Таныс болыңыздар: izbasar

  • Автор
izbasar — Айбек Қуандық. 1982 жылы Моңғол Халық Республикасы (сол кезде) Бай-Өлке өңірінде дүние есігін ашыпты. Отбасында үлкені. Қазір көмірлі Екібастұзда № 25 — гимназияда ұстаз.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Бұрын Дауай қз ға тіркелген едім бірақ қолданбадым. Биыл көктемнен бастап Керекинфоны тұрақты қолданып жүрмін. Керекинфоның маған ұнайтын себебі қазақша еркін ойлайтын жастардың болуы.

— Күніне неше рет кіресің?
— Күні бойы отырам десем өтірік болар, жұмыс арасы үзілістерде ғаламторға кірген кезде міндетті түрде кешкісін үйде Керекинфоға ілініп қалуым мүмкін.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Жалпы танымдық тақырыптары ұнайды.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Ешкімді бөліп жармаймын бірақта пікір беруде дөрекілік болып жатады. Достар аздап сабыр сақтаса деймін. Ақылға қонымды пікірлердің барлығын қабылдаймын. Әрине сыни пікірлер болған дұрыс деп қабылдаймын.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жоқ

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Жалпы ұнайды. Қолдануға ыңғайлы.

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

101 пікір

asaubota
салмақты, байсалды пікірлеріңе қарап үлкен жігіт шығар деп ойлайтынмын. өзіміз қатар екенсің  мұғалім екенің бірден байқалады.
izbasar
Рахмет Аршат, жұмыстар қарбаласып кіруге мұрша болмай кетті. Кеш жазып жатырмын.
dark_nazgul
салмақты, байсалды пікірлеріңе қарап үлкен жігіт шығар деп ойлайтынмын. өзіміз қатар екенсің
осыны жазайын деп келсем)))
a63a1
мен наоборот 83 пен 85 тің арасындағы жігіт шығар десем,
izbasar
Көбі солай ойлайды. Сол екеуінің ортасындағылармен оқығам.
dark_nazgul
Атың Айбек пе, Қуандық па?
MickThatsMyNick
Қателеспесем бірінші ат жүреді, екінші пәмиля.)
izbasar
Айбек Қуандықтың баласы.
Armanjan
Қазір сабағы болып жатқан шығар, түстен кейін жауаптары болып қалар.
Aikona
туысқан сияқтысыздар ғой біразыңыз
sammita
дұрыс байқағансыз Айкона
izbasar
туысқан сияқтысыздар ғой біразыңыз
қандай мағынада?
izbasar
Бүгін уақыт бомады кіруге кеш келдім. Оқушыларымды облыстық ғылыми жобалар сайысына жібердім. Ертен жарыс мен үшін тілек тілеп қойыңдаршы. Көп тілегі көл.
Delhi
Танысқаныма қуаныштымын.
— Қай пәннен сабақ бересіз?
