Таныс болыңыздар: dark_nazgul

  • Автор
КерекИнфоның жаңа форматының ашылғанына 1 жыл толады 1 айдан кейін. Осы ай ішінде КерекИнфоның белсенді мүшелерімен жақын таныс болу мақсатында жаңа эстафета бастап отырмын. Қолданушы туралы қысқаша ақпараттан кейін стандарт сұрақтарымды қоямын. Сосын басқа қолданушылар өз сұрақтарын қоюларына болады. Сонымен алғашқы қонағымыз dark_nazgul

Қожабекова Назгүл. 1982, Алматы қаласында туған. ҚазҰУ филология факультетінің магистратурасын тәмамдаған. Қазір «Интерньюс Қазақстанда» штаттан тыс редактор болып істейді.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Керекинфо туралы наурыз айында, Блогқұрылтай қарсаңында білдім. Сол кезде құрылтай барысында сюжеттер сериясын әзірлеуге дайындалып, материал жинап жүргенде тіркелдім. Бастапқы кезде көп кірмейтін едім, жазба мүлде жазбайтынмын. Қазір жиі кіремін. Біраздан бері жаза бастадым. Бірақ, өзіме жеке блог ашуды қажет деп санамаймын. Жазбаларымды Керекинфода және «Матрицаның» сайтындағы блогта жариялап жүрмін.

— Күніне неше рет кіресің?
— Күніне кем дегенде екі рет.

— Қандай тақырыптардағы жазбалар ұнайды?
— Жаңалықтар, әлемдегі қызықтар, аллегорияға толы әңгімелер (өте аз), приколдар, салмақты әңгімелер.

— Кімдердің пікірлері ұнайды?
— Сатыбалдының пікірлері ұнайды. Қыңыр болса да, білімді адам екені көрініп тұр. Бальзаминканың сабырлы пікірлерін оқимын. Әйгерім өте сауатты жазады.

— Жақындарың, таныстарың оқи ма пікірлеріңді, жазбаларыңды?
— Жақындарым менің интернеттегі тірлігімді онша құптамайды. Тіпті менің блогтарымды да оқымайды. Ал таныстарымнан бір курстас жігіт оқиды. Бірақ пікірін өзіме ғана айтады.

— Егер админ болсаң сайтта қандай өзгерістер енгізер едің?
— Әзірше сайтта мен үшін бәрі ыңғайлы.
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

185 пікір

serjan
Бастамаң жақсы екен, Ареке.
Zhan
О, жақсы бастама екен! Назгүлмен де таныс болдық )))))))
meirzhan
Таныс болдық біз міне
asaubota
Назгүлге осы жерден сұрақ қоюларыңа болады.
araika
Жүзіңіз тым жылы, пікірлеріңіз суықтау :)
qisyq
Менде жалғыз сұрақ бар: НЕГЕЕЕ!?

))) Ал, былайша, қуаныштымын, блогкемп кезінде журналист маскасында операторыңызды ертіп, ары-бері жүріп, қоймай қойғаныңыз есімде:))))))
dark_nazgul
уахаха)))
неге? деген сұраққа не деп жауап берейін?
Abilakim
СОЛ дей салсаңшы
dark_nazgul
Жүргенге жөргем ілінеді) сол жүрістің нәтижесінде сюжет жасау кезінде материалдан таршылық көрген жоқпын)
serjan
Каз ГУды қай жылы бітірдіңіз?
dark_nazgul
2004 жылы
TERISKEY
Кял, кф? (ол кезде ондайлар болған ба еді?)
dark_nazgul
болған. біз үш топ болып оқыдық: қазақ тілі, қазақ әдебиеті және әдеби шығармашылық. Мен сол шығармашылықта оқығам.
TERISKEY
онда марқұм Қабдоловтардың көзің көріпсіз ғой, керемет!
dark_nazgul
иә. Қабдоловтың лекцияларын тыңдадық бірінші курста. Зәки Ахметов бізге спецкурс оқыды.
serjan
Қап мен кіргенде сіз шығып бара жатыпсыз ғой.
balzaminka
рахмет, тронутпын :)

