Таныс болыңыздар: Marco

  • Автор
Marco — Маралбек Сағынғанов. 17.03.1983ж. Журналист. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Осындағы көп жұрт секілді, баяғы «Мәссаған», «Солай де» арқылы келдім. Дегенмен, соңғы бір жылдың төңірегінде, қол үзіп қалып ем, Астанаға көшкенім жақсы болды, қазір күніге бір уақ, столдың астында кісінеп жатам.))) Бірақ, бұрынғы сайттардың тұрақты оқырманы болсам да, тіркелгенім тек осы «керек» болды. Шынымды айтсам, мұнда тіркелу үшін «Кешіріңіздер мен журналист едім» деп, анонимді алкоголиктер сияқты мүләйімсу керек шығар деп ойладым.)))

— Күніне неше рет кіресің?
— Неше рет кіресің деген сұрақ ұнамай тұр. ))) Бұл да жұмыс сияқты. Тоғызда қосылады, алтыда сөнеді.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Ұнамайтын тақырыптар жоқ. Жаңалықтар тізбесінен кейін, керекті бір шолып жеңілдеп қалам (бір жерден кетіп емес), әрдайым.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Гастарбайтер мен Сатыбалды кумирлерім.))) Әрине оригинально емес, бірақ шыны сол. Қилызаманды оқуға болады. (Мынау әлдеқайда оригиналды болды-ау деймін) ))). Бірде, Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін, «Өмір неге қатігез» деп сұрақ қоятын құрбы қызға оқытқам… общым… сол бақытты болып кетті қазір.))) Сосын, көршім ұнайды.))))

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Админ маған қарызсың. Жұмыс істеген редакцияларымда, осы сайттың тұрақты оқырмандарын тәрбиелеп шығарып отырам.))) Және олар, ОЕҚЖ қатарынан тезірек шығып кетуге тырысады.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Кейде, комменттерде, «тпуо очепаткалар» кетіп қалады. Соны түзететін функция болса деп ойлаймын. Бірақ, тағы проблема, қайта өңделген пікір, бастапқы пішінін жоғалтып алады-ау. Сонда, бұл да болса, өміріміздің өлшеп-пішуден, ойыңды тура айта алмай, мың ойланып, мың толғанудан тұратын білдірмей ме? Сонда… Ладно, ештеңе өзгертпей-ақ қойшы.)))

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

239 пікір

asaubota
Сатыбалдының жиі айтатын жерлерінің бірі Ырғыздан екенсің ғой. қош келдің, мен Ойылданмын. атым Аршат. мен де алкоголикпін.
Marco
Мен сендердің ОЕКЖ-де берген анықтамаларыңа аз да болса сай болу үшін ішіп жүрмін.
Abilakim
ВКМ-нен мясорубка сұрауға қашан барасың?
Marco
Мясорубка сұрамаймын.))) Фарш сатып алып, піскен соң, қонаққа шақырам, и то телефонмен, әйтпесе пәтеріне жеткенше ойланып кетіп жүрермін)))
Aldeken
Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін, «Өмір неге қатігез» деп сұрақ қоятын құрбы қызға оқытқам… общым… сол бақытты болып кетті қазір.)))
Гастаға жаңа амплуа ұсыну керек…
Zhan
Өткенде «Аршат» деген терапевт мырза «Сенде ХН елесі бар, жедел түрде Доктор Гастаға қарал» деген жолдама жазып беріп еді. Марко айтпақшы,
Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін, «Өмір неге қатігез» деп сұрақ қоятын құрбы қызға оқытқам… общым… сол бақытты болып кетті қазір.)))
соны оқысам менде бақытты боп кететін шығармын я.
asaubota
негізгі мамандығым терапевт емес, женский психологпын

Гастаның пікірін қолдаймын әрине. Сол бақыт деген. нанбасаң Алданнан сұра.
asaubota
Алдан да мен сияқты кеңесші, тәжірибе бөлісуші деп ойлап қалма
Marco
енді оқып отырған жоқсың ба?
Aizhantabyn
Хош келдіңіз))) Неге Марко? Типо Марко Поло?
Marco
Жоға, бір уақыттарда Англияда жарты жылдай тұрғам, сол кезде шетелдіктердің Маралбек дегенге тілі келмей, Марко деуші еді. Содан өзім де үйреніп кеттім.
monti
Англияда жарты жылдай тұрғам
Онда журналист оқуын оқыдың?
Marco
Жоқ, оқығам жоқ! Жүрдім, қаңғып…
monti
осы сайттағы батырға ұқсайд кен
Aizhantabyn
Қыздааар, көздеріңді қыса бермеңдерші, үркітесіздер ғой. Нервный тикті қыздар өңшең деп қалар)))))
Marco
Мен сіздерді білмейді деп ойламаңыздар. Тіркелгенім кеше болғанмен, сырттарыңыздан жүріп, досье жасап тастағанмын))))
Marco
Басыңа көрінсін дейін бе?
balzaminka
журналисттер көбейіп жатыр  

Қош көрдік!

Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін

осыны желеу етіп алғанбысыз?
Marco
Желеу ме жалау ма? )))
balzaminka
тіптен жалаулатып алдым деңіз, ммм
Marco
қойыңыз енді))) желеу де, жалау да қылған түгіміз жоқ. несібемді тәубе етіп өмір сүріп жүрміз де…
MickThatsMyNick
Жергілікті арналардан танимыз.)
Marco
реалда таныс емеспіз бе?
MickThatsMyNick
жоғә тек, сыртыңыздан танимын, қала көшелерінде, интервью т.с.с. жерлерде, мемлекеттік мекемелердің алдарынан, акимат деген сияқты жерлерден көрмесек…
Marco
түсінікті, онда танысқаныма қуаныштымын. Шынымен, қазір біреудің Керекті оқитынын білсем, кәдімгідей іштарта қарайтын болыппын)))
asaubota
РикаТВ Культура каналы емес қой, көрермендерін жеке-жеке аттарымен танитын
Marco
 КВН тілімен айтқанда өтті мынау))))
asaubota


1:11-ден бастап қара бас жағын қарауға ерінсең. Большая разницаның приколы ғой, бәрін таниды деген.
Marco
онда, КВН-ға қоса алмайды екенбіз ғой))))
Zilola
Қош келдің! Келген қадамыңа гүл бітсін!
Малика менің бөлем, демек күйеу бала болдың ғо (солай болып қалса вдруг)
salta
осы жігіттер үйдегі келінді тығып отыратындары қалай а? әлде, керекке кірер алдында «келіндерден» іргелерін аулақ тастап, өзі жоқтың көзі жоқ болып кетеді ме а?..
Zilola
мәәә, кетЧ! Женатик
VKM
Арманға беріле бастағанда… хехе ))))
Танысқаныма қуаныштымын, көрші.А то кім, неге білмеймін деген сұрақтар қаптап кетіп еді)))
balzaminka
утка болуы мүмкін, өкінбей тұра тұр
Marco
Мен де))) Енді бір жиналып, бауырсақ пен ет жейміз бе?)))
Marco
Салтаның кім екенін айтып беретін кез жақындады-ау деймін)))
balzaminka
жақындамады, келді. Сонымен, ол кім?
Marco
ол Алдакеннің екінші баласынынң анасы)))
balzaminka
Алдекенің үлкені өзінікі емес десек, онда сол үйдегі келін болды ғо
Aldeken
Аса қадірменді Бальзам ханым, біресе көп балалы, біресе баласы жоқ етіп көрсетуге тырысуыңызды меңгере алмай отырмын. ренжімеңізші… Соғысқа зауқым соқпай отырғаны…
balzaminka
соғыс іздеп жүретін әдетіңіз жаман екен

