Таныс болыңыздар: Dinara

  • Автор
Динара Талдыбаева — Dinara

6 қазан 1983 жылы Түркістан қаласында, көп балалы отбасыда туылған.
2000 жылы сол Түркістандағы ХҚТУ-не халықаралық қатынастар мамандығына оқуға түскен.
Қазіргі уақытта Түркияда Анкара қаласында магистратурада оқып жатыр, сол мамандық бойынша.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Қазіргі керекке Аршаттың шақыруымен келдім. Боямасыз қазақи жастардың ортасын тапқаныма қуаныштымын, келгендегі мақсатым да сол, замандастарым не ойлайды, оларды нендей мәселелер толғандырады екен деген ой еді :) Барлығы да сен тұр мен атайын деп тұрған тұлғалар екен, оларды біріктіріп отырған осындай орта болғанына қуанамын.

— Күніне неше рет кіресің?
— Неше рет кіресің деп санайтындай саны жоқ :) Қолым қалт етсе болды кіріп шығып жүре беремін :) Күнделікті ашпасам болмайтын, қол үйреніп, автоматты түрде ашыла беретін сайттардың ішінде.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Мен үшін жаңа, тың болған жазбалардың барлығы ұнайды. Фильм болсын, жаңа ән болсын. Қолдан жасалған өнер туындылары, тағамдар, сосын кейде фотосы көп сөзі аз тақырыптар :) Көп сөзді оқуға ерінемін басын бір соңын бір қарай саламын. Өмір туралы қарапайын әңгімелер, өмірден алынған, бастан өткен оқиғаларды қызығып оқимын.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Бөліп жарып ешкімді айта алмайды екенмін, мына кісінің пікірі ұнайды деп. Жалпы тақырыпқа тура қатысты, қысқа әрі нұсқа жеке өз ойын білдіретін (қолтықтан кеттім, бұттан кеттім, май шашыңдар, шелек қайда деген сияқты пікірлерді шыны керек дұрыс қабылдай алмаймын, мүмкін ол да бір қызық шығар, керек те шығар сайтты түрлендіріп ұстап отыруға, серьезный қылып жібермей балансты сақтап отыруға деп ойладым да қойдым) пікірлер ұнайды.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарым оқымайды, таныстарым оқыса оқып жүрген шығар, сілтеме беріп тұрамын өзім ұнатқан, оны да қызықтырады ау деген тақырыптарға.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Мүмкін жауапты модераторлар тағайындап қояр медім қауымдастықтарға :)

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

165 пікір

e_zhalgas
тағы бір тұркістандық! толығырақ танысқаныма қуаныштымын, қателеспесем, фейсбукте доспыз, иа? :)
patick
Дос ұғымын тым таяз түсінетінің өкінішті — деп жеп кетсем ))))))
Dinara
иә, доспыз Жалғас ;)
Janasil
Бәсе-бәсе Түркістандық екен ғой!!! Жүзі ыстық көрініп еді!
Dinara
Сіздің ауылға жиі жиі барып тұрамын, сол ауылдың таможнясы менің апам десем ия :)))
Janasil
Ауыл деп Түркістанды меңзедіңіз ба? Әлде менің өз ауылымда ма?
Dinara
Сіздің өз ауылыңыз ;) бір жерде жазған едіңіз қателеспеспесем…
asaubota
Керекинфоның ескі гвардиясынан. бірақ, тек Динарамен ғана реалда кездеспеппін.
Dinara
Аршат Түркияға келсейші демалуға отбасыңмен :)
asaubota
бұйырса алдағы жазда барамыз. соңғы рет 2007 жылы әйелім екеуіміз қыз бен жігіт болып барып қайтқанбыз :)

сол кезде айтпақшы Анкара арқылы Эскишехирге де бардық.
Dinara
иншалла, жаздың ортасына қалып кетпе қатты бірақ, демалуға болса сезон енді ашылып жатқанда келсең жақсы. мен де осында кезде да ;)
muza
oppa mina jer kizik eken:)
Abilakim
Динара, Динара деген өлеңді тыңдап па едіңіз?
Dinara
Көңілімде сен ғана деген ба? Тыңдағам.
Тағы біреуі бар ғой, сүйем дедім сүйе алмадым кешір жаным… деген. Екеуі де ұнамайды :)
Abilakim
соңғысының гитарамен ойнайтын жері ұнайтын… мүмкін сол кезде Динара деген қызды ұнатып жүргендіктен бе екен? Негізі, Динара деген қыздардың бәрі әдемі болып келеді дегенмен келісесіз бе?
Dinara
Мүмкін мүмкін. Ал ол өлеңдерді ылғи маған ұнамайтын жігіттер айтатын, содан шығар өлеңді ұнатпай кеткенім :)
asaubota
осы әннің оригиналы мынау емес пе?

