Таныс болыңыздар: TERISKEY

  • Автор
TERISKEY — Нарымбетов Мейірбек — 1989 жылдың 28-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Ең алғаш интернеттен керекті ақпарат іздеп жүріп, кездесуден бір-ақ шықтым, алғашында онша түсініңкіремедім, содан бір күні тіркелдім. Келе-келе үйрене де бастадым. Кейінірек кездесуде жүргенде админнің дабай.кз атты еркін блог жүйесін ашқанын оқып, осында келдім. Айтпақшы, блог әлемінен аз да болса мені хабардар етіп, біршама нәрсе үйреткен Мейіргүлге (Ұшқын) алғысымды айтқым келеді.

— Күніне неше рет кіресің?
— Қолым қалт етсе болды, кіре берем, жалпы күні бойы отыра беретіндердің бірі шығармын.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Барлық тақырыптағылар ұнайды, соның ішінде «Менде керемет сюжет бар» қауымдастығының барлық жазбаларын оқуға асығып тұрам.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Сатыбалдының, Гастаның, Нұрбергеннің, Алтыградустың, АКУ-дің, Саммитаның, Қарасақалдың пікірлерін қызыға оқимын.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарымнан әпкем ғана, оның өзінде анда-санда оқып тұрады екен, ал, таныстарымның көбісі осы сайтта жүр.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Егер мен админ болсам… Баяғыда жаяу мал бағып жүрген шопаннан президент болсаң, қайтер ең деп сұраса керек. Шопан: — мен президент болсам, малды атқа мініп жүріп бағар ем депті. Мен админ болмай-ақ қояйын.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

201 пікір

madlen
Уффф… Саған сұрақтардың барлығынқойып қойдым ғой деймін уже…
Nurgisa
Теріскей, үйге қашан әкелесің келінді? Дардай азамат болдың.
Одан соң, неге Теріскей? Сезіп отырмын, бірақ кеңірек аудитория үшін қызықты мәлімет болсын.
Соңғы сұрағым, Мәсімовтың елбасыға «Халық қаһарманын» беру туралы ұсынысы төңірегінде не ойлайсың?
TERISKEY
а) Бұйыртып жатқан күні әкелем келінді ә) Неге Теріскей? Мейіргүлге қарап қоя салғам негізі бұл никті(Ол туған жері Ұшқын болғаны үшін)Теріскей — туған жерім бұл менің. Біздің өлке бұрын Теріскей болатын, Қаратау тауының күнгейінде Кентау, теріскейінде біздің ауыл орналасқан.б)«Саясатпен Саясат Бақтыгерейіш айналысқаны жөн» ©, дегенмен, лайық қой ол кісі бұл атаққа.
qisyq
Соңғы жауап зачот))))
Сұрақ: Сатыбалдының жазбаларын күлмей, қабағыңды түйіп, сондай бір сабырлы, салмақты кейіпте оқып көрдің бе?
TERISKEY
Жауап: жоқ, олай оқыған күнім болған емес. Әбден күліп, оқып болған соң ойланған кездерім болған
aktobe88
Сені қазір ғана байқадым, хазіреті Мәке, хош келіпсің.
manshukn
Не ғо, агентте неге тіліңді шығара бересің?
TERISKEY
хехе
Nurgisa
Мәмені жеті-сегіз жасқа дейін емгендерде жиі кездеседі осы шартты/бейшартты рефлекс. Логопедтер тез емдейді дейді ғой.
Nurgisa
Шәмші. «Теріскей»

Gulistan
Сенің шын атың және туған жылың мен үшін жаңалық болды, Теріскей! Жақын танығанымыз дұрыс болды
TERISKEY
иә, мына эстафета, расында жақсы болды. Аршат ағаға АРБ!
asaubota
әжмағин, ғазиз уә мубәрак бауырым!
madlen
Сұрақтар:
1. Қыздарға смайлик жібергенді жақсы көреді дейді, сол рас па? Бұл қыздардың жүрегін жаулаудағы жаңа жетістік пе?
2. Веникке деген отношениең серьезно ма? Или қыздың басын айналдырып жүрсің ба?
3. Орсышаны үйреніп жүрсің бе?
TERISKEY
Иә, орысшаны үйреніп жүрмін.
madlen
Қалғандарына жауап қайда?
