Блиц-сұхбат: Бальзаминка

  • Автор

— Сеніңше, "қыздық" мәселесі әлі күнге өзекті ме?
— Индия үшін өзекті
— Өзге ұлтпен некелесуге/жүруге көзқарасың?
— Әркімнің өз жеке басының шаруасы деп білемін. Жүрек, сана «ия» деп тұрса, неге өзге ұлттың өкілімен бақытты болмасқа?!
— Жұлдыздар неге алдымен жарқырап жанып, кейін қарабетке айналады?
Жарқыраған жұлдыз қарабетке айналады деп ойламаймын. Тек жаңа кезінде бәрі қызық, қадірлі, уақыт өте жақын болып кететіні болмаса.
— Әнек айтып берші, іш пысты
— Оһ, әнек… Болған оқиғаны айтып берейін Сестрамның қызметкері айтып берген еді. Өзі, бес жасар баласы және орыс досы Макспен балық аулауға барған ғо. Содан, Бекболат (бес жасар бала) Макстан анау не, мынау не деп біраз нәрсені сұраған ғо. Макс баланы бала демей, ыждағаттылықпен, нығыздап жауап беріп, бәрін түсіндіріп болса, Бекболат: «Ағай, сіз өмірі осылай орысша сөйлейсіз бе?»-депті бағанадан бар қазақшасын шашып отырған Максқа.

Бір ән:

AKY

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    Ұқсас посттар

    60 пікір

    madlen
    Бальзам қыз, қашан келесің ҚЗға, а?

    Блогкэмп туралы сөз болып жатыр екен көрші постта. Осы жылы бола қалса, келесің бе?
    balzaminka
    Соны өзім де білгім келеді ше, қашан барам деп күнде сұраймын өзімнен
    Erlan
    роза гулін коргем, талын көруім бірінші рет )
    manshukn
    андағы розаға мүлде ұқсамайды ғой, талы деп айтатындай
    Gastarbaiter
    Бальзаминканың фонында гүлдеген жеміс
    balzaminka
    жарнамаңа рахмет
    araika
    Жүрек, сана «ия» деп тұрса, неге өзге ұлттың өкілімен бақытты болмасқа?!
    Қосыламын! Махаббат бар болса, дәл осы мәселенің де өз орнын табуы тиіс.
    monti
    кішкене жесткілау екен сұрақтарды кім қойып атр, әр автор жариялап қойса астына кімнен кімге өтті эстафета

    бальзам саған
    balzaminka
    сұрақ авторы АКҮ ханшайым  
    AKA
    Тәәк, менің сұрақтарым:
    1. Нигіңіздің balzaminka деп аталуының сыры неде?
    2. Үндістаннан өзге қай мемлекеттерде болдыңыз?
    patick
    Екіншісіне мен-ақ жауап бере берейінші:
    Үндістаннан өзге қай мемлекеттерде болдыңыз?

