Таныс болыңыздар: Aldeken

  • Автор
Алдан Жылгелдi — Aldeken
Алдан Зашитұлы Жылгелді, 1981 жылдың 23 наурызында Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді. Қазір Астана қаласында тұрады. 1987 – 1997 жылдар аралығында 5 рет мектеп ауыстырып, оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді. Студенттік өмірі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті мен Қайнар Университетінде өтті. Мамандығы — тарихшы, заңгер. Кәсібі — мемлекеттік қызметкер.
Басы бос емес, ішінде ми бар))))))))) отбасында бір келіншегі мен 2 ұлы бар (бала саны болашақта өзгеруі керек, тиісті шаралар қабылдануда. ))))) )

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфомен алғаш таныстығым ұмытпасам 2005 жылы болды-ау деймін. Арнайы сілтеген, шақырған ешкім болған жоқ, бір мәліметтерді іздеп отырып келдім. Ол кезде тіркелу қайдааа, ішіндегі жынды пікірлерді көріп, бір жағынан өзім ойнап жүрген қазақша КВН-ге айтылған сынды көріп, «ренжіп» кетіп қалғаным бар… Содан кейін, Солай.де-ге тап болып, онда тіркеліп, пост жазбасам да анда-санда пікір жазумен шектеліп жүрдім. Осы керекке биыл қыркүйекте тап болдым аяқасты. Содан тіркеліп, алғаш рет пост жазуға әрекет жасап жүріп жатқан жағдай… Опшым, барлығы секілді ғой менің келуім…

— Күніне неше рет кіресің?
— Бекжанның айтқан керекоманиясына шалдықтым-ау деймін. Күн сайын жұмысқа келгенде поштадан бұрын керекті ашатын болдық. Содан кешке компьютерді өшіргенге дейін ашық тұрады… Кейде, кешкісін керекті өшіріп, күні бойы жиналған жұмысты қалып істейтін жағдайлар болды.)))))

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Шынымды айтсам, әлі ыстық-суығы басылмаған, бәріне қызығатын жағдайда жүрген сияқтымын. Мүмкін алдағы уақытта жазбаларды маңдайынан шертіп жүріп оқитын жағдайға жетерміз.))))))) Айтпақшы, дін туралы пікірталаста, өз білетінін өзеуреп басқаға таңуға тырысуды ұнатпаймын. Дінде «менің құлшылығым дұрыс» деуге болады, ал «тек менің ғана құлшылығым дұрыс» деген болмайтынын тағы атап өткім келеді…

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Әркімнің өз қолтаңбасы бар. Со себептен әр қолданушы өз ерекшелігімен ұнайды. Дегенмен, Сатыбалдының жазбалары тазалығымен ұнайды. Таза деуімнің себебі, көбі, көңілдеріне келмесін, өз жазбаларын әлденеше рет ойлап, оқырманға қалай жеткізу керектігін екшеп барып жазатын секілді. Ал, Саттың ойына келген дүние сол күйінде боямасыз келеді. Сол себептен оның жазбасын қиналмай оқисың. Қыздардан Монти деген қолданушының жазбалары осыған келіңкірейтін сияқты. Админнің өмірде қандай болса, интернетте де сондай екеніне көз жетті. )))))))))) Гастарбайтер мен Нұрғисаның жазбаларынан білім мен білік көкжиектерінің кеңдігі бірден байқалады. Саммита мен АКҮ-дің тік мінезділігі, Жансаяның байсалдылығы, Назгүлдің пікірінің салмақтылығы, Мадленнің тиянақтылығы, VKM-нің риясыз көңілі, жалпы қыздардың өз араларындағы жарастығы мол қағытпалары ұнайды. Қилызаманды түсінуге тырысып жүрмін, «мозговой штурмға» жақсы пікірлері. )))))))Қой, осымен тоқтайын, опшым бәріңді жақсы көрем, шыным сол.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— 1-2 таныстарым бар, жалпы керектегі қызық материалдардың сілтемелерімен бөлісіп тұратын. Солар оқып жүрген шығар. Өз жазбаларымды үй-ішім мен айналама оқытпаған екенмін.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мемлекеттік сайттар мен порталдардағы қатып қалған шаблонмен жүрген пақырдан не сұрайсың? )))))))))))))))