Үш балақанның, одан да көп болатын шығар едм үміттенемін, қызығына тоймай, жетістіктерден құралған өмірің ұзақ болсын деп тілек білдіре отырып, анаааа жігіт туралы сұрағым келіп отырғаны, бойдақ па еді өзі? :)))
dark_nazgul
рахмет, айтқаның келсін))
бойдақ емес))
balzaminka
алдыңғі пікірде «деп» дегеннің қалай «едм» болып кеткеніне таңқалып отырғаным :)
dark_nazgul
ок) үйге жетіп, есімді жиып алайын, сосын асықпай әңгімелесеміз)))
Zere
Сізді Твиттерден жақсы білемін. Бірақ Матрицада жұмыс істейді деп ойлаппын. )
AKY
Ал мен Нәкеңмен блог-құрылтайдың ең алғашқы бейресми кездесуінде-ақ танысып алғам, ляляля
balzaminka
ибай, біз де таныстық, керек десең бір дастарханда отырдық :))
AKY
Бәріміз отырдық емес пе сол дастарханда.
balzaminka
неа, сен өзге дастарханда отырдың. Мен өз дастарханымды помню: Тоты, Маншүк, Сәкен, казлайфтың админі Өмірбек, Назгүл, Рақышева Ерке де болды ғо дим
AKY
Сосын біз Айко екеуміз келіп сендерге қосылдық. Бір-бірімізді таныстыру ойынын ойнадық.
balzaminka
сосын көз жұмып поровоз болдық Рахаттың бастауымен, ия, болды, болды…
talgatjez
Сол ойынды фотоға түсірмейміз деп келісіп едік. Фотоларды Өркеннің блогыңда көрдік қой сосын…
balzaminka
мен көрмеппін :( Сенде суреттер бар ма?
talgatjez
Суреттер жоқ. Блогынан іздестіріп, көрмесем. Қазір
balzaminka
Талғат десе, анонимайзер ашылып, блог ашылмады :) Посттың тақырыбы қалай? Бізде доступ еркін ғо :)
talgatjez
Құтылмадым-ау, сенен құрылтай деп гуглдеп көр)
dark_nazgul
иә, иә, есімде. біз бір бірімізді таныстырдық емес пе?
AKY
Ия, сөйткенбіз.
qisyq
«Нәке! Нәке! Кеш, өзіңмен құшақтасып тұрып, мынаны алып тастайын» деп гүжілдей сөйлеген, қапсағай денелі, жуан қарынды, ірі тұлғалы AKY елестеп кетті…
balzaminka
АКҮ осындай ма еді?!
AKY
Жоқ, еще қара мұртым бар, оны айтпапты Қисық
ushkin
ҚазҰУ филфагінен екенсіз ғой! Жылы ұшырап кеттіңіз ^_^
dark_nazgul
иә. профессор Есембековтың шәкіртімін)
madlen
неге Дарк?
dark_nazgul
Біз де қыз болғанбыз дегендей, мен де кезінде чайник болғам. Сонда бірге жұмыс істейтін жігіт почта ашып берем деп, осы «дарк назгул» деген никті таңып берген. Содан бері достарымның арасында «темный назгулмын». )))
«Властелин Колецтағы» Назгул ғой)))
madlen
күнде бір адам туралы жазасыз ба, Аршат?
balzaminka
жігіттерден де алады деп үміттенем :)))
madlen
Админге запрос жіберейік кімнен алу керектігін ))))
balzaminka
осы жерде, дәл қазір неге жазбасқа?! :)