Өзіңіз емес пе үлкен ұлды ағама бергім келген деген

Менің де Сізбен сөйлескім келмей қалды ((
Zilola
құда бала, құдаша бір ашуыңызды маған беріңіз.
О несі ей, басталып келе жатқан тойдың шырқын бұзып ))
Бәрі жақсы болса әлі тойда носки тесілгенше билейміз!
asaubota
Гүлшат, бұл біздің әзіліміз ғой. кейін сіздерде де солай болады. баламызды шығарып алғандарды, яғни кіндік шешелерін мамасы дейміз. сосын ғой сөйдеп жүргеніміз. оны өткенде де жаздық, көрмей қалған шығарсыңдар.
Marco
ойбу, менің таныстыру алаңымды майданға айналдыратындай не болды сендерге! Бір біріңнің қолдарыңды алып, ренжіген көңілді алдандырып, жаралы жерге бальзам жағып қойыңдар.
Aldeken
Бальзаминка ханым, артық кетсем кешірім етіңіз. тойдың шырқын бұзбайық…
Zilola
не деген ребус, не деген шарада, ужссс «мен бір сканворд адаммын оны да ойла» дегендей болды ау )))
Marco
ондай қайда, просто, сап-сары прозрачный жігітпін)))
Aizhantabyn
сап сары, прозрачный деген бір түрлі ОАМға келеді екен)))))))))))))))
Marco
түсіне алмай отырм)
salta
ау, Марал, атымды атап, түсімді түстеп қойды деп ашуланғаннан саумысың? менің де беташарым болар бір күні… әйтпесе, жаман ниетім жоқ қой...
Marco
Ашулансам айтып салар ем ғой!))) Қайта саған ырза болып отырмын!)))
salta
ай, жаным, сары бастан сол… білуімше Ақтөбенің адамдары кең пейілді ғой, Алдекеңнің өзі неге тұрады…
Marco
Сол Алдекеңнің кең пейілділігі ғой, көп нәрсеге көз жұма қарауға мәжбүрлеп тұрған. )))
salta
Алдекең болмаса менің күнім қараң болады ау шамасы а, Марал? екі тістеп, бір жұтқанға жарар оңай олжа еместігімді де біліп, Алдекең деп жаба салмааааа… негізі қуаныштымын Астанаға келгеніңе, жолың ашық болсын әрдайым… көбеюіңе тілектеспін
Marco
Өзімнің тірлігімді біреуге артқан, абырой әпермесін мен де жақсы түсінем. Және қанша тырыссам да, сенің олжа болмайтыныңды да түсінерлік жайым бар.)))) Жай, ішің біліп отырған көп түйткіл, бұл жерде әңгіме болуға лайық емес. Бір кездескенде айтармыз)))
salta
ок, келістік!  Құдай жар болсын әрдайым саған!
Zhan
Алдекең не только кең пейіл, дархан дала деп мақтамасам жарылып кететін сияқтымын.
Marco
Фром Инфинити ту Вокзал — деген пост жазсай)))
Marco
қап мына жерде уішіватқан смайл жоқ екен.)))
Zhan
У ішпей тұра тұр.
Фром Инфинити ту Вокзал
-ды жазайын. Сосын көресің
Marco
Алдекең, уішівөл!
Aldeken
Фром Инфинити ту Вокзал
ды оқығанда уды білмим, бірақ, күйіктен ішіп кететініңе сенімдімін.
Marco
Бәліш қалай екен?))) Коламен запивон қылмадыңдар ма?)))
Zhan
Сол бәліш болмағанда не істер едім? Коланы тек кинотеатрға барған кезде ғана ішпесем, а так
Marco
а так… Алдекең бермейд
Aldeken
Өзің ойлап қара енді, сонау инфинитиден бастап, вокзалға дейін келе жатсың бүкіл қаланы айналып, қасыңда Жан отыр, сызылып, бәліштің пакетін шиыршықтатып. қол терлеп, тамақ кеуіп, тізе дірілдеп, опшым коланы Қазмұнайгазға жеткенде бітіріп қойыппын
Marco
айттым нақ, үйге кіріңдер деп
Aldeken
өшшшш, жайлаңдар, еу, мен сыныватырм мында…
Marco
анау смайлигіңіз ұнап тұр, негізі)))
Zilola
тым асығыс пікір білдіріппін
Marco
кешірім өтінем)))
salta
естуімше жақын қожалар үйленсе, балаларының қасы, кірпігі, шашы сап-сары болып туады екен. солардың бірі Манап Көкеніп десіп жатады. сіз де соған ұқсайды екенсіз, қожасыз ба? әлде қазақтың нағыз сары домалақ, апасының етегіне орала өскен сары бауырсағысыз ба? әзіл ғой, Маралбек))) қуаныштымын, көрмесем де арасында біздің 1 қабаттан дауысыңды естіп қалатын кездерім болатын еді, қара көрсетпей кеттіңдер ғой…
Marco
Трактка барып тұратын едік, сіздің бастықтар тиым салып қойды ғой. А так, «Мыңбаланың» премьерасында жолығатын сияқтымыз.
manshukn
Маралбек Манап Көкеновтің қасында норма ғой, ол кісі ваще сап-сары
Marco
Сонда, сарылық норма емес пе? )))
TERISKEY
Таныс болғанымызға қуаныштымын, Мәке! Шығармашылық табыс тілеймін
Marco
Салем! Рахмет!!! ВКМ үшін ренжіме, өмірде ондайлар болып тұрады, десем а? )))
asaubota
тікелей эфирде сенде косяктар болып көрді ма?
Marco
иа, талай болған. ))) бір күні студияда жарық өшіп қалды. сөйтсем, студияның жарығы өшкенмен, камера, монитордың барлығы басқа желіге қосылған екен. Оны түсінгенше, су ішіп, бас шайқап, бір-екі нецензурный сөздер жіберіп үлгердім.)))
asaubota
негізі Ақтөбеде журналистика мықты дамыған ғой, әсіресе сендердің поколениелерің мықты. қазіргі жағдай қалай? ақтөбелік журналистердің көбісі қазір кетіп қалған Ақтөбеден. сендерден кейінгілер қалай, үміт бар ма?
Marco
Түһ, бүгін бір админ жақтан мақтау жауған күн болды.))) Ақтөбеліктердің көбісі кетіп қалғаны рас. Бірқатары Астанада. Бірақ, қазіргі Ақтөбе журналистикасы бәрібір есесін жберетін күйде емес. Әттең-айы баяғы, өңірдегі журналистің жалақысы тым төмен. Осы бәле, тұрмысты ойлап, жас журналистер творчествоны ысырып тастайды. Қалай төлейді, солай жұмыс істейді.
asaubota
солай да шығар. Ақтөбеде бәсекелестік ұнайды. орысшасын да қазақшасын да тіпті мемлекетский Ақтөбе мен Вестникті алып қарасаң да өте сапалы шығады. өткенде ауылдан адамдар келе жатқанда газет алып келіңдерші дедім. тек Диапазон алған екен, соны бір тамақ жегендей ашқарақтанып оқыдым
Marco
Диапазонды, біз де солай оқимыз. Шындығын айтқанда, сол Диапазоннан қалып қоймау үшін, басқалары да жанталасып жұмыс істей бастайды. Сосын, ақтөбеліктердің бір басымдығы, қазақ журналистерінің бірқатары екі тілде де жаза береді.
asaubota
аха, Асқар, Мирал ағай, Абат, Самал Ендібаева.

