МАҒАН НЕ ҰНАП, НЕ ҰНАМАЙДЫ...

  • Автор
ҰНАЙДЫ:
Суда жүзу;
— Форель шаруашылығындағы түрлі балықтар;
— Қазіргі қазақ поэзиясынан Н.Бердалының әр түрлі тақырыптағы өлеңдері;
— М.Түсіпбаева оқитын Н.Бердаланың «Тағы бір күн»монологы";
Редакцияға келетін оқырмандардың (өз қолдарымен жазылған) пошта арқылы жіберген түрлі тақырыптағы хаттары, оларға жауап қайтару;
Коллективтің жиындары;
— Кеш ұйықтау, ұйқыдан күліп ояну;
Сергек кездегі жұмыс, таңертең немесе түнде
— Тып-тыныш кезде жазылған мақала;
— Тап-таза ауа. Көрікті аула. Табиғаттың тылсым сырлары;
— Әдемі сурет көру немесе әсерлі шығарма оқу;
Классикалық туындылар;
— М.Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы, Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» туындысы, Шекспирдің сонеттері, М.Гумеровтің «Құпия дәптер» шығармасы, Джонатан Свифттің «Путешествия Гулливера» атты кітабы;
— Кенеттен келген жақсы идеялар;
Тосын сый;
— Күтпеген кездесу; 
— Бөлмені қолдан әр түрлі нәрселер жасап, жабыстыру арқылы әсемдеу;
Жаңбыр жауған кез;
Театрдағы адамды терең ойға батыратын қойылымдар;
— Достармен жақсы араласу, сағынысып көрісу, сыр шертісу;
— Көркем шығармалардағы ерекше детальдар;
Көңіл күйіме қарай музыка тыңдау;
Қызықты деректер оқу;
— Анамның сенім артуы, жібектей мінезі, ақкөңілдігі;
— Әкемнің үнемі айтатын ақылдары;
— Інімнің оқыған шығармаларын талдауы;
— Сіңлімнің салмақтылығы;
— Экскурсия жүргізіп тұрған кезде, тыңдаушылардың композияцияларға қызығып, сұрақтар құюы, өздеріне үлкен ой түйіп, ерекше әсермен қайтуы;
— Журналдың дизайнын жасау;
— Күнделік жазу;
Оптимист адамдар;
— Ойға алған ісімнің уақытында орындалуы;
— Әр түрлі тренингтер;
«Махаббат бекеті»көркем фильмі мен фильмдегі әдеееееееееееееемі әуен;
— Бас редактордың көңілді болып отырған кезінде айтатын әңгімелері;
— Мұражайлардағы құнды экспонаттар;
— Қарапайымдылық;
Сегіз қырлы, бір сырлы адамдар;
Арайлап атқан әрбір таң;
-Қонақ шақыру;
Еркелеп сөйлеу;
Берілген тапсырмаларды ерте бітіріп, сайттарда отыру;
— Ұлттық кітапханадағы сирек кездесетін қолжазбалар қоры;
Тарихи орындар;
— Ерекше нәрселер;
Ой, тізе берсек көөөөөөөөөөп болып кетеді екен, осымен аяқтайын))
Ұнамайды:  
Өмірдің түрлі жазылмаған заңдары...