Кімнен алу керек? Сенің ұсынысың? Мен Талғатты ұсынамын :))
asaubota
иә, күнде бір адамнан
Aizhantabyn
ооо, супер)))
Қара Назгүл деп маған тиіскен татешка шығар десем, әдемі ақ қыз екен ғой)))))
Erlan
Дарк дегенді қара деп тусініппін неге екені, қара деген блак емеспе ия?
Aizhantabyn
темный дегенді білдіреді дарк деген)
madlen
Назгүл,
1. сіз сияқты 3 баланың анасы бола тұра, реалда да, виртуалда да үлгеріп жүру үшін не істеу керек?
2. бала тәрбиесі сондай жауапкершілікті қажет етеді. Жалпы, отбасын ұйытып отыру өте қиын зат болып көрінеді. Ақыл-кеңестеріңізді беріп кетсеңіз, бізге кучТ болар еді
Aizhantabyn
және менен де бір сұрақ))))
— ең қиыны не: ана болу ма, жар болу ма?
dark_nazgul
Ең қиынын білмейм, бірақ ең оңайы студент қыз болған)))
dark_nazgul
Бәрін үлгеру үшін ең алдымен көмектесетін, қолдап отыратын адам керек. маған анамның, сіңлімнің көмегі көп тиіп жатады. Өзім төрт жыл үйде отырдым. Жұмысқа кіріскенім соңғы бір жыл ғана.
Қашан да ақыл айтқан оңай ғой. Мен балаларымның тәрбиесінде бәрін дұрыс істеп жүрмін дегенге өзім сенбеймін. Оның үстіне, қазіргі балалар басқаша ғой. Көп ақыл айтып кетсем, ұлым «туй, қойшы болды» дейді. Өзім он алты жасымда мамама өстіп айтам деп, итжеккенге айдалып кете жаздағам))) Әзірше, балаларым тек отбасылық, туысқандық қарым қатынасты ғана біледі. Өз беттерімен далаға жіберіп көрген жоқпын, балабақшаға да көп барған жоқ, барса да, онда тәрбиешілер бар, мектепте мұғалім бар. Менің басты қорқынышым: балаларым үлкен әлемге менсіз шығуға даяр болмай қалмас па екен деген. басты жауапкершілік осы дер едім. балаларды сыртқа жалғыз жіберуге өзіңді дайындау ең қиыны.
balzaminka
ия, осы қиын ғо дим. Осы жағдайда біздің үйден бір эпизод берсем, қарсы болмассың, ия?

Племяшкам беске келді, өз бетімен көшеге шығуға қорқатын. Әжесін сүйреп жүргені, болмаса біздерді. Содан бір күні племяшкам пирожки жегім келіп отыр дегені, өзің алып кел деп ақша бердім. Қорқам деп біраз тұрды. Өзімнің жүрегім ауырып барады, бірақ қашанғы қорқып жүреді дедім де, қатты болдым. Артыңнан қарап тұрамын деп зорға көндіріп жібердім. Артына қарай-қарай барып келді. Құрсын, екеуміз де қара терге тұстік. Бұл анасы болмаған кездегі күйім, кошмар. Сөйтіп үйдегілерден технично үйреттім, бір күні әжесінен ақша сұрады балмұздаққа. Кім әкеліп береді дегеніне өзім алып келем, мен енді үлкен болдым ғо, қорықпаймын дегені. Сонда да, шешесі алаңдап, әжесі артынан тығылып еріп барып келген
dark_nazgul
мен де баламды нанға, сүтке жіберіп тұратынмын. машина қаққаннан кейін кішкене қорқақтау болып қалды. енді қайтадан үйренеміз.
қырүкйекте, мен жұмысым бітпей, мектептен алып кетуге жарты сағат кешігіп барғам. Сөйтсем, балам кетіп қалыты. үйге келіп, домофонды басып, басып, ешкім ашпаған соң, мені іздеуге кетіп бара жатқан жерінен бір қазақ апа ұстап алып, күнделігіндегі менің телефоныма звондапты. Мен ол кезде оны мектептің айналасынан іздеп жүргенмін.
Erlan
рахмет Аяжан, Назгул очки кимисізба осыннан көрген сияқтымын очки киіп түскен суретіңізді алде кателестімбе?
dark_nazgul
кием. көзәйнек те кием, линза да тағам)
a63a1
Сұрақ қойуға болад дептіғой, болама?
dark_nazgul
болад)
a63a1
руыңыз кім?
dark_nazgul
Төртуыл.
a63a1
Туған ауылыңыз?
dark_nazgul
Алматы қаласы.
Aramza
Ауылды сұрап отыр
dark_nazgul
мен ауылым деп туыстарым тұратын Үржар ауданындағы Қызыл жұлдызды және нағашыларым тұратын Аламтының жанындағы Қарғалыны атаймын. Әйтпесе, өзім Алматыда туып өскенмін.
satibaldi
Әлгі, пойыз жағалап жүгіретін жігіттің ауылы ше?
dark_nazgul
сол Қызыл жұлдыз ғой. Аталарым сонда тұрақтап қалған.
Aya
Маған ұнааап жүретінсіз.Бәсе ше?.. Найман екенсіз ғой, неге мені тартыыып тұрасыз десем… Сізді танығаныма қуаныштымын аса)))
qisyq
Мен де найманмын, Ая, маған да тартылшы…
meirzhan
Ая бәрімізге тартыла берсе, жетпейтін сияқты
Aya
Қорықпасаңызшейш, жететіндерге жетеміз ғо))
Abilakim
Арғын -Найман бір туған
Aya
Мұхтар Мағауинн ата бәйбішесі, бір кездегі жұтынып тұрған сұлу болған Бақытжамал апай арғын. Сол апаға қарап арғындардың барлығы сондай болаааат чаар деп ойлап жүрмін))
VKM
Мен де 50 пайыз Найманмын ғой.Коалиция құрайық па?
AL-ASTER
Керей кім сонда???
VKM
Мен Керей)))нағашыларым Наймандар)
kozildirik
Баланың жақсысы нағашыдан))))
mercedes
Осыны футболдағы қазақ тілді дикторлар көп айтады шешессс…
dark_nazgul
Қисықты қосып аламыз.
konvict
Күшті екен.

