Таныс болыңыздар: estetika91

  • Автор
estetika91 — Назира Бурханова. 1991 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. Қазір, Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің студенті, әрі «Гүлстан» журналының журналисті.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекке келуіме тікелей себепті болған жан өздеріңіз білетін ushkin . Былтыр жатақханада тұрғанмын. Қоғамдық жұмыстар бар сабағым бар дегендей бөлмеде көп бола бермейтінмін. Ал, Мика KazNU WiFi –ды пайданып, осы сайттардың қызығына кіріп отыратын түннің бір уағына дейін. Сосын, келіп бар эмоциясымен ондағы қозғалған мәселелерді бізге айтатын келіп майын тамызып тұрып)) Басында мен көп мән бере бермейтінмін. Содан бір күні Мика «Назко неге осы сен жазбайсың! Қолыңнан келеді ғой...» деген сияқтыларды айтып блог ашып берді. Басында түк түсінбейтін едім. Бәрінің миын ашытып сұрай беретінмін. Түсінбеген дүниемді сұраудан еш қысылмаймын негізі. Сөйтіп, жүріп көптеген сайттарға тіркелдік. Жазбаларға пікір жазылса, шапкамды аспанға атып қуанатынмын басында. Содан кейін, әрбір пікірге ойланып түнімен ұйықтай алмай шығатын да күндер өтті бастан. Несін айтасыз талай қызық нәрселер өтті… Сөйтіп жүргенде, бір күні керекинфоға топ ете қалдық. Ол кезде кездесу com, сосын davai.kz болып түрленіп тұрды… Ал, қазір біраз төселіп қалдық… Осы постты пайдаланып рахметімді айтамын! Мика сіз бен біз бөлек тұрсақ та жанымыз әрқашан егіз! Мен сізбен біргемін)

— Күніне неше рет кіресің?
— Мен қайдамын, керек сонда десе де болады. Күніне кемінде 2 рет кірмесем басым ауырады… Кейде өзімнің атымнан емес, қонақ болып келіп, сіздер ұсынған сыйдан алып, дәм ауыз тиіп кететін де күндер болады)

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
—Шыны керек, керектегі әрбір жазба өзінше әсерлі.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
—Мына қолданушыныкі ұнайды немесе ұнамайды деп ешкімді бөліп жарғым келмейді. Барлықтарыңыздыкі ұнайды  Скептик болуға үйретіп жүрмін өзімді. Әйтпесе, мен барлық нәрсені жүрегіме жақын қабылдаймын емес пе? Қазір, сол өмірге реалды көзқараспен қарауға бейімделіп жүрмін. Тым романтик болудың да қажеті жоқ екенін түсіндім…

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымның ешқайсысы оқымайды. Бірақ, жүрген жерімнің бәрінде барынша жарнамалап жүремін енді, керекті.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Сайттың дизайнын өзгертер едім. Керекинфоның өзінің жеке офисын ашып, көптеген қолданушыны жұмысқа алып, сайтты дамытар едім. Онлайн-режимде біраз жоба ұйымдастырар едім… Негізі, атқарылып жатқан жұмыстардың бәріне көңілім толады! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

212 пікір

madlen
Нәзік жанды Назираны ең бірінші рет Сигма келгенде көргем. Ситида улап-шулап отырсақ, бір қыз майысып келіп біздің жанымызға отырды. Өзін таныстыру деген жоқ, қызарып, ұялып… Мына қыз қуады екен деп ойладым басында. Сөйтсем, өзіміздің Назик-тазик екен ғой
patick
Назик-тазик
madlen
Өзім білем
estetika91
Түрін-ай өзінің Мадленді елестетіп отырмын осындай кейіппен "Өзім білем" деп отырғанын
madlen
Назик менде — тазик, ВКМ менде — веник!
Дедовщина форевер
estetika91
Жақсы болды жаңа ат таппай жүр едім
estetika91
Мадлен Дедовщина форевер деген кім?
madlen
Ойбу, сен де қатырасың. Сендерден үлкенмін деватырм ғой
estetika91
А, мен «дедовщина» деген бір қолданушы бар ма екен деп ойлап ол қайсысы еді деп отырсам
estetika91
Басе. Сіз бізден үлкен болғанмен, біздің қатарымызда көрінесіз
TERISKEY
ұстаңдар мені, ойбааайййй
estetika91
Қолыңыздан сүйеп тұрайын ба? Қорықпаңыз, құламайсыз!
estetika91
Эх, Мадлен ол блогшылардың біразымен алғаш танысқан кез еді ғой. Оның үстіне кешігіп, асығып барып білдіртпей барып отыра қалған түрім ғой енді  Әйтеуір жоғары жаққа қараймын өзіміздің КазГУдың қыздары отыр, басқаларын танымасам да үндемей барып отырдым… Сіздің бетіме таңырқай ұзақ қарағаныңыз есімде  Қатты қысылдым сол кезде, қазір ғой үйреніп Назик-тазик болып кеттік
madlen
Сұрақтар:
1. Жаңа жылдан не күтесің? Қайда қарсы аласың?