Саудасалу, сатушылардың өз затын өткізу үшін адамның іші-бауырына кіріп кетуі;
— Отырыстарда асабаның тым анайы анекдоттар айтып, жұртты қыран-топан күлкіге айналдырамын деп ойлайтыны;
— Тырнақ астынан кір іздейтіндер;
Кімнің тарысы піссе, соның қазанында қайнайтындар;
— Ұяңдығым;
— Сабақты түсінбей, тек жаттап алып бүгін айтып, ертең сұрасаң білмейтіндер;
Кітап оқысам болды, ұйқым келеді дейтіндер;
— Агенттегі келетін түрлі спамдар мен айтуға тұрмайтын әңгімелер;
— Бетіңе күліп қойып, соңыннан өзіңді біраз жерге апарып тастайтындар;
Сериалдардағы бірдей мотивтер;
— Қыздардың жігітті қалтасамен бағалауы;
— Жігіттердің «жылтыр» сөздері;
Махаббаттағы тұрақсыздық;
— Жаргон сөздер;
— Жалпы, өмірдің мәні тек қана ақшада деп санайтындар;
Өз ата-анасын қарттар үйіне өткізетіндер мен туған баласын тастап кететіндер;
— Таксистердің қылмыңдауы;
Телефонмен танысқысы келетіндер;]
— Алғаш танысқан адамның телефон нөмір сұрауы;
— Өзгелердің пікірімен мүлде санаспай, тек өзінікін ғана дұрыс деп есептейтін адамдар;
— Одан ешкім ештеңке сұрамаса да, өмірі «жоқ» деп жоғалып жүретін адамдар;
— Пессимист адамдар;
Ештеңкені жақтырмайтын адамдар;
— Кез келген дүниеге жеңіл қарайтын адамдар;
— Аурухана, дәріханалардағы дәрілердің иісі;
Руға, жерге, елге бөліну;
— Түрлі компанияда (желілік маркетинг) жұмыс істейтін адамдардың құр уақытты алып, «Сіз осы компанияға жұмысқа кірсеңіз, өміріңіз мынандай болып шыға келеді дейтіндер...»;
Қажет кезде іздеген заттың табылмай қоятыны;
— Шулы орта, әсіресе кітапханадағы шуыл;
Қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстамайтындар;
— Уәдесінде тұрмайтындар;
Адамдардың гүлді аяусыз жұлуы;
— Қан-төгіс, атыс-шабыс видео, кино, ойын;
— Саны бар, сапасы жоқ оқулықтар;;
Мағынасыз қойылған кісі есімдері;
— Кекшілдер;
— Болмайтын дүниеге ренжіп қалатындар;
Нәтижесіз ереуілдер, жалған патриоттылық;
— Қағаз жүзінде қалып, іс жүзетінде орындалмайтын нәрселер;
— «Книжный городтағы» төл туындылардың сиректігі;
Кафелердегі көк түтін, әсіресе, «Ситидегі»;
— Ішіп алып, өзінің не айтып, не қойғанын білмейтін мастар, перегар.
«Жұрттың қыздары пысық, бәле, сабағына да жұмысына да үлгереді» деп жақтыртпай сөйлейтіндер
estetika91

НАЗИРА Бурханова
Главный специалист
Ғылым ордасы

    Ұқсас посттар

    217 пікір

    Unknown
    Жігіттердің «жылтыр» сөздері Мысалы қандай сөздер? жылтыр логикам жетпи жатыр?
    estetika91
    Енді, нақты сізге қатысты айтылып тұрған жоқ. Бүкіл жігіттер сондай деп те көптің бетіне топырақ шашудан аулақпын. Десек те, жігіттердің «жан», «күйдім», «сүйдім» деп айтуға дайын тұратындары мүлде ұнамайды. Осы сөздердің құнын кетіріп алған сияқтымыз. Шын жақсы көру осындай арзан сөздермен шектелмейді…
    Unknown
    Менің аузымнан ондай сөздер арман кейбір қыздарға деп понтаваться етіп қоймасам
    estetika91
    Шынымен бе, Unknown?
    Пікіріңіз, «Менің аузымнан ондай сөздер арман кейбір қыздарға» дегеніңізге қарағанда көп қыздарға айтамын, тек кейбір қыздар болмаса дегенге саяды... Солай ма?
    Unknown
    Мүлдем олай емес тура мағынада айтқам, логикаңыз керемет. Бірақ мені қате түсіндіңіз
    estetika91
    ))) Сізді қалай дұрыс түсінсем болады екен?..
    satibaldi
    Астапырбудда, осы жұрттың қыздары пысық: сабағына да, жұмысына да, пост жазып та үлгіреді.
    estetika91
    Астапыралла, осы Сатыбалды-ақ, үлгеріп жүреді коммент. жазып бәріне… Дәруішөлгеннен тіріліп келген секілді, Астапыралла
    satibaldi
    estetika91 , бір сөзіңде ксива қарап, ботать еткен ұнайды депсіз. Челкач, Юра Магаданнан звоноктар болып тұрмай ма?
    estetika91
    Жалпы халыққа түсінікті емес, терминдермен сөйлейтін адам ұнайды десем бола ма?..
    satibaldi
    — Нәтижесіз ереуілдер, жалған патриоттылық;
    Бұдан, нәтиже шығатын ереуілдерді ұнатады деп шешсем бола ма?
    estetika91
    Нәтиже шығатын ереуілдер мүлде болмайтын шығар деп шешсеңіз болады, Сатеке…
    satibaldi
    Маған өмір үйретіватсың бо сондо?
    estetika91
    Жоооқ, бірақ, өмірдің өзі үйренуден тұрады емес пе?..
    satibaldi
    Софистикаға құмарсың. Мықты құмарсың.
    estetika91
    Қай тұрғыда айтасыз?..
    satibaldi
    Тұрғын үй бағдарламасы тұрғысынан айтып тұрмын.