біраз журналистпен таныспын ғой Ақтөбеде, мені журналистикаға қызықтырған солар еді. Алтынорда, Жасалаш, Ақтөбеде спорт бетіне жазып жүрдім ғой. кейін тіпті лицензия да алып едім «Ақтөбе Спорт» деген газетке. құрылтайшы «лақтырып» кетті

сенімен мүлдем кездеспеппіз ей, қазір қарап отырсам.
Marco
жоқ, кездескенбіз. менің зрительный памятым жақсы. Сені Космостағы Анварда сыртыңнан көргем)))
Aldeken
 «Сәлем, сен Аршатсың ғо, дә» деп айтуға духың жетпей қалып па еді?
Marco
Енді осылай менің барып тұрғанымды көзіңе елестетші))) ВКМ болса бір сәрі. ))) Айтпақшы, ол да Анварға баратын шығар, продукт алуға…
asaubota
ой, олай мен де көрдім ғой сені талай рет. просто бір жиындарда, ішістерде кездеспеппіз.
Marco
Ақтөбеде жүргенде мен ішістерде болмайтын едім ғой)))) Осында келіп қой, аздап алқаштау болып жүргенім)))
Aldeken
Интервью алған кездеріңдегі кейіпкерлеріңнің косяктарынан коллекция жинайтының бар еді ғой, соларды жариялау ойыңда бар ма?
Marco
Олардың көбісін жоғалтып алдым. Бірақ, Иран Әміров пен Елеусін Сағындықовтың шедеврлері сақталған болуы керек))))
Zilola
Сонда сені қай арнадан көруім ықтимал?
Негізі менің теледидар көру ықтималдығым өте төмен )))
Aldeken
Наурызға дейін теледидардан көру мүмкіндігіңіз нөлден төмен деп, Маралбектің эфирге шығатын уақытын белгілеп тастадым.
Zilola
Наурызда не өзгереді? Әлде тек ұлттық мереке-мейрамдарда ғана шығатын бағдарлама жүргізеді ме?
Marco
Жоға, қазір жаңа жоба жасалып жатыр. Әзірге жаңалықтары жоқ арнада жаңалықтар ашылмақшы. Жұрттан өзгешелігі шамалы, аздап саяси-экономикалық бағыт ұстанатын бағдарлама болады деген ойымыз бар.
Zilola
блонд шашты қыздарға арналған жобалар жоқ па?
Marco
аздап блондтарға арналғандар болады. ))) Жоспар бойынша, сараптамалық хабар, аздап жеңілдеу болмақ. Тым қиын тақырыптарды, таксистерше талқылау сияқты. Бірақ, бұл әлі піспеген жоба ғана
balzaminka
қатааааааааааааал жан екенсіз ғо
asaubota
Футболға қызығатыныңа таң қалдым. Теледидардың үстіне де әдемілеп шарф жайып қойыпсың. мен танитын ақтөбелік еркек журналистер футболға ноль еді. сенімен бұрын қалай таныспағанымызға таңмын. Ақтөбеде үнемі барып тұратын ба едің футболға?
Marco
Мен футболға барғанда, журналистер отыратын күркенің ішінде емес, жанкүйерлердің арасында отырамын. Сосын көрмеген шығарсың)))
manfan
біздің Рика арнасында диктор болдыңыз, егер мен қателеспесем…
Marco
негізі корреспондент болдым. дикторлық қосымша жұмыс қой.
кстати Глори, глори манюнайтед!)))
Zilola
сіздер сонда енді танысып жатырсыздар ма?
құйқаны қалай жеп жүрсіз, егер енді танысып жатсаңыз, әлде ол кезде жөн сұрасуға уақыт тапшы болды ма? ))
Marco
Астаналық болғаныма екі-ақ ай болды. Танысып, сыра ішкенімізге бір ай болды. Содан бері, ара-тұра ішіп тұруды әдет қылдық. Осының өзі құйқа жеуге жарап қалды.)))
Aizhantabyn
Хош келдіңіз, Астанама))))))
Екі ай и прям қақаған суықтарына. Астана ұнады ма? Хоумсик болып жүрген жоқсыз ба? Англияның қай қаласында тұрдыңыз?
Marco
Астанаға біржола тұрақтаймын деген, бұл үшінші және (верю) ақырғы талабым. Шынымды айтсам, қала онша ұнамайды. Жасандылық өте көп. Үйге тек түнеуге барып жүрген жайым бар. Жұмыстың қойған талабы бойынша, арықтау керек болып, тренажердан шықпайтын болдық. )))
Англияның Йорк деген қаласында тұрдым. Өте әдемі, мәдениетті, адамдары сыпайы керемет қала. Екінші үйімдей болып кетті.
Aizhantabyn
Жақсы тез үйренесің, түсінем)) Мәәәә, менің қаламды қалай ұнатпайсыз? (( пряяям, жаман боп қалдым ғой.
Еуропаның адамдары бәрі сондай мәдениетті. Ол жағынан бізге әлі алыыыыс(((
Тренажерканың қайсысына барасыз?))) Сосын, телик адамға салмақ қосады деген рас па? (он кило деп естідім таныс ағайкадан)
Marco
Телик адамға визуально салмақ қосады ма, деп сұрағыңыз келді ме? Егер солай болса, керісінше сияқты, маған көрермендер ТВ-да арықтау көрінесің деуші еді. Тренажер, отырған офисімізде. Алысқа барудың қажеті жоқ, бір есіктен шығып екіншісіне кіре салам.)
Aizhantabyn
рахат екен))) фитнессті айтам.
Marco
Иә, оның үстіне дым адам болмайды, өзіңмен-өзің… рахат…
salta
10 кило деген тым көп, әрі кетсе 4-5 кило тошно қосылады
e_zhalgas
танысқаныма қуаныштымын!
Erke
Маке ассалау! танысканыма куаныштымын, көк жәшіктен өзіңді көріп жүрміз!1-2 рет студенттер сарайына КВН-ге барғанда жюрилер сапынан көріп едім сені! КВН-ге қандай жақындығын бар? Сосын Актобе Лига Чемпионовта ойнағанда қолына ту ұстап жүргенинді коргенмін!
Zilola
Сонда Марко КВНші ме?
Өләәә, онда мен оны көрген шығармын)
Marco
Студент кезімде, Алдан айтқан «Батыс ұландарының» сапында ойнағанмын. Бірақ, жұмысқа ерте араласып кетіп, сыртқа көп шыға алмадым. 2006-жылдан бері, Ақтөбе КВН филиалының директорымын. Басында 5 команда болған еді, қазір шүкір мектептерді қосқанда 70-тің үстінде команда бар.

