Таныс болыңыздар: Tarazkyzy

  • Автор
Tarazkyzy — Сандуғаш Кәрібжан. «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда» болсын ба? Ендеше оқыңыздар.
Өзім Тараз қаласының тумасы, Алматы қаласының өскіні, ШҚО келіні, қазіргі Ақтау қаласының тұрғыны. 1986-ның 15 қыркүйегінде дүниеге келіппін. Мектеп атаулының табалдырығынан тарыдай болып Таразда аттап, таудай болып Алматыда шыққанмын. 11-сыныптан соң Халықаралық мамандықтар институтына түстім, кейіннен білімнің қара шаңырағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ауыстым. Сыртқы жарнаманы бақылайтын мекемеде, ҮЕҰ-да қызмет еттім. Пиар, жарнама терминдері таңсық емес. Бүгінде Ақтаудың жұмыссыз қазағымын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфоға wordpress арқылы келдім десем болады. «Қайда барсам Қорқыттың көрі» демекші. Қай жанның блогына кірмейін, Керекинфоға сілтеме беріп, шақырып тұрды. Бастапқыда тек сырттан сығалап, инкогнито кіріп тұрғанмын. Оның үстіне бір кірсең шығу қиын. Комменттердің өзіне бірталай уақыт кетіп қалады. Wordpress жабылып, барар жерім, басар тауым қалмаған соң келдім КерекИнфоға.

— Күніне неше рет кіресің?
— Жұмыс істеп жүргенімде мониторинг жасап, күніне 2-3 кіретінмін. Ал қазір (басқа қалаға көшіп, үйде отыруыма байланысты) Ноутбугымды қосып, ғаламторға кірген сайын. Тіпті бір мэйл рудағы поштамменн қатар шартты түрде Керекинфоны да ашатынымды байқадым. Тәуелділік пайда болғандай ма, қалай өзі? Срошно «Клуб анонимных керекинфошников» ашу керек.
— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Тіркеле сала қосылған қауымдастығым – қолөнер. Hand-made қызықтыран соң, осы тақырыптағы жазбаларды ерекше атар едім. Менде бір керемет сюжет бар, Эстафеталар да қызықты. Гастербайтер, Нұрғиса, Әбіләкімдердің жазғандарын жиірек оқитын шығармын.
— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Керекинфоның негізін қалаған және сол заматтан бері пікір жазудың шебері болғандардың. Шынымды айтсам, біреуді бөліп айту қиын. Әйтеуір комменттерді оқығанымда, өзім пікір жазғым келмей қалатын кездер болады. Барлықтарың бір атаның балаларындай, бір-бірлеріңді тым жақсы танитын сияқтысыңдар. Мен сырттан адасып келіп қалғандай болам да, пікір жазу қисынсыз болып көрінеді.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жоқ. Курстастарым кіріп тұруы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Ешқандай өзгерісті қажет етпейтін секілді…

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

82 пікір

Erkekyz
Танысқаныма қуаныштымын. Бірақ неге аты-жөніңіз жазылмады?
Қазір қандай кесте тігіп жұрсіз?
Хиджапты бұрыннан киесіз бе?
Tarazkyzy
Рахмет, Еркеқыз!
Қазір Кабаның кестесін тігіп жатырмын, қалай бітірем, осында ілем.
Хиджап кимеймін, Ақтаудың салқын желінен қорғаныс қой
saken
ҮЕҰ
бұл қандай ұйым?
Nurgisa
Үкіметтік емес ұйым ол, Сәке
dark_nazgul
жарты Қазақстанды аралап тастапсың ғой))
қай өңір жаныңа жақын? таңдау берілсе қайда тұрғың келер еді?
Tarazkyzy
Алматы, Алматы және тағы да Алматы.
19852407
КазГУград! ҚазҰУ қалашығы ше?
Tarazkyzy
КазГУ қалашығы — көзімнің қарашығы! Эх…
Tarazkyzy
ҚазҰУ дегеніңе қарағанда, ол — ортақ махаббатымыз ғой деймін а?
Abilakim
Суретке түскен күні қара суық болды ма?
Tarazkyzy
Жоқ, күн шығып-ақ тұрған.
abdi111
Yilengensizbe
Tarazkyzy
Жоқ, тұрмыс құрғам
19852407
Күйеуі үйленген, Санду қыз түрмысқа шыққан
Tarazkyzy
Мәәә, қайдан біліп қойың:-)))
patick
Жалпы келбетті қыз/келіншек екенсіз
19852407
Қырмызы қыз. Қызыл көйлекті қалыңдық. Қызыл шырайлы келінчек. ЕҺҺҺ, уақыт мырза!
asaubota
Сандуғаш мысалы деймін да Ақтау, Тараз, Алматы жалпы қала атаулыдан қашып, ауылға өмір сүруге келдіңіз делік. Қайықшы болып нәпақа тауып жүрсіз мысал үшін. Бір күні бір ұлтшыл, бір діншіл және бір шалақазақты арғы бетке өткізуіңз керек болады. бірақ қайыққа тек бір адамды ала аласыз. өзіңіз жүйкеңіз сыр беріп жүрген адамсыз мысал үшін, артық дау-дамай, ұрыс-керісті көтере алмайсыз. бірақ, ана үшеуін арғы бетке шығару керек. қалай істейсіз? бірінші діншілді апарайын десеңіз ұлтшыл шалақазақты жеп қояды, шалақазақты апарайын десеңіз діншіл ұлтшылды жеп қояды.
Tarazkyzy
өзі бір ғана нұсқасы қалған сияқты ғой. Ұлтшыл табылсын жанымнан (жүйкем сыр беріп жүрсе, діншілдің әңгімесін, шалақазақтың «былдырын» көтере қоймаспын)
sigma
Жүйкміз норма болса да сол екеуін көтере алмаймыз
balzaminka
Танысқаныма қуаныштымын!

