Таныс болыңыздар: VKM

  • Автор
VKM — Мен, Жұмағұлова Малика, Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Хайрузовка кентінде ,1991 жылдың 13 наурызында дүниеге келдім.5 жасымда жанұямыз Өскемен қаласына көшіп келді,1998-2007 жылы 38 мектеп-гимназиясында оқыдым.2007-2008 жылдары ҚХР Харбин қаласында қытай тілін оқып-үйрендім.Қазір Қазақстан Америка Университетінің (КАСУ) ақырғы курсында оқимын және «ЭйрАстана» компаниясында менеджер болып жұмыс істеймін.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қытайда оқып жүргенде казнетке келдім. Мынандай кезекпен: Мәссаған-Жастар-Кездесу-Керекинфо)))
Кездесуде Гаста мен Аршат ағаға ренжіп кетіп қалғаным есіме түсті)))

— Күніне неше рет кіресің?
— Интернетке кірген сайын кіремін.Керекинфоманкамын

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Мен бүгін реалда не бітірдім? (сайыс), Қазақша әндердің сөздері, Өнер-білім бар жұрттар, Қолөнер, Менде бір керемет сюжет бар, Эстафеталар.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Сатыпалдының ,әрине.Аршат ағаның да таңқалдыратыны бар.Нұрғиса аға,Қисық, Абилаким, Гасталарды өте талантты адамдар деп есептейін.Жалпы осы сайтта отырған адамдарды өте сыйлаймын, себебі кімді алып қарасаң да білімді,өзіндік ерекшелігі,қызығатын жақтары бар.Айгераны ұнатамын,өлең жазып жүріп,ғылыммен айналасатындығынан;Cаммитаның туралығы мен білімділігі ұнайды; Жанна ұнайды, ақылды,әнеееу Жапонияда жүрсе де, көмекке дайын тұрады, Гүлшат ұнайды, парасаттылығы мен көрегенділігімен; Ал Мақпал, Айжан, Мадлен, АКА, Назиралар, апам айтушы еді, «Атты адам түсіп қарағандай, жаяу адам жатып қарағандай» деп, супер қазақ қыздар ғой! Назгүл, Алиша апайларым ұнайды,әсіресе балалары, жанұялары туралы жазғандары.
Абзал, Мейірбек, Абай, Садколар нағыз қазақ жігіттер ,әзілдері жарасқан.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Мамам оқитын шығар. Басқа ешкім де оқымайды

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Бір жазғанмын,қойшы қой бағу, тігінші киім тігу т.с.с керек деп, сайт жасау жағынан білімім аз, сондықтан кеңес айта алмаймын. Осы «Керекинфо» ұнайды!!!