Dinara
бұл өлеңді бірінші рет естіп тұрмын, жоғарыдағы әндер басқаша екеуі де.
meirzhan
Жалпы тақырыпқа тура қатысты, қысқа әрі нұсқа жеке өз ойын білдіретін (қолтықтан кеттім, бұттан кеттім, май шашыңдар, шелек қайда деген сияқты пікірлерді шыны керек дұрыс қабылдай алмаймын,
Бүгін бәрі күлкілі көрінеді екен. Осыған жақсылап күліп алдым :)))))))))
Dinara
кететін жердің бәрінен кетті дегеннің альтернативасы ғой иә Мейіржан? «Бүгін бәрі күлкілі көрінеді екен. Осыған жақсылап күліп алдым :)))))))))» дегенің :)
meirzhan
иә, типі сондай :) кейде дәл солай жазғым кеп кетеді. )
Zhan
Сені универде көрдім бе екен әлде көрмедім бе деп ойланып отырмын ))) Жарайсың тек қана алға! Жақсы білім алып келуіңе тілектеспін.
Abilakim
Менсіне қоймаған шығарсыңдар ол кезде бұл баларды.Қанша дегенмен дер шақтарың ғой…
Dinara
Көрсек көрген шығармыз бір бірімізді, ол үшін сізге университет кезіндегі суретті көрсету керек :) Рахмет тілегіңе Жансая!
patick
Уау, уау, уаааааау
madlen
Сұрақтар:
1. Анкарадағы жастардың бізден қандай айырмашылықтары немесе ұқсастықтары бар? Жігіттері қандай?
2. Бітірген соң елге қайтасың ба?
3. Қай жерлерден киім аласың? Жалпы, киіну стилің қандай?
patick
Жігіттері қандай?
деген сұраққа цифр қойылмауына қарап, аталмыш сұрақтың приоритеті басым, тойыс басымдығы приоритет, тфу, әнәс… аталмыш сұрақтың маңызы өзгелерден ерекше деп қабылдауға бола ма?
Dinara
1. Айырмашылықтары: Жастар кез келген тақырыпта еркін. Саяси белсенді, саяси уатты. Болып жатқан кез келген оқиғадан тысқары қалмайды, көшеге еркін түрде шығып өз ұстанымдарын білдіруден жалықпайды. Біздегідей университеттердің күштеуімен шығып жатқан жоқ, өз еріктерімен өздері қаласа шығады. Екінші, жастар арасында бәсекелестік бар. Оқып жатқан бөлімдерінде болсын мысалы. Жарысып кітап оқиды. Барлығының дерлік алға қойған мақсаты белгілі мектеп кезінен бастап, аянбай кәдімгідей күресе алады сол үшін. Болса болсын, болмаса қойсын деген түсінік жоқ. Болу керек. Бұл ерекшелігі мектеп кезінен байғұс балдар сынақтан көз ашпайды, сабақтан тыс дәрісханаларда жүреді қосымша осы сынақтарға дайындалу үшін. Біреу айтқан екен Түркияда байығың келсе дәрісхана мен жатақхана аш деп. Дәрісхана мен жекеменшік жатақханалардың саудасы күшті.Қымбат та кәдімгідей. Себебі ата анасы бір немесе екі ғана баласы үшін жағдайдың бәрін жасайды. Тағы бір ерекшелік, кез келген түрік жігітінің немесе қызының сүйіктісі бар. Сезімге қатты берілгіш. Жігіттері қыздарының алды артына түсіп бәйек қағып жүреді қашан көрсең. Көп көретін көрініс: Пакет пакет болып, қыздың сумкасын көтеріп артынан жүреді сүмірейіп, қыз жүреді киім аралап :) Жігіттері жалпы сезімге берілгіш, бастаған нәрсесінен қайтуы қиын. Бетін қайтарсаң өмірден түңіліп кетуге дейін бар. (ұзаап кетіп бара жатыр, қаласаң тағы бірде басқа жерде айтып берем, бұл таусылмайды Мадлен, анау нөмірі жоқ сұрағыңның кіріспесін жасап кеттім осы жерде, тағы жалғасы бар :))

2. Бітірген соң елге қайтамын, жұмысым күтіп тұр ;)Бұл жақта да бәрі сұрайды қалмайсың ба деп ұсыныстар жасалады жұмыс туралы, Түркиядан гөрі Қазақстан маған мұқтаж, елге қызмет етемін деймін.

