Бұл қай Керекші? #9

  • Автор
Бұл эстафетаның таяғын жұма күні Korkem маған ұстатты. Интернетке тек жұмыс күндері ғана қол жеткізетін мен: уақыттан ұтылдым. Кешіккеніме кеңпейілділік танытып, «ерунда, ештеңе етпейді» деп қойып,, келесі жасырылған керекшіні тауып көріңдер. Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын. Жауап ретінде тек бір ғана қолданушының аты көрсетілуі — міндет

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Танысу-сұрақ: Әдепкі күн тәртібі қандай?
Ж: Таңертең тірі оянғаныма шүкіршілік айтып, бұйырған несібемді теріп жеп, жатарда Алланың хақ екенін тағы да мойындап жату;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Жолай-сұрақ: Қай шет елге бармаққа, қай кітапты оқымаққа, қай өзге ұлттың адамымен жанаспаққа ниет бар?
Ж: Шет елге бару тасыма да кіріп шықпапты. Соңғы кезде қазақ ертегілері жинағын тауып, соны қайта оқығым келіп жүр. Себебі «керек» болып жүр. Үшінші сұрақтың үшінші тармағында адамның жынысы айтылмағандықтан жауап бермеуді жөн санадым.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Бас-сұрақ: Абайдың қай өлеңі, не қай қара сөзі көңілде ыңылдап, өздігінен тілге ілініп, ара-тұра, анда-санда, күні-түні айтылып жүреді. Абай шығармашылығы шет қалса, онда қай ақынның жазғаны көңілде сайрап тұрады?
Ж: Абайдан бұрын маған Құнанбайдың бір сөзі санамда тұрады. Біреу Құнанбайдан «Балаң өзіңнен асып туды, сен қалып кеттің» дегенде, Құнанбай «Абай бірінші мен сияқты бала туғызып алсын» — деген екен…

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Индиго-сұрақ: Керектен басқа, қай блог-тұғырнамадан, қай әлеуметтік желіден тауып алуға болады?
Ж: Ғаламторда «Керектен» басқа еш жерде тіркелмегем.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Тылсым-сұрақ: Жылқыға жалаңбұт жайдақ мініп, тері шыққанша шабу, тақымнан өткен тердің еркек белсенділігін арттырып, қуатын молайтатыны рас па?
Жеке басым растаймын. Одан бөлек футболшының да «шабысы» жаман болмайды деп естимін.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Айырым-сұрақ: Жиголо (ақылы секс қызметін ұсынатын ер адам) мен жезөкшенің (ақылы секс қызметін ұсынатын әйел адам) айырмашылығы, ұқсастығы не?
Ж: Қиын сұрақ екен.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Науқан-сұрақ: Екі, не үш, не одан да көп әйел алу, болмаса екі, не үш, не одан да көп байға тию туралы не ойлайды?
Ж: Екі-үш қатын алған мырзалар көп қой қазір. Өздеріне жарасып-ақ тұр. Жарасқанға ғана жазылатын сияқты бұл нәрсе. Ал байдан байға тиіп тұрмыста жолы болмай жүргендердің жөні бөлек. Қатарынан екі-үш байды ұстап отқан қатын көрмеппін.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Есерсоқ-сұрақ: Адамды 40 күн, 40 түн қараңғы, іші бос бөлмеде ұстап, тостақ сиятындай тесіктен ас-ауқатын беріп, 40 күн, 40 түннен кейін сыртқа шығарса, ол адамның жағдайы қалай болуы мүмкін?
Ж: Адамның не үшін отырғанына және отырғаннан кейін отыру себебінен қандай тұжырым шығарғанына тікелей байланысты.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Езбе-сұрақ: Марс ғаламшарына барып, сонда өмір сүруге адам жинап жатыр. Шарттары бар. Басты шарты: бір кеткен адам адам Жерге қайта оралмайды. Марста қалып қояды. Тілек білдірушілер бар. Аз емес. Не жетпейді, соларға? Отырмай ма Жерде, астыларынан су шықты ма?
Ж: Жерде қарайлайтын ешкімі және етер амалы қалмаған адамға кетуге жақсы мүмкіндік сияқты.