Ал, Ақтөбенің Европадағы ойындарына міндетті түрде ту ұстап барам.
Erke
ЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕ брәтән онда сені жақсы білемін, Біздің үйде де «Батыс ұландарының» бір звездасы бар! Куаныштымын танысканыма брәтән!
Marco
Иә, сенің де эстафетаңды оқыған бойда, неліктен «Батыс ұландарының» видеосы бар екенін ұққанмын.))) Братаныңа сәлем айт!)))
Erke
әрине, алдында Алдан ағамды айтқам, енді сені айтып барармын, ертен тағы біреу, сосын соңында өзінде осында кездестіріп қалып жатарсыздар…
Marco
Иә, оның да пікірлері өте тұщымды болатыны анық!)
Maya
Танысқаныма қуаныштымын, солай де сайтында кім едің, танымай отырғаным… кешірерсіз
Marco
онда оқырман ғана болғам)))
Marco
мен де қуаныштымын)
Aldeken
Маралбек Сағынғанов, өзін жақсы журналист, тапқыр КВН-ші ғана емес, сонымен қатар, білікті менеджер етіп те көрсете білген жігіт. Қазақстан КВН Одағының «Батыс» аймақтық филиалының жетекшісі болып тағайындалған кезінде 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік филиал» атағын жеңп шығарып, Ақтөбе КВН-нің сапасын бірнеше қадам ілгерілетуге үлес қосқан жан.
Marco
Туһ! Эстафетада да ВКМ екеуміз көрші екенбіз ғой)))
Erke
Қосшы қыздың басы бос…
Zhan
Кумир дикторларың немесе журналистер бар ма, осы кісілердей болсам деген?
Marco
Өзімді диктор емес журналистпін деп санаймын. Журналистика саласында кумирім жоқ. Қалыптасқан тәртібі жоқ, әрдайым өзгерісте, ізденісте болуға тиісті мамандық қой (негізі), содан шығар, біреудің барлық жазғаны ұнай береді деп айта алмаймын.
Gastarbaiter
Мен танитын ақтөбеліктер сауатты жігіттер көбі, достыққа адал, мінезі шатақ, ақкөңіл, шыдамсыздау келед. Сен қандайсың? (жасырын мақтану әдісін қолдануыңа рұқсат)
Marco
кхм.) Өзім досым деп есептейтін адамдардың шеңбері шектеулі, оларға адалмын деп ойлаймын. Мені ашуландыру оңай емес, сондықтан шатақ та емес шығармын, сәйкесінше шыдам да бар.))) Бірақ, алып бара жатқан ақкөңіл де емеспін, Перу жаққа жолдама бере салам.))
asaubota
Гастарбайтердің «Адамның өмірінде сексуалдық тұрақтылық орнамайынша, өмір шындығын іздеумен болады» деген пікірін

әрі іздеп, бері іздеп таба алмадым. тап осылай айтпаса да осы мағына да айтқан шығар. оригиналына сілтеме беріп жіберіңдерші.
Marco
Мұны осыдан үш-төрт жылдай бұрын оқыдым-ау деймін. Тіпті, қайдан оқығаным да есімде жоқ, автор өзі білмесе…
madlen
Ого, мына жер мақтау алаңы болып кетіпті ғой  

