жүретінім бар. Эгоистігім мен нарцистігім асқынған кезде, тіпті де қыстыра алмаймын. Алайда, күнәһар жанымды жұбататын жалғыз дүние — конструктивті сынды толықтай қабылдай алатыным. Кемшілігімді шұқыған адамнан оны (кемшілік мәселесін) шешу жолдарын да мүмкіндігінше көрсетіп кеткенін өтінер едім. Әйтпеген жағдайда, құр қыршып алған адамды а) әшейін бақастық мақсатында тістеп қалғысы келген жанмен, ә) "Ұлт/тіл/дін/дәстүр құрып барады! Өлдік! Қырды! Жойды!" деп байбаламдаған, алайда «Ал, енді осыдан шығар жолды көрсетіп жіберіңіз» десең, булығып, қызарып, «Опасыз, сатқын, kein Patriot, Hündchen!!!» деп шыға келетін псевдоұлтшылмен салыстыруға болады. Жалпы алғанда, орнымен айтылған сынды жеңіл қабылдаймын (мля, әншілердің сұхбатынан алғандай болдым-ау, ә, соңғы сөйлемді).

2. Полицейлерді кім деп есептейсің: Адамның малға айналған түрі ма, әлде малдың адамның деңгейіне жете алмай, дамымай қалып қойған түрі ма? Неліктен?

Хмм… Шынымды айтайын, бұл сұраққа жауап бере алмаймын, себебі құқыққорғау органдары өкілдерімен өмірімде сирек ұшырасыппын, тіпті, кезікккен күннің өзінде тікелей емес, жанама сипатта (мысалы, үйімнің жанында Жетісу аудандық ІІБ орналасқан). Сондықтан, олардың қандай екеніне объективті баға бере алмаймын.

3. Болашаққа жоспар құрасың ба, әлде өмірдің ағымымен «Болуы тиіс нәрсе өздігінен болады» деген ұстаныммен жүресің ба?

Көп қазақ секілді мен де бұл тұрғыда парадоксалды өмір кешудемін: жоспар құрамын, бірақ, «Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады» принципін ұстанамын. Жоспар құрайын десем, талай рет ойластырып қойған ісім іс болмай ісіп-кеуіп өлгені бар, құрмайын десем, құр қиялдың соңында ауыздың бір бұрышынан сілекей ағызып еріп те жүре беруге болмайды. Мүмкіндігінше, жағдайға қарап бейімделуге тырысамын.

4. Киностанның алдағы 5 жылдық ішіндегі болашағын қалай елестетесің?

Ал, бірге елестетейік. Жүз шаршы метрды құрайтын офис. Бөлменің төбе шамдары өшіп тұр, тек сырылдаған проектордың қабырғаға түсірген сәулесі ғана жарық береді. Экранда прокатқа шығып үлгермеген отандық фильм жүріп жатыр. Фильмнің түсіру тобының өкілдері бізге, то бишь Киностанның редакциясына жалтақ-жалтақ қарайды (оң баға күтіп отыр ғой, алда, айналайындар-ай, қайтсін енді). Офистың бір керегесінде «Kinostan-100» тізіміне кіретін фильмдер бар сөрелер, ал екінші керегесінде ресурстың алған дипломдары, бәйгелері, сертификаттары… М-м-м-махм-муахм, өзім қызығып кеттім ғой…

Күлмеңдер, осыған жете, я өте дамитын сайт боламыз.

5. Сүйіп тыңдайтын ән-клиптеріңнің бірімен бөліс.

Көп қой олар, қайсібірін айтайын…

Жарайды, мынау бір Yanni тобының концертінен үзінді көре кетіңдер, менің сүйсініп тыңдайтын композицияларымның бірі.

Ұқсас посттар

66 пікір

asaubota
лібә, әзірше ең күшті блиц!
satibaldi
Киностанның редакциясына жалтақ-жалтақ қарайды (оң баға күтіп отыр ғой, алда, айналайындар-ай, қайтсін енді).
Патик по понятиям крігізетін болса, ментовской сериалдар кірмейтін шығар
Nurgisa
Бүгін Димаш атаның туылған күні… Блиц-сұқбаттың бүгін шыққаны жақсы болған екен.
Димаш, сникерстен басқа десерт жасауды үйрендің бе?
qisyq
Бүгін таңертең жұмыртқа қуырып жеп едім, ә ол десет емес екен ғой… ммм… онда әзірге тек соны білемін, Нұреке Сұхбат туралы жөн айттың, дөп айттың, рахмет…
Aldeken
Жалпы, Нұрекеңнің Димашқа деген көзқарасы осындай болғаны жөн шығар, ә?
qisyq
Әй, қайдам, мұның алдындағы көзқарас енді темір келімен түйсең де, өзгермейтін сияқты)))
asaubota
жоқ, жалпы Нұреке деп аталатын кісілердің Димаш деп аталатын немесе аталған кісілерге көзқарасы оң болғаны жақсы болар еді ғой дейді Алдеке.
qisyq
Қап, онда менің пікірім екіұшты сипат алып кетті-ау, ә))))
Aldeken
Киностан-100… керемет…
Abilakim
«Киностанның» арманыңдағы деңгейге жететініне сене бер! Армандар орындалады! Кейселл
полицайлармен кездеспеген жандардың бар екені қуантты
rauka
Полицайлар туралы күшті сұрақ қойылыпты
Zhan
Қисық, эстафета таяқшасын Жалғас Ертай жалғастырсыншы. Өтініш.
qisyq
Ачойэто? Доктор Быков, «Интерны»
balzaminka
 omarbirattan кейін десе ше