    estetika91
    Нақтырақ айтқанда…
    satibaldi
    Оны түсінуің үшің сен маған күйеуге шығуың керек.
    estetika91
    Басқа варианттар жоқ па?..
    satibaldi
    Басқа варианты бар: мен саған бай болуға келісімімді беруім керек.
    a63a1
    ұйқыдан күліп ояну;
    Күліп ұйықтағаным болмаса, күліп тұрған күнім есімде жоқ екен Жаңа тұрдым, күлуден бұрын бас ауырып отыр
    estetika91
    Бұрындары кім ерте тұрса, сол көп іс бітіреді дейтін еді, ал, қазір кім ұйқыдан күліп оянады сол, нәтижеге жетеді делінеді дейді екен
    a63a1
    Қазір керісінше екеніне көзім жетті, кім кеш жатады сол көп іс бітіреді екен.
    a63a1
    тіршіліктің бәрі сағат 18-00 ден кейін басталады
    estetika91
    18-00 ден кейін жұмыстағы жұмыстан, сабақтағысы сабақтан келген соң ба?
    a63a1
    ия жұмыстан кейін қосымша табыс көздерін іздей бастайсың
    estetika91
      Логиканың мықты))) Ия, бұл пікіріңізбен келісемін…
    Бірақ, ол әркімге әрқалай))
    estetika91
    Басыңыз ауырып тұрса, оның емі — басыңыздың ауырғаны жөнінде мүлде ұмыту. Сатыбалдының бір-екі посттын оқып, күліп отырсаңыз, бірден жазылып кетесіз)
    a63a1
    )) Ақылыңызға рахмет, С-ның посттарына күліп алғам, қайта күле алмайтын шығармын, мен үшін жаңа пост жазады дегенге күмәнім бар
    estetika91
    Ақыл емес, достық пейіл деп қабылғаныңыз дұрыс болар…
    Мен үшін жаңа пост жаза алмас деп көп күмәндана бермеңіз)))
    Өмірде бәрі мүмкін ғой. Қазір ештеңкеге таңқалмайтын болдық қой)))
    a63a1
    Аяз атаның жоқтығына көзім жеткен күннен бастап таң қалудан қалып едім
    estetika91
    Қазірде адамдар ертегіге де сенбейтін болып кетті ғой...)))
    estetika91
    Сізді қалай таңқалдырсақ екен?..
    Adiletshu
    Сәлем. Танысқаныма қуаныштымын. Телефон нөміріңді берші.
    estetika91
    Менде телефон бар екенініне сенімдісіз бе?)
    Adiletshu
    Сенімдімін
    estetika91
     Активті ме, билайнды ма?))
    Adiletshu
    бір емес екі телефон бар екен
    estetika91
    Мүмкін екі нөмір салынатын телефоным бар шығар))
    estetika91
    Мүмкін екі нөмір салынатын бір ғана телефоным бар шығар
    izbasar
    Бұл алыдыңғы эстафеталардың толықтырылып берілуіме?
    estetika91
    Әркім өз ойынан хабар береді деген…
    izbasar
    Cолай ойлап тұрмын ғой есіңе түссе Ұнайды-ұнамайды, Ұнайт-ұнамайт, найт- майт, деген постар қаптап кеткен. Соны толықтырғаныңба дегенім ғой.
    estetika91
     Бұл эстафета баяғыдан бері жазылып келе жатыр және алдағы уақытта да өз жалғасын табатын сияқты…
    izbasar
    Қызықты боларына сенімдімін.
    estetika91
    Айтпақшы, сіз осы тақырыпта эстафета жаздыңыз ба?
    VKM
    estetika91, күүүшті!
    Сенімен дос болғым келіп кетті.
    AKY
    Дос болуға тұрарлық
    Өзім риза болдым осы сіңліме.
    estetika91
     Рахмеееееееееет, AKY)))
    Сіздің салмақтылығыңыз, орынды сөздеріңіз маған қатты ұнады)
    sammita
    орынды сөздеріңіз
    AKY
    Сәйкесінше орынсыз сөздерім ұнамапТ
    madlen
    Орынды-орынсыз сөйлей бергенсіз ғой
    AKY
      — Мадлен
    estetika91
    Мадлен,AKY сіздер мені дұрыс түсінбей қалған сияқтысыздар…
    Мен орынды сөздеріңіз маған қатты ұнады дегенде, орынсыз сөздеріңіз де болды деген нәрсені айтым келген жоқ. Мысалы, Мадлен мен сізге "Үстіңіздегі ақ көйлегеңіз ұнады десем, менің қара көйлегім ұнамаған екен деген қорытынды жасамайсыз ғой сол сияқты дүние… (Артық айтып кетсем, кешіріңіз!)
    madlen
    Ойбу, сонша күйіп піскені несі, қыз-ау Бәздәі барлық сөзімізге көңіл бөле берме, қалжың ғой
    estetika91
    Рахмееееееееееет, Венерочка))))
    Әрине, дос болайық!
    araika
    Біраз нәрсені тізіп шығыпсың Осы жазылғандар арқылы өзің жайлы біле түсетініміз анық.