Сұрақтар:
1. Сонымен басың бос па или....?
2. Керекинфодан тыс, теледидардан тыс қандай адамсың?
Marco
Бір шутка бар еді, басым бос емес, ми бар ішінде деген.)))
Иа, мені мақтаушылар, тпә-тпә, боратып жатыр.))))
Сонымен, үйленгем.))) (Кешір, ВКМ, Асаубота, Алдакең) Бұйырса алдағы сәуір айында төртке толатын балам бар. Аты Жігер.
Керекинфодан, теледидардан тыс… бәрібір сондай шығармын деп ойлаймын. ))) Бұған мандытып ештеңе айта алмадым, енді…
madlen
Уффф, наконец-то, а то совсем мойындамайды екен деп қорқып отырғам.
Сұхбатыңа рахмет!
Marco
Мойындамайтын несі бар))) Әлеуметтік желілерде жазулы тұр ғой, бәрі.)))
Сізге де рахмет!)))
19852407
Aizhantabyn, фшт, фшт!

Пуссикат Доллстағы Николь сияқты екенсіз…
Вощым,«фигураңыз АТ екен», Маралбек!

Сұрақ-кеңес: Арықтап әуре болмай-ақ қойсаңыз қайтеді!?
Aizhantabyn
қуып жатсың ба, шақырып жатсың ба, черт знает))))
З.Ы. Женатик деп менсінбей отырмыз, ВКМды қимаааааааааай)
Marco
Сізді маған айдап салып жатқан сияқты))) Фшт, фшт деп әдетте осындай мақсатта айтылатын еді…
Көршіні өзіме өзім қимай отырмын, шынымды айтсам… ))) Кейін, ет пен бауырсақ жеп отырып, танысармыз жақсылап.
Aizhantabyn
ондай движениелерді ұқпай қалатыным бар)))
Білек сыбанып, болмай қалған қайын сіңлімді қорғауға келіп тұрмын онда)))))
Әпкеміз бауырсақ пен еттің жанын шығаратын шығар дайындағанда. Көрелік))) (Ловлю на слове))))
Marco
бауырсақты көршім пісіретін шығар, деп ойлаймын)))
VKM
Бүгін тренинг болып, Керекке жаңа кірдім.
Айжанка,қыздар қорықпасаңдаршы, мен қумын! хехехех)))
Marco
Олар қорқайын деп отырған жоқ-ау дейм)))
VKM
қуып жатсың ба, шақырып жатсың ба, черт знает))))
З.Ы. Женатик деп менсінбей отырмыз, ВКМды қимаааааааааай)
мені қимай жатқасын жазғанмын.
Туй,Marco, ссссен де))))осынша жасқа келіп,үйленбей,қайда жүрген деп, бірден ойлап қалып едім… папам тергеуші ғой))
Aizhantabyn
әкеміз тергеуші болмаса да, көздерінен ұғатын болдық қой))))
Профи деп осыны айт)))))))
Marco
Сізге мафия ойнау керек қой онда)))
Marco
Ең бастысы, мен үйленген жоқпын деп айтқан жоқпын ғой))) Сосын 28 деген «осынша жас» болып есептеледі ме???
VKM
иә, кәрісің… хехе))))
Marco
Қойш! Елуге келсем де кәрімін деп мойындай қоймаспын! Осы бір күні, ертемен үйдің алдына отырып алып, перехват операциясын жариялаймын-ау деймін! )))
VKM
 хехе,қызық қой осылай, кім бірінші таныса)))
Marco
ВКМ- мен бірінші танысу науқанын жариялаймыз ба?)))
VKM
Жеңгеміз үйде болса, сөз жоқ.6-ші пәтерге подругамды алып түсе саламын)
Marco
Жеңгең 25-күні келеді))) Бірақ, менің пәтерін алтыншы емес қой)))
VKM
Менің де ата-анам Жаңа жылға келгелі жатыр.Папаммен барсам, а,қалай болады?
Marco
Папаңмен бір шөлмекті бөліп ішіп алармыз, көп болса
VKM
болады ғой, мейрам дегендей)))
Осы демалыста барып көөөп продукты алу керек Жаңа жылға. Машина да жоқ(көршіде бар ма екен, а?
Marco
үйбай-ай! Жанды жерден тиді-ау((( көршіңнің көлігі Ақтөбеде қалып қойып еді…
VKM
мен де машинасыз қиналып жүрмін.Папам келсе,әперетін шығар.
Менде болса,обращайтесь
Marco
Сенде болса, буду обращаться
Aldeken
альфонс… епті…