  • 1
  • +33
  • 5580
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

166 пікір

Nurgisa
Шұғыланы мойындайсыз ба?
VKM
Ол не екен?
sammita
Шұғыла Сапарғалиқызы-биші.
VKM
ааа, иә,12 жыл биледім, КМСпын.
sammita
 қош көрдік! Мынау эстафетаның ең мықтысы болады, көр де тұр.
madlen
Сұрақтар:
1. Веник, неге кездесулерден қашып жүрсің, а?
2. Жаңа жылда Астанада боласың ба?
3. Мамаңның, сіңліңнің жағдайлары қалай? Сені сағынып жүрген болар.
VKM
Мадлен
1.Ссссооол, сменный жұмыс, суық, машинам жоқ, квартирда тұрамын десем… хехе) Кейін өзіңе айтып беремін.
2.Жаңа жылда жұмыс істеймін.
3.Рахмет, жақсы. күніне 10 рет сөйлесеміз)))
Abilakim
Телевизия саласында жұмыс (өмір бойы) істер ме едіңіз?
VKM
Жоқ, уақытша «звездить» етуге болар еді. Әлі күнге дейін "Қазақстан-Өскеменде" мен жүргізген «Таңертеңгілік гимнастиканы»көрсетіп жүр екен.
a63a1
Мені бір көкейімді тесіп жүрген бір сұрақ бар)) Өзің әйбәт қызсың, спортсменкасың, тауда тұрасың, менеджерсің, Қазақстан Америка Университетінің (КАСУ) ақырғы курсында оқисың, Сатыбалдымен Аршатқа таң қаласың, қытайша білесің, ал енді сұрақ: мені неге жарты жыл бойы игнорға тықтың?
VKM
Абзал,қателесесің
a63a1
Нақты жауаппен қанағаттандырғандықтығыңыздан басымды еденге тіреп ек бетімнен жатып рахметімді айтамын.
sammita
сауап саған әлгі жайдақ су туралы "ұлағатты сөзіңді" никогда не забуду
Janasil
Сирақты қыз екенсіз. Авада тұрған өзің ба? www.kerekinfo.kz/profile/VKM/
sammita
мал базарда жүргендей осындай әңгімелерің Күле қараса болды тапырақтап кететін.
Marco
Айтпаңыз)))) «Мына қыздың отдельный портфолиосын көру керек екен десе де болады ғой»)!!!
sammita
жалпы осындай пікірлер көбейіп кетті жеке басқа қатысты.
VKM
Саммита, рахмет)
VKM
Портфолио да бар еді))))рахмет
Janasil
Сәмитта әпке қай жері ұнамай қалды?
VKM
мен емеспін. Жәй сурет
sammita
әдемілігін әдемі сөзбен де жеткізуге болар еді
Aizhantabyn
ЖАНЫМ сондай)))
Астанада жүріп, маған жүзіңді көрсетпегенің үшін ренжіп жүрмін, если че)))
Келесі кездесуге кел, айыппұл ретінде торт ала кел)) (енді точно көрінбей кетесің ғой)
Сұрақтар:
қытай тілі қиын ба?
бір жылда қандай көлемде меңгере алдың?
Неге қытай тілі?
Өскеменнің Қатон-Қарағайы ең керемет жер деп естідім, адамдары да кереметпен сондай?)))
VKM
Айжан, кездесеміз.
Қытай тілі басында ғана қиын, сосын үйреніп кетесің.
3 уровень менде, Универге түстім, бірақ оқуға бармадым.
Білмим неге екенін, тіл білген жаман емес қой, спецгимназияны бітірдім ғой, ағлышын тілін үйрететін.
Катон-Қарағай деген тамаша жер!
Esmeralda
3 уровень болсаңыз, екеуміз қытайша сөйлесе алады екенбіз ғой қытай тілі оңай деп айтпас ем, неге ары қарай оқымадыңыз, мен 6-шыға қашан жетем екен деп журм
nurbergen_makym
1. Биге қатысқан ер балалардың өсе келе гей болып кететін рас па?
2. Би өнеріндегі пір тұтарыңыз (кумир) бар ма?
3. Кездессек, Огинский полонезіне шыр айналып вальс билей аламыз ба?
VKM
1.Нағыз өтірік сөздер. Олар нағыз спортсмендер. Күніне 2 сағат темппен билеу деген...қанша төзімді болу керек.
2.Көп қой)
3.Венский вальс па… билейік
balzaminka
Венерджон, қуаныштымын өзіңмен жақын танысып жатқаныма

«Атты адам түсіп қарағандай, жаяу адам жатып қарағандай»

осыны түсіне алмай отырғаным, тарқатып жібересің бе

Қазіргі уақытта биге барып жүрмісің?
VKM
Керемет деген сөздің фразеологизмі ғой! Апам айтады солай)
Қазір билеп жүрген жоқпын. Сағынамын биді
Maya
О, Венка, АЛҒА!!!
VKM
Маяяя, сәлем. Жездеміз қалай?
Maya
Ой, жезден жаксы. Аллаға шүкір, күнделікті тірліктің қамымен шауып жүр.
sammita
Жездеміз қалай?
Ой, жезден жаксы.
Zilola
Оооой, менің бөлемнің таныстыруы керемет болыпты!