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

144 пікір

sammita
Саммита мен АКҮ-дің тік мінезділігі
саяси тапсырыспен жазылған жоқ деп сенуге тырысам:)
Басың бос болмағаны жақсы екен, мында мисыздар көп:)
VKM
мында мисыздар көп:)
Уа-ча!Өлдім күлкіден. Саммита туралы да сұбхат керек)))
Aldeken
саяси тапсырыспен жазылған жоқ деп сенуге тырысам

))))))))))))))))))))))))))))
әзірге тек мемлекеттік нұсқауларды орындаумен шектеліп жүрмін.
asaubota
Алдан құрдас мені КВНда ВИП қылған адам! жюрилердің дәл артында отырған Мартиросян, Светлаковтар сияқты сезініп қалдым өзімді өткенде :)

бұрын Алдан мен үшін «ана КВНдағы толық жігіт қо» еді. қазір жерлес, құрдас, сайттас, Бекжандас досым :)
Aldeken
Рахмет, Аршат! Келесіде шарфпен баруды жүзеге асыру керек, досым! Шарф алу үшін не істеу керек десем… )))))))))))
asaubota
шарф алғанда… алмайсың ғой.

жаңа шарфтар жоқ қазір, жаңасы шыққан кезде алдырамын ғой Ақтөбеден.
meirzhan
Білім базасына қостырарлықтай инфо және сұхбат.
asaubota
Сәлем Мейіржан!

негізі әр таныстырудың өзінше ерекшелігі болып жатыр. барлығы өзінше қызық.
meirzhan
:))))
asaubota
ассалау қайда?

әлде сау бол дейін бе саған?

Алдан кешір.
meirzhan
Сәлеметсіз бе. Бітпей жатыр әлі :)))
Zhan
Аршат келесі жолы Мейіржан мен Патик, Н.Мақым үшеуін таныстыршы, Please)))
asaubota
кезек бәріне де келеді ғой. мында негізі көпшілігі бірін бірі реалда таниды, біледі. мен алдымен көп таныс емес, жақын танымайтын мүшелерден бастап жатырмын.
VKM
Шынымен, осы Мейіржан темная лошадка:)
Zhan
Қой, осымен тоқтайын, опшым бәріңді жақсы көрем, шыным сол.
Не деген мәрт, ақкөңілсіз! )))) Осылай ағынан жарылған адамдарды менде жақсы көрем.
Aldeken
Барым сол. ))))))))))))))))
salta
Алдекеңді ақ жарқын көңілі мен адал жүрегі үшін жақсы көремін. әсіресе, армансыз құшақтағанды айтсаңшы...
Aldeken
өшшш, қасқа, айтпа дим олай
Dinara
Алғаш 2005-те келгем мен де керекке, интернет ақтарып отырып, кетіп қалмай қалып қойдым бірақ :)
КВН туралы бір сұрақ: КВН еврейлердің әдейі ойлап тапқан дүниесі, белсенді жастардың білімнен алыстап арзан ойын күлкі қуып кетуіне бағытталған бір мақсат екені айтылады, бір ұлттың алыс жақын болашағына, дамуына кәдімгідей кедергі келтіре алатын стратегиялық жоспар дейді, осыған қалай қарайсыз?
Aldeken
Негізі КВН шығу тарихына қарасаңыз, алғашында ол танымдық, интеллектуалдық ойын ретінде дүниеге келген болатын. Қазіргі арзан әзілге бой алдыру мен шоуға жақындау ол ұйымдастырушылар жағынан рейтинг көтеру қажеттігіне, ал ойыншылар жағынан шоуға деген сұраныстың көбеюіне байланысты орын алған тенденция, меніңше. КВН-нің интеллектуал әзілдерін ұнататындар да бар, жеңіл әзілдерін ұнататындар да жетіп артылады. Әркім өз шамасына қарай көңіл көтеретіні сияқты ғой. Қой, жауабым пост болып кетер, толығырақ арнайы жазармын. Опшым сіздің естіген пікіріңізді біржақтылық дер едім. Сіздің ойыңыз емес екеніне сенгім келеді. )))))))))
Dinara
Менің ойым емес, бір кісінің айтқаны  Небір белсенді, сабаққа үлгерімі студенттерді іріктеп алады да, сабаққа деген көңілдерін басқа керек емес жаққа бұрып жібереді деп еді. Сөзінің жаны да бар сияқты былай қарасаң.
Рахмет, жауабыңыз үшін.
Салмақты, астарлы әзілдер көбейе берсін деп тілеймін.
Gulistan
Алданды, суретін көрмегенде, танымайды екем.
Aldeken
Үсті-басын сипалап, «сонша өзгергенмін бе?» деп таң қалып жатқан смайлды елестете беріңіз. )))))))))))))))