— Ұстаз болғанынызға қанша уақыт болды?
— Ер адамға ұстаз болған қиын дейді, распа?
izbasar
Менде танысқаныма қуаныштымын. Керекке келгелі қазақы ойлайтын жасатармен танысып жатырмын.
Тарих және география пәндерінен сабақ беремін.
6-шы жылы жұмыс жасап жатырмын.
Әр қызметтің өзіндік қиындықтары бар ғой. Бастапқыда қиын болды шүкір қазір төселіп қалдық.
sammita
пікір төбелесінде көзім шалмапты, демек (ДинаТөлепбергеннің стилімен тәртіпті қолданушы.
Қай пәннен сабақ бересің, өзіңе ұнай ма оқушылармен жұмыс істеген?
izbasar
Жұмысым ұнайды теке аздаған қағаз бастылық қана болмаса. Оқушылармен шығармашылық жұмыстар жасағанды ұнатамын.
izbasar
ДинаТөлепбергеннің стилі
ол кім? қандай стиль қолданады?
dark_nazgul
жұртқа «тауарлық түріңді жоғалтып алма!» деп кеңес береді))
izbasar
Әркім өз витиринасында тұр ғой. Жалпы тауарлық кейіптің сыртында расында көрсеткен дұрыс. Кейін айнып қалмай тұрғанда.
sammita
«демеек» сөзін жиі әрі ретсіз қолданады өзінше бір мақаммен.
madlen
Сұрақтар:
1. Қазақстанға қашан қоныс аудардыңыз?
2. Аватарыңыздағы кімнің суреттері?
3. Сабаққа арналған сайтыңыз жұмыс жасап тұр ма?
izbasar
1993 қыркүйектің 3 әлі есімде. Зайсан ауданыныа келгеміз. Екібастұзда 1995 жылдан тұрамын.
Аватарда әріптестерім.
Сайт жұмыс жасауда әріптестерімнің игілігіне жараса жетістігім.
Gastarbaiter
Қыздардың атынан сұрақ:
1) Басыңыз бос ба?
2) Болашақта директор болу ойыңызда ма? Жалпы жоспарыңыз қандай?
3) Сізге қандай қыздар ұнайды?
izbasar
1)Отбасым бар. Екі қыздың әкесімін.
2) Сержан әріптесімнің Your text to link... мектепке директор керек постысын оқысаң түңіліп кетер едің. Бірақ…
3) Қазақтың қаракөз аруларының бәрі…
saken
Екібастұздағы қазақ тілінің жағдайы онша емес сияқты көрінді. Әлде мен Қызылордадан барғасын ба екен. Сенің ойыңша қалай жағдайы тіліміздің? Оқушылар үзіліс кезінде қай тілде сөйлеседі?
izbasar
Жалпы балық басынна шіриді дейді ғой. Ел ағалары көңіл аудармаған тілде не қадір қалды дейсің. Екібастұзға 1995 жылы келгенде орысша сөйлеген қазақтарды көріп таң қалғамын. Осындайда болады екен ғой деп. Қазірде сол шамадан жылжығаны байқалмайды. Қалада 25 мектеп соның 6 ғана таза қазақ тілінде.  амал который дейсің.
balzaminka
Қуаныштымын танысқаныма! Еңбекті ақтар шәкірттер көп болсын!