Ер жігіттің қандай қасиетін ұнатасың/ ұнатпайсың?
Болашақ жарыңды тегі (ру) бойынша таңдайсың ба?
VKM
Мақпааал,қайда жүрсің?
Сөзіндіетұратын, ер мінезді жігіттер ұнайды. Ұнамайды: еріншек, мамасының балалары… хехе
Жооооқ, руына қарамаймын, тек өзіне)))
Zilola
Вахтадан келгеніме 1 апта болды ))
Ауылға барсам, ғаламтарға ілініп аламын, әзірге Алматыда жұмыстарым бітпейінше жүремін. Апта соңы барып қалармын Жаңатасыма!
Zhan
Танысқаныма қуаныштымын. Неге сені қыздар Венера дейді? Атың Малика емес пе?
VKM
жәй, ник, ол туралы мені танитындар біледі)))
sammita
жаңылтпаш екен тарихы, бір кездесуде АКУ-ден естіп
Zilola
Кезінде Венера Касымова деген лақаппен жүрген, содан қалып қойды )
Zhan
Венера Касымова? Қызық екен) Тарихын тарқатып айтып бере аласыз ба? Әддееем қыз екен. Малика принцесса деген мағынаны береді если что.
salta
қайдан шыққан аударма ол? жыланның ұрғашысын Малика дейді… Венера, Малика кешіріңіз, менің сіздің жеке басыңызға тағар мінім жоқ. Сұлу екенсіз… жазбаларыңыздан қуыс кеуде қуыршақ еместігіңізді де байқадым… жігітіңіз бар ма?
madlen
қайдан шыққан аударма ол?
өзбекшеден аударса, солай
VKM
Арабшасы солай)))
salta
а сұрағыма жауап ше?
dark_nazgul
хехе… гонишь, да? Малик, Малика — билеуші деген сөз.
жыланның ұрғашысы болса, шығыста «королева кобра» деген түсінік бар ғой)))
salta
байқауымша көп кітап оқитын адамсыз, неужели «малика» дегенді кездестірмедіңіз? бұл жерде білгішсініп отырғаным жоқ, естіп, көрген нәрсемді жаздым. алғашқы сұрақтың артында "!" тұрған жоқ, жай аудармасын қай тілден алып отырғанын білгім келді… менің айыбым сол ғана болса, кешірім өтінемін…
dark_nazgul
кездестірдім, араб тілінен )))
dark_nazgul
а, еще «мың бір түннен»)))
saken
қателеспесем Өскемендегі көрші қыздың аты деп жазғандай етін. СолайДе де.
meirzhan
1. Адамдардың барлығына көзқарасың оң, позитивті, жақсы ма?
2. Бірінші сұрақтың жауабы «иә» болса, не себепті олай? өмірде жаман адамды кездестірмедің, бәрі жақсы әлде инфантсың әлде жаман мен жақсыны ажырата алмайсың әлде…
VKM
1.Неге солай ойлайсың? Мен жақсы адамдарды ажырата аламын.Ұнамайтын адамдар бар ғой, бірақ олар неге сондай деп,өзімді негатив қылғым келмейді.Жақсы жақтарын көруге тырысамын.