2. Гүлстан деген қандай журнал?
estetika91
Бұйыртса, 29-нан бастап келесі айдың 30-на дейін каникуль. Сабағымда каникуль болғанмен, жұмысымда отпуск жоқ болып тұр. сондықтан, үйге қайтпай, осында жұмыста боламын.
estetika91
Алматыдамын, ал сізді біліп алдым Астанада қарсы алмақсыз
estetika91
Гүлстан журналы республика көлемінде таралатын ғылыми-танымдық, көпшілік журналы. 2005 жылдан бері қарай шығып келе жатыр. Бастапқы кездері екі тілде жарық көрген, қазірде тек қазақ тілінде жазып жүрміз. Тиражы 4000 дана. Кейбір оқырмандар біздің журналды "Қазақстан әйелдерімен" шатастырып жатады. Бірақ, біздің журнал аталған басылымға еш қатысы жоқ. Бағыты да, айтар идеясы да басқа.
estetika91
Журналды қазір ай сайын бір рет шығарып отырмыз. Ал, алдағы жылдан бастап жылына 4 рет 48 беттік көлемде жарияланатын болады. Қазір, сол біраз рубрикалын өзгертіп жатырмыз...
Delhi
Бағыты да, айтар идеясы қандай?
satibaldi
Еркектер-оңбаған, әйел бір қолыме бесік, бір қолымен — әлемді тербетеді.
estetika91
Бағыты — ғылыми-танымдық. Елімізде кең етек ала қоймаған көгалдандыру саласын насихаттайды. Экологиялық проблемалар қозғалады. Жалпы, сол өсімдіктер әлемі жайлы жазамыз…
satibaldi
насихаттайды.
Дін реттеу Агенттігінен тіркеуден өткен жорнал ма, ламашарифсстің?
estetika91
Иә, насихаттайды. Өйткені, елімізде көгалдандыру саласы кең етек ала қоймаған…
KILYZAMAN
Журналдарыңның тораптағы парақшасына сілтеме бере кетсең жақсы болатын сияқты…
estetika91
Сілтемесі мынау: www.gulstan.kz
Бірақ, қазір белгілі бір себептерге байланысты уақытша жабылып тұр…
Aizhantabyn
Неге Эстетика?
Abilakim
иә, неге Этика емес?
estetika91
2 курста оқып жүргенде бағдарламада «Философия» болды. Сабақ барысында көптеген кітаптар оқитынбыз. Содан, сол бірінші семестрде «Эстетика» туралы жазылған біраз материалдар оқыдым. Сол материалдар қатты әсер еткендіктен болар, блогтың, никті «Эстетика» деп атағым келді
Zhan
Расында Назира дейтін қыздардың көбісі нәзік болып келеді. Мен білетіндері сызылып, майысып тұрады. Назира блогтағы жазбаларыңнан жаныңның сыршыл екенін аңғару қиын емес. Қай ақынның өлеңдері жаныңа жақын?
estetika91
Мен өзіме ұнаған барлық ақындардың өлеңін оқимын. Шыны керек, соңғы кездері Ақберен Елгезектің өлеңі ұнамай жүр. Жазғандары сұйылып кеткен сияқты…
estetika91
Жаным поэзияға жақын, кедй айта алмай тұрған ойымда өлеңдер жақсы жеткізетін сияқты болып тұрады...
estetika91
Компым ескіріпті, кейбір клавиштар тіпті басылмай қалатын болыпты. Клавиатурамды аяп отырмын((((
Zhan
Шыны керек, соңғы кездері Ақберен Елгезектің өлеңі ұнамай жүр.
ты-ты-тын (шпиондық музыка) Менде дәл осы ойда жүр едім, бірге екенбіз онда
Abilakim
дағдарыста жүрген болар… Мүмкін, беретінін беріп болды ма екен?
Zhan
Ақберен не только жақсы ақын, мықты ақын. Тек кейде сөз құрастырып, әдемі ұйқастар қуалап кететіні бар. Соны Назира да байқаған болса керек. Меніңше оған біраз шығармашылық үзіліс жасау керек сияқты. Бірақ, ақынға шабытыңды іркіп ұста, мына кезде жаз, өйт, бүйт деу ақылға сыймайды. Әрбір дарын я талант өзінің «маниявеличиясын» көрсетіп болдым-ау деген жерге дейін жазады және тоқтайды.
estetika91
Біз ақындарды өздерінің жазу деңгейімен қабылдаймыз. Бізге олардың сол деңгейде жазғандары ұнайды. Олардың дағдарысқа түскендерін қаламаймыз…
Marco
Жатақханада тұрғандарға рысбек!)))