Nurgisa
Теріскей, ВКМ келін бе, құдай қаласа?
madlen
Барлығына сол қызық!
TERISKEY
Жауаптар: 1.Қыздарға смай жіберу — ол 3-4 қарындастарыма ғана сөйтем. Достық әзіліміз, өздері біледі кімдер екені. Жүрек жаулауға қатысы жоқ, мәселен, Мәншүктің өзінің «серісі» бар. Өзгелерінің де сондай. 2. Венераға қатынасым — өзгелердікіндей, достық қатынаста.
Nurgisa
Не деген қатыгезсің, Мәке. Біз алып-ұшып, тойға барамыз, «Мейірбек, Венера, бақытты болыңдар, арттарыңнан ерген аққу-қаз көп болсынымызды» айтамыз ба деп, пәдәрік жағын ойластырғалы жатсақ. Мүмкін, ойланарсың?
qisyq
Айтпаңыз, Нұреке. Мен Әлияны киітке қосуға деп костюм алуға жіберіп едім… Әй-әй-әй…
TERISKEY
иншАлла және дұға
Nurgisa
Бәсе…
ВКМ біздерге "қайын-аға" дер ме екен бұдан былайғыда. «Сәлем салу» дәстүрі де өне-бойы тәрбие тұнған дәстүр ғой. Екеуің әдемі жұп боп көрінесіңдер. Жарасасыңдар. Бала-шағаларың өздерің сияқты сымбатты да көрікті, эрудит болуы керек.
monti
«Сәлем салу» дәстүрі де өне-бойы тәрбие тұнған дәстүр ғой.
нау жерде сәлем салу, смайк жетпей тұр
ПС: уау Вена + Теріскей =
madlen
Веник келсе, барлығымыздың быт-шытымызды шығарады
Zilola
Венераға қатынасым — өзгелердікіндей, достық қатынаста
nege buittin?
Aikona
Мен де қарындаспын ба
monti
смайликпен айбат көрнед ғо Теріскей  осы жерде көбі со смайктерді ұнатпайд ғо дейм а
madlen
Жоқ, ұнатамын, әрине. Просто қызық болды да
asaubota
Сатыбалды ағаң (Кербабаев емес) соңғы кезде көрінбей кетті. жаңа жобалары бар ма?
TERISKEY
иә, тағы бір тарихи бірдемені қарастырып жүр. Сұрасаң, әзірге құпия дейді. Аралға қатысы бар ма деп қалдым.
asaubota
сен жақсы баласың ғой, технично сұрап ал, жарай ма? біз сенен алдық деп айтпаймыз, осында жариялап жібереміз. кәмпит жейсің бе?
TERISKEY
Жақсы хабардың, жақсылықтың басы қылтиса, иншАлла, ол да болады, кәмпит дайын болса
Erke
О әчкарик курдас мәләдец! Жалпы омиринде немен шугылданып жаткан жанысыз! Казакстаннын 20 жылдык тауелсиздигине кандай улесинди костын!
TERISKEY
Сұрақ па? Леп белгіңнен шошыдым Ақтөбе-фан. Етек-жеңімді енді жинап жатырмын, жиырма жылдыққа деп атай қоятын дәнемем де жоқ, менікі сол 30-40 жылдыққа ұл-қызымды қазақы тәрбиемен өсіріп, қазақы мінезді жоғалтпай соларға бере білсек, жарар едім.
asaubota
Футболдан басқа қандай спорт түрлері ұнайды? мысалы қысқы түрлерден шаңғы, биатлондарды қарауды ұнатасың ба?
TERISKEY
иәәәә, негізі тіптен спортқа жаным құмар (болеть етуге). Қысқы спорт түрлерінен қызығатындарым да осы шаңғы, биатлон және мәнерлеп сырғанау (фиг.кат.) Шаңғы демекші, кеше ғана Норвегиядағы Полтораниндер мен Чебатьколардың жарысын қызыға тамашаладым.Полтораниніміз кеше ерледі. Биатлон маусымы келесі аптада басталар, оларды жібермеспіз деген ойдамын.
asaubota
биатлоншылардан кім ең жақсы көретінің? менікі Бьорндален мен Слепцова.