Айтпақшы, мына сұқбатты ертең Шымкенттің кәзИТтерінен оқып отырмайық.
dark_nazgul
Шымкентте мені ешкім танымайды, местный біреуге таңа салар осының бәрін)))
Esmeralda
Назгүл әпке маған ұнайды
dark_nazgul
қой, «келиншекский» қалжыңдарды қысқарту керек екен)))
Esmeralda
алғашқы постарымдағы бір пікірлеріңізден кейін ұнамай қалғансыз енді мүлде басқа адам сияқтысыз)
dark_nazgul
қайтадан сондай бола салуым ғажап емес)
AKA
Сұхбат алу әдісі жақсы екен, жақын білетін болдық :) Назгүл әпкенің кітапқа деген құмарлығы ерекше, жап — жас әрі 3 балақайдың анасы, машАллаһ!
Сұрағым: Өмірлік ұстанымыңыз қандай? Басыңыздан өткен ең қызықты оқиға болса :))
dark_nazgul
өмірлік ұстанымым: өзің үшін қаламайтын жамандығыңды өзгеге жасама. ал қызық оқиға… ә дегенде есіме түсіре алмай отырмын ештеңе))))
AKA
Рахмет, ұнады! :)
Erkekyz
Назгүл әпке, күйеуіңізбен қалай таныстыңыз? :)
dark_nazgul
біз бірге жұмыс істегенбіз)
Dinara
Дарк Назгүл дегенге көбі қарақыз деп атайтын шығар деп ойлағам былайша өмірде, қараторы сияқтысыз иә? :)
dark_nazgul
жоқ. ана сурет сәтсіз түскен, көлеңке ғой)) өмірде сарыторымын)))
Abilakim
Мен шатаспасмам Сізде екі не үш кішкентай бар ма? Осындағы қыздарға қанша жас шамасында күйеуге тию керектігін және бала туудан қорықпау керектігін айтып жібере аласыз ба?
dark_nazgul
Құдай көп көрмесін, үш балапаным бар. ))
күйеуге тиюдің арнайы белшіленген жасы жоқ қой, бұйырғаны болады.
Ал бала туудан қорықпау жағына келсек… «толғақтан қорыққан әйел түйнек байламайды» дейді. Бала туу деген табиғи нәрсе ғой, дәрігерлер айтпақшы, физиология. Мен айтар едім, дүниедегі ең керемет сезім іштегі баланың қимылын сезген, ал өмірдегі ең бақытты сәт — нәрестеңді қолға алған кез. Ал туып алған баланы қалай өсірем деп қорқатындарға Алла қуат берсін. иығында басы бар, басында санасы бар адам баланы өсіріп бағудан қорқа қоймас.)))
Nurgisa
Күшті айттың, Назгүл. Балапандарың қуантуын азайтпасын.
Abilakim
Балаларыңыздың қызығын көріңіздер!!!
KILYZAMAN
Қазір «Интерньюс Қазақстанда» штаттан тыс редактор болып істейді.
— ойларың оймақтай… Пейілің қаймақтай — қазақы қыздың, үш баланың анасы екенін енді ұқтым. Ендігі қалғаны (қайбір басылымда)штаттан тыс бола тұрып елінің үшінде жүргені қуантады…