    Кітап оқысам болды, ұйқым келеді дейтіндер
    Бұрын тест кітаптарын ұстасам болды, осындай жағдай болатын. Негізі, бұл санаға сіңген өзгелердің сөздерінен пайда болған-ды.
    Esmeralda
    Кітап оқысам болды, ұйқым келеді дейтіндер
    Кітапты әсіресе түнге қарай көп оқитындықтан, менің де ұйқым келеді. Назираға ұнамайды екем
    estetika91
    «Кітап оқысам болды, ұйқым келеді дейтіндер» дейтіндердің басым көпшілігі мүлдем кітап бетін ашпайтын, еріншектер ғой) Сізді еріншек дегенге қия алмаймын, Esmeralda)
    Esmeralda
    рахмет, мен қалжыңдағам)
    estetika91
    «Біраз нәрсені тізіп шығыпсың Осы жазылғандар арқылы өзің жайлы біле түсетініміз анық»- дегеніңізге қарағанда, жазбаны оқып, Эстетика қандай «капризная» деп отырған шығарсыз, Арайка?)
    KILYZAMAN
    1.Білгеніне пілдей салмағы бар(Нар ?) — Түйтуықтарға ұнамайды...
    2Бөлісіп көбейткенге не жетсін…
    Қатты ұнайтын нәресе — біртұтастық, жетпейтіні — жеті атаңды білу себебі ол жаратушының сапалы зауыты. Қалағаны пендешілік — олай болса, қазақ — азақ болса да Сапалы пенде...? Ізденісті жаратушы бізге милллллллллллиграм сұр нәрсе бере отырып, осырып қоймағанына кепіл қалдырмапты — Өзім,өзім ғой шірікін — өзгелер ұқсағысы келсе не айып? Осы жердегі айыпты Сатыбалатындар табады: Сатыбалды — пенде емеспе?..
    KILYZAMAN
    Оқып шықтым өзімнің жазғанымды… Жаратушының жазуы сол шығар — ұнамады
    KILYZAMAN
    Күбірлеп алайыншы: Неге ғана айтар ойыңды алдын ала өңдеп алмағансың? — деген сайқал ойымды, бәйбіше ойым жоқ қылып жібереді ше… Ендігі кезек тоқалдікі
    estetika91
    Сонымен тоқал ойыңыз не дейді?..
    estetika91
    Өмірдің барлық нәрсенің бірдей адамға ұнауы шар емес қой…
    Adiletshu
    Қилеке, психиатордың нөмірі керек пе
    estetika91
     "Қатты ұнайтын нәресе — біртұтастық, жетпейтіні — жеті атаңды білу себебі ол жаратушының сапалы зауыты. Қалағаны пендешілік — олай болса, қазақ — азақ болса да Сапалы пенде...?" Осы жерден нақтырақ...
    e_zhalgas
    не болса да, ұнамайтындардың ішінде армансыз кеттім, көп пункт бойынша  
    дегенмен, мынаны кішкене меңгере алмадым:
    «Книжный городтағы» төл туындылардың сиректігі;
    estetika91
    Смайликтерді қолдануды сиреткен сияқтысыз ғой, Жалғас мырза))
    Меганың жоғарғы жағындағы (Разыбакиев көшесі 281) «Книжный город» кітап дүкеніне жиі баруды әдетке айналдырғалы қашан. Өте жақсы кітаптар, брошюралар сатылады сол жерде. Алайда, соншама кітаптың ішінен ана тілімізде жазылған тамаша кітаптарды табуыңыз неғайбыл(((((
    estetika91
    Сондағы жаңа түскен кітаптарды көріп, сатып алуға барғанда, ойға батамын «Неліктен мұнда төл туындылар сатылымда тұрмайды екен осы деп…
    e_zhalgas
    демек, жоқ немесе өтпейді!
    estetika91
     Мүлде жоқ десе де болады(((( Бірақ, күлетін жағдай емес…
    AKA
    Жазбаны оқып, Назираны салмақты, мәдениетті, тиянақты, адалдық пен нәзіктікті жаны сүйетін адам ретінде қабылдадым.