Қандай мамандыққа оқып жатырсыз?
estetika91
Жастайымнан журналистикаға жақын болып өстім. Сол салада жұмыс істесем деп армандадым. Сөйтіп, оқуды бітірген соң жұмыстармен жүріп КазГуға келсем, журфактың емтихан қабылдау мерзімінен кешігіп қалыппын… Содан филологияға келіп тапсырдым. Сөйтіп, бірінші КазГуды, екінші ЕНУ-ды таңдадым. Алматыға түспей қалсам, Астанада оқырмын деп. Содан балым жетіп, филологияға түсіп кеттім грантқа. Қазір, шүкір 3 курспын. Өзім армандаған салада жұмыс істеп жүрмін.Журналистика — таза шығармашылықтың, ал, филология — ғылым саласы. Енді, болашақ мамандығым лингвист болғандықтан, келешекте осы журналистика мен лингвистиканы ұштастырып, жақсы бір маман болсам деймін. Кәсіби журналист болу арманым
Marco
Маладес!) Журналистикаға басқа саладан келгендер, әдетте мықты болып жатады. (жеке наблюдение). Өйткені олардың көбі, жүректің шын қалауымен келеді, басқаны байқап көрсе де, көңілі көншімей оралып жатады. Сондықтан, қатарымыз мықты әріптеспен толығады деп, осы бастан қуанып отырмын!
Баспасөз бе таңдауыңыз, ТВ-ға қалайсыз?
AKA
Ух ты, Назирааа, қуаныштымын!  Оқу мен жұмысты қатар алып жүрген мықты қызға сәттілік тілеймін! Менің сұрақтарым:
1. Бұрын айтысқа қатысқаның жайлы білемін, қазір осы өнерді жалғастырып жүрсің бе?
2. Жігіттердің бойындағы қандай қасиеттерді ұнатпайсың?
3. Өзге тілдердің қайсысын жетік меңгергенсің?
4. «Жауап жазу» функциясын жақсы меңгеріп алдың ба? дейінЧ…
estetika91
Рахмееееееееет, аппақ нұрдан жаралған періште қыз 
1) Бұрындары жиі қатысатын едім, қазір сабақ бар, жұмыс бар дегендей айтысқа мойын бұрып жүрген жоқпын, шыны керек! Негізі өзімді бір аұқынмын деп есептемеймін де. Мен тек жазғым келгенде жазамын болды…
2) Жігіттердің бойынан ең бірінші сабырлылықты, салмақтылықты көргім келеді. Содан кейін бойындағы өнерін, жауакершілігін. Ал, намыссыздық, жігерсіздік, тұрақсыздық, мақтаншақтық сияқты жаман қасиеттерді ұнатпаймын!
3) Өзге тілдің дейсің бе? Бірінші курста латын тілін оқығанбыз, қатты ұнайды. Бірақ, ол тіл- өлі тіл. Басқа шат тілдерден ағылшын тілін орташа
деңгейде білемін. Болашақта хинди тілін меңгергім келеді
estetika91
4) 4 сұрақтың жауабын өзіңе қалдырдым...
AKA
Жарайсың!  Спорт жағынан қалайсың, қандай спорт түрлері ұнайды? Қай елдерге саяхатқа шыққың келеді? Сессияны жақсы тапсыр, сәттілік!
estetika91
Спорттың белгілі бір түрімен айналысамын деп айта алмаймын.
Дамыған мемлекеттердің барлығында болғым келеді. Индия мен Голландияға баруды қатты армандаймын!
Рахмет! Саған да сәттілік тілеймін!
Abilakim
Қыздардың жетік білуге тиіс өнерлерінің бірі ас әзірлеу ғой.Дегенмен, өзің ең сәтті, дәмді етіп әзірлейтін асың?
estetika91
Ас әзірлеудің шебері деп айта алмаймын. Шамам келгенше, бар ниетіммен әдемі етіп пісіруге тырысамын! Енді, қай тамақты ең дәмді етіп дайындайтындығымды жанымдағылардан сұрау керек шығар деп ойлаймын
ushkin
О, Назко  Сәлеміңді алдым, мен де өзіңмен біргемінЕсімде, басында дым қызықпайды. Шәй басында блогтарды бір өзім сампылдап айтып отырам. )) Ешкім үндемейді. Кейін ғой, Назко блог ашқан соң, әңгіме қызды!  Шыны керек, бірге тұрсақ та, блогың арқылы сені басқа қырыңнан таныдым…
estetika91
Сізге рахмет Мика!  Талай қызықтар өтті ғой
monti
Алматы обл. де  вот жаңалық, басында сабақта танысқанда, қызылорда дегендей болып едін, мен сені к-орда деп кеппін , гулстанда стейм де , кеше бәсе, туитте, гул жайлы айтып отр едің гүлстанның бағын бір көру керек ед, ажь ауылдан елдер кеп көріп атад,
а так сұрақтар жоқ, Назко, өте әйбатсың алға қойған мақсаттарыңа жет, Айдаһар жылы, айдаһарша мықты болайық
жақс инфо, сен жайлы көп біліп қалдық, айтысқа қатсу, ууугиии
Abilakim
Ұлу жылы емес пе алдағы?
monti
ал онда ұлу жылы, ұлу сияқт, момын, асықпай аяндайтын болайық
Delhi
айдаһар мен ұлуды бір жылға қойған, тіптен келіспейді осылары, қай жері ұқсайды екен сонда?))