3. Киім кию стилім осында келген соң өзгерді деп айтсам да болады. Мысалы бұрын джинс мүлдем кимейтінмін, басымда бір қалың бір жұқа екі дежурның джинсыйым ғана болған: Р төмен аяқ киім кимейтінмен мүлдем :) Мұнда ол екеуі кәдімгі бас тарта алмайтын дүниелер :)
Киімнің ортасы ғой енді бұл жер. Үйімізге жақын жерде Манго-ның оутлеті бар деп қызықтырып қояйын да :))) Зарадан бірдеңелер алмасам тұра алмаймын. Бағалары қолжетімді негізі. Кейде ұнатқан нәрсемнің бағасына қарамаймын, сезон скидкасын да күте алмай қалам кейде :) Ал былай қатты марка қуып, тек қымбат маркалардан киінетін әдетім жоқ :)
Тағы сұрақтарың болса, пажалста ;)
madlen
Сұхбатыңа рахмет, бір демде оқып шықтым. Мен қойған сұрақтарға жауап жазам деп бір пост жазыпсың )))
Dinara
бір демде жазып шықтым ғой мен де күтіп қалмасын деп :) Ұзап кететін түрі болған соң доғара салдым келген жерімнен, ой ой әлі жазылмаған нелер бар ;))
Dinara
Күтіп қалмасын деп бір демде жазып шықтым ғой. Ұзап кетпесін деп келген жерімнен доғара салдым :) Жазылмаған әлі нелер нелер бар ;)
Zhan
Сенің мына жазбаңнан кейін баяғыда универде жүргенде неге түрік жігітіне қарамадым екен деп аздап өкініп қалғандай болып отырмын))))
asaubota
Динара менің бұрын 3 жыл жүрген түрік қызыма қатты ұқсайды, тек Динара сары :)
Dinara
Солай меді Аршат, ол қыздың суретін жекеге давай :) Мені көбісі көп адамға ұқсатады, осында ауғанстандық өзбек группаласым бар, мені ерекше жақсы көреді, маған тиіскенді менімен ойнағанды. Бір күні көшеден көріп қалдым қызы екеуін, таныстық, кейін қасымдағы құрбымай айтамын, мәә ананың қызы маған ұқсайды ғой деп, ол да ия ия деп. Кейін айтады группаластардың отырысында жаңағы жігіт қызын ертіп келіп, бәрінен сұрайды, екеуі ұқсайды ия, бұрыннан айта алмай жүр едім деп :)
Мұнда мені ешкім қазақ деп ойламайды, бәрі өздерінің түріктері деп қабылдайды. Казақ екенімді байқатқым келсе әдейі кейде сөздерді дұрыс қолданбай, қате сөйлеп байқатамын. Ол да керек әйтпесе :)
KILYZAMAN
ауғанстандық
— ауып кетпеші айналайын, еліңде не бір ұлдар күтуде :-)
Dinara
Қорықпаңыз ағасы :)
asaubota
суреті жоқ қазір :) ол кездерде диджитал деген жоқ еді айналайын, пленкамен түсіп солай шығаратынбыз. қазіргідей соткалар да жоқ :)
Dinara
сене салдым жарайды :) хабарласып тұрмайсыңдар ма?
asaubota
хабарласып тұрамыз әрине. студенттік кездегі суреттерін таба алмадым деймін, а так ФБда бар ғой қазіргі кезі.

қазіргі кезін көрсем онымен жүрмес едім :)))
Dinara
:))) көрмей ақ қояйын мен де қазіргі кезін ;)
asaubota