TERISKEY
Бьорндален мықты ғой, жалпы норвег биатлоншылары мықты. Орыстың Максим Чудовы керемет.
Altygradus
фигуристтерден Маочянды әңгіме қылған едік өткенде
сенімен сөйлесер тақырыбымыз мүлдем көп екен 
Еске түсіргендерің жақсы болды. онлайн трансляция қарайм Инш. Себебі қаз диджиталға көшкелі үйде ТВ да істемейді, тюнер алу керек, сол үшін мұзда сырғанауды қарай алмай жүр, ал биатлон енді тек онлайн ғана ғой.
А маған Мартан Фуркад ұнайды ең ең ең бәрінен.Сила волисы мықты, сосын жеңсе де, екі үш секунд қап қойып күміс алса да сол бірқалыпты түрінен айнымайтыны қатты ұнайды.
Сосын норвег Тайри Бё қызық персонаж, ол Мартанға қарама-қарсы импульсивты, жеңгенін көрсеткісі кеп, өзінше боп қалады, медаль алмаса настры болмай, жақтырмаған түр жасап)) Ондай да спортсмен болғаны қызық қой.
Ал қыздардан француз қыздары да найт неге екені, Сандрин Бойли сияқты, әдемі болғаны үшін сияқты))) себебі Магдалена Нойнер кейде адам емес боп елестейді)))))
Сосын Украиндық Семеренко апалы-сіңліге болеть еткенді жақсы көремін
p.s Теріскей смайлик көп қолдануді өз ерекшелігің деп ойлап, жоғалтпауға тырыс КүЧт ғой))))
monti
басында ойлайтын едім Теріскейді, үлкен кісі, ну енд ағашкі екен деп сөйтсем ажь менен де кіші екен, бірақ пікірлері сондай сеп-серезный

сұрақ: блогкемпте, киіп жүрген тақияңды иесіне қайтардың ба?
TERISKEY
Тақия? Париж деген жазуы бар шапка может? Оны Айтердің өзіне бердім
serjan
Мамандығың қандай? орысша үйреніп жүргенің жақсы екен.
TERISKEY
мамандығым — филолог, турасы — әдебиетшімін.
dark_nazgul
қой? бәсе, Қабдоловтарды сұрап жүргегенге. ой, айналайын. өзіміздің ауылдың баласы екенсің ғой.
кімнен қорғадың?
TERISKEY
Зар-заман, Қанипаш апамнан. Ыбырай шығармашылығы. «Шариғат-уль-Ислам»
dark_nazgul
 ол кісі әлі зар заман ба?
TERISKEY
бізден кейінгілерге ге зар заман запыранын айтып жүрген көрінеді
dark_nazgul
Тұрысбек ағай бар ма? бәрін айналдырып әкеліп аймауытовқа тіреп жүрген шығар әлі? біз ол кісіні «ал, енді, битке келсек» деуші едік...
TERISKEY
Тұрысбек? Сәукетай что ли? или Кәкішев пе? Біздің қызығымыз һәм қазынамыз Шоқан Шортанбай, "Әшақай-пәшақай"-Өмірхан ағай және Тасымовтар еді
dark_nazgul
Рахымжан!!! Шоқан ағай қадр ғой))) Пазыл екеуі)))
dark_nazgul
Тасымов қырындаған қыздардың бірісің бе? сонша күлдің ғой)))
aktobe88
жоқ. құдай сақтасын, ешқашан қырындаған емес. бірақ бізде үш қызға тапсырма беруді ұмытыпты, мен и тағы бір үш қыз.кейіннен берді. сосын оны мен уақытында орындап апардым да, қалған екеуі апармап еді, соларды общагаға іздеп келпті. сонда бір қыздың айтқаны: Төрт жыл бойы мені общагаға бііір жігіт іздеп келмеді, Тасымовтан басқа деп…
dark_nazgul
қартаяйын деген екен))) біздің кезімізде кафедрада отырып алып-ақ серілік құратын еді))
KILYZAMAN
Теріскей деп ник таңдапсың: болсаң — бол. Терісбақпасаң болды…
жиырма жылдыққа деп атай қоятын дәнемем де жоқ, менікі сол 30-40 жылдыққа ұл-қызымды қазақы тәрбиемен өсіріп, қазақы мінезді жоғалтпай соларға бере білсек, жарар едім.