monti
тіптен келіспейді осылары, қай жері ұқсайды екен сонда
ұқсау мес, просса қытай күнтізбесі бойынша айдаһар делінген
Delhi
қытай күнтізбесінде екенін білемін ғой, біздігі күнтізбелерге неге олай шығарып қояды екен дим да.)) Год Дракоши деп толып тұрғой. Год Ұлуа десе де болады ғой
Adiletshu
Қазақстанда айдаһар жоқ болғаннан кейін қазақтар ұлу деп алған ғо
estetika91
? Сізге солай естілген болар әйтпесе, осы Алматы облысынанмын ғой) Негізі, руға, жерге, жүзге, жерге бөлінгенді еш ұнатпаймын… Мен үшін Қазақстанның әр түкпірі бірдей
estetika91
Ия, жүрген жерімнің бәрінен солай сұрап жүремін. Себебі, журналға қызықты ақпараттар беру керек.Оқырмандарға тартымды етіліп жазылған сұхбаттар қатты ұнайды емес пе? Редакцияға қоңырау шалатын оқырмандардың сөзінен соны байқаймын...
estetika91
Монти осы сіздің үнемі күліп жүретіндігіңіз ұнайды) сосын өзіңіз сияқты көңілді смайликтеріңіз
madlen
Әрбір жауабыңды жеке коммент етіп жазбасайш, барлығын бірге в одном
estetika91
Жақсы, ескерейін! 2 метр болып кетпей ме жазғандарым?..
madlen
За то эфирде қайта-қайта шыға бермейсің
Abilakim
ол кісінің эфирге қайта-қайта шығуы сіздің көңілге кірбің ұялатады ма?
monti
зоғи, просса, сұрағаным ғо, ато ойда жоқ ру андай/мұндай
estetika91
Артық кетсем, кешірім!
salta
салем, танысқаныма қуаныштымын… тек сәттілік тілеймін.
estetika91
Мен де қуаныштымын
Delhi
Назирка жақыннан танысқаныма қуаныштымын!
Жігітің барма?
Erke
келін түсіргің келіп жур ау дим я Делпия ханым!
Delhi
Үйдегі жүгірмектен шаршап болдық.  десем. а. Қалжыңғой, жәй сұрап жатқаным.
Erke
Кай жүгірмек ол? Кайын інің ба алде інің бе?
Delhi
сен сияқты НӘН ҚАРА ДӘУ інім бар))) Эстетика жақсы қыз))))
Erke
сенде жақсы қыз сияқтысыңгоооооооооо!
estetika91
Таныс болғаныма мен де қуаныштымын!
Ақ боз атты ханзадамды іздеп жүрген арулардың бірімін...
Delhi
біздің ауылдағы үйде ақ боз ат бар.
estetika91
Енжеше, жақсылап жарнамалаңыз)))
Aikona
 күшті, нәзік қыз. Маған ұнайды. Сұрағым жоқ
estetika91
Рахмет, Айкона Сіз бен біздің бір-бірімізді жақсы түсінуіміз заңды құбылыс шығар) Айкона дегенде жаңбыр сіркіреп емес, тамшылап қана жауып тұрған кезде қолына қолшатыр ұстап мұңайып кетіп бара жатқан сүп-сүйкімді қыз елестейді…  Посттарыңыз қатты ұнайды. Кейде сіздің жазғандарыңыздан өзімді көремін...
satibaldi
Ааа, иә, бұгісіні таним. Не дейін? Не дейін дейм нақ?
boztorgai
ұйғыр ауданы, сүмбе ауылы

шалкөденің баурайы, сұңқар, дардамты ауылдары…
сол күндердің елесі бүгінгідей көз алдымда
estetika91
Ия. Сұңқар, Дардамты деген ауылдармен іргелес екені рас. Шамыс сол өңірлердің біреуінен боларсыз…
estetika91
(Шамыс) шамасы деп оқуыңызды өтінемін!
nurbergen_makym
Филология секілді іргелі ғылымды меңгере жүріп, журналистика секілді құрыған кәсіпке келуіңізге не себеп болды?
estetika91
Журналистика да, филология да ұнайды. Дегенмен, жаным журналистикаға қарай жақын Бүйрегім бұрылып тұрады осы салаға қарай. Жоғарыда айтылғандай, болашақты осы екі саланы ұштастырып, бәскеге қабілетті мықты бір маман иесі болсам деймін. 
Енді сізге қарсы сұрақ, журналистиканы құрыған кәсіп деуіңізге не себеп болды екен?..
patick
Жауап бер, ей құрғыр Нұрберген Мақым
estetika91
Ия. Жауап күтемін, әріптес…
Gulistan
Назира, сәлем! Танысқаныма қуаныштымын!
Гүлстан журналына қатысыңды біліп, тіптен қуанып кеттім. Бір сұрағым бар: неге журналдың электронды нұсқасы жоқ? Журналдың шығармашылық тобы кімдермен байланыс жасайды?
estetika91
Мен де қуаныштымын! Сіздің жазбаларыңзыд оқып тұрамын
Біз тек қана журнал шығармаймыз, сонымен қатар өсімдіктер әлеміне байланысты түрлі кітапшалар мен әдістемелік құралдар шығарамыз.