«Анвар» үйдің артында тиіп тұр, жаяу барып қайтайық, заттарыңызды көтерісуге уәде етемін, аязды ауада серуендеп, бір-бірімізді жақын тануға септігін тигізер еді деп айтсаң, бір жерің түсіп қала ма, а?
Marco
Дұрыстап оқы, басынан бастап, епті.))) Демалыс күні жампозым келеді.))) Көрші қызбен Анварға барып қайтайын дейін бе оған?)))
VKM
таааак...Aldeken,ұят екен үйленген адамға солай айтқан… Жарайды басында, білмей, «легкий флирт» болды,қазір енді…
сумка көтеретін үйленбеген жігіт те табылады ғой))))
Aldeken
дукенге барып, мерекенің алдындағы азық-түлікті жаппай сатып алу үрдісіне қарапайым да, шынайы ер жігітше, шын көңілмен көмектесіп келуін меңзеген едім. негізі… легкий флирт деген ана бауырсақ, шарлотта пісірп отырғанда болады ғой…
VKM
проехали жарайды Келесі аялдама: Назарбаев Университеті
VKM
Aldeken біздің аялдамадан өтіп кетті, иә?
Marco
точно))) инерциямен)))
Marco
Үйленбеген жігіттердің сумка көтеруге қыры жоқ. Тура мағынасында айтып отырмын))) Біздер ғой, әйелдің соңына еріп алып, керегі бар, керек емесі бар, супермаркеттегінің бәрін үйге қарай таситын.
Marco
Ыыыы, фигурамды анау суретпен бағамдар отырсаңыз, ол кезде қазіргіден 8 кг арық едім. ))) Ал осыдан екі ай бұрын, қазіргіден 8 кг артық болдым. ))) Так что, арықтаған өте жақсы)))
ErNur
О оо жерлес брәтішкі келіп қалыпты ғой мында, ай бәсе сезіп жүр едім жазуларыңнан өзіміз жақтың баласы екеніңді. Мені танитын шығарсың деп ойлайм танысқаныма қуаныштымын демей ақ қояйын енді, опщым желкенде бильярдтан жарысып едік қой қай бір жылы есіңіде болар? Айтпақшы астаналық болыпсың сәттілік тілейм, ақ жол!
Marco
Ассалау! Иә, Желкен есімде! Бірақ, бір-бірімізге қарсы ойнадық па? Кім ұтты?))) Ол есімде жоқ))) Әйтеуір төртінші орын алғаным есімде((( Ең болмаса жүлделі үш емес.
Тілек, ниеттеріңе рахмет!!!
ErNur
Ия меніңде есімде жоқ кім ұтқаны, қарсы ойнадық Ақтөбе-Рика болып. Сол ең ұзақ қызық ойын болды
Marco
Полуфиналға жеткеніме қарағанда мен ұтқан сиятымын ғой
ErNur
мүмкін, қой біледі
KILYZAMAN
Ммм, Маралмын де… Өркенің өссін бауырым!
Marco
Маралдың бегімін))) Аумин, айтқаныңыз келсін!)
Aldeken
Маралдың бегімін)))
Арқар… епті…
John
Біздің ауылдын баласы ғой, Алтынсарин мектебінде менен бір клсс төмен оқыды.
Marco
Ох! Йоу!!! Жерлестің ішіндегі жерлес!!! Жекеге жазсай, кім екеніңді біліп отырайын.
AKY
Ырғыздың өзіненсіз бе?
Marco
Йә, өзіненмін! Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепті бітірдім. Ырғызға қатысыңыз бар ма?
AKY
Просса жеңгем Ырғыздыкі.
Marco
Оу, құдаша!!! Мүмкін жеңгеңді танитын шығармын)
Aldeken
Сайлау құқығы бар халық саны 8 мыңның о жақ, бұ жағында жүрген Ырғыздықтар бір-бірін тану былай тұрсын, бір-бірінің құда-жекжаттарына дейін танитын болар, демографиялықдүмпуіңдіссс…
AKY
Түсінбедім, сіздікі не жырқыл? Айтыңызшы, біз де күлейік?