— жарағаның болар еді
dark_nazgul
Терісбақпасаң болды…
Аршат, келесі интервью ағамен болсыншы, а?
Zere
Мейірбек өлеңдерді талдаудан эксперт! ))
Nurgisa
Келіндерді таңдаудан — хас шебер!
Zere
Енді ол… бәрі сондай ғой. ))
Nurgisa
Тойға дайындық қалай? Нұрқаділова мен Қауменованың каталогтары қолдан-қолға өтіп жатқан шығар?
Zere
Қай тойды айтасыз? ))
Nurgisa
Zere
Шынымен, талғамы осал емес екен. Қыз дайын болса — біз дайын.
Nurgisa
Сіз дайын болсаңыз — Сатыбалды…
Zere
Дайын емес екенмін. )
ushkin
Хехе, мен — сенің ұстазыңмын Жарайсың, достым
Zhan
Баяғыда жаяу мал бағып жүрген шопаннан президент болсаң, қайтер ең деп сұраса керек. Шопан: — мен президент болсам, малды атқа мініп жүріп бағар ем депті. Мен админ болмай-ақ қояйын.
Мына жауабың қызық екен
dark_nazgul
Теріскей, айналайын, келбетіңнен, келбетіңнен…
жақсы жігіт екен))
e_zhalgas
маладес! қоюға сұрақ таппай отырғаным
Zilola
Teriskei degen nigine karap ak menin jakynym dep sheshkem seni, solai bolyp shykty.
Ashanadagy jetistikterin kalai? Salatpen shektelip kaldy ma?
KILYZAMAN
9-қырлы ма еді өзі?
Zilola
inim kopkyrly, jigitke 70 oner de az dep jur )
TERISKEY
рахмет, әпке, ризамын сізге!
TERISKEY
ол болып жатыр, үйреніп жатырмыз
sammita
«Сегіз ұлым – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе» деген, Теріскей Қажыұлы мен үшін Ертөстік Соондай сыпайы, тәрбиелі бала.
"Атың әдемі екен. Дәулет деген тамаша ат. Менің ағайымның аты да Дәулет"
VKM
Микось, екеумізді почти үйлендіріп қойыпты ғой. Не істеймізи?
TERISKEY
Халық айтса, қалт айтпайды
Nurgisa
Осы өмірге лайық, семья құрып, жар-жар…
Delhi
Қыз сұрап тұрғанда «не істейміз» деп… алда қаш ))))
TERISKEY
ал, онда тойға дайындалыңдар,
Nurgisa
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені» дейді ВКМ қазір. Олай айтуына себеп бар. Керекинфолықтар өздеріңе батасын берді. Тәуелсіздікке 4 күн демалыс беріледі екен, 17 сенбіге дөп түседі екен. Әбіләкім тегін, былай, тамадалатып берсе, Мадлен тойдың программасын жасақтап берсе… Неғыса, ВКМ келін өз тойына қыздардан бір топ құрап, билеп үйреткізер. Меніңше, тек ЗАГС мәселесі қалып тұр. Алдекеннен тиісті ұсыныстарды алармыз. Тағы не қалды ескерілмей қалған, Теріс?
Delhi
Сурет, видео жағын мен-ақ қатырамын))
dark_nazgul
қаплыңмалдан басқасының бәрін айттыңыз, құда)))
Nurgisa
Қалыңмалға бір айпад, екі айфон, өмір бақилық тегін интернет пен екі қапшық сабыр. Бесті әкеліңіз, құдағи?
VKM
 папам естісе талып қалатын шығар))))
Теріскейдің тақырыбына неге мен туралы жазасыздарии?
Nurgisa
Өйткені бүгіннен бастап Теріскей ва ВКМ өзара мызғымас ұғым мен никнеймдер. Мейірбекті сүймейсіз бе не?
Nurgisa
Керемет, Венера. Керекинфолықтарды өзара құда-құдағи қып жатырсыздар. Тату-тәтті ғұмыр кешіңіздер дейміз, басқа не дейік.