Пы.Сы. айтпақшы мен суретті әлі күтіп жүрмін… ))))))))))
Gulistan
Мен сол суретті таба алмай жүрмін. Ол кезде қайбір цифрлы фотоаппарат болды дейсің, сканерленген нұсқасы бар еді. Сол ғой, әлдеқандай қылып жүргенім. Тапсам, бірден салам.
omarbirat
Сексенбірлер баршылық екенбіз :) Сексенбіреместерді алалағаным емес
Aldeken
партия құрып, сайлауға түсу… деееп қуып отсам, ия, амбициямдыссс… )))))))))))))
bazuka
жерлес екенбіз ғой. Қазақша КВН болашағынан не күтесіз?
Aldeken
қазақша КВН болашағынан көп үміт күтемін, өз басым. Соңғы кезде орын алған арзан әзілдің орнын астарлы әзілдер басып келе жатқаны үмітті сенімге айналдырып келеді. Сұхбатта айттым ғой, кезінде Керекке кірмей кетуімнің бір себебі, қазақша КВН-ге айтылған сын болды деп...))))) Ол сынның орынды болуы бетімді тіліп еді шынына келгенде… Соңғы рет Аршатты ойынға алып барғанда, ол ойынның сапасы орта деңгейде болғанына қарамастан, оған ұнағанын көргенде опшым сенім еселенді. (шын айтам)
Бірақ, орыстар бүкіл әлемнің КВН-шілерін бір ғана АМИКтің астына біріктіріп отырғанда, қазақша КВН-де біріне бірі бағыну былай тұрсын, араласпайтын бірнеше лигаға бөлінуі көңілге кірбің ұялатады. Бір арман бар, шетелдегі диаспораларда қазақша КВН-ді насихаттап, олардан командалар шығарып, қазақы әзілдің ауанын кеңейтсе ғой деген… қазақша КВН-нің халықаралық деңгейі деген сол болар еді…
Айтпақшы, биылғы фестивальға Өзбекстаннан келген команда қатысты...))))))))) Арман орындалып келеді…
bazuka
рахмет жауабыңызға. Армандарыңыз орындала берсін!
Aikona
еее сіз екенсіз ғой :)
Aldeken
ііі, біз ғой. ))))))))))))))
Abilakim
Мәжіліске депутат болсаң ең бірінші жолдайтын сауалың?
Aldeken
Әншілерге гонорар неге сеткамен берілмейді десем, дауыс бере ме едің, саяситехнологиямдыссс…