Қолөнерден өзге басқа қызығушылық бар ма?
Tarazkyzy
Мен де!
Тамақ жасау, кір жуу, үй жинау десем иә. Қалжың ғой. Басты қызығушылық — қолөнер. Аздап аспаздыққа, аздап музыкаға, аздап психологияға қызығам десем бола ма.
Әттең сурет салу келмейді қолымнан, дизайнер болар ма едім
aues
татынақай келіншек екен өзі
Tarazkyzy
татынақай?
aues
Біртүрлі естіледі йя? Қырғызшада сүйкімді деген сөз екен.
Zhan
Шынымды айтсам, біреуді бөліп айту қиын. Әйтеуір комменттерді оқығанымда, өзім пікір жазғым келмей қалатын кездер болады. Барлықтарың бір атаның балаларындай, бір-бірлеріңді тым жақсы танитын сияқтысыңдар. Мен сырттан адасып келіп қалғандай болам да, пікір жазу қисынсыз болып көрінеді.
Сандуғаш, «Керекке» келерде менде дәл осы күйді кешкем. Пікір жазғың келсе жаза бер. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Дұрыс болса қостайды, болмаса оны да көресің. Ең бастысы, мұнда білімді жастар көп.
Tarazkyzy
Жарайды, Zhan. Енді жазам:-)
VKM
ШҚО келіні,
Сонда жездеміз батыс жаққа кеткен бе?
Tarazkyzy
Иә, сол жездеңіздің арқасында Ақтауға кеп қалдық
shimaibek
Танысқаныма қуаныштымын, жеңгей! Мен Шимаймын!
madlen
Сұрақтар:
1. Балаларыңыз бар ма?
2. Күйеуіңіз қандай адам?
3. Ақтауда жұмыс бар ма екен сізге?
Tarazkyzy
1. Жоқ
2. Еліміздің Шығысынан, әскери қызметкер.Ғаламтор арқылы танысқанбыз(тегіміз бір). Жалпы жақсы адам (менімен салыстырғанда):-)
3. Келгеніме аса көп болған жоқ, бірақ сол жұмыс жағы қиын сияқты. Мұнда қызмет көрсету саласындағы жұмыстар көп екен. PR дегенді көп түсіне бермейді
madlen
Рахмет сұхбатыңызға! Танысқаныма қуаныштымын!
Tarazkyzy
Мен де қуаныштымын, Мадлен!
19852407
Санду е болмаса газет, тв-ны жағаламадың ба Ақтаудың
Tarazkyzy
Осы уақытқа дейін жағаламаған едім. Ұйымдастыру, жарнама, пиар жағын ары қарай алып жүргім келеді. Сол жазу келмейді-ау қолымнан.
19852407
Түсіндім, нағыз пиарщік қыз болдың ғой сен )))
AKA
Орамал әдемі-ақ жарасып тұр екен, жақын таныс болғаныма ризамын!  Сізге сұрағым:
1. Сүйіктіңіздің (күйеуіңіз) сізге сыйлаған алғашқы сыйлығы қандай?
2. Отбасылық өмірге қадам басқаннан кейінгі жасаған алғашқы тағамыңыз?
3. "Ғаламтор арқылы таныстық" дедіңіз, виртуалды әлемге қаншалықты сенімділік танытасыз?
4. Қорқынышыңыз?
Tarazkyzy
Рахмет, АКА!
1. Біз Жаңа жыл қарсаңында танысқанбыз. Алғашқы сыйлығы Барыс жұмсақ ойыншығы болды (оның үстіне мен барыс жылы туылғанмын).
2. Отбасылық өмірімдегі алғашқы тамақ дейсің бе? Хм, есімде жоқ екен. Палау болған шығар.
3. Сол ғаламторға көп сене бермейтін, телефонды тем более бермейтіндердің бірі болатынмын.Екеуміздің фамилиямыз бір болған соң қосқан болатынмын достарымның қатарына. Кейін немерелеріміздің "Қалай таныстыңдар?" деген сұрағына жауабым: «Ол менен мэйл руда авторизация сұрады» болатын шығар. Тағдыр дейтін шығар мұндайды.
4. Алладан ғана қорқамын.
izbasar
Танысқаныма қуаншытымын. Менің түсінгенміде қазір ДХИ- дан сияқтысыз қай курсындасыз?
Tarazkyzy
Домохозяйка болып отырғаныма жарты ай болды. Алла жазса, жұмысқа да шығармын
Zere
Санду, Ақтау қалай екен? Аққуларға сәлем айт. )))
Tarazkyzy
Сәлем, Анаркин! Аққулар әлі келмеді. Қар түскенде келетін шығар. Ақтау — кішкентай, таза әрі жылы қала. 160 мың тұрғыны бар дейді гугл.