2. Туууй, мені бір теплицада өскен деп ойламашы.Жаман адамдардан аулақ жүруге тырысамын.
meirzhan
Бәсе, менен неге аулақ жүр десем
Janasil
Білуімше Астанаға жақында келіп жайғастың. Жалпы қалай ұнады ма? Қандай ерекшеліктерді айта аласың? Өзіңе ұнаған немесе ұнамаған.
VKM
Астана ұнады.Өте! Бәрі президентті жамандайды… тек осы Астанадай қаламыз бар болғаны үшін оны мадақтауға болады, меніңше.
Тек желі мен суықтығы болмаса.
meirzhan
1. Қазақша әндер тыңдайтыныңды білемін. Басқа қандай бағыттағы әндерді, қай әншілерді тыңдайсың? Ең ұнайтын әнің?
2. Қазақша үйренуде не көмектесті? не мотивация болды?
3. Қазіргі Өскеменді сағынуың қалай? Әке-шешелерің көшкісі келе ме Елордаға?
4. Жаңа мекен — Астанадағы ұнайтын, ұнамайтын жақтары?
5. Қаңтар айында партиялар додаға түседі. Сайлауға барасың ба? Кімдерге бүйрегің бұрады.
6. Ең ұнайтын кино? «унесенные ветромнан» басқа.
әзірге осы.
Erkekyz
Менің ойымдағы сұрақтарды қойып қойыпсың ғой(.
VKM
1.Қазақша ән тыңдаймын. Ербол Ахметовқа рахмет, маған жақсы әндер беріп,қазақша музыка тыңдауды үйреткен.МузАрттың әндері ұнайды көбіне
2.Ата-анам ғой.Репетитор… жаман сөйлеймін мен бәрібір, акцентпен
3.Сағынып жүрмін. Бірақ қайта қайтпаймын… хехеИә, олар мен қай жақта болсам, сол жақта тұрамыз деген: немере бағамыз, көмектесеміз деп
4.Жоғарыда айттым
5.Платформаларын көремін ғой. Барамын сайлауға.
6.Мелодраммалар.Жақсы бітетін
meirzhan
Сұраққа ыждаһаттылықпен жауап бергеніңе рахмет.
6.Мелодраммалар.Жақсы бітетін
Мына смайл елубайға қарағанда, жақсы бітпейтін сияқты ғо
Erke
Отырысыңыз жақсы екен! Танысқаныма қуаныштымын.Сосын кеше ғана жеңіп алған "Қосшы қыз" номинацияң құтты болсын!!!
VKM
«ложка дегтя»дейсіз бе?
Қосшы қыз емеспін мен...қателеседі Абилаким
nurjanbay
— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
Бір жазғанмын,қойшы қой бағу, тігінші киім тігу т.с.с керек деп, сайт жасау жағынан білімім аз, сондықтан кеңес айта алмаймын. Осы «Керекинфо» ұнайды!!!
түк түсінген жоқпын. түсіндіріп жіберетін адам болса, алдын ала рахмет.
Aizhantabyn
ВКМ жазған еді, әр бір адам өз ісімен айналысу керек: қойшы қой бағу керек, тігінші киім тігу керек. Өзі сис.админ болмаған соң, не лезет куда не надо)))
nurjanbay
түсінікті. рахмет.
qisyq
Білгім келген үш сұрақ:
1. Неге?
2. Қайда?
3. Не үшін?