Шынына келсек, 15 қаңтарда тізімге ілінбейтініме кепілдік берем, ал келесі сайлауға дейін қоғам мен мемлекеттің қалай өзгеретіні беймәлім. депутат болар кезде айтармын. (Қазірден бастап сиырқұйымшақтанған жауап бере алатынымды көрсетіп жатырмын)
dark_nazgul
жақсы аташкі екен)))
Aldeken
Ағашка бола алмай жүргенде аташкіге апарып, бір-ақ аттыңыз-ау, не дейік енді…
маған бәрібір, терлесем болды деееп шай ішіп отыра береміз. )))))))))
dark_nazgul
мен апашкі болғанда, сен аташкі)))
araika
Басы өмірбаян боп кетіпті :)
Aldeken
 рас екен-ау… адресім мен телефонымды жазсам, резюме болуға жарай ма екен?
asaubota
суретің де жарнама болып тұр айтпақшы
dark_nazgul
Игісін Жұлдызды танисың ба?
Aldeken
Уау, танимын, әрине. қатар кластаоқыдық, мен «а» классында ол «г» классында оқып еді. осында жүрген Бекжан екеуі парталас та болды-ау деймін, ұмытпасам…
Aldeken
опшым не ғо, кластасымның аты Игісінова Ләззат екен ғо…
Бірақ, Игісін Жұлдыз да таныс болып тұр, есіме салсаңыз жақсы болар еді…
Nurgisa
жадының игісін…
dark_nazgul
курстас қыз бар еді, Игісін Жұлдыз деген, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептен келген) Бейбіт Қорғанмен бір жылдары оқыған. Сен сол мектептен емессің бе?
dark_nazgul
ой, анкетаңа қарасам, сексендермен оқыған сияқтысың ғой))
Aldeken
рас сексендермен оқыдым…
Aldeken
ия сол мектептен. Бейбітпен оқыса, онда ол бір класс төмен оқыған ғой бізден. Көрсем танитын шығармын.
VKM
Осы сұбхат тамаша шықты! Алдан аға, таныстық үшін 1 стакан алма шырынынан алып қояйық!
Zhan
Өзіңмен қашан танысамыз VKM? )))
VKM
Мен туралы жазатын түк те жоқ, мектеп, Универ+2 ай жұмыс істедім)
Aldeken
Сіздің риясыз көңілің мен саулығың үшін, VKM!
VKM
 рахмет.Үйленгенсіз,2 ұлыңыз бар- тамаша! КВНщиксіз-дұрыс әзіл айта білесіз! Батыстансыз-қазақисыз.Тарихшысыз, заңгерсіз-тіпті супер.Ал мен сізді кіттей бала деп жүрдім… солаааай. Осы таныстыру болмағанда
Aldeken
Күткеніңдей болмай шықтым ба?
a63a1
Алдекенді құрдасым шығар деп жүрсем
Aldeken
Өмір солай, енді…
a63a1
сен бірге барғанда мен жаңа туыппын)
Aldeken
Есімде, менің тілашар тойыма шақырылған қонақтардың кейбіреуі «Жаңаарқа жақта шілдехана болып жатыр, болашақта ArcGISпен жұмыс істейтін бала дүниеге келіпті» деп асығыс кеткен еді…
a63a1
Муахахахахахахахах .) бір көзді смайл
Delhi
Нигіне қарап кішкентай екен деп көз алдыма елестеткенмін. Атыңызды толық білмегендіктен Алдар косе елестеп жүрген))) кещир!
Aldeken
кішкентай болуды да армандап қоямыз анда-санда.
madlen
Сұрақтар:
1. Ұлдарыңыздың есімдері кім? Жастары нешеде? Келіншегіңіз қыз туғысы келмей ме? :)
2. Кішкентай кезіңізден толықсыз ба? ))))) кешіріңізші, осы сұрақты қойғым келіп тұр
3. КВН мен керекинфодан басқа тағы нелерге қызығасыз?
Aldeken
1. Үлкен ұлымның есімі — Ахмед, жасы 5-те. Кіші ұлімның есімі — Арон, 1 жастан асты. Келіншегім қыз туғысы келеді. Бәрі бір Алланың билігінде, мен тек берген сәбилерін бердім деп берсін деген тілекпен жүрмін.
2. Ия, кішкентай кезімнен толықпын.
3. Пианино тартуға басым кетіп жүр. Бір күні үйренуді бастау керек. Ал, былайша, заңнамадағы қайшылықтарды іздеуді ұнатам, кітап оқығанды ұнатам, бірақ, қол тимей жүр соңғы жылдары… Ән айтқанды жақсы көрем, кейде, жұмыстан шаршағанда домбырамен тарқататыным бар шаршауды… )))))))) сосын кәдімгі еркектердің қызығушылығын тудыратын нәрселерді де жатырқамаймын ))))))))))))
ken
Мен де сұрақ қояйын.
Неге Ахмед және неге Арон?
Aldeken
Негізі, үлкен ұлым ішке біткен кезде, келіншегіме айтқанмын "Әкемнен ертелеу қалғасын әке орнына әке болған туған ағам, өзінің 4 баласының бір де біреуінің атын қою бақыты бұйырмап еді және тңғшы 2 баласын әкем мен шешеме берген болатын. (өзі де кемпір-шалдың баласы болды). Соның қарымы болсын. тұңғыш ұлды соған берейік, атын өзі қойып алсын" деп. Содан, сенсеңіздер, келіншегім босанғанға дейін бір де бір рет дүниеге келер баланың атын ойластырып көрмеппіз. Содан босанар күн келіп, келіншегімнің босануы қиындау болып, кесаревомен бала дүниеге келгесін, ағама алдында айтылған шешімді жеткіздім. «Тәте (ия бізде тәте деп ер кісілерге айтады), мына бала өзіңнің балаң, атын өзің қой, өзатыңа жаздырып алам десең де құп аламыз» дегенде ағам сасып қалғаны бар. Содан 1 түн ұйықтамай, кітаптарды аударыстырып, мұсылмандардың есімінің ішіндегі ардақты есімдердің бірі екен, осыны арабша мәнерін өзгертпей Ахмед деп қояйық, атағы менікі болса болар, құжатын өз атыңа жаза бер деген-ді.
екінші ұлдың атын Арон деп қоюды келіншегім менің алдымды орап, үйдегі анаммен келісіп алыпты. Негізі, келіншегімнің арғы аталарының бірі Арон Қаратаев деген төре болатын. Соған шақтап қойғаны, зато қайын жұрттың алдында звезда болдым ғо, осыған рұқсат бергенім үшін.
ken
мм, түсінікті. рахмет.
ұлдарың үлкен азамат болсын.
Aldeken
Әумин, айтқаның келсін!
Dinara
Harun degen paygambar bolgan goy, Aron esiminin maginasi sodan keletin shigar...Suyinbay Aronulı mısalı
ken
иә, христиандарда Аарон. мұсылманша Харун
VKM
Күшті, кітап оқығандай оқы шықтым
monti
нау жауабыңыз күЧт кен, мамка қазіргі жастар бала жан, жабысып ажырағылары кемейд дид негізі әркімге бала беру ну енд мен үшін андай сіздің мінезіңіз таза қазақилық т.б. сезімдер кеп атр!
Aldeken
жақындарыңның бауырына бала беру бала санын көбейтудің стимул дейтініміз бар…
bizbike
Мә, жезде болдыңыз ғой.
salta
Если что, Алдеке, сізде бала жоқ. бірі әжесінікі, бірі менікі, керек болса өздерің тауып алыңдар ғой менікі... ұзақ күттірмей Ахмед пен Аронымды…
Aldeken
енді айттық қой тиісті шаралар қабылданып жатыр деп…
ErNur
Алданды бұрын Ақтөбеде квн-нан көруші едім, міне енді сайттас болып жатыр :)
Ісің оңға бассын! Сұрағым: Ақтөбе жаққа қызметке келу жоспарыңда жоқ па?
Aldeken
Рахмет, жерлес! Алғаға жиі барады екенсің…
Бұйырғаны болар. Шақырып жатса, көрерміз.
ErNur
Ия жиі барам іссапармен Алғаға, әрі әке-шешем сол Алғаның Теріскей емес Тамды жағында тұратындықтан.
AKY
Жарығы сөніп қалған «Супермаркет», «Мейрамханалар» сізді іздеп жүре ме, әлде сіз оларды іздеп жүресіз бе?
Aldeken
   