Zilola
osy kezde senari boiynsha kozge jas kelu kerek )))
Zilola
Kudaga noutbuk, kudagiga netbuk, kudashanyn eki kulagyna blutuz degen prikol bar ed osy
VKM
современный приколдар екен)))
dark_nazgul
интернетіңіз мегалайн ба?
Zhan
өмір бақилық тегін интернет пен екі қапшық сабыр.
 қай тойға барсам да пысықсынып жүретін біреуді көруші едім, сол сен екенсің ғо.
Нұрғиса, екі қапшық сабыр емес, үш қапшық ала шықшы. Біреуін не ғыса маған бересің ғой, өзіміз деп
dark_nazgul
бас құда ғой енді)))
Aikona
Не десем екен . Қалжың ғой, өте қалжыңбас сыпайы жігіт (қызға таныстырып жатқандай болдым-ау). Бәрінен де — ибай, шымкенттік емеспін, құдай сақтасын дегенің есімнен кетпейді, күле берем сол есіме түссе
TERISKEY
хехе, рахмет
Nurgisa
ибай, шымкенттік емеспін, құдай сақтасын
TERISKEY, мынау сенің сөзің бе?
Erkekyz
ибай, шымкенттік емеспін, құдай сақтасын
Өлә, мынаны сен айтың жүрсің бе?
Былай реалда адамдарды жиі ренжітіп жатқан кездерің бола ма?
Қыздарды жиі сынап тұрасың ба?
TERISKEY
1.Мадридте Реалда (пенде болған соң) адамды ренжітіп алу орын алатыны рас, алайда жиі емес. Қыздарды аса қатты сынауға құмар емеспін.
Nurgisa
Не ма, Мейірбек, Еркеқыздың бірінші сұрағын шынымен байқамай қалдың ба?
TERISKEY
 ол әңгіме арасы әзіл үшін айтылған нәрсе ғой, аға-ауу.
Nurgisa
Күлетін нәрсе емес ыржақ-ыржақ етіп, Мейірбек. Десең иә.
madlen
Ол, шынымен де, әзіл ретінде айтылған еді.
Nurgisa
Ер жігіт қой, өзі айтып үйренсін, Маржан  Әбден ерке өскенін білем. Есейсін, ысылсын  Бұл жер ҚазҰУ филфагы емес  
Ернар мықты киносыншы.
madlen
Туф, сіздерде қалай қиын ед барлығы
Nurgisa
Уси-мусиден көз ашпаса өмірге бейімделуі қиын болады. Айналада бәрі озбыр, көкжал. Керек жерде тартып жейтіндей «хваткасы» болсын. Жамандық ойламаймыз ғой дарынды бауырымызға  Әщки таққаны болмаса, әлжуаз емес.
konvict
Атыңның Мейірбек екенін естіп таң тамаша болып отырмын.
Nurgisa
Атың мәшһүр талайға,
Маңғазданбай, ары ойла.
Қыздар жағы жақтаса,
Тәнті еткенсің талайды, ә?
Қолыңа қонды бақ құсы,
Шын мәпелеп қарайла.
Сен Шрек, ал ВКМ
Фионаң болсын, жарай ма?
dark_nazgul
ВКМ маған сіңлі болып шықты ғой)))
Нұреке, құда болғанымыз ба?
Delhi
ВКМ келісімін берді ма өзі?
Nurgisa
Біздің Мейірбек бала да осал емес, құдағи. Салат жасай алад, Шоқан Шортанбайдың өзінен тәлім алған, не халям-балям.
dark_nazgul
хмхм, құдаша))) Абзал қайным сіздің ауылдан қыз алғанда құдағм боламын.
VKM
 той қашан, хоть біліп жүрейін
Nurgisa
Әп бәрекелді!!! Келін болса осы Венерадай-ақ болсын!