Өзің білесің.
VKM
1.сол
2.Астанада
3.білмим, солай шештім
AKY
ВКМ, пошта жәшігіңді тексер
e_zhalgas
сен өткенде ғана мисс-инкогнито болып қаламын деген едің ғой

сұрақтар:
1) өзіңдегі ең жаман қасиет қандай? және оны жою үшін әрекет етесің бе?
2) ұнатқан жігітіңнің бойындағы жаман қасиетті амалсызда байқап қалсаң, не етер едің?

қолқа:
1) биші екенсің — дәлелде! видеоға билегеніңді түсіріп, керекке жарияла
sammita
қолқаң мынадай, талабың қандай
VKM
1.Еріншек болып барамын. Түк әрекет істемеймін, кейін семьям болғанда, жойылатын шығар
2.Қайтемін, шыдаймын… басқа қасеиеттері үшін ұнатсам
3.Неменеге дәлелдеймін? Сенбесең қой.Талай сурет қойғанмын.2-5 жастан бастап,17 жасқа дейін.
e_zhalgas
қанағаттандыра алмадың
VKM
қанағаттандырылмағандығыңды өзіңнен көр
qisyq
Қанағаттандырылмағандықтарыңызбен.
Erkekyz
Биден неге үлкен чемпионаттарға қатыспадың?
Сосын, неге биге берген? Өкінбейсің ғой биге барғаныңа? Жалпы мүмкіндік туса, өміріңде нені өзгертер едің, мисалы?
VKM
Мен 6 жыл бойы облыс чемпионымын.Юниор кезімде, талай республикалық жарыстарда 2,3 орындар алғанмын.2008 жылғы С класста күміс жүлдегермін,қытай партнермен.
Биге мамам берген,өзі армандапты кезінде.Биге барғанымды мақтаныш етемін.
Тағы 1,2 шетелін үйренер едім
KILYZAMAN
Оқу-білім, өнер жағынан қамтығаның көп екен. Өзімде солай ойлап жүруші едім: қылығыңнан, ақылыңнан айналайын ақылды қыз — тынымсыз ізденісіңде үлкеееен табыс тілеймін…
VKM
рахмет, жақсы аға
meirzhan
1. Өзге сайттардағы (мыс. сұрақ-жауап) VK деген сенсің бе?
VKM — расшифровкасы қалай? Неге, қалай, қашан осы псевдонимді таңдадың?
2. Әуе агенттігіндегі менеджер жұмысы білім алған мамандығыңа сай ма? Осы жұмыс өзіңе ұнай ма? Стюардессе болғың келе ме? әйтеуір әуе агенттігі ғой.
VKM
1.Менмін.Мейржан, мен жәй таңдай салғанмын, көрші қыздың аты мен тегін жаза салып едім. Казнетке келгенде. Ол қазір тұрмыста, баласы бар.Қазақша сайттарда мәңгіге қаламын деп ойламаппын.
2. Жоқ, диплом алған соң, басқасына ауысамын.Стюардессаға 2 турдан өтіп, ВЛЭКтан өтпей қалдым, көзім -4 болып
meirzhan
-4 дейсің бе? онда мен де өтпейді екем ғой.
VKM
-2 болса өткізе береді.
meirzhan
5 жыл бұрын өтіп кетуші едім.
Aizhantabyn
мама! мен сенің нигіңді: Восточный Казахстан Малика деген үш сөзден құралған деп жүрсем)))))
sammita
VKM, мына сұрақтардың көбінің жауабын білем, рұқсат па жауап жазуға
balzaminka
шыдамай барамын де Мүмкін, сен ВКМ шығарсың, а?
bazuka
Массаған сайтында ең көп сурет қойған Мақпал еді, сонан кейін сенің суреттерінді көрдім көптігі жағынан)) Мааа мына қыз қазақ па деп ойлап отырғам, Бақытгүл апаның қызы болып шықтын)) Солайде сайты арқылы таныспыз ау дим, маманды массағаннан таним))
Сұрақ: Бұрын солайде сайтында күнделікті жаңалықтар жазып отыратын едің, соны керекинфода жасағын келми ме?))
madlen
Солайдені көрмеген мен-ақ шығар осы
konvict
Уайымдамаңыз Мадлен ханым. Жалғыз емессіз
meirzhan
иә, керісінше біздің жамағат көбірек
Gastarbaiter
Бөлінгенді Гаста тігеді)))
meirzhan
Көпке топырақ шашпа деген де бар ғой
Gastarbaiter