Gulistan
Аққулар ендігі келген болар?
Tarazkyzy
Gulistan, келді аққулар!
Шо-то мына жерге суретті сала алмай жатырмын. Сәлден соң қайта көрем.
araika
Мендік сұрақтар:
1. Жолдасыңыз әскери қызметте депсіз, жалпы осы қызметтегі адамдар көбіне бірбеткей, өз әлемінде ғана өмір сүретін, тоқ етері жұмысына берілген жандар. Сіздің қосып-аларыңыз?
2.
— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жоқ
Сонда жолдасыңызда оқымай ма? Неге бірге қарамасқа?
Tarazkyzy
Жолдасым әскери қызметкер болғанмен, мүлдем жоғарыдағы айтылғандай емес. Керісінше маған келіңкірейді жоғарғы сипаттамалар:-). Жолдасымның мінезі керісінше, ақкөңіл, өкпелеу, ренжу дегенді білмейді.
Ол кісі ғаламторға көп кіре бермейді. Оның үстіне орыстілділеу.
a63a1
«Н» әріпіне қандай көзқарастасыз?
Tarazkyzy
Түсінбедім?
a63a1
))) Уопшым Тараз қаласы жайлы дегенімғой) Туған жеріңіз екені белгілі, бірақ өзіңе ұнайма?
Tarazkyzy
Ееее.Туған қалам болғанда да, негізі мен Меркіде дүниеге келгенмін. Бірақ Таразда бірнеше жыл тұрғаным бар. Таразда туған-туыс бар. Бірақ сол қалаға симаймын. Неге екенін білмеймін? Барғанымнан кеткенім тез болады. Араласатын орта, баратын жер қалмағаннан кейін шығар.Содан болар 3-4 жылда бір барам. Көбіне ауылдан қайтатынмын Алматыға.
araika
Сұрақты түрлендіріп қою деген
KILYZAMAN
Менің кемпірімнің ауылына жақын жердегі ауылдан екенсің… Меркі — жердің көркі. Қонақжайлылығы ерекеше жер.
Tarazkyzy
Апай сонда қай ауылдан?
KILYZAMAN
Көршің...
Tarazkyzy
слушайно Лугавойдан емес пе?
KILYZAMAN
Дәл өзі
Tarazkyzy
Өзінен бе әлде өзінен емес пе? (апам турады Қарақыстақ /Каменка/ деген жерде)
KILYZAMAN
Реал өмірлерінде сілекейлері шұбырғандардың виртуал шабуылына ЖОЛ ЖОҚ!!! ТЕНТІРЕСІН мен өлгенше
Tarazkyzy
мен не дейм? Сіз не дейсіз? Түсінбедім
Adiletshu
Меркі бізге де көрші го. Жезде
KILYZAMAN
Құлақтан дәмеленбе? Күрестен аман қалғаны сіресе-сіресе жоқ болды
sammita
 қазақша білмеймін дейді еще)
KILYZAMAN
Айтпағанымды айттың — жасау ниеттегі құлшынысыңа себеп барма?
sammita
а?
KILYZAMAN
қазақша білмеймін
— демеген шығармын. Грамм, орфоэп, орфогр — ларды мойындағаным болмаса  Стиль дейтіндей стиляга да емеспін
sammita
Грамм, орфоэп, орфогр — ларды
мынаны ғана білмесеңіз онда қазақшаға сауатты екенсіз)))
KILYZAMAN
Не Максим емес(Горький), не Мақым емес, не ақын емес — жүрген біреумін —
Zilola
Ақтауда неше уақыт аялдайсыңдар?
Мен бұйыртса келесі жылы, сәуірде барамын Ақтауға, қыдыруға. Сол кезде кездесіп жатсақ дегенім ғо )
Tarazkyzy
Бір Аллаға аян. Бізге салса азырақ аялдар едік.Сен келгенде осында боламын ғой. Хабарлас. А то іш пысқанский. Ешкімді танымайм.
Maya
Танысқаныма қуаныштымын!!!
Gastarbaiter
Шабысыңызды көрелік
Сигма мен Марат быраттың Солай.Де-дегі "Әр адамға бір тақырып" идеясына ұқсайды екен.
Қазақша Әлеуметтік Тордың жоқтығын толықтырып тұрғандай бұл серия.
TERISKEY
Оххх, мен енді көрватрм мына сұхбатты. Бәсе, бұл қыз/келіншек таныс секілді көрінівед, ҚазҰУлық екен ғо, қуаныштымыз
Tarazkyzy
"… таныс секілді көрінівед"? Таныспыз ба?
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.