    Жұмысыңды жақсы көресің-ау, адамдармен қарым-қатынасты да…
    estetika91
    Мені асыра мақтап жібердің ғой, АКА))
    Адамдармен қарым-қатынасты да журналистиканы да жақсы көретіндігім рас)))
    Zere
    Алғаш танысқан адамның телефон нөмір сұрауы;
    Сонда ол адаммен екінші, не үшінші рет кездесуің керек пе? Ал ондай кездесу болмайтын сәттер болса ше? Мысалы, жолда кездейсоқ танысып қалдың делік…
    estetika91
    Егер, тағдыр қосса, міндетті түрде кездестіреді деп ойлаймын. Қалай болғанда да танысқысы келіп өтірік сағат сұрап, одан бірден нөмір сұрап, ата-атаңның туысқандарыңның, өзіңнің қайда жұмыс істейтіндігіңді сұрайтын жігіттер ұнамайды)))
    Erkekyz
    Ортақ ұнататын, ұнатпайтындарымыз көп екен былай)))
    Тек мынаны онша ұнатпаймын:
    — Қазіргі қазақ поэзиясынан Н.Бердалының әр түрлі тақырыптағы өлеңдері;
    estetika91
    Сізге автордың өзі ұнамай ма, әлде шығармашылығы ұнамай ма, Еркеқыз?
    Erkekyz
    Автордың өзі ұнамайды.
    Erlan
    Пивы ішкен унайды )), бірақ ертесіне басың сыныватқаны намайды ((
    estetika91
    Ортақ тұстарымыздың болуы заңдылық та шығар…
    Әдетте, бізге ағаш бастарындағы барлық жапырақтар бірдей скеілді көрінеді ғой. Алайда, олай емес екен.
    Н.Бердалының өлеңдеріндегі мөлдірлілік, сыршылдық маған қатты ұнайды.
    estetika91
    ((((( Темекі тартқан ше?
    Erlan
    ұнамайды темекі, сізгеші?
    estetika91
    Темекі, кальян дегендерден бес метр жүретін адаммын((((
    meirzhan
    негізі не ғой, егер «жауап беру» дегенді басып, жауап-коммент жазсаңыз, мысалы, Ерланға «Эстетика91 сізге жауап жазды» деген хат келеді. Ал егер ең астыдағы «пікір жазу» дегенді басып жазсаңыз, Ерлан (Зере, т.б.) кездейсоқ жауапты көруі мүмкін.
    AKA
     Осыны қайта-қайта айтып келесіз, бірақ…
    estetika91
    Ондай зиянды әдеттермен дос емеспіз…
    estetika91
    Үлкен рахмет сізге, Meirzhan)) Негізі, өзіңіз білесіз, соңғы кездері болмаса керекке үнемі кіре бермейміз…
    estetika91
    Қайсысыны, АКА? Соңғы үнемі сайтта отыра бермеймін дегенді ме, әлде зиянды әдеттермен серік емеспін дегенді ме?
    meirzhan
    «Жауап жазу» дегенді баса отырып комент қалдырыңызшы. Әйтпесе кімге, не нәрсеге айтып тұрғаныңыз түсініксіз.
    estetika91
    Енді түсіндім))) Бағанадан бері мында басқа да нәрселерге алаңдап отырып, асығыс жазғандықтан, бірақ, түсініспеушіліктер орын алды. Айып етпеңіз, Мейіржан))) Сізді әбден мезі қылып жібердім-ау…
    AKA
    Жооқ, мен пікірімді Мейіржанға жазған болатынмын.  Жоғарыда жауап жаздың ғой, сол сияқты «Жауап жазу» дегенді басып жазсаң екен деп айтыватр да Мейіржан
    meirzhan
    Біз де сайтқа Эстетикадай 5-6 жыл кірмей жүрсек осылай шатасушы едік, АКА
    AKA
     Назираның сайтқа кірмегеніне 5-6 жыл өткен жоқ сияқты қойии
    meirzhan
    қайдаам, солай көрінеді де просто
    AKA
    Олай емес, себебі, жоғарыда «Жауап жазу» функциясын пайдаланды ғой, түсіністік танытайық.