Бай-Өлке өңірінде қай ел (ру) шоғырланған?
Abilakim
Керейлер деп естідім. сол рас па екенін сұрайық Айбектен. Екі сұраққа бір жауап күтеміз
Aigolek
ия керейлер. Кытайдан жане Монголиядан келгендердин бари керейлер
VKM
Керей қайда барасың? ©деген бар еді ғой)
izbasar
Бұқар бабамыздың жырынан үзінді
izbasar
Рахмет Балзаминка. Бай-Өлкеде негізінен Керейлер мекен етеді. Найман, Уақтар бар.
KILYZAMAN
Отанына оралған отбасыңның ізгі ниетінің жемісін көруіңе тілектеспін. Ұстаз екенсің — ілікті ілімің молайып, білікті шәкірттеріңнің жемісі мол болғай. Мұңғыл жерінен келетін сендердің отбасыларыңның Ізбасарлары көп болғай!!!
izbasar
Рахмет ағасы. Жалып сырттағы 5 млн қазақ еліне оралуына менде қатты тілеймін.
VKM
Керей болсаңыз, маған ағасыз.Қош келдіңіз!
izbasar
М, қай керейсің абақпа, ашамайлыма? Бай-Өлке шекараның ары жағында қалып қойғаны болмаса түбі біздің жер ғой. Ол жақта абақ керейлер мекен етеді.
Aya
Менің де ағам болып шықтыңыз ғой))Танысқаныма қуаныштымын…
izbasar
Cаған аға болғаныма қуанып қалдым Аия.
dark_nazgul
бір кездері Төртуылға үкірдай болған Демежан керейдің баласы еді ғой))
VKM
вааай,Aya, систа)))
VKM
Біздің көп туыстар сол жақта екен. Папам іздеп жүрген.Шежіре керек Абақ Керейлердің.Болса бөлісесіз бе?
izbasar
VKM қарасрырайын. Бірақ өзімде нақты жоқ.
VKM
рахмет!
izbasar
Ол жақтағы туысқандарың туралы дерек білесіңдерме? Олар кім? Не қызмет қашан кетті? т.б.
VKM
Папамның апасы егіздің біреуі. Айымбүбі әже.Екіншсі Нұрбүбі әже Қытай жаққа өтіп кетіпті.Советтер келер кезде, біздің әжеміз ауыру болғасын, ауылдағы ең кедей адамға,15 жасында тұрмысқа беріп кетіпті. Қалған бар ағайындары кетіп қалған ғойү Олар кім екенін білмеймін.Папамның барлық нағашылары сол жақта.
izbasar
М, жөн екен. Ол заман қаншама қазақ туғанынан айырылды ғой. Папаң нағашысының тарихы менің аталарымнынң тарихын уқсас екен.
VKM
иә,қиын кездер…
izbasar
Менің аталарым Қытайдан 30 жылдары Моңғол ауған екен. Атамыз жұртта қалыпты ауылды толығымен қытайлар қырып кеткен. Сосын бір ағасы орманда жүріп тірі қалыпты. Екеуі түнімен моңғол ауып кеткен.
VKM
сұмдық, иә? Бар туысқаннан бірден айырылған…
izbasar
Айтпа қарындасым қазақтың басы қайда қалмады дейсің.
John
менімен түйедей құдас екенсін, біздің группада оқыды оралман жігіт (айып етпеңіз), ұмытпасам сол өлкеден дейм-ау, кейін павлодарға көшті…
izbasar
Джон құрдас, биттейде де құрдасы едік түйедей құрдас екенсің қуаныштымын. Мақаш ағаның қазақ лексиконына қосқан термині құлаққа түрпідей тиеді. Группаласыңыздың есімі кім еді?
TERISKEY
оралман
Мақаш ағаның қазақ лексиконына қосқан термині құлаққа түрпідей тиеді.
Бұл терминді Мақаш Тәтімов емес, Әкім Ысқақ қосты емес пе?
izbasar
Ол кісі туралы бір арнайы бағдарламадан естігенмін сосын айттым. Әкім Ысқақ ең алғаш Қазақ тілінде көші-қон туралы заңның аптыры. Заңда бұл термин қолданылған шығар.
shimaibek
Танысқаныма қуаныштымын, ағасы! Мен Шимаймын!
izbasar
Менде қуаныштымын Шимайбек, Мәндіде мғыналы шимайларың көп болсын. Шимайлап жүре бер.
a63a1
Мұртты жігіт?
izbasar
a63a1
мұртты бекерге қырдың)
izbasar
Ол бір жолдас жігіт потощөпта жасап беріп еді. Әріптестер қорқа бастағасын қырып тастадым.
araika
расыменде, қорықтық Және үлкен кісі деп ойладық…
izbasar
Сенен бар болғаны сегіз жас үлкен екенмін. Меніңде сен сияқты қарындасым бар.
izbasar
Осында жас шамасынан Қилызаман ағамның есіміне қарап арамыздағы ең ересегі сол кісіме деп жүремін.
saken
Қилы-қилы замандардан өткен адамға ұқсайды ма?
izbasar
Онысын білмеймін жасы үлкен сияқты оны ол ағамыз туралы шығып жатса біле жатармыз.