Сайтымыз бар.Сонда журналдың қысқаша салынған. Бірақ, қазір белгілі бір себептерге байланысты сайтымыз жабылып тұр… мwww.gulstan.kz
Журналдың шығармашылық тобы көптеген ірі компониялар мен мемлекеттік емес ұйымдармен, басқа да газет-журналдармен шығармашылық байланыста. Иранның бақтарындай «Гүлстан» атты гүлбағымыз бар. Онда 1000-нан астам өсімдік түрлері мен 15 түрлі композиция бар. Сондай-ақ, «Гүлстан» атты клубымыз бар Сізді сол бағымызға экускурсияға шақырамыз!
Kipshakkyzy
Жазбаларыңыз ұнайды. Сұрағым жоқ. Саған сәттілік, Назира!
estetika91
Таныс болғаныма қуаныштымын Үлкен рахмет Kipshakkyzy
Erkekyz
Назира, сәлем. Танысқаныма қуаныштымын!
Гүл өсіруге өзің жалпы қызыңасың ба?
Отбасың туралы кішкене жазсаң.
Erkekyz
қызығасың ба? деп оқышы.
estetika91
Шыны керек, бұрын гүлге басқаша көзқараста қарайтын едім. Гүл сыйлағанды да, гүлді сыйға тартқанды да ұнатпайтынмын. Ал, осы гүл саласына жұмысқа келгелі бері барлығы да 180 градусқа өзгеріп кетті десем болады Гүлдер ол — сұлулықтың, нәзіктің символы. Олар бар ғой біз сияқты тіршілік иесі. Олардың өмірі адамның өмірі сияқты
estetika91
Отбасым туралы айтар болсам, үйдің үлкенімін. Менен кейін бір сіңлім және сүп-сүйкімді бір сіңлім бар. Мен туралы тағы не білгіңіз келеді?
Esmeralda
Менен кейін бір сіңлім және сүп-сүйкімді бір сіңлім бар
екі сіңлім бар дегеннен гөрі күшті естілед екен  
estetika91
Ой, енді байқап отырмын Бір інім және сүп-сүйкімді бір сіңлім бар деп оқуыңызды өтінемін
AKA
Бәсе, бір сіңліңді жәй айтып, екіншісін сүйкімді дегеніңе сәл ойланып қалып едім.
estetika91
Әрине. Бауырларымды бөліп жармайтын ғой, кішкентай інім дейін дейін десем, інім 10-сыныпта оқиды...
satibaldi
Уа Нәзира, қарап отырғанша, ертедегілердің салтымен сынай отырайын.
Мынау Шора би о дүниеге аттанарда хазіреті Ғұсманды шақырып алып сұрапты:
— Уа Ғұсман, бәрімізден құдайға ең жақыны сен сияқтысың, әйтеуір өмір бойы я біреуді ғайбаттағаныңды, я жаман сөз айтқаныңды, я бекер бөскеніңді, жалпы сөйлегеніңді көрмеппін. Ең болмаса бақұлдасарда ләм демейсің бе? — депті.
Сонда мылқау Ғұсман шарасыздықтан иықтарын селкілдетіп жылай беріпті дейді. Енді Нәзира, Нәзиражан, Нәзира ана не, өзің айтшы: Шора бидей арманда, Ғұсмандай шарасыздықта дүниеден өтпеу үшін не қылмақ керек?
a63a1
 өртей бермеш, күл шығарудан жалықтым
salta
хазірет Ғұсман қателеспесем мылқау болмаған, үндемей,ғайбат сөйлемегені оның тахуалығы… жас балаларға жалған ақпарат бермей отырсаңызшы… негізі түсіндім айтпақ ойыңызды. кетш әй-мен шектелеміз бе, әлде бұтаққа бара берейін бе?
satvaldo
ия, мылқау болмаған. бірақ, артық сөз айтып қоймау үшін аузына тас салып жүргені де болған. Ұяты күшті болғаны соншалық Рахман періштелері, тіпті Ібілістің өзі одан ұялатын болған-мыс…
со заманның ең жомарт адамдарынан бірі. бір мәрте бергенде қазіргі заманның теңгерімімен айтсақ, (көмек сұралғанда) 50 шақты эс-класс мерин бере алатын меценат болған екен, жарықтық…
VKM
Назира, күшті танысу! Сұрақ:
Алматыда қаласың ба не туған жерге кетесң бе?
satibaldi
Назира, күшті танысу!
VKM
Ағатай, бәрі норм ба?
estetika91
Бұйыртса, болашақта осы Алматы қаласында немесе елордасы Астанада жұмыс істегім келеді Кейде, Талдықорғанға кетесем бе деймін. Өйткені, Талдықорған Алматы сияқты шулы емес, әрі тап-таза қала. Кім білсін алдағы өмірімізде не жазылып тұрғанын?..