КВН-ге әзіл жазуға талпыныстың әсері деп ойлаймын. Көзге ұрып тұрғасын, қайтейін…
ken
авасындағы адамды өзі екен деп жүрсем.
Aldeken
Авада адам жоқ сияқты еді, негізі…
ken
нигі сенікіне ұқсас басқа біреумен шатастырыппын
e_zhalgas
танысқаныма қуаныштымын!
Aldeken
мен де.
Aldeken
осы күйімізбен тіс пастасының жарнамасына түсе салуға болады-ау дим…
Bayan_
Алданды КВН-щиктен бұрын, облыстық ішкі саясаттың қызметкері ретінде таниды екем
Aldeken
Иәәәә, мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамдр сол Ақтөбе облысының ішкі саясат депртаментінен басталып еді…
balzaminka
Алдеке, Алла жарыңыздың тілегін қабыл етсін!

КВН-нің бөлінуі жайлы айтып кеттіңіз, сол лигаларды түстеп, түрлеп айтып берсеңіз  Бұрындары Алматай апай мен Совет ағайдың лигалары дегенді білетін едім, шатаспасам әрине, шатасуым бек мүмкін  

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында өткен 2000-шы жылғы алғашқы республикалық қазақ КВН-і, 2003-2004 оқу жылының республикалық КВН универсиадасына қатыстыңыз ба екен, сол қызық болып отыр маған )

Алдын-ала рахмет!!!
Aldeken
Аумин, айтқаныңыз келсін!