Тігіп нем бар сені,))) іргетасақтан басқа иісі қазақ сайттардың барлығында дерлік болған соң бөлінбейік дегенім ғой. Ескі керекшілермен де, солай, жастар, мәссаған, дәруіш, бастама, қостама, қазақ.ру, он.кз, ЖЖ, ювижен, вордпресс, сұрақжауап, жалпы іргетасақтан өзге жердегілердің біразынан тек позитивті естелік бар.)))
VKM
Базука, еріншек болып барамын деп айтып жатырмын ғой. хехе. Жоқ, бұл сайт басқа ғой
Adiletshu
Басқа суреттеріңіз болса салсаңыз, сіздің әсем мүсініңізге тамсанып қарар едік
VKM
осы керек емес деп ойлаймын
sammita
админ шырақ, керек кезде тонын ауыстырып шығатын жылт еткіштерді эстафетадан көргім келеді.
dark_nazgul
Өзіңді қашан көреміз?
«мен ваще то эстафетаны Саммитаға берген едім» деп күңкілдеп кетіп бара жатыр дейд…
sammita
ұсыныс болған. Бірақ мен новенький емеспін ғо)))
(Салта, Қожеке, Ождан, Арамза, Жақабай (солай ма еді) т.б. таныстырса)
dark_nazgul
жақсы қыз екен))) базар жоқ)
shimaibek
«VKM» деген Восточно-Казахстанская Малика деген мағынаны білдіреді ме? Әлде басқа ма?
VKM
солай ғой деймін)
Aizhantabyn
Ох, Шимайбек тап соны мен ойлап жүр ем))) Өйткені Өскеменнен екенін білгенде ішім бір жылып қап еді)))
shimaibek
Өскемен дегенде ішіңіз жылыса, сізде ШҚО-сыз ба?
VKM
жоқ, ол біз жаққа келін болады ғой деймін
madlen
Болайын деп қалған еді, кажется
Gastarbaiter
Венера Касымова Малика
Николай Николаич Миклухо-Маклай деген сияқты.
VKM
Ой, Гаста, сссенде ))
shimaibek
Біра қарағанда, анау фотоңызға, сізді бірден Аватар фильміндегі Аватарша қызға ұқсаттым…
Қатонның етегінде отырсыз-ау, шамасы…
VKM
Жоқ, бұл нағашыларым жақ,Ұлан ауданында.Аваторша
e_zhalgas
фотоңнан КМС-ың білінеді
VKM
бокстаса да аламын ақырындап,үйде груша болған....
e_zhalgas
оның фотоңнан байқалмайды
Aya
Таныс болғаныма қуаныштымын, ең, ең жақсы көретін жазушыңыз кім?
VKM
Рахмет,Aya.Мен де қуаныштымын.Мектепте көбіне классиктарды оқитынмын. Толстой, Тургенев, Булгаков, Кэрролл, О Генри, Джек Лондон, Эдгар По.Сосын детективтерді ұнаттым. Агата Кристи, Конан Дойль, Татьяна Устинова, Татьяна Полякова. Кейін Оралхан Бөкеевтің, Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын оқыдым.Қазір әйелдер романдарын оқимын. Сосын қазақ жазушыларын орысша болса да оқып жүрмін.
satibaldi
1. VKM , билеп жатқанда қандай курьездар болуы мүмкін, солардың біреуінен айтсаң.
2. Ән салып тұрып билеу қиын екені белгілі. Ал билеп тұрып аспапта ойнап әрі ән салу мүмкін бе?
3. Ауылдағы кештерде қатты билейд деп көрсеткен адамдары тапырақтап жатқанда, қалаға қашып кеткің келмей ме?
VKM
какие люди
1.Екі пар соғысып қалуы мүмкін,әсіресе латина билегенде,әркімнің өз схемасы бар.Паркет нашар болса, аяғың тайып кетуі мүмкін.Сосын ереже бойынша,қыздар шашын жинап тастайды, латина билегенде шпилькалар шығып, шашың алба-жұлба болуы мүмкін.
2.хехе) Индияның көп қолды құдайы есіме түсіп кетті.Меніңше, билеп болғасын, бишіге аспапта ойнап,ән салуға болады.
3.Жоқ.Бәрі биші болуы шарт емес қой.Профимін деп, ешқашан өзімше болған емеспін."Қаражорға" биленгенде сүйсініп қараймын.
satibaldi
Құрметті VKM , А.С. Пушкиннің шығармашылығымен таныс екеніңізді білемін де, өзімен жеке таныс екеніңіз маған жаңалық болып отыр. Менен сәлем айта салыңызшы оған, жарай ма?
VKM