ЗЫ:
— Жақындарым менің интернеттегі тірлігімді онша құптамайды. Тіпті менің блогтарымды да оқымайды. Ал таныстарымнан бір курстас жігіт оқиды. Бірақ пікірін өзіме ғана айтады
— жақындықтың өлшемі шексіз!
dark_nazgul
мына бағдарламада штаттан тыс редактормын) мен келгелі қазақшасы түзеліп қалды дейді біреулер)
Nurgisa
«бір курстас жігіт» пе? :)
KILYZAMAN
:-) Жұлындаған құртты сыртқа шығарып жіберетініңе сенемін…
asaubota
Пибі-сибі, вино-миноға қалайсың? Отырыстарда үйдегі жігітті түртіп отыратындар келіншектер категориясынансың ба, а?
dark_nazgul
кетәрі емеспін)) бірақ сыра мен шарап ісшегеніме екі жылдай болыпты) түртпеймін)
asaubota
түртпесең де үйден шығарда ескертіп айтатын шығарсың?
dark_nazgul
білмейм, әйтеуір үйге сүйреп келген күнім болған жоқ)))
asaubota
аха-аха
dark_nazgul
«это было давно, а может и не правда» дейді папам мұндайда
Gastarbaiter
Мәссаған мен алдандым! Мына жігіт қыз екен ғой. Тойыс, сені жігіт деп жүрсем… Дарк Назгул -деп шіренген атыңды Қара Назгүл деп ренжітпек болып. Сөйтсем шынымен Назгүл екенсің ғой.
dark_nazgul
))) мен саған хат та жаздым емес пе, андабратствоға)) қыздардан хат алып әбден дәніккен бәлесің ғой, мән бермепсің)))
talgatjez
Бір бейнесюжетіңізді көрген едім Өрімталдың блогында. Өте сапалы шықты! Сіздей журналистер көп болса екен!!)
dark_nazgul
Ойлағанымызда кішкене провокациялық сюжет болуы тиіс еді, назардан тыс қалып қалды)))
meirzhan
Блогкэмп пен Вордпресстің жабылуы туралы сюжеттер есімде. Әсіресе «Вордпресс есігін богшылар аша алмай жүр» деген эпизод сәтті шығып еді. )
VKM
Сіз туралы жазбаны да, пікірлерді де оқыдым. Онша білмейді екенмін. Менің кумирым болсыз.3 бала, жұмыс, семья-супер бәрі. Аман болыңыз!
satibaldi
Ммуах-ха-ха-ха-ха-хаааа))))
Tyulpan
Назгүл, сіз менің де кумирым
dark_nazgul
тух, қыздар, ұялтпаңдаршы)))
omarbirat
1982, Алматы қаласында туған.
Тараз туралы жақсы білетініңізге қарап, сол жақтан екен деп ойлаппын. Демек, Тараз жаққа келін болдыңыз ғой?
dark_nazgul
жоқ. таразда жұмыс бабымен үш жыл тұрғанбыз))
dark_nazgul
"қазақстан" арнасында «жүзден жүйрік» деген ойында мен оқыған мектептің командасы ойнап жатыр. кәдімгідей жанкүйер болып отырмын)))
asaubota
Балапандағы Жүзден жүйрік пе? біздің сүйікті ойынымыз
dark_nazgul
сол ғой. жүзден жүйрік болып жатырмыз)))
janarbek
Алғашқы сұқбат жақсы шығыпты.
dark_nazgul
сәламатсыз ба, аға!
janarbek
Қалің қалай Наз аман есенсің бе?
Сені осы керектен көріп қуанып қалдым!
asaubota
түсімде сені көрдім Назгүл. Алматының шет жағындағы алмасы көп жерде жүрміз. мен алда кетіп бара жатып бір үйдің ауласының қасынан шығып тұрған бір алмаағаштан әдемі алмалар көріп қалдым. сосын сені шақырдым. сен давай алайық дедің. мен қой ұят болар деп тұрдым. былай қарап едім, үйлерінде ешкім жоқ сияқты. сонымен алмай кеттік ақыры.