izbasar
Мұрт еркектерге көрік береді ғой.
Aya
АЙБЫНЫДЫЛЫҚ!!!
Aya
Айбын…
Gastarbaiter
Мұртты екі индус жігіттің ерекше айбындылықпен сүйісіп тұрғанынын көргем Алматының көшесінде.
Gastarbaiter
Жәй, шәй үстінде әңгіме болсын деп.
izbasar
шай дәмді болды ғой деймін.
Aizhantabyn
фуууу блин, айтпашы сондай заттарды за столом!!!
araika
Сұрақ: Оқушыларыңыздың өтінішін қаншалықты орындайсыз? Бағаға жомартпыз ба?
izbasar
Мен жұмыс жасайтын мектепте бірыңғай қыз балалар оқиды. Бағаға сараң емеспін. Мен үшін 3 деген баға 2 — ге тең. Менде оқушы болғамын. қазір түсініп жүрмін сол кездегі жағдаймен қазіргі жағдайды. бағалауда көп айырмашылық жоқ сол уақыттада өтірік 4-5 алып жүріппіз.
araika
бірыңғай қыз балалар оқиды
КТЛ дейін десем, жоғарыда гимназия деп жазыпсыз
izbasar
Қазақстан бойынша таза қыз балалар оқитын КТЛ дан басқа 4 гимназия бар. Соның бірі әрі бірінші болып 1993 жылы біздің гимназия ашылыпты.
asaubota
кілең қыздарға сабақ беру қалай, қиыншылықтары бар ма?
konvict
Қыздар лицейінде сантехник болып жұмыс істейтін бір таныс жігіт бар еді
izbasar
Не дейді сантехник братан?
izbasar
Алдында аралас мектепте ісеген едім. Онда сыныптағы балардың тәртібі қиындау болған. Әр қайсысы бір-бір ерке. 5 сыныпта Азамат деген баланың иығынан ұстап тұрып сабақ беретінмін. Әйтпесе тұрып кетеді.
Мына мектепте тәртіп жақсы, сабақ арасында үзіліс болғанында білмей қаласың. Құлағың тыныш сабағынды еш кедергісіз қалауыңша бересің. Тек бір кемшілік қыздың аты қыз, ұлдың аты ұл ұлдардың логикалары мықты келеді.
meirzhan
Бірақ қыздар ұқыпты келеді ғой, еңбекқор және де. Оқуда ең керегі осы ғой.
izbasar
Иә ұлдар бастары істегенмен жалқау болады. қыздар еңбекқор айтқаныңды екі етпей орындайды ғой.
asaubota
Астанаға жолың түсіп жатса хабарлас.
izbasar
Әлбетте рахмет! Керекшілер кездесіп жатқанын сырттай ғана бақылап жүремін. Біздің өңірде аз ғой қолданушылар. Біраз жігіттерге ұсынып едім әрекетсіз болып жатыр.
dark_nazgul
Алматыға келсең де хабарлас))
izbasar
Әрине хабарласам, Екібастұз жаққа жол түссе хабарлас.
serjan
Жақынырақ танысқаныма қуаныштымын әріптес, бұл жігітімізде білдей бір сайттың админі jagrafia.ucoz.kz/ географияға арналған сайттың болашағынан зор үміт күтеміз.
izbasar
Сераға қатты мақтап жібердің ғой, рахмет сенен ерте кірісемде жете алмай қаламба деймін.
meirzhan
Сайт таза географияға арналған ба? Ал тарих ше?
Негізгі мамандығың қандай? географ әлде тарих? Бұрын осы екі мамандықты бірге оқытатын.
izbasar
Тарих және география негізі басныд географиядан бердим қазір екеуіненде беремін. Сайт таза географияға емес аралас, материал қандай пәннен қолыма түседі соол пәнге арналған бетке салуға тырысмын. Негізгі мақста қазақ тілді оқу- әдістемелік кешендер арқылы қазақ тілді ұстаздарға көмек болсын деген ғой.
meirzhan
ааа, онда сайтты жаңалайтын болсаң, сайт атын ескерерсің. Әйтпесе сайт атынан тек географияға арналған деп ұғуға болады екен.
izbasar
Рахмет, ол ойда жүрген мәселе соны қазақстандық платформаға ауыстыруды ойлап жүрмін. Қазнетке көшіруге техникалық сауат жетіспей жатыр. Мүмкін Керекшілер арасынан көмек бере алатындар табылып қалар.
serjan
Алдымен хостинг пен доменді сатып ал, сосын олар берген логин мен паролді (хостингкке кіретін) алып сақтап қойған соң осындағылардың қай қайсысы болсада көмектеседі, логин мен паролді берсең 15 минутта движокты тастай салады хостингке, ұзағанда 15 мың кетеді. болды сайт дайын ары қарай озің жалғастыра бересің.
izbasar
М, рахмет өзің сайтың қай хостингкте орналасқан.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.