Блиц-сұхбат: AKY

  • Автор


— Рок музыка тыңдайсың ба?
— Жоқ ))) Линкин Паркты аздап тыңдайтынмын

— Оңтүстікке келін болып барар ма едің?
— Оңтүстік те мені келін қылуға аса құштар емес деп ойлаймын.

— Мектепте қай сабақты жақсы көріп оқыдың?
— Ең сүйікті сабағым, әрине, әдебиет еді. Ал былай, «отличница» синдромымен барлық сабақты жақсы көріп оқыдым. Еңбек сабағын ғана жек көретінмін

— Астана ұнай ма?
— Ғашықпын. Бұл жерде өзімді судағы балықтай сезінем.

АКҮ-ден бір ән:


  • 0
  • +19
  • 2784
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

57 пікір

satibaldi
Анау Сотонода түскен сурет пе сонда?
AKY
Әрине, жоқ Қанша жыл осында болсам да Бәйтерек фонында түскен суретім жоқ екен. Кілең кабак, бірдеңелерде очым. Так ышто, кеЧроң.
Zilola
— Оңтүстікке келін болып барар ма едің?
— Оңтүстік те мені келін қылуға аса құштар емес деп ойлаймын.
Құштар адам бар болса, баратындай айттың ау
meirzhan
Қысқа да нұсқа жауаптар. АКУ, диссер қалай болып жатыр?) предзащита жақын ғой. уақыт бере ме жазуға?
AKY
Предзащита жақын емес! Сен өйтіп адамды қорқытпа дабай Өзім әрең жүрмін онсыз да.
meirzhan
Осы жылдан бастап антиплагиат деген тексеріс болады дейді маг. дис-ция қорғау алдында. Сол туралы хабарың бар ма?
AKY
Былай естуім бар, бірақ нақты ақпарат жоқ. А так «после меня хоть Потап» деген екен Настя Каменски)))
meirzhan
Иә, осы жылы түскендерден бастап 1,5 жыл оқиды, еще ВАК-та қорғайды дей ме, сондай очм. Потап нағыз.
AKY
Жалпы магистратураның 2 түрі бар: профильдік (1/1,5 жыл) және ғылыми педагогикалық бағыт (2 жыл). Алғашқысы тек қана өндірісте пайдаға асатын болса, екіншісімен ЖОО-да сабақ беріп, ары қарай PhD жалғастыруға болады. Сондықтан, ол бұрыннан да бар құбылыс.
Ал ВАК-тан өту туралы ештеңе айта алмаймын, биылша PhD-лер ғана солай қорғады, ал енді магистрлерді де сөйту — абсурд болар еді.
meirzhan
Хехе. Осы жылы гумантарлық мамандыққа түскендер 1,5 жыл оқиды екен. Ғылыми-педагогикалық бағыттағылар. иә, профильдікте оқитындар да 1,5 жыл.
жаңағы ғылыми педагогикалық бағыттағылар бітіргесін колледже ғана сабақ бере алады, тек жарты жылды өз қаражатынан төлегеннен кейін ғана толық диплом алып ЖОО -да сабақ бере алады. ВАК-та осы жылы түскендер (2011 ж) қорғайды екен. Екеуміздің мәліметтеріміз әр-түрлі бопты
AKY
Жалпы бұрын бөлімде жұмыс істегенде бұндай жаңалықтардың бәрін естіп-біліп жүретінмін. Қазір аздап… Ия нетіп қалдық алыстап. Очым, Потапы джаман екен.
Kipshakkyzy
1,5 жыл оқитындар үшін кредит санына қарай ақысын төлеп екі жылдықпен бітіріп шығуға да болады екен.
meirzhan
Көңілді ән таңдапсың.
Астанадағы қандай ғимарат, көше, ойын-сауық орталықтарында болған ұнайды? Жалпы Астананың рухани бет-келбетіне көңілің тоя ма? Сол тұрғыда өзгерістер бар ма? Қала қонақтарынан ғимараттары әдемі болғанмен, қаланың рухы жоқ дегенді естіп жатамыз.
AKY
Есілдің жағасы, Сол жағалау және ЕҰУ орналасқан гребной канал маңы ұнайды. Ойын сауық орталықтарынан, сол баяғы Хан-Шатыр мен Керуен ғой. Бирховв пибі бары, Скай-бар, Уай Нот деген андай* жерлерді жахсе көрем.