қазіргісі қатты ұқсамайтын шығар, бірақ бұрын күлген кездерің ұқсайтын.
Dinara
мұрнымыз дәу болғаны болмаса :)) баяғыда менің шашым да осындай қысқа болатын :))
Dinara
солары ұнамайды түрік жігіттерінің сүмірейіп мөлиеді де тұрады ғой қыздың алдында үнемі :) жалпы емес әрине, көбісіі сондай
asaubota
Түркияда да еркектік (delikanlılık) кетіп бара жатыр дейсің ғой. бізде де жігіттер жұмсақ болып бара жатыр. ТВдегілерді көрсем құсқым келеді, гомо типіндегілер өңшең.
Dinara
Ия жастар сондай байқағаным, орта буын аға буын деген кісілерде бар әрине "қазақтық" :)
Janasil
кәріс сериялдарының әсері…
omarbirat
«Лайт еркектер» :)
Dinara
осы жерде сол туралы талдап жіліктеп жаздыңыздар ия кезінде, есімде :)
Dinara
әлі де мүмкіндік көп қой егер қаласаң Жансая, өкінбе ;)
madlen
Ол деген бірінші сұрақтың жалғасы
Abilakim
Менің сұрағым:
Түрік жігітіне тұрмысқа шығар ма едіңіз? Әлде уже шығып қойдыңыз ба(қазақ, орыс, неміс,қара нәсілді)?
Dinara
Жаттанды жауабым бар: Шықпаймын. Шығар болсам университетте жүргенде ақ солармен жүріп шығып кетер едім. Мен үшін тек қана қазақ, басқаларды қабылдай алмаймын.
nurbergen_makym
Менен де бір өтініш:
Ана бір Теңіз деген қызды наққа жібере салыңызшы, көрсеңіз.
Zhan
Осы өтінішке менде қосылам, Дениздің «мяу-мяуы» шаршатып жіберді.
Dinara
Сол Денизді былтыр біздікілер осында келгенде мамам қоймайды көшеде жүрсек, мынау дениздегі жер ғой деп Анкара университетінің алдынан өтіп бара жатсақ, суретке түсіріп алайық, ауылға апарып көрсетем деп :) Бірнеше сериясын да көрді осында, мынау мыжып қазір бітпейді екен деп ауылға барған соң қарамай қойды, ауылда мен қарап отсам бір сериясында біздің үй жақты айтады ылғи, Бешевлер, Тандоганда жүрмін деп, сонда барып сендім: Р
araika
Денизге уақыттарын сарп ететіндерді өте қатты аяймын. Сонан соң осы бір телехикаяны сатып алып, аудиториясын кеңейтіп жатқандарды тіптен аяймын.
Dinara
ия, қайтесің енді Арайка, амал жоқ…
Aizhantabyn
)))))))))))))
Сұрақ бар))) сен де весы екенсің ғой. Енді сұрақ: гороскопқа сенесің бе?
e_zhalgas
өте актуалды сұрақ! өз актуалдығымен тіпті жоғарыдағы сұрақтардың бәрін өз көлеңкесінде қалдыратындай ма :)
Aizhantabyn
афигительно ақылдымын деші, брәтішке))))
e_zhalgas
дедовщина (бабавщина)? :)
Dinara
аздап сенемін гороскопқа Айжан, сенің таразы екеніңді білем, көп ұқсастық байқағам ;)
e_zhalgas
аздап сенемін
қызық екен! :)
Dinara
Неге қызық? Сенгім келген жеріне сенемін, мысалы таразының мінезіне байланысты айтылғандар тура келіп жатады. Ал таразының мына мына жұлдызнамадағылармен көңілі жараспайды деген жерлеріне тіпті мән бермеймін :)) Сосын қатты беріліп сенетін адамдар барлық адамның жұлдызнамасын сұрап, оған мән беріп, танысқаннан сен анандай екенсің мынандай екенсің деп талдап тастайды. Жатқа біледі ғой тіпті анықтамаларын :))
Жалпы кез келген нәрседе «крайность»-қа кетіп қалуды құптамаймын, әр нәрсенің золотая серединасын таба білу керек ;)
Aizhantabyn
)))) соны мен де байқадым, удивительное рядом деген осы ау)))
TERISKEY
ооо! Реалда танысқым келген керекшілердің бірі. Оқуыңызға сәттілік болсын! Сұрақ жоқ:))
Gastarbaiter
Бір жылда бір универде оқыған екенбіз, құрдас.
madlen
Түркістандағы ХҚТУ
???
madlen
Иняз қайда кетті?
Gastarbaiter
Ой, қателесіп кетіппін. Түркістанда да бар ма еді?
madlen
Халықаралық Қазақ Түрік Университеті ол
Dinara
Түркңстанда емес, Таразда не Шымкентте оқыған боларсыз деп сұрайын деп жатсам.
Gastarbaiter
ҚазХҚ және ӘТіпУ)))
Dinara
қазір екі университет тауысу, екі мамандық алу сәнге айналып кетті ғой, жарайсың заманауи құрдас :)
madlen
Ол 1 университет қой )
Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Gastarbaiter
Ия, Хық Тіпу дейтінбіз өзара:)
madlen
Расшифровать етіп айтқанда ғана күшті естіледі d
Смайликтер қосылыпты ғой
Dinara
МАдлен сен Иняз дегеніңнен ұққам, қазақша расшифровкасын
жәй жазғам қалжыңдап, өзі және деп екіге бөліп жазып қойған соң
Gulistan
Динара, сәлем. Өмірде кездеспесек те, танимын. Бір ретте қыздар болып Түркістанға барғанда қыдыртыпсың, сол уақыттары сіңлілі болып жаттың. Қазір ол нешеде? Үйдегілерге шай құюға жарап қалдың ба?