TERISKEY
 Телефоның ашық болсын, өзім хабарласам.
konvict
Сөз беремін, тойға мені шақырмайсың
Zilola
shakyrmasa baryp uialtu kerek
TERISKEY
Өз сөзіңді өзің теріске шығарар күн тусын басыңа
konvict
Амииин (Жұма намазында тұрған сәләфилердің дауысымен)
meirzhan
Олар жұма намазына бара ма не?
dark_nazgul
барады. жұма намазынан шыққанннан кейін әйтеуір біреудің шалғайына оратылып, ере жүріп уағыз айтады)))
Delhi
Сенің пікірлеріңді оқып үлкен адам шығар деп ойлағам, 89 жылғы екенсің ғой. )))
dark_nazgul
мен де как минимум құрдас екен деп ойлап жүргем)))
Delhi
менде сол ғой, ойламайсың да 89 жылғы екен деп
dark_nazgul
не по годам смышленный
sammita
бітті құрыдың Теріскей, сен жұмсаймыз қолбала ғып
Nurgisa
әй, қоя тұрсаңыздаршы? Жастар бақытты боп кетсін деп азар да безер боп жатсақ, жан-жақтан жалмап. Онсыз да қулыққа басып, өтіріп мақтап, әдемі жұмсап аласыздар ғой
konvict
Сұрақ нақ.
1. Қашаннан бері әшки тағасың және қаншасыншы размер?
2. Түрікшені қайдан үйреніп жүрсің?
3. Жағдайың қалай, айтпақшы?
TERISKEY
1. 8-кластың 21-қыркүйегінен бастап жолдас болдым.
2.TÖMER'де оқыдым.
3. Аллаға шүкір, тамаша, рахмет.
Zilola
және қаншасыншы размер
osylai suraushy med?
konvict
минус қанша дегім келген еді негізі.

тезірек қате түзету функциясы қосылса екен
Delhi
Ненің размерін сұрап тұрғаның @konvict — тің өзі біледі тек  көзілдірікті олай сұрамайтының білетін болар))))
balzaminka
Теріскей мырза, әдебиетші екенсіз, өз туындыңызбен әдетиет төрінен орын алу жоспарыңызда бар ма?
satibaldi
Өз кезегіңіз келгенде, осы сұраққа өзіңіз де жауап беріп кетсеңіз екен деген тілек.
balzaminka
Сатекесі, мен жайлы не білгіңіз келіп жүр? Өзім жайлы біраз мағлұмат берген едім, ендігісі шектен шығар  бәрі мөлшерімен болған жөн ғо
satibaldi
Өзім жайлы біраз мағлұмат берген едім
Кімге бергеніңді білмейм, әйтеуір маған берген жоқсың. Сілтемесін осында!!!
TERISKEY
Өз туындыңыз дегенде, ғылыми жұмыс, зерттеулерді айтамысыз? Оййй, менен жетіскен әдебиетші шықпас. (ғайыптан тайып, аяқ-асты бірдеме бола қалмаса)Ондай жоспарлар тіптен жоқ.
balzaminka
Өз шығармаларыңызбен дим де, новелла, роман т.с.с
TERISKEY
ааа. ондай нәрседен «аулақпыз»
rakisheva
ооооооооооо, Мейірбек! ҚазҰУда оқығанмын деп айтпап едін гой )
Simona
Сенің нигіңді (лақапат) оқыған сайын мамам есіме түседі.

Біздің ауылдың тысында Теріскей деген оты мол жер бар. Сол кең даланы бұрын менің нағашыларым мекендеген екен. Мамамның айтуынша орыстар келіп бәрін малды да жерді де «кәнфискелепти  Бір барып Құдай тамақ беріп, талға шүберек байлап қайту керек еді деп отырады. Сол Теріскейді кішкентайымнан көруге құштармын.
araika
Сұрақтарым өте көп… сол себепті қойғым да келмейді

Айырмашылық жер мен көктей деп іштей күбірлеп отырмын
TERISKEY
ненің айырмашылығын айтып, күбірлеп отырсың?
araika
Ата баласы мен мама баласы арасындағы айырмашылық
TERISKEY
әлі де түсіне алар емеспін.
Nurgisa
Құдай қаласа, әдетіңнен таймасаң, екі-үш ай төңірегінде жетон түсер
AL-ASTER
Сізді жастар.бізден көргем бұған дейін қателеспесем.  Бірнеше сұрақ:
1. Домбырада ойгай аласыз ба? (күй, ән, мүмкін әнді де тамаша айтатын шығарсыз?)
2. Миллиардер болсаңыз, осы сайтқа кіріп тұрар ма едіңіз?
3. Қызға сыйлаған гүліңіздің ең көп саны))
TERISKEY
Жастар.бізде болған емеспін, қателескен шығарсыз.