Енді «Барышня крестьянка»,«Станционный смотритель»,«Дубровский» ұнайды А.С.Пушкиннен.Біреу: Мен Пушкин едім деп келсе, сіздің сәлеміңізді айтайын.Әлде №6 палатаға барып, тауып алсам ба екен оны?
satibaldi
Сонда жауаптарды сенің орныңа Мәшһүр Жүсіп жазып отыр ма не?
VKM
туууй(
satibaldi
Әлде жұмысты сол жасаватыр ма?
VKM
жұмыстар жасалыватр, самолеттар ұшыватр, кітаптар оқылыватр, жауаптар жазылыватр, тамақтар пісіватр, билер биленіватр
Сіз 4 сұрақ қойдыңыз, лимит бітті
izbasar
Қарындасым Қатонқарағайдан болсаң абақкерекй болғаның. Танысқаныма қуаныштымын. Жасай бер.
VKM
Керей-Абақ Керей, Жастабан
Gulistan
Малика, жоғарыдағы жазбалардан көп нәрсе біліп қалдым.
madlen
Ия, эстафетелар арқылы көп затты білуге болады екен адам туралы. Бірақ, мен туралы постта мен туралы ештеме жоқ, әркім өзінің жұлдыз жорамалын сұрады
Ereke
@VKM ханым, егер де «ЭйрАстана» компаниясының басшылығы сіздің ұзату тойыңызды ұшақта жасауға рұқсат берсе, сіз қай ұшақты таңдар едіңіз? Суретімен, егер мүмкін болса
VKM
Ұзату той таудағы жаңа үйде болады. Еш ұшақтан кем емес
konvict
Сұрақ:
1. Маған тектоник қашан үйрететін болдыңыз?
2. Жалпы тойда билеген ұнай ма, әлде диско клубта ма?
3. Қанша тіл білесің?
VKM
1.Абай, би билейсің де? Давай
2.Конкурстарда билеген ұнайды, жеңген ваще супер)Клубтарда компаниямен барғанда болмаса, билемеймін.Тойларда ақша үшін… хехе
3.4
saken
ризамын қарындасыма!!!
VKM
рахмет, Сакен аға.Сіз де мағанкөп әндер жіберіп едіңіз. Көп рахмет!
Esmeralda
жақын танысқаныма қуаныштымын
VKM
мен де Эсмеральдочка!
Aramza
Eywa ngahu, ayngakip
Ua juamagatus!!! Ftxey ’awpot a Na’viru yomtìyìng ’awpo Na’vi!!!
satibaldi
Уа, VKM , мынау суретіңе қарасам — қоян жақ, бөкен қабақ, айтып айтпай не керек: ақалтекенің өзінде сенің қасыңда комплекс пайда болатындай сымбатты екенсіз.
Сұрақ: мұныңыз — табиғи сұлулық па; әлде — бидің жаттығуларының арқасы ма, немесе — Өскеменнің қатал тұрғындары адамдарды титан қалыпқа салып осылай түзетіп ала ма?
Жауабыңызға алдын ала нақмет, рақтың.
VKM
хехе, бәрінен біраздан бар шығар)))әсіресе титан десем
AKA
Ух ты! Макось, қуаныштымын  Менің қояр сұрақтарым:
1. Мектепте қай сабақты ұнатпайтынсың және не үшін?
2. Болашақта ауылдық жерге тұрмысқа шықсаң, сонда қала аламысың?
3. Новеллалар жазылып жатыр ғой, виртуалды өмірге көзқарасың қандай?
4. Қатты қуанған кезің?
5. Ең сүйікті тағамың мен сусының қандай?
6. Қазіргі кезде қалалық жердегі көп келіндер орамал тақпайды, оған көзқарасың? Өзің, иншАллаһ, келін болып түскеннен кейін орамал тағып жүресің бе?
7. Қазіргі мамандығыңды өзгертер ме едің? Қай сала көбірек қызықтырады?
VKM
АКА, рахмет
1.Сызуды, сурет салуды, математиканы түсіне алмағанда)))
2.Қалада өстім ғой,қиын болатын шығар.Бірақ ауыл көрмеген қыз емеспін ғой
3.Норм
4.Қытайдан 1-ші рет каникулға келгенде.
5.Суши мен алма шырыны
6.Тақ десе таға саламын, бірақ үнемі тақпайтын шығармын. Жиындарда,үлкен кісілердің алдында тағып жүре беремін деп ойлаймын.
7.Менеджмент қой менде, журналистика, психология қызықтырады.
Adiletshu
Менің түсімдегі ИЛЬ-ға вашпе ұқсамайды екенсің
VKM
не жазып кеттіңіз, а? Түс? Иль?
Armanjan
Алтын шаш, дөңгелек жүз, сырлы жүрек,
Ғашық жарға болғандай ғұмыр-тірек.
Өз Естайын сыйлағай ғұмыр саған
Қорланынсыз өксіген жетімсіреп.