    Қызылордада
    AKA
    Қызылорданы мемлекет деңгейіне көтергеніңізге рахмет!!! Бірақ, сұрағым сізге бағытталған жоқ, эстафета иесінен жауап күтемін.
    patick
    Эстафета иесі сізге былай жауап береді:
    "Үндістаннан басқа Ресейде, сосын...Қызылордада болып едім"
    AKA
    "Қойшы-әй өзің!" ©
    patick
    қоймайм ал, о нес нақ
    Zhan
    Сатыбалды синдромы жауабы ұтымды шыққан. Патик өш.
    Gastarbaiter
    Баяғыда біреу, Ебитдаңыз 25 пайызға өсіп кетіпті десе, "Қойнақ, оны қайдан көре қойдың? деп бұтын басқан көрінед.
    «Сатыбалды стиліндегі жауабы» дегіңіз келген шығар, ә?
    Әйтеуір ақылды боп көрінген сөзді жөн-жосықсыз пайдалануға құмарсыңдар
    balzaminka
    1. Әріптестерім туылған күніме бальзамин гүлін сыйлаған болатын. Әріптестердің айтуы бойынша мен ол гүлге, ол гүл маған ұқсайды екенбіз
    2. Патик мен үшін жауап беріп кетіпті тіптен күдіктеніп қалдым ше
    Abilakim
    гугілден бальзамин гүлін қарау керек болып тұр
    patick
    Ептінің баюы үшін не қажет?
    balzaminka
    таңғы төртте тұрып мантра оқу керек, таңертеңгілік сағат онда тағы мантра оқу керек, түскі он екіде тағы да мантра, күндізгі екіде опять же мантра, кешкі алтыда тағы да мантра, кешкі онда, түнгі он екіде тағы да мантра. Конкуренттерден құтылу үшін жеке магың болуы шарт. Осыдан кейін міндетті түрде әйтеуір бір баю болады
    nurbergen_makym
    Уа, balzaminka ханым, ақысын беріп жіберсем, Чиннайдан бір шиша финни салып жібере аласыз ба? Былай, Үндістандағы басқа адамдардан сұрауға болар еді, бірақ, Канчипурам жақта финниді жақсы жасайды деп естіген едім.
    balzaminka
    Бір шиша не салу керек болса да салып жіберем, оның еш қиындығын көрмей тұрғаным, тек сұрақ, «финни» деген не?
    nurbergen_makym
    Біріншіден, фенни еді ғой, финни болып кетіпті. Мен не сұрайын, екіншіден, арағы ғой, үнділердің, фенни деген. «Кокос пен кешьюдан жасалады» — дейді білетіндер. Соны ішіп көрейін деген, ламадәме ғой, біздікі — мұны төрт де. Үшіншісі, қанша тұрады екен сол? Шотыңызға, тасымал шығындарымен бірге салып жіберейін.
    balzaminka
    бұндай іске үлкен жауапкершілікпен қарау керек, сондықтан кісілерден сұрастырып, сізді қанағаттандырарлықтай жауап беруге күш салайын
    nurbergen_makym
    тронутпын. рахмет.
    AKA
    3. Үндістанда үйлену тойы қалай өтеді? Қандай салт — дәстүр, әдет — ғұрыптары бар?
    4. Қай спорт түрін жақсы көресіз?
    5. Білуімше, Үндістанда халықтың көбі индуизм мен будда дінін ұстанады. Ондағы ең үлкен мешіттерді атап өтсеңіз?
    balzaminka
    3. Шыны керек, әлі үйлену тойын өз көзіммен көрмедім, бірақ сырттай көріп қалғаным бойынша, қызды алып кететін уақыт таңғы жетіден кеш болмауы керек. Алдымен қыз қасында қызжолдасымен қонақарды қарсы алып тұрады. Қолында міндетті түрде сыйлықтарды салатын сүмкесі, өзі, болмаса қызжолдас ұстайды. Қонақтар жиналып болды дегенде жігітті алып келеді. Тағы да құттықтаулар болады ғо дим, осы жерін толық білмеймін. Сосын, күйеу әйеліне тали (мойнына тағатын) таққаннан кейін аяғына неке жүзігін кигізеді. Жұрттар осы жолы тошне құттықтай бастайды. Айтпақшы, келін мен күйеубала тамақ жеп бастайды, сол кезде жақындары оларға, олар жақындарына тамақ асатады. Тамақ дегенде күрішті айтам. Болашақта тойға барып жатсам толық репортаж жасаймын бұл жөнінде
    4. Баскетбол, бұрын көп ойнайтынмын, қазір қалды. Бірақ, аптасына бір күн есіме алып, эхх, ойнаса ғо деп армандап қоямын  
    5. Мен оңтүстіктемін, бұл жақта буддизм кең тарамаған, есесіне индуизм, ислам мен христианство кең. Мешіттерді біле бермеймін, естігенім бойынша Хайдеребадтағы мешіт әдемі екен. Ченнайда мешіттер көп, бірақ бармаймын, қорқамын шыны керек
    Gulistan
    Демек, түнімен ұйықтамайтын болды ғой.
    Европалық стильде әдемі ақ көйлек киіп, тойын жасайтын қалыңдықтар бар ма, әлде бәри ресми түрде ұлттық нақышта өте ме?
    Ол жақта девишник бола ма?
    Жергілікті ұлттан дос, таныстарың бар ма? Ол өздерін шынымен "ұлы халықпыз" деп айта ма? Әлде әлдекімдердің қопсытуы ма? (Олай дейтін себебім — менің бұрынғы жұмыс орнымда IBM — Fluor — дің Дели, Хайдарабадтағы кеңсесіндегі кейбір адамдармен жұмыстас болғам, солар реті келсе, өздерін ұлықтаудан шаршамайтын).