1.Домбырада ойнай алмаймын.(алайда, үйрену ойда бар)
2.иншАлла, әрине кіріп тұрар ем, тіпті қаржылық жағынан демеуші болам.
3.кеңк-кеңк сыйлап көрмеппін.
madlen
сыйлап көрмеппін.
жаман екен
AL-ASTER
Алайда, сыйлау ойда бар)))
sammita
өмірің алда, жассың, ұят түгі де жоқ.
TERISKEY
иншАлла
balzaminka
гүл сыйланушы объекті бола алам ше
TERISKEY
ҚЗ-ға келеріңізді асыға күтем о заман
balzaminka
 «о заман» дегеніңізді қалай түсінерімді білмей отырм ше
TERISKEY
«ендеше», «олай болса» мағыналарында түсінсеңіз екен.
balzaminka
хабар менен болсын онда))))
Zilola
турiкше коспай жазсан кайтедi
TERISKEY
енді қайталанбайды.
aktobe88
е, өтірікші, осы анау кісі диплом қорғаған күні кім еді гүл әкелген. сен ұмытсаң да мен ұмытпадым
balzaminka
aktobe88, жігіттің шырқын бұзбауыңызды сұраймын, ол берем деп, мен алам деп ниеттеніп отырған жайымыз бар енді сол гүлді
aktobe88
О не дегеніңіз Бальз әпке, мен тек есіне салдым.
balzaminka
бұрын гүл сыйлаған болса, енді маған бермесе ренжімеймін Букет гүл алғанды, ұстағанды ұнатпаймын
TERISKEY
муахахаха Гүлді алғаныммен, берген адам мен емес қой.
aktobe88
Сырыңды ашып қойған болсам кешір. ВКМ-ға арнайы ескерте кетейін, бұл бұдан біраз жыл болған еді.
VKM
жоқ, Теріскейдің тәртібі жиналыста қаралады
aktobe88
Имандай шыным ВыКыМы, Теріскей ондай жігіт емес
Nurgisa
Мейірбек, Венераның телефоны ашық болған шығар, не болды кешегі елің саған жүктеген вәзипә? Елді күттіріп қойғандарың жарасымды деп ойлайсың ба? Бірлескен мәлімдеме жасар кездің толғағы пісті. Болар жерлеріңді айтыңдар, жұмыс бастан асып жатыр.
Delhi
Түнімен сіздерге ойлап… той қалай өтеді екен деп… ұйықтай алмадық, солай ма ағасы. Сіздің де балдарды ойлап шыққаныныз көрініп тұр.
Nurgisa
«Бір қыз тұрмысқа шықса, қырық қыз түс көреді» деген бар ғой. Мейірбекті мақтап жатырмыз, қыздар жақтап жатыр. Венераның да «кет әрмен», "үзілді-кесілді қарсымын" дегенін көргеніміз жоқ. Жарасымды жауаптар беріп отыр екеуі де. Құдай қаласа, жастар бақытты болып кетсе болды, одан асқан не нұрлан-мұрат арман-мұрат болсын.
araika
Мына TERISKEIде сен бе?
meirzhan
Архелогиялық қазба жұмыстарың тығырыққа тіреді ме?  Ғылым жолы қиын.
araika
Сен де қызғанып қоймадың ғой
meirzhan
Жетістіктерге жетуіңе шын жүректен тілеймін!  
estetika91
))) Сізбен біз таныспыз ба?
estetika91
Сіз бен біз таныспыз ба?)))
AKY
Менің сүйікті інім ғой бұл!
Бақытты болшы!
a63a1
жас кезіңдегі көк фонда түскен потаңды іле салш
AKA
жас кезіңдегі
 Балалық шақтағы сурет қойии
a63a1
осы суретті қанша көрсемде жалығар емеспін ше
saken
мына суретте жас кезі болса, бала кезіндегі суреті қандай болды екен?
araika
 Менен жауап алынбасын, күлгенім үшін
TERISKEY
талап етем, себебін айт
araika
талап орындалмайды, оған себеп те жоқ
sammita
неге өз суретіңді өшіріп тастадың? жарты күн күлгенмін сол суреттерге*(
a63a1
: ( *(
ол смайлик шықпайд бәрвір
sammita
негізі мынау еді
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.