КВН бөлінуіне келсек, Совет Сауытовтың Евразийская Лига КВН атты бірлестігінің аясында марқұм Көздібаева Алматай апайдың бастауымен ашылған болатын алғаш қазақша КВН лигасы. Кейін Алматай апай қайтыс болғаннан кейін Есен Елеукеннің бастауымен "Қазақстан КВН Одағы" құрылып, жүйелі лига ретінде жұмыс істеп келеді. Сол тұста, бір себептерге байланысты Ақтаулық командалар бөлініп кетіп, "Қазақша КВН лигасы" атты бірлестік ашылды. Сонымен қатар, біраз уақыт белгілі әншілер Нұрлан мен Мұрат та өздеріне лига ашып, қазақша КВН-ді жүргізуге талпынған болатын. 2009 жылдан бастап, кезінде негізін Алматай апай салып кеткен "Қазақ КВН лигасы" бірлестігінің жұмысын апайдың ұлы Әзімхан Ахмет жандандыруды қолға алып, жұмыстар жүргізуде. Міне, қысқаша айтқанда, қазақша КВН лигалары осы болып тұр…

Қызылорда қаласында 2000 жылы өткен «Тұңғыш Астана» фестиваліне қатыстым, ол кезде жалпы Батыстан шыққан жалғыз команда болатынбыз. командамыздың аты «Батыс ұландары» болған-ды…  Ал, 2003-2004 жылғы КВН универсиадасына қатысу бақыт бұйырмады…
sigma
Осымен Алдан деген жігітпен үшініші рет таныс болып отырмын. Бірде Ақтөбеде оқып жүргенде Атыраулық Жерұйық командасы бір кубокты ұтып (ұмытып қалдым не екенін), Алдандар әкім кубогын ұтып(керсінше болуы да мүмкін), бір кубоктан ішкеніміз бар.
Келесі танысқаным Астанға барғанда, -Мә, бәсе, қайдан көрдім десем- дестік. Үшінші осы жерде. Аршатқа мың алғыс. Жігіттердің шәй ішетін болып кеткені болмаса.
Бекжан жақсы бала.
Aldeken
іштік негізі… жақсы іштік… Айта кету керек, Жерұйық командасы республикалық деігейде батыстан шыққан алғашқы командалардың бірі болатын.
AKA
Басы бос емес, ішінде ми бар
 Сұхбатыңыз да, берген жауаптарыңыз да күлкіге қарық қылды.
konvict
Шынында да мен өзім қатарлас біреу екен деп жүрсееееем. Күшті (смайл үшін нақмет админге)