Adiletshu
Шуда тіршілік етуге қалай қарайсыз
estetika91
Шуда, енді болашақта тағдырымыз қай жаққа жазылып тұрғанын кім білсін?.. Қазақстанның кез келген бұрышында тұрсам да арманым жоқ!
Adiletshu
Қазақтын салты «алып қашуға» қалай қарайсыз?
estetika91
Қазақтың салты дегеніңізбен толықтай келісе алмаймын… Негізі, ата-анамның, туыстарымның ризалығымен қолдан ұзатылғым келеді. Өз үйімнен өзім қашып кеткім келмейді…
AKY
Риза болғаным, өткенде Алматыға барғанда қоймай звондап, жағдайымды сұрап, қонаққа шақырғаны. Өте ақкөңіл әрі қонақжай қыз екен
19852407
Сатыбалдының қос бұтын көтере қолдайм

Н А З И Р А өте бауырмал сіңлі!!!
Aya
Сәлем, Нәзира.Мен де сені таимын, біздің журфактың төбесіндесіңдер ғой филфак)))
Есімің қандай мағына береді?
nurbergen_makym
Казгуградты мекен ететін қосаяқтылар осы күні «Истфак, Филфак — бір туған, Журфак итті кім туған» деп айта ма? Әлде, Жақып кеткесін жақсы болдыңдар ма?
Aya
Бағзыда Журналистика деген кафедра Филфактың қолтығының асытында болып, кейін келе жеке отауға бөлініп шыққан екен. «Журфак, филфак бір туған, истфакты сонда кім туған?» деген ғақылия содан қалса керек!
meirzhan
Бұрында Қазақстанның көптеген оқу орындарында Тарих-филология деген факультеттер болған. Сонда журналистика деген мамандық осының ішіне кірген. Истфак ешкімге ешқашан кіріптар болмаған. Жеке дара факультет. Филологияның да ешкімнің де "қолтығының астында" болмады
Aya
))Истфакты ешкім бодан болды деп жатқан жоқ қо. Бар болғаны Нұрберген ағаға ана ғақылияның туу себебін айттым))
estetika91
Негізі, Назира деген есімнің берер мағынасын араб тілінен аударылғанда тап-таза және нәзік деген ұғымды білдіреді деп оқыған едім бір жерден қазір есіме түспей тұр. Кітаптың аты «Есіміңіз кім?» деп аталады ғой деймін, шыны керек нақты есімде жоқ қалай аталатыны…
Содан кейін, егер әдеби туындыларға қызықсаңыз, білесіз орта ғасырларда нәзирагөйлік дәстүр деген болған поэзияда. ол, енді ұйқасқа байланысты айтылған дүние…
Esmeralda
estetika деген ник сізге жарасады) пікір жазу мәдениеттілігіңіз ұнайды (кейде көп сөйлеп кетсеңіз де)  
Esmeralda
кешіріңіз, смайликті дұрыс қоймаппын
estetika91
Ештеңке етпейді, бәрі дұрыс Esmeralda!
estetika91
Сізге бір сұрақ: Нигіңіз неліктен Esmeralda?
Esmeralda
жекеге жаздым)
estetika91
Жекеден оқыдым. Рахмет!
patick
Жекеде не жазылыпты?
estetika91
Қалай ойлайсыз деп еврейлерше, қарсы сұрақ қойсам)))  Неліктен, Esmeralda деген никті таңдағандығы туралы жазылған. Енді, дәл сол хатты көшіріп қоя салуға болады, бірақ, Esmeralda-ның өзі барлығына жазбаған соң, сала алмадым… Ренжімеңіз, Патик!
estetika91
Рахмет Esmeralda! Кейде көп сөйлеп кететініміз рас... Оған айып етпеңіздер!
meirzhan
Истфак

пікір жазу мәдениеттілігіңіз ұнайды
иә, әр комментке мәдениеттілікпен жауап береді.
estetika91
Ұялып отырған смайлик
araika
Ренжімеші, ұмытшақпын. Енді ғана есіме түсіп жатыр gmail мен email-дер.

Сұрағым: Поэзияға талғамың қаншалықты? Яғни барлық ақындарды оқи бересің бе, жоқ әлде талдау бола ма?
Айтыс ақындарынан кімдер ұнайды? Және осыдан біраз жыл бұрын "Қазақстан" арнасынан көрсетілетін «Аламан айтыс»-та да біраз мықтылар бой көрсетті ғой. Егер хабарың болса, солардан да қоса айтсаң… Мысалы, маған Еркін Садықұлы (жерлесім) ұнайтын, соңғы кезде ТВ-да жүр
estetika91
Поэзияға жаным егіз. Қолым қалт етсе, ақындардың әр түрлі тақырыпта жазылған өлеңдерін оқуға тырысамын. Поэзиядан энергия аламын!  Әрине, кейде болады жеңіл ұйқасқа құрылған, автордың айтпақ ойы тереңде жататын өлеңдер, сондай өлеңдерді де оқимын. Бастысы, өлеңнің жеткізілмек болған дүниесі тереңде жатса болғаны… Шынымды айтсам, маған бір оқығанда түсінбейтін өлеңдер қатты ұнайды. Оқырманын ойландыра алатын өлең -нағыз өлең! 