    meirzhan
    «Жауап жазу» функциясын пайдаланды ғой
    кездейсоқтық
    estetika91
     ренжімеңіз))
    estetika91
    Мейіржанның бір нәрсені тіппіштеп тұрып, ереңбей түсіндергені ұнайды)
    estetika91
    Жирафтың құлағына соңғы жетеді деп, менің құлағыма ең соңында жетіп отыр))
    AKA
    Ештеңе етпейді, келесі пікірлеріңді «Жауап жазу» функциясын пайдалана отырып жазсаң болды
    estetika91
    Мейіржанныңбір нәрсені тәппіштеп тұрып, ереңбей түсіндеретіні қатты ұнайды)
    salta
    мен бір нәрсе қосайыншы, маған қоғамдық көлікте соткамен айғайлап сөйлесетіндер ұнамайды. мысалы: қалайСЫҢ ей? қой ээээ?! да нуууу нах… немесе қыздардың өтірік майысып, бірақ жұрт мені естісін деген секілді ырбиып тұрып сөйлесетіндері ұнамайды. сосын мешіттің алдына барып жігіт аулайтын орамал таққан қыздар ұнамайды… Құдай өзі кешірсін
    TERISKEY
    сосын мешіттің алдына барып жігіт аулайтын орамал таққан қыздар ұнамайды… Құдай өзі кешірсін
    ужсс…
    salta
    ондайларды көрмегенсіз ғой шамасы… байқампаз болсаңыз мешіттің алдында жүрген қыздар не істеп жүр екен деп, алыстан бақылап көріңіз. мен аңдығаннан аулақпын, дегенмен де жігіттердің өз аузынан естігенмін. мешітке жиі баратын жігіттер ОНДАЙ қыздардан шаршаған да көрінеді. тағы да кешірім сұраймын Құдайдан, мен тек өзімнің ұнатпайтын құбылыстарымды жаздым
    estetika91
    Салта сізге бір сұрақ қойсам бола ма
    estetika91
    Сіздің, Балдырған деген екінші нигіңіз бар ма?
    salta
    жоқ, мен жақында ғана білдім бұл керекті
    estetika91
    А,қазнетте бұрыннан Салтанат есімді бір қолданушы бар еді Балдырған деген никпен жүретін, сол қыз ба деп ойладым басында сізді. Керекке қалай келдіңіз?
    salta
    кластасым бар керекте, сол жігіттің айтқандарына қызығып, бір-екі рет қонақ болып көргенмін, кейін керекоман болып кеттім…
    estetika91
    Ащы болса да шындық…
    estetika91
    Салтаның айтқандарымен келісемін, маған да аталған нәрселер мүлде ұнамайды. Қыздардың солай жасандылық танытатындарына түсінбеймін. Кімді алдайды екен өздері?.. Сосын, өздерін «періште» сияқты санайтындарына таң қаламын, бар ғой. Оларды жанында кейде, өзімді ыңғайсыздау сезінемін...
    a63a1
    Салтанат сіз қай өңірден боласыз?
    salta
    жердің кіндігінен
    a63a1
    Жердің кіндігі Сарыарқа, дәлірек?
    salta
    мен нені меңзеп отырғанымды біле отырып, несіне сұрайсыз?
    Ministry
    Тап-тақадай жазылыпты, тақылдақ қыз шығарсың-ау осы
    estetika91
    Мүмкін, Ministry мырза…
    estetika91
    Оны мени жақсы білетін адамдардан сұраған дұрыс болар)))
    satibaldi
    estetika91 ханум, неге маған AKY ,balzaminka сияқтылардың замандасы болу жазылған? Сен Құдай болсаң, басқаша қасірет ойлап таба алар ма едің?
    estetika91
    Жоқ
    estetika91
    Сізге бір сұрақ қойсам бола ма?
    satibaldi
    Әрине, тіпті аттай үшеуін қойсаңыз болады.
    estetika91
    Үшеу? Тіпті жақсы!
    1) Сіз қай қаланың тұрғынысыз?
    2) Шынайы досыңыз бар ма?
    3) Неліктен бізге тиісе бересіз?
    satibaldi
    1)

    2)
    Досым, мұңдасым Сейітқали:

    3)
    estetika91
    1) "Мазар Шәймерден" атауының этимологиясына тоқтала кетсеңіз деген өтінішім бар
    2) Сіздің ұғымыңызда дос пен мұңдастың қандай айырмашылығы бар?
    3) Біз деген, әрине көптік мағынаны беріп тұр, себебі, мен басқа да қыздарды қосып айтқан болатынмын...
    satibaldi
    1) Этимологиясының айқындығы сондай, филологиялық санаңды балағаттап алам ба деп қорқам. Сұрағасын айтайын бірақ: Шәймерден деген кісінің мазары тұрған жер.
    2) Дым айымашылығы жоқ.
    3) Басқа да қыздарың дәлірек айтқанда кім?
    estetika91
    1) Кісінің мазары тұрған жерде сіз не тындырасыз сонда?