Жалпы бауырларыңмен қарым-қатынасың қалай? Қазақтардың туысқандық қарым-қатынасына қатысты ойыңды білгім келеді.
Dinara
Сәлем Анар, Жанналар келгенде емес, Ақтөбеден Жадыра келгенде інілі болдым. Қыз күткенбіз әрине, атын Жадыра қоясыңдар деп Жадыра :) Қазір ол төртке келді, аты Нияз :) Сегізінші інім менің :) Есесіне келініміз жақында қыз босанды, үйде әлі күнге дейін мейрам :)
Бір қызбын, үйдің үлкенімін, осыған қарап қарым қатынасымыз қалай екенін топшылац беруге болады :)
Қазақтың туысқандық қарым қатынасына оң қараймын. Әркім өз орнын біледі, нағашы, жиен, бөле әрқайсысы өз жолымен, өз орнымен. Мысалы бір жиын болатын болса келіндер келеді де жапырып барлық жұмысты жасап тастайды, ешкім айтып міндеттемесе де әркім өз қызметін, статусын біледі, соны сақтайды, шектен шықпайды. Сосын мына жақпен салыстырғанда мысалы, қайырымдылық жалпы көп жасалады, әсіресе студенттерге, одан қалса артта қалған мемлекеттерге жіберіп жатады. қарапайым мысал, құрбандықтарын өткенде. Ал бізде көмек жасағымыз келсе алдымен жағдайы төмен өз туысымызды жұмыспен қамтып, соның отбасына көмек беруге тырысамыз, осы дұрыс деп санаймын.
madlen
Ухтыш! 8 іні деген қандай көп!!! )))
Dinara
Аллаға мың шүкір! Құдай көп көрмесін деген сөз бар ғой ;) Өзімізге мүлде білінбейді көп екеніміз, біреуі үйде жоқ болса тып тыныш боп қалады, орны білініп :))
bazuka
Оқуыңызға сәттілік тілеймін!
Dinara
Рахмет Базука!
Zere
Осы жерде жүрген aktobe88 деген никпен жүретін, есімі Ғалия ғой деймін, сонымен кездестіңіздер ме? Мен алдында екеуіңізді құрбылар деп ойлаппын. ))
Dinara
Ғалиямен кездеспедік, жазда ол Анкараға келем деген еді, мен ауылға қайтып кеттім
dark_nazgul
Танысқаныма қуаныштымын) мен қандай сұрақ қойсам екен деп, толғанып болғанша, жұрт сұрап қояды))
Dinara
Мен де қуаныштымын, бәріне үлгеріп жүргеніңізге таңмын :) Балаларыңыздың қызығын көріңіз, бізді де сол күнге тез жеткізсін иншалла :)))
Zako
Қуанышқаныма таныстымын! ©
a63a1
Кешігіп қаппынғой, пікірлердің бәрін оқып бола алмай жатырмын. Көп балалы отбасыдан шығыпсыз, қаншасыздар?
Zako
Қаншалықты деңгейде түрктендіңіз (егер солай болса)?
Dinara
Өзіме байқалмайды, түріктендім деп тіпті ойламаймын. Бірақ сырт көз сыншы дейді ғой, елге барған сайын бәрінің айтатыны түріктерге ұқсап кетіпсің, киім кигенім болсын, кейбір нәрселерге көзқарасым болсын. Дегенмен орта өз ықпалын тигізеді белгілі мөлшерде. Сол ортаның жақсы жақтарын қабылдағанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.
Zako
Рақмет жауабыңызға.
Орта әсер етеді, келісемін. Бірақ Қазақстанда тұрып та түріктердің ығында кеткен қазақтарды көргенде,…
Dinara
ығында кету бір басқа, олардың жақсы қасиеттерін өзің үшін пайдаға асыру бір басқа емес пе?
TERISKEY
вот, осыны дұрыс түсінбейді көбісі:)
Adiletshu
Сәлем, Динара. Түріктерге ұқсайды екенсің десем ренжітіп алмаймын ба
Dinara
Сәлем, үйреншікті комплимент (комплимент деп қабылдай саламын өзім, қаншалықты ұнамаса да осы сөз :))
Adiletshu
Ааа. Онда айтпайм. Қазаққа ұқсайсың)
Simona
Меніңше түріктердің басымы жерорта теңізінің жағалауындағы тұрғындарындай қасы көзі қап-қара, қара-торы болып келеді. Арасында сап-сарылары да болады.
Меніңше Динара ақ қыз, татарларға келедi :)
Dinara
ияяя, Симона мен сары емеспін, Аршат қана сары сары деп қоймайды, бұрын шашым сары кезім жатталып қалған ғой :)
Ескишехир немесе Сакарияданмын десем сенеді барлығы ;) (ол жерлерде татарлар қоныстанған)
nurbergen_makym
Замандас, жалпы, туған мүмкіндік көңілге қош келіп жатса, анау-мынау принциптерді ығыстыра салып, Түркияда он жылға дәріс оқуға/жұмыс жасауға/өмір сүруге/басқадай тірлікке қалар ма едіңіз?
Dinara
Егер қасымда жұбайым болса, ол келіссе қалар едім, докторантура жалғастыруға әрі жұмыс жасауға, әрі өмір сүруге де қолайлы деп санаймын. Бірақ он жыл емес бес жыл жетеді мен үшін.
nurbergen_makym
Анкара Университетінің ректоры көңілдесімен келіп жалынса да, қалмайсыз ба, он жылға?
Dinara
Анкара университетіне қатысым жоқ. Болатын әңгіме айтыңызшы
nurbergen_makym
Ия, мен — Анкарада, Туаймайттэндегідей бір университет деп ойлаппын.
balzaminka
Қайырлы кеш :)