Қисеке, Омарбраттан алшы, а
Zhan
Саммита көрінбей кетті.
asaubota
е давай қыз-жігіт болып араласып отырыңдаршиш © вечір тамадасы
Abilakim
бір ет бір май, шашлыктың тәртібімен
Marco
«Адамның айтқаны болмайды, Алланың айтқаны болады» принципін ұстанамын
Дегенмен ағысқа қарсы жүзесің бе, әлде ағыспен бе?
Aldeken
көлденеңінен жүзетін вариант жоқ па? түпкі мақсат — арғы бетке өту ғой…
qisyq
Ол жету нүктесінің өзен бойымен жоғары әлде төмен орналасқандығына байланысты.
Marco
 мадес жауап!)
balenti
неге Қисық?
qisyq
Себебі, “қисық” сөзі маған біртүрлі қызық, көңілді, ерекше көрінді. Ақылгөй, кемеңгер, қаһар, алапат дегенше, қисайып, қыңырайып бір сөз жазайын дедім. Оның үстіне, қисық деген тек жаман мағынада айтылмайды.
Қазжурда осылай деп түсіндіріппін. Қазір өзім де білмеймін. Аяқасты қоя салғаным есімде. Сірә, соған қарағанда әлдебір тылсым күшпен Жоғарыдан келген, бақ дарып, құт қонған ник болса керек (Ұлылық маниям бүгін асқынып тұр, мән бермеңдер).
balenti
мүмкін, қаншама дұрыс сөйлесенде, жүрсенде, отырсаңда, жатсаңда… бір жерін қисайып туратын шыгар?)))))
monti
Yanni тобының концертінен үзінді
 жақс әуен екен. бұндайлард көп тыңдай берме, көңілсіздікке әкеп соғад, деп айтқан, анау жолы аудиокітапта
сәттілік саған
qisyq
Yanni-дың бар әуені мұндай емес Концерттерін толығымен көремін дым жалықпай Сондықтан уайымдама Пікіріңе рахмет
Altygradus
композиция қатты ұнады маған
Armanjan
жалпы темір-терсекке қалайсың? (анау гастаның жұлқылап жүретінін айтам)
qisyq
Жас кезімізде жұлқылағанымыз бар-ды. Қазір бас келсе, бел келмей, бел келсе, бас келмей жалқауланып жүрген жайымыз бар.
AKY
Қазір кімдерге/нелерге өлең арнап жүрсің? Жалпы Муза шешей саған келіп тұра ма?
qisyq
Өлең жазбағалы көп болды. Бұрнағы күні бырт-пырт етіп отала алмаған «Урал» мотоциклі құсап бір-екі жол келіп еді, сол күйі жеп отырған палауыммен қосып, оралмасқа кетті. Муза шешей Қасым Олжастан кейін қайтпай қалды. Сол көксоққан бір жазым қылмады ма екен деп алаңдап отырғаным…
a63a1
Атпен жүйітки шаба аласыңба? Атты емес
qisyq
Бұл жағынан ұяттымын. Шаба алмаймын. Тепең жүріске салғаным бар.
Abilakim
Келіншегіңді алып, екі-үш жыл жаз жайлауда,қыс қыстауда тұра алар ма едің? ешқандай инет-минетсіз
patick
инет-минетсіз

долбик
Abilakim
лібә, солай жазылып кетіпті.түзету функциясы жоқ
Aldeken
инет-минетсіз