Толқыған самал шағың, жүзің гүл-гүл,
Бойжеткен, не істесең де, өзің білгін.
Тағдырыңды өксітіп тек әйтеуір
Адастырып кетпегей өмір-дүлдүл

Ап қашса ғашық сезім айдалаға,
Тізгін тартпа, ертеңді ойлама да — дей отырып, саған мына өмірдің ТЕК бақытты күндерін тілеймін.
VKM
Арманджан, рахмет! Тронутпын ©))
mampasi
ВКМ привет, саған сұрақ қояйын мен де!
1. қазнеттегі таныстармен кездескің келмейтін себебі олармен виртуал отырсам ешкім көрмейді, ал реал отырсам біреу-міреу, таныс-паныс көріп қалып позор болам деген ойдан емес пе?
2. болашақ күйеуің төркіндеріңмен жылына 1 рет қана кезігіп тұрасың десе қайтесің?
3. кескінің мен мінезің мамаңа ма әлде папаңа тартқан ба?
VKM
1.Кездескім келмегенін енді айтамын.Бір виртуалдағы таныс адаммен ең бірінші танысқым келген.Кездестім, бүгін ол өз қаласына кетті.Бәрібір реал виртуал емес.Жақсыыы адам екен.
Жұмыс бастан асып жатқанда осы сайттан бір бала келді аэропортқа. Компьютер істемей, барлық мәліметтерді қолдан компьютерге енгізіп жатырмыз, уақыт жоқ. Ол сұрады, мені таныдың ба деп, мен жоқ дедім(Солай.Н, кешір, если б что(
2.Онда үйдегілер өздері-ақ келеді.
3.Екеуіне де тартқанмын.
Esmeralda
ол кім сайттан іздеп келген?)
VKM
ал реал отырсам біреу-міреу, таныс-паныс көріп қалып позор болам деген ойдан емес пе?
Туй,mampasі, басында сұрағыңды түсінбей қалыппын.Сеніңше осындағы адамдар дос болуға жарамайды ма? Ондай ой миыма да келмепті, сен айтқаныңды жаңа түсініп, осындай вариантты ойлаған саған таңқалып отырмын(
aza
Оң жақтағы кубикті басып қалсам, осы жазба шыға келгені Кімге не керегін білед-ей, осы КЕРЕКИНФО Жақсы екен, білетіндерімді бір қайталап шықтым… Кейбір жерінде «уаау», кей жерінде «ммм» деп отырдым…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.