«Аламан айтысты» одан бұрынғы «Жүрсіннің жүйріктерін» көретінмін эфирден. Балғынбек, Сара, Дәулеткерей, Қарлығаш, Айнұр, Қуаныш, Оразалы, Біржан, Еркін, Нұржан, Ринат сияқты орақ тілді, от ауызды ақындардың айтысын жоғары деңгейде бағалаймын!
Aya
уффф...)))Осы сұрақ маған қойылса ғой))«Аламан» айтысқа қатысқандардан ең ұнайтыны маған Семейлік жас айтыскер Нұржан Өмірбаев. Финалда Еркін Садықұлымен шығыр жеңіліп қалды. Бірақ ол ресми түрде ғана. Өзім үшін маған жеңімпаз Нұржан болды. Нағыз от ауызды, орақ тілді айтыскер деп баға беремін.
meirzhan
Ол билікті өте өткір сынады. Мүмкін сондықтан жеңілген шығар.
Aya
Ия, мүмкін сол жағы ұнамаған болар. Әйтпесе, отырған қазылар алқасының үшеуі де оған Еркіннен қарағанда жоғары баға берген еді…
araika
Дауысты халық береді, әділ сарапшылар бағамдайды. Билік мұнда билік етпейді.
meirzhan
Телеарна мемлекеттікі. Дауыс беру туралы хабар беретін де солар.
araika
Сонда екеуміз бір-бірімізге қарама-қайшы болғалы тұрмыз ба?
Нұржанның жанкүйері де болдым, бірақ Еркін ұнайды.
meirzhan
Еркін Садықұлының ұнағанының жалғыз аргументі — жерлестік?  жерлестікке байланысты эмоцияны алып тастаса ше?
araika
Біле білсең, жерлестік ұғымы маған жат болатын. Ру-руға, жүзге бөліну және де.
Бірақ кім біледі, өзің атаған аргументтен де өрбіген шығар. Себебі ол кезде жанұяммен соны қолдадық
estetika91
Руға, жүзге, жерге бөлінбейтіндігіңізді қолдаймын, Арайка!
Aya
Есесіне мен Еркінді жек көретінмін, шынымды айтайын, сіз ренжімеңіз.) Нұржан қалайша жеңіледі, неткен әділетсіздік деп со кезде көзімнің жасын бір сығып алғаным бар)
meirzhan
Сен сияқты ойлағандар көп болған.
araika
Ал мен қатты қуандым, тіпті қателеспесем, басқа емес, жеңімпазды Нұртілеу Иманғалиұлының хабарлағанының өзіне риза болғанмын
Ал Нұржан туралы ойым өзгерген. Адамды жақын таныған сайын, одан алшақтай түсетін сәттер болады.
Aya
Иә, ол турасында да бүгіп қалмай бөлісе отырыңыз Арайка?
araika
Ол менің жеке пікірім саналғандықтан, ашып айтудың қажеті шамалы.
Aya
Ендеше, ұщығын жылтитып қоюдың мүлдем қажеттілігі шамалы еді…
Aya
Сосын, біз жақын таныған жайлы жеке өмірін айтып отырған жоқпыз, «Аламан» айтыстағы тартысты айтып жатырмыз.
araika
Ендеше, ұщығын жылтитып қоюдың мүлдем қажеттілігі шамалы еді
Сөздің реті келгенде, айтып өткен айып емес шығар?
біз жақын таныған жайлы жеке өмірін айтып отырған жоқпыз
Әрине, шығармашылығы. Бәлкім менің талғамымдағы айтыскер емес болып қалған да болар.
Aya
ол өсек болып табылады, жаңағы сіздің айтқаныңызға сүйенсек:
Ал Нұржан туралы ойым өзгерген. Адамды жақын таныған сайын, одан алшақтай түсетін сәттер болады. 
araika
Тағы да айтамын, жеке пікірім. Өсек пен өзіндік пікірдің арасының алшақтығы бар шығар, а?
Адамды жақын таныған сайын, одан алшақтай түсетін сәттер болады.
Мысалға айтылған сөз екенін де ескеру шарт.
Aya
«Ал Нұржан туралы ойым өзгерген. » Бұл мысал ма? Мұны қай типке жатқызасыз?
araika
Жеткізілу манерамда да өзімнің атымнан екені байқалып тұр ғой. Рас, кезінде оған бағалау шкаласындағы ең жоғарғы балды ұсынған шығармын, ал қазір олай емес (осылай ойлауға болмас па?)

Доғарайықшы осымен, болмаса жекеге жазарсың.
estetika91
«Аламан» айтыс болашақта өз жалғасын тапса, жөн болар еді. Қазір айтыс көргендей болып жүрген жоқпыз…
TERISKEY
«Аламанның» да жетістіргені шамалы еді, Нәзира
estetika91
Енді қайсысы «Жүрсіннің жүйректерінің» болғаны жөн бе?..