Кездесуді не істейміз, ұйымдастырамыз ба? :))
Dinara
Қайырлы :) мен жазға дейін осындамын, ешқайда шықпай жұмыстарымды бітіруім керек болып жатыр. Сендер келіңдер давай :) Әйтпесе алдымыздағы жылы бітіріп қайтуым керек ауылға уже, мен барда келіп қалыңдар, кейін кім қыдыртады ;) Қыста Еуропа жоспарым бар еді, қазірше ол да болмайтын түрі бар…
balzaminka
Рахмет :) Мен өзіме шақырғым келіп еді, мен де келер жылы қайтам ғо :))

Жұмыстарыңа сәттілік, бәрі оңынан болсын!
Dinara
әмин, саған да сәттілік. Елде амандықпен көріскенше :)
AKA
МашАллаһ, жүзіңіз жылы, сұлууу екенсіз, әпке! Оқуыңызды үздік тәмамдауға тілекшімін. Елге келіп, қызмет ететініңіз ұнады, менен сұрақ:
1. Қанша тілді меңгергенсіз?
2. Біз білмейтін түрік елінің өзіндік салт — дәстүрін айтып берсеңіз?
3. Түрік асханасына шолу жасап өтсеңіз? :)
Dinara
Рахмет АКА, ол сенің көздеріңнің сұлулығы :)
1. Орысша, түрікше ғана білемін ;) Ағылшыншама қарным ашады өзімнің :(
2. Қыз тұрмысқа шығар алдында бір күн бұрын Қына түнін (Kına gecesi) жақындарымен, туған туысқандарымен, құрбыларымен (тек қыз келіншектер жиналып)өткізеді. Қызбен қоштасу мақсатында. Қына жағуды ислам дәстүрімен байланыстырады, кейбіреулер айтады қына жағу бір бірін сен менің сүйіктімсің деп тану, мойындау дегенге келеді деп. Сондай ақ, қынаның қорғаушы, сақтаушы қасиеті бар деп сенеді. Келінге, келген қонақтарға қолдарына қына жағу арқылы ертеңгі болатын үйленуді, яғни отбасылық өмірді қорғайды деп сенеді. Әйелдер жиналып, өздеріне тән жергілікті халық әндерін айтады, билейді, соңында жылайды қимай бір бірін. Ауылдарда әлі солай болғанымен, қалаларда қазір еркектер де қатыса береді екен, бойдақтықпен қоштасу, көңіл көтеру мақсатында өткізілетін болып кеткен дейді.
3. Асханасы өте бай. Таңғы асқа (кахвалты) қатты мән береді. Кахвалтыны пейнір (сыр) мен зәйтүнсіз елестету мүмкін емес. Сұйық араластыра салатын сорпалары бар, бас тағамның қасында міндетті түрде берілетін. Салаттары жеңіл салаттар болады көбіне, майонез қосылған салат мүлдем жоқ, оливьені жасайды рус салатасы деп, оған да кей жерлерде йогурт (айран) қосады. Майлы еттен ұзақ тұрады барлығы. Көбіне тек сиыр етін қолданады, қойдың етіне жақындамайды майлы деп, қозы етін алады алса да. Әр аймағының өзіне тән өзгеше тағамы, тәттісі болады. Қысқаша шолып шығу қиындау боп тұр сол АКАжан :)
Dinara
Қына түні туралы жаздым ғой, мынау қалай өткізілетіні туралы бір видео:


Сосын осы қына түні кетіп бара жатқан қыздың айтатын өлеңі, бұл өлеңсіз қына түнін елестету мүмкін емес :) Менің сүйікті әншім Жандан Ерчетиннің орындауында
asaubota
мұның Фенербахче туралы жазылған Галатасарай версиясы бар :)