    balzaminka
    батыстық үлгідегі көйлек кимейді, әйел сари, еркек дөти киеді. Дөтиді мен юбка деп жындарына тием. Девишник міндетті түрде, әркім әрқалай өткізеді
    Қиын жағдайда маған қол ұшын беретін сол жергілікті достарым. Ұлымыз дегенін естімедім, тек тамиль тілінің көне тіл екені жиі көтеріледі.
    AKA
    аяғына неке жүзігін кигізеді
      «Естімеген елде көп». Өзі жүзік болса, аяғына қалай кигізеді? Суреті бар ма осы үрдістің?
    Abilakim
    білезік секілді зат шығар, шығыршық
    AKA
    Таптым, мына жерде бар екен.
    balzaminka
    бұны менің блогымда талқылаған едік алдында, целый ритуал, ол сақиналардың түр-түрі болады еще
    Abilakim
    Пілмен көше аралап көрдіңіз бе?
    balzaminka
    жоқ, пілдің өзін көру мұң мен үшін
    Tarazkyzy
    " Жүрек, сана «ия» деп тұрса, неге өзге ұлттың өкілімен бақытты болмасқа?!" депсің (сен десем ренжімейтін шығарсың).Үндінің жігітіне ғашық болып,big love боп жатса, сари киіп,үнді халқына келін болар ма едің?
    Abilakim
    келтірген цитатаңызда тұр ғой жауап
    Tarazkyzy
    мәселен, мен де қыздарға әйел бақытын тілер едім. Кіммен болса да.Ал бірақ өзім басқа ұлт өкілдерінің жігіттеріне көңілім ауып, ғашық көзбен қарай алмаптым. Бальзаминкада мендегідей жай ма дегенім ғой
    balzaminka
    негізі, қорқақ жанмын, өзге ұлттың өкілі тұрмақ, өз қазағыммен тұрмыс құруға қорқамын Менің де көзқарасым сенікіндей (сенге қарсы емеспін), дегенмен, өзге ұлтпен отау құра алмаспын
    satibaldi
    Шай ағашы ма анау, принцессанурисстің?
    balzaminka
    жоқ, шай ағашы емес, не тал екенін білмеймін
    satibaldi
    Айтпақшы, өлемін деп қорқытқаның қайда?
    balzaminka
    білесіз бе, харикири жасау өте қиын ғо, ал Сіз тұрғанда, ол ваще мүмкін емес
    Zhan
    Бальзамның құрметіне!
    Гуглдан іздесем мынау Бальзам гүлі екен. Бұл гүлді апам жақсы көретін. бірақ бальзам екенін білмеппін.
    balzaminka
    рахмет бала-шағаңның рахаты мен қызығын көр
    Esmeralda
    жақын танысқаныма қуаныштымын
    Хинди тілін жақсы білесіз бе?
    balzaminka
    оһ, мен хинди тілін білмеймін, шындығы керек, бұрын хинди курсына жазылып, оқуды бастаған едім. Ол кезде сол жағалаудағы объектілерде жүрген кезім, жұмыстан зыр етіп ұлттық кітапханаға жету оңай болатын, кейін оң жағалаудағы офистен шығудың өзі мұң болып, курс жайына қалған. Бастығыма осы орайда көп алғысым барын айтып кеткім келеді, мүмкіндігінше маған жағдай жасады барлық ізденістеріме
    boztorgai
    үнді үмбеттеріне қазақ қызын таныта алдым деп ойлайсыз ба
    Gastarbaiter
    «Сонда»- дейді, «жаңағы- дейді, „әдейі“- дейд, көрдіңіз бе?!
    mampasi
    Бальзаминка ханым, намасте!
    1. әшкиіңді алыстағын көрмегеннен тағасың ба?
    2. мамаңның айтатын ескі жынды қазақша сөздерден туыс-тума, жақын танысқа жинақ жасағың келмей ме?
    3. таныстарың қай мінезіңді жаман деп айтады?
    balzaminka
    Намаскар, mampasi!
    1. ашкиді компқа отырғанда, күнге шыққанда киемін — хамелеон линзалы бір ғана ашкиім бар өзі
    2. ммм, ондай байлыққа ие емеспін
    3. құртқанда сол, айтпай құртады. Өзімнің жеке пайымдауымша, ол адамның көңіліне келер деп ойламай, бетке айта салатыным. Негізі, жақсы болсын, көмек болсын деген мақсатта айтамын, бірақ нәтижесі өзге болып шығады
    araika
    1. Талғамыңыздың тынышталатын кездері болып тұра ма?
    2. Қазақстанға келерде базарлық жасауды қиынсынасыз ба, әлде көңілі қалмасын деп ырымдай саласыз ба, әлде…
    3. Үнді әйелдерінің толық (тығыршықтай) болуының себебін біле алдыңыз ба? (Мүмкін, маған солай көріне ме? Жалпы, олардан экспортталатын киімдеріне қарап та солай шамалаған едім.)
    balzaminka
    1. Талғам дегенді ізденіс деп қабылдаймын, адам тынышталды деген сөз, болотоға айналды деген. Ал, мен болотоға айналғым жоқ
    2. Қалтамда ақша болса болды кісіге қуаныш сыйлағым келіп тұратындықтан базарлық алғанды жақсы көремін. Бұл жерде бірақ «бірақ» деген бар  объектілерім кішкентайлар, солардың тәрбиесіне керек болар деп алатыным кітап  Астанада жүргенде жиі кітап беріп жіберетінмін, оған себеп, мамамның кітап жақсы көретіндігі еді
    3. Бәріне күріш кінәлі , менің сөзім емес, өздерінің айтуы бойынша
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.