П.С. Негізі мына жерде айтылғанмен толық қосыламын. Керекте бұрыннан жүрген, мына онша танымал емес кісілер болса жақсы болар еді.
Zere
Өз атыңыз жайлы да сыр шерте отырсаңыз. Кім қойды? Қандай мақсатпен? ))
Aldeken
Үйдің кенжесімін деп бастайын
Негізі, менің алдымдағы ағам мен 2 апам (опшым отбасымызда 4 бала екенін шамаладыңдар ғой) жас айырмашылықтары көп емес, әуелі ағам, одан 1,5 жылдан кейін апам, сосын 2,5 жылдан кейін тағы бір апам дүниеге келген. содан кейін 13 жылдан кейін маған да жарық дүниені көру бақыты бұйырыпты.
Содан мен дүниеге келгенде анам 40 жаста, әкем 42 жаста екен. Содан қартайғанда көрген қызығымыз, алданышымыз болсын деп қойған екен. бір жағынан мен іште жүргенде әкемнің достарының бірі бір қонақтықта отырып, анамды меңзеп: «Алдабергеннің мамасы үшін алып қояйық» деп тост көтеріпті. Сосын мен туғанда Алдабереген (Аллаберген) деп қоюға жүрексініп, Алдан деп қысқарттық дейді.
Ендігі қызығы атам мен әжем мен дүниеге келгенде өздерінше менің атымды Рүстем деп қоямыз деп шешіп қойыпты. Содан әкем атама атымды қою жөнінде қабылданған өз шешімін айтуға жүрексініп, ортаға атамның қарындасын салған екен. Ол кісі, біздің әулеттегі барлық дүниеге келген балаларды роддомнан көтеріп алып шығу миссиясын атқаратын. Сол кісіге айтып, содан ол кісі роддомнан мені көтеріп алып шығып, үйге әкелгенде менің атама «аға, балаңды алып келдім, тек алып келмей, қартайғанда сендерге алданыш болсын деп, атын Алдан деп қойып келдім» деген екен. Содан атам, қарындасының бетіне келмей, «ееее, қойып қойсаңдар, жарар, бақытты болсын» деп шамалы облом ұстап қалыпты Осылай, опшым…
VKM
Ол кісі, біздің әулеттегі барлық дүниеге келген балаларды роддомнан көтеріп алып шығу миссиясын атқаратын. 
 қалай бәрі үйлесіп кеткен
Zere
Ия, өте қызық екен. Сол Алдан әке-шешесіне ғана алданыш болмай, елді де алдап, күлкіге қарық қылған екен )) Жасай беріңіз, Алдеке! ))
Aldeken
Рахмет, Алла разы болсын!!!
Nurgisa
Алдан, братішкілер сені өз құрдасындай санап жүр екен. Бұдан былай тиісті шаралар кешені қарастылар деп сенуге талпынам.
Gulistan жақсы флорист.
Aldeken
тәлпіштермен сөйлеспейм десем, ия
тәжірибең мол ғо, жол көрсетіп отыруыңа не кедергі, ана трәтішкіні былай деп орнына қойып қой, деп…
Nurgisa
Алданба, Алдан, алданба,
Бес күндік мынау жалғанда
Көп жасаған емес, көп көрген
Тамырын басар әмәнда.
Безеуі бар тілінің
Ініден сөз қалған ба?
Нұротанданған әлемде
Құр Отаныңды арманда.
Нұрғиса осылай айтты-ау деп,
Ойла оңаша қалғанда…
Nurgisa
Алдеке, не ғой, көбіне )) деп қоя салмай, )))))))))))))))))))))) сарынындағы қарқылдаққа әуестігіңді байқадым. Виртуалды өмірде де ұзақ жасағың келе ме?
Aldeken
сырбаздықтан мастер-класс бере кетсең жақсы болар еді…
өмірдің ұзақтығына талпынсам, әбілхаят суын іздеп кетер едім, нұрдан басталғандарға ұқсап… ал, былайша, ия жырқылдай беретін әдетім бар екенін мойындаймын…
Nurgisa
Алдан, өзіңмен бірге керекті керегімізге тың сарын ала келдің. Спермаңның өзі неге тұрады!!!
Nurgisa
Ееееейййй,
Қанекей тілім сөйлеші,
Картопты қане жарыңдар.
Қарқылдап күлсін сиырлар
Ақырға шөпті салыңдар )))))))))))
КВН, ЦОН да үш әріп,
Үш әріп деген сарын бар.
ааааааа еееее аааааааа ей, ааааа ей, аааа аааа аааа ей.