Avrupaya gittin
Bizi rezil ettin
**ne kanarya
Nasıl da koydu Barselona
******* *****
Dinara
жүрген жерің футбол әйтеуір :)))
біз бұны үйді сағынғанда тыңдап жылап аламыз өзіміз ;)
AKA
Ааа, түсіндім видеосын көріп, сұхбатыңызға рахмет, әпке! :))
araika
майонез қосылған салат мүлдем жоқ
Осылай жақсы, негізі. Былай қарасаң, тағамдарында талғам бар сияқты. Сонан соң олар кофені зиянды деп санамай ма екен? Білетінім, тамақпен бірге су ішетіні…
Dinara
Дұрыс тамақтануды қатты ұстанады. Айтқаның дұрыс, талғаммен, орын орнымен жейді. Тамақ алдында салат, сосын ыстық сорпа, содан кейін барып басты тағам дегендей. Кофе мен шәйді жақсы көреді, кофені күніне бір екі рет ішкеннің зияны жоқ деп ойлайтын шығар, ол жағын білмедім, адамдарға байланысты өзгереді енді ол. Сосын біз ұқсап тамақ үстінде шәй ішпейді әрине, кейіннен қою қылып ішеді. Дұрысы да сол, тамақпен бірге су ішу.
omarbirat
қойдың етіне жақындамайды майлы деп, қозы етін алады алса да
Түркиядағы қойлардың орташа жасы ары кетсе 1 жыл ғана болғаны ғой, демек?
Dinara
мүмкін, ол жағын зерттемеппін Омеке :) етке келгенде жаман капризный ғой, сүйексіз, майсыз, қандай тамаққа қалай қосады, соны жеке жеке туратқызып, шегетінін шеккізіп алады. біз болсақ кейде ет алуға жағдайымыз болмағанда сүйек сұрап алып кетеміз де, соны бірнеше күн қайнатпа сорпа қылып жасаймыз: Р соның өзінде сорпа майлы болмайды, қой сиырларын байлап майлы қылып семіртпейді екен, байқағанымыз осы…
Gulistan
Мен де тамақтарының бай және сапалы екенін байқадым.
19852407
Насылсың, Динара:)Білімге құштар жандарды құрметтеймін, оқуыңды сәтті бітіргін!
Түрік асханасының фанаттарының бірімін, әсіресе лахмаджнун қатты ұнайды :)
Dinara
İyiyim sağol cnm :) Рахмет, рахмет! Осы жаққа келіп таңдап жейтін болдық қой тамақтарын. Жазда Алматыда Қорқыт атаға бардым, құрбым искендер жақсы көрем жейік деді, ескендірі ді қасындағы салаты да өтірік өтірік жасалыпты :S Бәрібір өз жеріндегідей дайындалмайды ау деп қалдым сосын.
19852407
солай шығар, бұрындары Алматыда Orientке баратынбыз (Садық ұстаныкі) :)
бәрібір де ұнайды)))
Dinara
Алматыда түрік ресторандарына барып көрмеппін, осы жаққа келердің алдында оншақты ай Алматыда жұмыс жасасам да. Ал Қорқыт Атаға 2004-те практикада жүргенде баратынбыз, содан жатталып қалған.
meirzhan
Әр сұраққа ұқыпты жауап беріп отырғаныңыз үшін алғыс.
araika
Сенің кезегің келгендегі айтылатын алғыстардың шамасын байқап отырмын :)
Dinara
сондай міндет берілген соң енді, тырысып жатырмыз :)
Aikona
кейінгі кезде алғыс айтқыш боп кеттің ші :)
meirzhan
Біртүрлі көңілім босап кете береді ші
Dinara
қой көңілі босап кете бергені несі?
сен де лайт еркексің бе әлде :)))
meirzhan
жаһандану ғой десем :)
Dinara
аа, глобальное потепление :)
monti
қайдайда бір грант(Түркияның) ұттыңыз ба? әлде КЗдан жұмыс орныңыз жіберде ме? :), әлде өз ақшаңыз? ;) оқуда озат боңыз!
Dinara
сәлем Монти, рахмет!
оқуға өзіміздің ХҚТУ жобасымен кеттім ;)
Gulistan
Жатақханада тұрасың ба, әлде студент жерлестермен үй жалдайсыздар ма? Стипендия бар мұқтаждарыңды өтеуге жарай ма? Жалпы оқу барысында қандай ерекшеліктер бар?
Dinara
Алғаш келгенде тұрдық жатақханада, ол өмірді де көрейік деп, екі аптадай. Болмайды екен, үй жалдадық қыздармен, жерлестермен. Стипендия жетеді, артылмайды, университет жақсы төлейді :)
Оқу барысында ерекшеліктер өте көп, өзімнің университетіммен салыстырамын үнемі.
Ең бастысы мұғалім мен студентке бар жағдай жасалған, бірінші кезекте солардың талаптары қанағаттандырылады. Ал бізде қағазбастылық, жоғары жақтың талаптарын қанағаттандыруымыз керек тек қана.
Мұғалім сабақты қай жерде өтеді, қалай өтеді өз еркінде. Ешкім сабақты тексеріп келмейді, құжаттарың түгел ме деп. Магистранттардың сабағы кешкі алты жарымда болатын, студенттер барлығы жұмыс жасайтын болғандықтан, солардың ыңғайына қарап солай қойған.
Көке деген бұл жақта да жүреді екен байқағаным, бірақ біздегідей қарсылығына бірнәрсе дәмету не болмаса алу үшін емес, тек бір адамды сыйлағанынан соның бір ауыз сөзі мен көңілін қимағандықтан көмектеседі екен, өте сирек бірақ, былайша мұғалім өзінің дегенін жасайды қай кезде де.
Gulistan
Рахмет, Динара. Мына сөздерден кейін қайтадан студент болғым кеп кетті.
Dinara
Анаар, жаза берсем ұзай беретін түрі бар, енді бұдан кейін пікірлердің соңына көп нүкте қойып кетем ау дим, жалғасы бар деп, егер қаласаңыз :)))
meirzhan
Талай пост кетті-ау
Dinara
обал болды ма
meirzhan
обал болмас үшін плюстекетейін коммент-посттарды
Dinara
рахмет, тойыңда қайтсын
asaubota
Анкара сөзін айтқан кезде екпінді қай буынға саласың? әлде үйде қазақша, Түркияда түрікше айтасың ба?
Dinara
Қиыыын сұрақ
Барлық жерде бірінші буынға басымдық беріп айтам. АнкАра демейсің ғой енді  немесе АнкАрА: Р
Сен ше? Ангара дейтіндерге жыным келеді, кейде өзім де қолданам бірақ
asaubota
мен түрікше қалай айтылады солай айтатын сияқтымын