мдәәә, Димаш, мынаны үйдегі келін оқымайтын болар деп үміттенем…
qisyq
Үмітің жоқ шығайын деп тұр, Алдеке, керекинфоны құшырлана оқитын әдеті бар. Қап, таңертең үйдегі модемді тығып кету керек еді…
qisyq
Тұра алар едім. Ол жағынан өзіме де, келіншегіме де сенімдімін. Мля, бірақ сол инет-минетіңе қатысты күмәнім бар…
Aldeken
инет-минетіңе қатысты күмәнім бар
толығырақ-толығырақ…
qisyq
Жаман сырын айтамын деп, шынын айтады деген бар еді, сол жайлау, қыстаудан қайтайық Әйтпесе Есен қайынағама айтып беремін сендерді))
salta
шынымен де әдемі блиц болыпты. ырЗЗамын…
Vikilikas
Мына жігіт шешен екен!
Adiletshu
Мен жапон ба деп жүрсем
Vikilikas
Бұл жерде мен ұлтты айтқан жоқпын!
meirzhan
Керемет әуен екен.
timurrr
Жүз шаршы метрды құрайтын офис. Бөлменің төбе шамдары өшіп тұр, тек сырылдаған проектордың қабырғаға түсірген сәулесі ғана жарық береді. Экранда прокатқа шығып үлгермеген отандық фильм жүріп жатыр. Фильмнің түсіру тобының өкілдері бізге, то бишь Киностанның редакциясына жалтақ-жалтақ қарайды (оң баға күтіп отыр ғой, алда, айналайындар-ай, қайтсін енді). Офистың бір керегесінде «Kinostan-100» тізіміне кіретін фильмдер бар сөрелер, ал екінші керегесінде ресурстың алған дипломдары, бәйгелері, сертификаттары…
Тамаша қиял! Тырысса орындалмайтын түгі жоқ! Ұнады!
AKA
Сұрақтарым:
1. Киноға түсуге ұсыныс түссе, қабыл аласыз ба? Қай жанрды таңдап, қандай образды сомдар едіңіз?
2. Қай спорт түріне қызығушылық басым?
3. Қатты ашуланғанда өзіңізді қалай басасыз?
4. Жарыңызға қаншалықты жиі сыйлық жасап тұрасыз?
qisyq
1. Қабыл алмас едім деп өтірік мүләйімсімей-ақ қояйын, алар едім. Жанрға режиссерлер Гай Ричидің («Карта, ақша, екі мылтық», «Револьвер», «Шерлок Холмс») немесе ағайынды Коэндердің («Шалдарға мұнда орын жоқ, ) стиліндегі фильм болса. Рөл жақсы болғысы келетін, бірақ кемшіліктері болдырмай ақырында „обломы“ шығатын адамды бейнелесе.
2. Спорттан басқалары бір төбе, футбол бір төбе.
3. Қатты ашуланғанда өзімді баса алмаймын. Сондықтан қатты ашулануға жетпеуге тырысамын.
4. „Ох, мля, жентілмен, любящий муж бола қалуын“ дерсіздер, бірақ, себеп іздемеймін. То есть тек себептермен сыйлық жасамаймын. Бірақ, жиілетуді сиретуден гөрі, сиретуді жиілететінім бар.
Zhan
себебі құқыққорғау органдары өкілдерімен өмірімде сирек ұшырасыппын
Сирек ұшырайтын болсаң онда тәртіпті болғаның ғой. Мен бір рет көшені кесіп өтем деп гаишниктерге ұсталып қап, протокол толтырғам. Как раз былтыр 3 сәуірдің алдында жол ережесін күшейтуге бағытталған көзбояу шараның құрбаны болғам. Сосын гаишниктерге «Осы жерден күн сайын өтемін. Дәл бүгін көріп қалғандарыңыз қызық екен» деп, өздерімен ұрыс шығарып кеттім. Екінші рет ұсталсам штраф салады дейді бір білгіштер.
Nurgisa
Жақында заңды күшейтті, Жансая. Енді жолды белгіленбеген жерде кесіп өтушілерге де айыппұл салынатын болады.
Zhan
Сол оқиғадан кейін ренжіп, бір жағынан «Апырмай, менде осы республиканың бір азаматшасы екенмін ғой. Соны сезіну үшін баяғыдан бері неге бір бұзықтық жасамағам» деп күлдім. Сосын біразға дейін тәртіпті боп көшені кесіп өтпей жүргем. Одан кейін бір-екі рет жан жағыма қарап, «солар жоқ па екен» деймін де, зу етіп өтіп кетем. Ал, қазір өте тәртіптімін десем да.
satibaldi
— Апырмай, менде осы республиканың бір азаматшасы екенмін ғой. Соны сезіну үшін баяғыдан бері неге бір бұзықтық жасамағам! (ызалы күлкі)
Bekzhan
Меніңше, қанша жерден тәртіп сақшылары жоқ болсада заңды бұзбауға тырысқаныңыз жақсы. Заңды сыйлау дегеніміз ең алдымен оның бұзылмауына әрбіріміздің мүдделі болуымыз ғой. Жемқорлық да сондайдан барып дендеген шығар, «ешкім көріп тұрған жоқ қой ақыры» деген ойдан.
Дегенмен, қазір өте тәртіпті боп жүргеніңізді оқып, жайланып қалдым.
Abilakim
осы тәртіпті кезінде "құланның қасуына, мылтықтың басуы..."
VKM
2. Полицейлерді кім деп есептейсің: Адамның малға айналған түрі ма, әлде малдың адамның деңгейіне жете алмай, дамымай қалып қойған түрі ма? Неліктен?

Хмм… Шынымды айтайын, бұл сұраққа жауап бере алмаймын, себебі құқыққорғау органдары өкілдерімен өмірімде сирек ұшырасыппын, тіпті, кезікккен күннің өзінде тікелей емес, жанама сипатта (мысалы, үйімнің жанында Жетісу аудандық ІІБ орналасқан). Сондықтан, олардың қандай екеніне объективті баға бере алмаймын.


Жалпы Қисықты керемет сыйлаймын.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.