Қаланың рухы дегенді анча түсінбеймін, Астана ма, Астана. Өзім үйреніп қалған жер болғасын жақсы көрем. Соңғы апта бойғы ауа-рай керемет бов тұр, бір күн ашық аяз, бір күн тұман және жылы. Ехх…
asaubota
Бирхофф дегендер 1-2 пибі ішетіндерге арналған шығар, да?
AKY
Ия, сондай Одан артық нетпиміз де)))
meirzhan
Иә, ЕҰУ гребной каналы мен корпусы күшті-ақ. Үзіліс қоңырауы орнына домбыра ойнағаны ұнайды. «Аққу» күйі ғой деймін. Тек күн түскенде төбедегі терезеден күн ұрып тұрады
Корпустарың бір ғанибет.
shimaibek
Қай жылғылардан бір жас кішісіз?
balzaminka
Батыс, шығыс, екітүстіетің қайсысын таңдар едің қыдыруға?
AKY
Батыста Ақтауға, Шығыста Өскеменге, Оңтүстікте Шымкентке, Солтүстікте Петропавлға барғым келеді.
direct
Оңтүстікте Шымкентке
Неғой, Шымкентке келсең, Каримов әкәңа көру арман болып жүрген шәһәрға да ат ізін салып өт)
balzaminka
Қазақстаннан өзге елге шыққың келмейді екен ғо
AKY
КЗ туралы деп ойлаппын Оу, щет, щетелде көп қой барғың келетін жер.
Kipshakkyzy
Петропавлда көретін не қызық бар?!
AKY
Просса тек сол жерде болмаппын солт. қалалардан
direct
«Флирт» неше жастан басталады?
AKY
Сенің жасыңда ете беруге болад, саспа
madlen
Мұнда да Астана тақырыбы қаралыпты ғой.
Сұрақ біреу ғана: не жоспар?
AKY
Жақын маңдағы жоспар — Минскіге сапар. Әзірге осы ғана.
madlen
Крутая колбаса
boztorgai
минскге барсаң хатынь мен брестке міндетті түрде соғуға кеңес берем.
өкінбейс.
арнайы бағытнамалар болуы тиіс.
AKY
Рахмет, есте болсын.
Aikona
 келіндік туралы ұнап қалды. сурет
Aikona
Күйеу бала қай жақтыкы әзіргі планда
AKY
Өзіміз жақ қой сол
AKA
Сурет
Сұрақтарым:
1. Сериал қарайсыз ба? Жалпы кинодағы есте қаларлықтай ерекше көрініс қандай?
2. Театрға қаншалықты жиі барасыз? Қазақ әртістерінен кімді мықты деп айтар едіңіз?
3. Өлең шығаратын қабілетіңізден хабардармын, болашақта барлығын топтастырып, өз өлеңдер жинағыңызды шығарғыңыз келмей ме?
AKY
1. Сериал қазір онша қарамаймын. Шерлок Холмс болмаса. Есте қаларлық ерекше көріністер көп қой.
2. Театрға мүлдем бармаймын. Театр әртістері жайлы сұрап отырсаң, ештеңе айта алмаймын
3. Топтастыратындай өлеңдерім көп емес, ал сапалысы одан да аз Армандау зиян емес бірақ.
mampasi
Айгерош Кеулімжайко ханымға сұрақтарым
1. жалпы сен ғылым қуып жүрсің бе әлде ғылым сені қуып жүр ме?
2. оқу-тоқу деп байсыз қалам деп ойламайсың ба?
3. кекіл қойғаныңа неше жыл болды?
AKY
1. Екеуміз де бір-бірімізден қашып жүрміз негізі…
2. Чымкенттік емессің бе сылушайны?
3. Кекіл қойғаныма 5 жыл
balzaminka
Жігітке өзі бірінші болып көңіл білдіретін, сөз айтатын қыздардың әрекеті дұрыс па, бұрыс па?
AKY
Дұрыс, әрине. Қызықтырса, қызықтырғанын білдірсін. Ар жағын көре жатар…
Бірақ кәдімгідей ғашық болып қалсаң, білдірмеген жөн. Адам жанының маманы болған түрім
Gastarbaiter
Өй, боевой болғаның қайда? "Ұнатқан жігітті қал тасынан шап беріп ұстап, тырп еткізбе дейтін шығар десем.
balzaminka
бұл жігіттердің ұсақтануына сеп болады деп ойламайсың ба?
AKY
Ұсақталатыны ұсақталып болды ғой, тап содан ештеңе өзгере қоймас.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.