Ееееейййй,
Алдеке, Алды-ау, Алдеке,
Екі ұл тапқан жарың бар.
Анаға әркез бас ием,
Бұл тағзымда да таным бар.
Миымыз соған жетеді
Толмаса да мимен қарындар.
ааааааа еееее аааааааа ей, ааааа ей, аааа аааа аааа ей.
Zhan
Айтыскер ақын Нұрғиса Сисаұлы!
Erke
Алдеке ассалаумаликум! Бугин суретинди корип танып жатырмын! Кезинде Батыс Уландары командасында ойнап жургенинде билетин едим! Сол кездеги видео касеталарын жаткан уйде, бериректе корип бир кулип алдым! Атын умытып калдым бир орыс кызы боолдыго, сурак койса; Маган барибир мен казакша жынды -жынды сойлеп койам дитин! Алдекенде: Кудай берейин десе форточкадан да бере салады деген приколын айтып коймайтын единдер! Казир калай сол казакша жынды- жынды сойлейтин кызбен, баскада бирге ойнаган жигиттермен кабарласып, бир ойын корсету ойда жокпа? Калай кудай форточкадан берип жатырма казир!
Aldeken
Алейкумсалам, Ерке! Әзірге бар суретіңді көріп, ешкімге ұқсата алмай отырмын.
Батыс Ұландарының ойындарының видеосы болса, өтініш, көшірмесін алуға мүмкіндік болар ма екен. Опшым жекеде хабарласармыз. Шынымен, Батыс Ұландарының видеолары көп ешкімде сақталмапты. Сен айтып тұрған орыс қыз Таня Рабулец болар, Қандыағаштың қызы болатын… Қазір хабарсызбын олардан… Қайтадан бір ойын көрсету туралы бастамалар болып еді. сосын басымыздың қосылуы қиындап кетті де, идея сол күйінде қалды. Құдайдың бергеніне шүкіршілік қылып жүрміз ғо
sammita
Кудай берейин десе форточкадан да бере салады
приколға айналып кетті қазір, кезінде оны бір бала айтқан)
Nurgisa
Қандыағаш дегесін есіме түскен бір жаймен бөлісейін:
Бекарыс Шойбеков пен Анар Жаппарқұлованың айтысы. Анар Сарыағашқа келін боп түскен кездер. Бекарыс:
"Әр ағаштың түбінде жата бермей
Сарыағашқа дұрыс бопты кеткеніңіз"
деп аямап еді  
Қандыағашқа келін боп түсуде де көп сыр барын сезем, сезем…
Aldeken
күйеу бала болмағаныңа шүкірлік ет, Қандыағашқа…
asaubota
өткендегі идеяны нетіп көруге болады
Aldeken
С.К-мен сөйлескен жоқсың ба?
Erke
Алдеке 1-2 видео касета болган уйде карап корейин, алматыда, кызылордада болган ойындарго дейм!
VKM
Осы жерге қойыңызшы, көрейік.Мына тақырып ең қызықты тақырып болып кетті
sammita
саған ұқсас тағы бір-екі КВН-шілер бар ия Ал батыс КВН топтарының ешбірі маған ұнамайды, шынын айтайыншы.
Aldeken
Бітті. өмірден түңіліп кеттім…
sammita
қазір де ойнап жүрсің бе?
Aldeken
жоғи, аздап жазатынымыз бар…
asaubota
кеше қалай жақсы бардыңдар ма? онға дейін отырыппыз ғой, ерте келгендеріңде ұзағырақ отырар едік
Aldeken
жақсы… бардық…
asaubota
жақсы барғызған ғой
Zhan
сыболыштар демеске лаж жоқ!
Aldeken
ademi_alem
оқушылық өмірдің соңғы 4 жылын Алматыда Республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатта өткізді.
Ағай, биыл төрт жыл білім нәрімен сусындаған мектеп-интернатыңыздың елу бес жылдығы бұйыртса. ))
Aldeken
Рахмет, есіме салғаныңа, биыл мектеп бітіргенімізге 15 жыл болады, сонымен ұштастыратын шығармыз.
ademi_alem
Ооо, керемет! Біздің бес жылдық. )))) Құттықтаймын!
asaubota
Левыйға Марконы апарып тастап, сосын Алдан екеуің таксовать еттіңдер ме таңға дейін?

айтпақшы біздің сөздерге икемденіп қалыпсың, уже
Zhan
Көп нәрсені үйрендік қой. Оның бәрін тізіп айтар болсам біреулерді қайталаған болып қалам. Сосын бастапқыда "өздік стилің болу керек, еліктегішсің бе әлде" деген сын-ескертпелерден кейін, «Керекстан» жамағатының төл сөздеріне тиіспей, тек сыртынан бақылап жүретінді шығардық. Анда-санда қызып кетіп айтып қалатыным болмаса…
Gastarbaiter
Осы братты да сағынып кеттім.
sammita
3 жылдан кейін сұрауға пұрсат етіңіз
Керекинфомен алғаш таныстығым ұмытпасам 2005 жылы болды-ау деймін.
осы жері қалай, 2005-те қалай аталдық «біз» мытып қаппын?
Aldeken
1 күннен кейінгі жауабыңызды қабыл алжверіңіз

www.kerek.info осылай ед, ұмытпасам. ақиқатын бір админ біледі, иә…
bizbike
Кеше мына суреттерді тауып алдым.
MERmukhanov
Алдекем…
Zhan
Алдекем…
Бұл аз. Қорсылдап жылауың керек. Сонда ғана саған Алдекеңе деген махаббатыңа сенеміз
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.