сұрақ: інілеріңнің бәрі қорқа ма сеннен? әлде тыңдамай, қарсы шығатын тентектер де бар ма?
Dinara
қалай сонда  десем иә
Інілерім қорқады былай, сыртта жүрген соң қадірім көбейе түсті ма деп қоям  Телефонда сөйлесіп жатсам, үйдегі құрбым айтады, ваще басқа боп кетесің, өзіңнің үстүн екеніңді білдіріп тұрасың оларға, өзіңше боп тұрасың дид
Ал негізі былай мінезім жұмсақ болған соң, көп еркелейді маған.
пысы: Інілерім бәрі мені ақ әпше дейді, так ышто сен де сары демеші мені енді бұдан былай, мен аппақпын
asaubota
жарайды, аққұба қыз
Nurgisa
Динара, бізде дінара диалог жетіспейді. Елде. Ол жиалогқа ұйытқы болғысы келетіндердің бірі — Түркия Республикасы.
Түркия әсіресе соңғы жылдар көлемінде Қазақстанмен «ынтымақтастыққа» күш салып жатқанын ерекше байқаймын. Атырауда жұмысбасты болдым, Түркия азаматтары көп. Астанада, негізінен, құрылыс нысандарында қарасы көп. Қайтарымы ретінде Түркияға бізден оқу ісі бойынша ғана барады ма деймін. Туризм басқа мәселе. ТҮРКСОЙда да біздің сойылды соқты, Анкарадан ескертіш қойды. Өзара ілтипат деген жақсы шығар дипломатиялық қарым-қатынаста. Бұ жағын осы істің білгірі ретінде өзіңіз салмақтырақ бағамдайсыз. Осы жақында «түркі әлемін» біртұтастандыру, біртілдендіру жайы көтеріліп қалды. Сандырақ болмайды ондай гипотезалар. Қалай ойлайсың, Динара, Түркия «бауырым, біртуғаным» деуі ширма да, шын көксегені басқашалау емес пе? Түркиядағы магистр ретінде пікіріңді білу маған қызық.
Dinara
Сұрағыңыз тура иесін тапты деп ойлаймын  
Дінаралық диалог туралы айтқаныңызға алып қосарым жоқ екен.
Ал екі ел арасындағы ынтымақтастыққа келер болсақ, қазіргі Түркия үкіметінің Қазақстанға бір ерекше қызығушылығы бар дей алмаймын, жәй ғана қай жерде инвестиция көзі бар, Түркия сол жерде екенін айтқым келеді. Ал Қазақстан әрине инвестиция салуға қолайлы жерлердің бірі  Өткен жылдары мысалы Египет, Ливияда қаншама фирмаларымыз батты деп қынжылып жатты. Тіпті кардеш Қырғызстандағы оқиғалардан кейін, уайымға салынып, қайтуға бел буып жатқандары да болды. Сондықтан, біздің елге деген илгисинде туыстықтан гөрі чыкар меселеси басымдырақ (аа халық арасында, академиялық ортада туыстық, бауырлас деген сезімдер бар, үнемі бірінші кезекте айтылады да, ол бөлек әңгіме).
Екі ел арасында жалпы барыс келістер өте көп. Анкарада болған соң, кім келіп кетіп жатқанынан хабардар болып отырамыз, кейде арасында жүреміз. Сіздің айтқаныңыз орынды, оқу бойынша келетіндер көп. Оның өзі бір жетістік Қазақстан үшін…
Түрік бірлігіне қатысты болса, (көбіңіздің хабарыңыз бар шығар, білмейтіндер болса жазып кетейін) біз алғаш тәуелсіздік ала салысымен, Марқұм Тургут Өзал бастап берген еді, бауырлас елдерді аралап. Белгісіз себептермен өмірден озып кетті… Одан кейін Түркия Еуроодақ деді, Ердоған келген соң Таяу Шығыс деді. Әлі күнге дейін бірақ Түркия үкіметінің Орта Азияға, бауырлас елдерге деген арнайы бір саясаты жоқ, мұны өз ғалымдары, сарапшы мамандары да қатты сынап көп айтып жатады. Осыған қатысты сұрағыңызға жоғарыда айтқып өткенімді қосуға болады.
Қысқаша осы  көп нүкте қойып кеткен жерлерім, әлі де жалғасы бар, айтылатын, тартышылатын жерлер  Назарыңызға рахмет!
asaubota
иә, арнайы бір жоспар, жобалары жоқ менің ойымша да. оңшылдар сынап жатады бостан босқа бәрібір кіргізбейтін ЕОға талпынғанша неге Орталық Азиямен бір держава құрмаймыз деп.
Dinara
иә, сол. Тағы бір ойлайтыным, Орталық Азияға кіру үшін де Түркия жан жағын сайлап баруы керек. Орта Азияның геосаяси маңыздылығы жағын ескерсек, Сол жағынан ЕО мықты дайындық болды бұларға, қай жағынан алып қарасаң да. Қазір енді араб әлемі мен Таяу Шығыс деп жүр. Онда да бір сыр бар шығар.
satvaldo
ергенекон бітсін. сонда көреміз. олардың жобалары бар. Йени Османлы прожеси. онда ОА мемлекеттерін де қосып қойған. бірақ, деринджилер оны жасатпайды…
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.