    2) Сейітқали туралы толығырақ мәлімет бере кетсеңіз деген өтінішім бар.
    3) АКА, Бальзаминка, Ұшқын, Айконаға және маған неліктен тиісе бересіз?
    satibaldi
    1) Менікі дым емес, қаззақтарда Ақмола деген жерде 6 00 000 адам тұрад.
    2) Сейітқали Меттерних, прозаик, Шәманның ортаншы ұлы. Былай, жақсы жігіт.
    3. Мейіргүл маған күйеуге шықпайм деді, Айкона да шықпайм деді, АКА-ға тиіскенім есімде жоқ, Бальаминка жәй, оптом кетіп қалд. Саған тиіскенімді де есіме түсіре алмай отырмын.
    balzaminka
    Құдай-ай, Сізге қасірет болғанша, туылмағаным жақсы еді ғой… кеттім аккаунтымды өшірем ((
    satibaldi
    Лібә жлядЪм, қойш а?
    Gastarbaiter
    Маған эстетика мен Эсмеральдаың айырмашылығы бір ауыз сөзбен түсіндіретін мұсылман бар ма?
    AKA
    Болашақта estetika91қазақ тілінің, ал Esmeraldaқытай тілінің маманы болмақ Инш.
    Gastarbaiter
    Әйтеуір, ау...ішім сезген.
    estetika91
    Қалай сезгені жөнінде тереңірек…
    Esmeralda
    АКА бәрін біледі
    AKA
     Екеуіңді де жақсыыы білдім .
    Milzhyng
    АКА — болашақ ҰҚК қызметкері.
    AKA
     Рахмет, рахмет! Сіздің де кім екеніңізді білгендеймін.
    Esmeralda
    болашақ па, қазіргі ме
    estetika91
    Екеуіміздің ұқсастығымыз тіл маманы болуымызда екен
    Esmeralda сіз қай жерде оқисыз?
    Esmeralda
    ҚазҰУ-да
    estetika91
    оооооо, мен де ҚазҰУдамын. ҚАй факультет сіздікі?
    Erlan
    Мән мағынасы жоқ құр бекер өтірік тақырыптар ұнамайды ))
    estetika91
    Мақалалардың тақырыптарын айтасын ба, мазмұнын ба?
    Erlan
    )) макалалардын мазмуны десем дурыс болар,
    estetika91
    Бәсе  ҚҰрғақ сөз ұнамайды дейсіз ғой фактсыз. Мамандығыңыз журналистикаға қатысты ма?
    Erlan
    катысты болган мен журналистик кабилетим жок деп ойлаймын ))
    meirzhan
    Газеттегі мақала ма, Ерлан?
    Erlan
    жоокк,,,))
    estetika91
    Ойыңызға нақтырақ рең бере кетсеңіз…
    meirzhan
    Психолог болуды арманжандаған жоқсың ба?
    meirzhan
    Сұрақ түріндегі посттарға көзқарасың қалай? Еш ақпарсыз, құр комментчиктерден бірдеңені сұрау болса?
    Эстетика сен не ойлайсың?
    blackbeard
    Қош келіпсің Қайда болдың?
    estetika91
    Түсінбедім Садық Сұрақ кімге бағытталған және қандай жағдайға қатысты?
    meirzhan
    Эстетика, ориентир жаман болған қиын иә?)))
    blackbeard
    Мейрджонға қатысты ғой, Назира бикеш Агентке шықсаңшы, сенімен әңгімелесу бір ғанибет ше
    meirzhan
    «Келмей қойдың — 3» тақырыбы сұранып тұрғандай
    blackbeard
     Сен бала адам болмайсың ©
    meirzhan
    Енді менің ориентирім дұрыс істемей тұр. Почтаны қарап келмесем навигациям қақпай қалды
    blackbeard
    Душқа түсіп жатсың ба, Мәке?
    meirzhan
    Осы сенің көріпкелдігің таң қалдырған, Қарасақал. Қазір де таң қалдыруда
    meirzhan
    Сәлеметсіз бе, Эстетика, танысқаныма қуаныштымын. Менде сізге сұрақ бар: мен де бір-екі гүл өсіріп көрсем бе деген қызығушылығым бар еді. Қандай гүл өсірсем? Яғни, білгім келгені, жақсы гүл жарып шығаратыны және хош иіс шығарып тұратын гүл бола ма өзі? Болса атауын айтып жіберсеңіз.