абырой боғланда түсімде әңгімеміз тек осы алма туралы болды.
Abilakim
Қой, жалғасын айтсай)))
asaubota
шын айтам. тек алма ұрласақ па ұрламасақ памен шектелді әңгімеміз.
Gastarbaiter
Фрейдтің мойындалмаған «көт-бұтта» (Қапиярайт СаянҮш) ілімі бойынша, бұл түстерің табу тірлікті жасау не жасамау туралы ойларыңды білдіреді. Былайша айтқанда, сен белгілі себептермен тартынып тұрсың…
dark_nazgul
логика бойынша, түстің сценарийі бойынша, мен тартынбай тұрған болдым ба сонда?
asaubota
сценарийімде мен өзімді етегіме намаз оқитын қылып алғанмын ба сонда?
Gastarbaiter
Асаубота да қуланып тұр ғой. Жарайд, Асау Марк ТВеннің «Жерден келген хаттарын» оқымады делік. Бірақ Хауа Ана мен Адам атаның ұжмақтан неге қуылғанын білмейді дейсің бе
Abilakim
Үйде ешкім жоқ екен, кіріп шыға салмадыңдар ма?
dark_nazgul
мен шынымен-ақ «давай, алайық» дер едім
19852407
Алла бұйыртса, нені ойлап жүр едіңіздер сол міндетті түрде орындалады, кішкене ұзақтау болса да, соған жетесіздер
Бұйыртсын!
давай алайық дедің. мен қой ұят болар деп тұрдым
Түүүй, asaubota, неге алмадың, тормыз!  

Күріштің шапағаты бірталай күрмекке тиіп калар еді...
dark_nazgul
nurbergen_makym мені сұрақтың астына алып, ақырында мен — KILYZAMAN деген қорытынды жасады.
rakisheva
сізбен танысқаныма қуаныштымын
dark_nazgul
Алла жазса, реалда танысамыз.
Бүгін «екпіннің» пресс конференциясына барар едім, ертерек білім, қам жасасам.
Albasty
Бүгін «екпіннің» пресс конференциясына барар едім, ертерек білім, қам жасасам.
барсаңыз бәрінің бетін биттей қыларсыз, күәсін ашып. Себебі бұлар сәбиліктен кеткендер ғой
dark_nazgul
сен деп пе едің, әр пікірді жеке басқа бұрып әкете беретін?
этика және субординация деген ұғымдармен таныспын, саған қарағанда.
Albasty
Ойбуу, кеудеге қарай шапшыпсыз ғой, мәдениетті екеніңізді білгем, жәй сөздің сыралғысы ғой,артты қысқан бір прием, нем бар еді
dark_nazgul
сонайтам, қысып жүрсең — бай боласың
Albasty
Ондай да бар ма еді?
қойып жесең қой қалад
Тартып жесең тай қалад,
қысып жүрген бай болад
КЕРЕМЕТ!!!
Gastarbaiter
этика және субординация деген ұғымдармен таныспын, саған қарағанда.

Ай сол этика мен субординация ақ сізді тоздыратын болды. Артында сыртқа шыға алмай қылғынып өліп бара жатқан темпераменті айтсайш.
Albasty
Соны шығармайын деп қой, жұма қойғаным
Armanjan
ээээээээ, Назгүл Найман екен ғой, Ая мен Қисық та Найман екен, БыКы жиен екен, қаншама туыстар табылып атыр
VKM
Мақпал да жиен)))
Armanjan
Мақпал да жиен)))
Қалдоқты айтасың ба?
dark_nazgul
найманская мафия
AKY
Қисықтың «найман  » дегеніне әлі күлкім келед))
Aizhantabyn
)))))))))))))))))))) Айтпа)))) Бізде Жанна отырды ғой «представитель» боп)))))))))))) КВНшиктерге қатты риза болдым))))))))
Daniar-Alan
қара түсті қатты жақС көрес па?
asaubota
осы құрылтайда Назгүлді бірінші рет көрдім. препатиде сыртта күтіп алдым, афтепрепатиде жақынырақ таныстық.
salta
тақ, осы жерінен толығырақ: афтепрепатиде жақынырақ таныстық
asaubota
бір кафеде жиналдық керекинфодағылар. сонда бірге отырып, жақын танысудың реті болды.
dark_nazgul
Айтшы, қорқынышты, ашулы емес екенімді
AKY
Нәке деген, енді біздің Нәке ғо. Базар жоқ саған очым))
dark_nazgul
мафия ойнаватқанда қорылдағаның болмаса деш
AKY
оның ияттау болып қалды әрине
сенің орныңа өзімше Патихты жалынып отырғызып қойып едім, ойын барысында оның бейбіт тұрғын екенін өзім айтып қойып паззор болдым ақыр аяғында)))))))))
dark_nazgul
оны айтасың, таксиде ұйықтап қалыппын. «девушка, приехали» деп оятты таксист.
«түн жарымда гостиницаға бара жатыр, байғұс демалып алғысы келген шығар» деп ойлады ау точно.
AKY
 иятсыз апашкі
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.