десем, муахахахаахахаха
Aldeken
Не ғо, АКҮ ханым, ана ше, Ырғыз бар ғой ше хахахахаха, сол Ырғызда ше ухухухуху, адам аз дит дә просса. Сосын жұрттан қаламыз ба, шамалы да болса көп болып көрінейік деп, 81-ден бастап, 84-ке дейінгілердің барлығы 83-термен оқыған екен… уахахахахахахаха
AKY
Ырғыз негізі тарихқа бай, көркем өлке. Сондықтан бүйтіп жырқылдауыңыздың еш жөні жоқ! Иятыңыз бар ма, жоқ па?
Өзіңіз қай жердікі едіңіз жалпы??? десеееем
Aldeken
Туған жерім Тоқмансай, Өскен жерім Алға, оқыған жерім Алматы, жұмыс істеген жеор Ақтөбе, қазір Астанада тұрам десеееем.
AKY
Аа, иее Тоқмансай да жахсеее жер ғҰӘ. Тоқмансайдан Альбина, Орик дегендерді танисың ба
Өліетті деген ауылында туыстарым көп еді бұрын, қазір бәрі көшіп кетті.
Aldeken
Альбина… менімен парталас болған қыздың аты Альбина еді ұмытпасам… 1-2 класста ақ сары келген, әдемілігі орташа статистикаға келіңкірейтін (1-2 класстағы талғамым бойынша) ұяң қыз ед.
Орик — Орынбасар болса, ол кластас қо.
AKY
Альбина Ориктің апасы, екеуімен де кләстасс болуларың екі талай
Әкелерінің аты Боранбай, мамалары мұғалім :*)
Aldeken
Не ғо, қыздардың ата-анасы туралы мағлұматқа қызығатын жасқа жетпей көшкетіведім Тоқмансайдан… Альбина қай жылғы, Орик қай жылғы жазжверсеңіз…
Кешір, Маралбек…
AKY
Орик сенімен жасты-ау дим осы. Аха, Орик сенің кләсстасың
AKY
Дәәу, сары очм, ұмытпасам. Бірақ сізден дәу емес енД.
Aldeken
Қой, менімен оқығандардың ішінде нән сары ешкім болған жоқ, біздің класстағы Орик қайыңқаптал қара пацан ед. Сосын не ғо, мен 80-дермен оқыдым ше…
сенің кләсстасың
сізден дәу емес
сонымен сен дейміз бе, әлде сіз деп сызыла береміз бе?
AKY
құрсынЧ нақ, сен дей берейкЧ
AKY
Онда, Альбина шынымен-ақ сары еді десем? Сол шығар сенің кләсстасың?
Aldeken
Уффф, солай болар.
Маралбектің поштасы екеуміздің флудымызды меңгере алмай жатқан шығар…
Marco
бұл атыстарың менің поштама келмепті)))
Zhan
(1-2 класстағы талғамым бойынша) ұяң қыз ед.
Қазіргі талғамыңыз туралы біле кетуге бола ма? Қыстырылысқан сұрақ деп түсінерсіз.
Aldeken
Реалда өзіңізге айттым ғо, маладиссіз деп, басым кетіватыр сізге
salta
массаған! Бекжанды бергенім артық болды ма?! Алдекеңде нең бар а?!
Aldeken
 ей, қойсайш, болды, ұят болады, мына жұрт не дейді, үйге барғасын сөйлесеміз, сен ұрыс шығаратындай ештеңе болған жоқ, ақылың бар еді ғой, сабыр ет, ия ма?
salta
еркектің ашу тамақпен қайтады, әйелдікін өзің білесің Алдеке, так что мен сені тіліңнен тартқан жоқпын...
Marco
Ах, Салта!!!))) Мадессің сен!)
Zhan
Ұрысқақ екенсіз ғо. Ұрыса бермеңізші
Marco
оны енді Инфинити-вокзалдың кезінде сұрап алмадың ба?)
Marco
Лібә, санға емес сапаға жұмыс істейді Ырғыздықтар! )))
Marco
Ойнама сен, а так тек 83-тер біздің мектепті бес класс болып бітіргенбіз)))
AKY
81-лерді танисыз ба?
Marco
қолда өскен балдар ғо
araika
Сізді біреуге ұқсатып отырмын, не болмаса телевидениеден болсаңыз таныссыз. Және соңғы вариант суретіңізге қайта-қайта үңіле беріп, жүзіңізді жаттап алдым
Астанада, құпия болмаса қай арнаға жұмысқа орналасқаныңызды білуге бола ма?
Marco
Уррра, мені көшеде көрсе танитын бір адам бар!!! ОРТ+Евразия арнасындамын. Бұйырса көктемге қарай эфир басталады деп күтіп отырмыз. КТЖ-ның қасындағы жаңа медиацентр біткен бойда көшеміз.
Zhan
Туу, Марко, сіздің таныстырылымыңыз 200-дікке жетейін деп қапты ғо. Не деген секс-символ едіңіз!
Marco
Енді админнің өзі «гламурный» деп айдар таққасын…
Оның үстіне ВКМ-ның тағдыры көпті қатты алаңдататын сияқты)))
AKY


Пай-пай
Marco
Мәссаған!!! Міне менің ауылым!!! Ырғыз өзені, Ырғыз ауылы!!! Рахмет, АКҮ!!! Мәз боп қалдым!!!
AKY
Кезінде құдаша болып барып едік. Қайран жастық шақ-ай
Marco
Соңғы рет тамызда болдым!) Аунап-қунап рахаттанып қайттым. Құдаларың әлі Ырғызда емес пе, барып қайтсаң болады ғой)
AKY
Құдалар сонда. Бұйырса, құда бала үйленед, тойға шақырып еді қаңтарға
Marco
Қаңтардың басында болам Ырғызда) Ата-анама барып еркелеп қайтам)
John
Менің үйім суреттің сол жағында көрінбей қапты
Marco
Түһ, айтсайшы енді, кім екеніңді)
TOTY
Бұл да жұмыс сияқты. Тоғызда қосылады, алтыда сөнеді…

Осы сөйлем ұнады, тауып айтылған. Отбасы жағдайына байланысты еңбек демалысында болып,ғаламтордан ажырап кеткен едім, енді бәрі қалпына келе бастады.Тоғызда қосылып… алтыда сөнетін боламыз...)))
Marco
Дегенмен, бұл жерде жұмыстағыдан да көп ләззат алуға болады)))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.