    araika
     Мынаны шын екен деп қалсам…
    meirzhan
    Шынын айтсам, маған гүлдің бары не, жоғы не. Бірақ пайдасы бар дейді ғой білетін кісілер
    Gastarbaiter
    Менде сізге сұрақ бар:

    Менде сосын папа бар, и сосын мама бар, и бір эээ братиш, қалай? а я бір іні бар. Аха, и менде кейде осындай жазудан бас аурад.
    meirzhan
    Оригинал былай болатын
    Сәлеметсіз бе Гүлеке, танысқаныма қуаныштымын менде, сізге сұрақ:
    Gastarbaiter
    Сонда да көтіңмен шалшыққа отырады екенсің. «де» шылауы бөлек жазылады
    meirzhan
    мен де бір-екі гүл өсіріп көрсем бе деген қызығушылығым бар еді.
    иә, мында қате кетті. ) кеірісінше бірге жазу керек еді )
    Ал жоғарыдағы Гүлекеге айтылған сөздер менікі емес, Арманжандыкі
    Gastarbaiter
    Әрине, «белсебет» сенікі емес, жәй уақытша теуіп жүрсің.
    estetika91
    Қателеспейтін адам болмайды. Барлығы да қателеседі...
    meirzhan
    Қателессем бір қателескен шығармын, жамағат кешіріммен қарайды деп ойлаймын
    Gastarbaiter
    Майлы құйрықтан қырық дүре соқса. Ох, жазаласа, шіркін…
    Gastarbaiter
    Қатаң жазаға тарту керек, бірден мойындамай, қылтың-сылтыңды көбейткені үшін.
    meirzhan
    Перғауынның қаһары қатты
    meirzhan
    Хех. Ептеп түсінбедім, Гаста. Дегенмен қапаланатын жағдай емес сияқты
    Gastarbaiter
    Әлбетте, қырық дүре қапаланатын жағдай емес.
    meirzhan
    Қырық дүре температураңызды түсіре қоймас, көтермесе. Сондықтан фервекс ішіп (болса), сұйықтықты көп ішіңіз.
    Өзім жақында жазылып ем.
    Gastarbaiter
    Тілеулестігіңе рахмет, бірақ асүйлік назначениең менің медициналық аз-мұз білгенімді балағаттайды екен.*))
    meirzhan
    Иә, ежелгі мысырлықтардың медициналық білімі сол заман үшін жоғары болған деп естігем
    Gastarbaiter
    Менің перғауын аватарым артыңа қадала берді ау, сенің
    estetika91
    Мұны сұрақ деуге бола ма, әлде өтініш пе?..
    meirzhan
    Бұл қилеке, тойыс келеке
    estetika91
    Мейіржан сізге не болған?
    meirzhan
    Осы сұраққа жауабыңыз бар ғой. Жауабыңыз рәсуа болмас үшін сұрақ қойдым.
    estetika91
    Әр гүлдің өзіндік әдемілігі болады. Сондықтан кез келген гүлді өсіруіңізге болады. Үй гүлдерінің ішінде шипалық қасиеті мол гүлдер бар мәселен қазтамақ (герань), фикус, шегіргүл(фиалка), жүзжылдық (алоэ), алтын қылқан (каллизия), піл құлағы (алоказия)т.б. тізе берсек өте көөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөп. Тек гүліңізге үнемі күтіп жасап, қандай орында жақсы өсетінін (күнде, көлеңкеде) білсеңіз болғаны… Маған фикус гүлі қатты ұнайдй. Фикустың күтімі де жеңіл, әрі ашубасар өсімдік деуге болады  Ғалымдардың зерттеуінше, фикус адамды мазасыздықтан арылтып, сабырлыққа шақырады-мыс…
    meirzhan
    Рахмет, қандай сұраққа жауабың болса, айт, мен саған сұрақ қоям
    ushkin
    ұйқыдан күліп оянатының есімде  бәрі есімде
    satibaldi
    Ма*ма…
    ushkin
    Сіз сенбейсіз ғой. Ол расымен тұра салып ыржиып, яки жымиып күледі )
    satibaldi
    Оқу орнының дәрігерлері әрине, бұл жерде де қауқарсыздық танытты???
    ushkin
    дәрігердің өзін Эстетика әдемі күлкісімен емдемесе…
    estetika91
    Сіз өмірге қарап күлімдесеңіз, өмір сізге қарап жымияды дейді емес пе  
    Ия, ұйқыдан тұра сала күлетінім рас)
    AKY
    сен жалпы ылғи өмірге риза болып жүретін секілдісің
    estetika91
      Үнемі көңілді жүрге тырысамын!
    estetika91
    көңілді жүруге)))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.