TERISKEY
ощым соңғы сәт айтыс жетісіп жүрген жоқ!
estetika91
Соңғы кездері айтыс деңгейінің түсіп кеткені рас.Өкінішті-ақ! Хабарда болып жатқан «Жастар жырлайды» деген айтыссымақ мүлде ұнамады, шыны керек…
Aya
Жәрәйд, дым да қылмайды. Әркімнің өз пікірі бар… Дегенмен кейбіреулер Нұржан Өмірбаев жайлы жаман сыбыс таратуға құмар. Ақиқатында еш олай емес. Мендік қызбалық жай ғана айтыскер Нұржанға деген ерекше ықыластан туындаған. Артық айтсам айыпқа бұйырмаңыз…
TOTY
Ал, Назка, сабағыңа да, шығармашылық жұмыстарыңа да сәттіліктер тілеймін! Керектен күн сайын өзіңді көріп, қуана берейік!
estetika91
Үлкен рахмет Тоты әпке!  Сізге де шығармашылық табыс тілеймін! Көптен көрінбейсіз...
dark_nazgul
Өз атыңды НәзирА дейсің бе, әлде НазИра дейсің бе?
satibaldi
Кейде: «Осы мәдениеттілік пен сыпайылықтан опа таппадым нақ!» деп ашуланып кетіп, барлығын сыпыртып боқтап, шеріңізді бір тарқатып алғыңыз келетін кездер болмай ма?
Adiletshu
Лібә, менде болады нақ
satibaldi
Сен қойыма да қызық емессің, сұрақ — Эстетика ханумға.
estetika91
Біріншіден, мен өзімді мәдениеттімін деп есепетемеймін…
satibaldi
Үй ішінен үй тігіп, Қазгуград Графтығынан сұлтанат болып бөлініп-жарылып жүрген ақындар тобына көзқарасыңыз? Бүлікшілердің серкесі Қасым Олжасты соңғы рет қашан көрдіңіз?
estetika91
Олжас Қасымды корпуста жиі көремін   Шыны керек, Олжастың бір ғана өлеңін оқыған едім, сондықтан оның шығармашылығын талдап, оң немесе теріс баға бере алмаймын, ренжімеңіз!..
satibaldi
KILYZAMAN -ды қалай елестетесіз? Қаба сақал, қапсағай денелі жігіт ағасын ба, әлде елді ішінен кеміріп, қит еткен айтыла бермеуі тиіс әңгімені дереу Батыстағы жарылқаушыларына жіберіп отыратын әйел апасын ба?
estetika91
Қилызаман дегенде менде "әмбебап адам" деген ассоциация қалыптасқан. Кез келген тақырыпқа көсілетін кететін, критик, айтқан сөздерінен жынысы нақты көрінбейтін және қай заманда өмір сүріп отырғаны білінбейтін адам елестейді…  Бұл менің өзіндік пікірім. Енді қарсы сұрақ, ал, Қилызаман сізге қандай бейнеде елестейді?
satibaldi
Суретіңізге қарасам, сұлулығыңыздан айна ұялатын жан екенсіз. Өз кезегіңізде, тоныңыздың жағасы тігілген тышқанның тағдыры үшін адамзат атынан ұялып кететін кездеріңіз болмай ма?
Esmeralda
Суретіңізге қарасам, сұлулығыңыздан айна ұялатын жан екенсіз
estetika91
Айтпақ ойыңызды аңғардым… Ұялып та отырмын Амал не, табиғаттың қорғаушысымыз. Аңшылықты қолдамаймыз. Десек те, осы киімге қатысты…
estetika91
Дегенмен, байқамайтын нәрсеңіз жоқ…  Сіз сияқты жандар миллион да бір шығар…
Gastarbaiter
Дегенмен, байқамайтын нәрсеңіз жоқ…
Сұлулықты меңзеп отырсыз ба, әлде құндыз жағаны ма?
estetika91
Әрине, құндыз жағаны айтып тұрмын  Асып-тасып бара жатқан сұлулық жоқ, енді…
Gastarbaiter
Бұл жерде сіз кішіпейілдік танытып тұрған сияқтысыз.
satibaldi
Эстетика ханум, Жаңа жылды қалай өткіздіңіз, жалпы Сіз үшін Жаңа жыл өтті ме? (Бәлкім, Сізге әлі 1389 жыл шығар?).
estetika91
Қалай ойлайсыз деп еврейлерше қарсы сұрақ қойсам)
satibaldi
Эстетика ханум, негеҰ Сіз МенңҒі, доС?
estetika91
Менің досым сіз?))
madlen
Осы эстафетаны жалғастырайықшыыыыыы…
aikarakoz
ия, маған ұнап жүр ше
asaubota
жаңа сұрақтармен бастаңдар өздерің
Adiletshu
Иә, жалғасытырайық. Мен Мейіржан, Гүлжанат жайлы білгім келеді
19852407
 Гүлжанат мульт-сурет салуды қою керек!
Тақтаға шық, сабақ айт!
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.