Эстафеталар: Бұл қай Керекші? #9Кәде-сұрау: Ешқайдан алынбаған, ұрланбаған, іштен шыққан күлкілі бірдеңе болса, қатып кетер еді?!
Ж: 80-жылдар. Сәбит үш жыл Қиыр Шығыста әскери парызын өтеп ауылға оралады. Үйге келсе анасы құшақтап жылай беріпті. Сонда әскерде орысша сөйлеп үйреніп қалған Сәбит:
— Мама, не плащь! – депті. Анасы Сәбиттің ауылда жүрген сыңары Ғабитті меңзеп:
— Ойбуй қарағым-ай! Сенің плашыңды ана жүгермек киіп тоздырып тастады ой!- депті…


Қош-сұрақ: Ұнаған және ұнамаған сұрақтар?
Ж: Барлығы күтпеген сұрақтар болды.

пы.сы: превьюдағы және жазбадағы жоғарыдан төмен санағанда 1, 2, 3, 4, 5, 7. 8. 11 суреттер Фейсбуктегі WE ARE FROM SHYMKENT парақшасынан, 9 және 10 суреттер сәйкесінше AOL және Astroinformer сайттарынан алынды.

Ұқсас посттар

92 пікір

zholantai
«пәленше, не түгенше ғой» деп, жауап берген жан жоқ, қайдасыңдар, адамдар
MamaAya
бұл біздің-Сәкен!
Ispek92
БИНГОООООО  Жәнібек брат өзінің сүйікті блогерін жасырып отырғанын табу үшін ешқандай логика сізге
VKM
мен танитындардан ешкімге келмейді))))
zholantai
sura.kz-те барсың ба?
VKM
барамын, неге сұрадыңыз?
zholantai
елдің бәрі кетіп жатыр ғо, сонда
MamaAya
норма комқа қолың жетіп, қатарымызға қосылуыңа тілектеспін!!!)))
zholantai
бола ма екен өйстуге
MamaAya
қалжың ғой ренжімеш, жаным!
zholantai
ренжіп барып, ручникті тартып қойдым,  «жә» мен кеттім, 6 болд сағат, тұра қаштым,
MamaAya
мен де кеттім, балама!!!
MamaAya
или Жомарт Батырбек!
MERmukhanov
Басы Жомарт секілді басталғанмен, «тасы...» оған ұқсатпады
MamaAya
хахаха, қуғынбай!!!!
Ereimen
/VKM болар
VKM
қуасың ғой)))
Armanjan
сені неге жасырмайды осы, жабылып іздеуші едік
Armanjan
Мынаны тапқаннан гөрі, ішіп кеткен жеңілдеу сияқты
ken
Кәрім
ken
Тағы бір оқып шықтым. Кәрім емес сияқты «тас» пен мына сөздеріне қарағанда:
Ыңғай-сұрақ: Сұрақ, не жауап! Қайсысы маңызды? Неге?
Ж: Екеуі бір-бірімен тығыз сияқты меніңше. Менде көп сұрақтар бар, бірақ көбісінің жауабы мардымсыз. Мардымсыз жауап алған сайын өзім топас сұрақтар қоятынымды мойындаумен келемін;
әдетте дін жолындағы адамдар үшін жауапсыз сұрақ болмайды, бәріне жауапты құраннан табуға болады.

Соңғы кезде қазақ ертегілері жинағын тауып, соны қайта оқығым келіп жүр. Себебі «керек» болып жүр.

ол адамның қиялынан шыққан ертегілерді іздеп жүріп оқымаса керек
Соңғы түзету:
zholantai
логикаңа қол қойдым,
AKA
Әлбетте, бұл — torgai !
torgai
Кешіріңіз мен алғашқы эстафетада кеткенмін. Ешкім танымай абыройдан жұрдай болғанмын
zholantai
не дейт тағы, абыройдан жұрдай болған нес, норм бәрі,
zholantai
таңмын, қалай таба алмай жатырсыңдар. ұсталып қалатын сұрақ, жауаптарға тұнып тұр ғо,
Ispek92
bizbike ханым деп отыр мен менмендігім
Ispek92
Плұстеңдер, алғашқы бетке шықсын
bizbike
Мені нешінші эстафета бойы айтып жатсыңдар? Мен емес бірақ.
zholantai
менмендігің мүлт кетті, амиго
dark_nazgul
Мақым.
Ispek92
Ол гений басқа жерлерде тіркелген емес пе?
Соңғы түзету:
dark_nazgul
Жорта айта салуы мүмкін. Қайтер екен деп.
zholantai
nurbergen_makym ба? Жоқ,
Соңғы түзету:
aikarakoz
Еш жерге тіркелмегенде… Фб да кіре ме еш жерге?
zholantai
иә, кіреді,
Керектен басқа, қай блог-тұғырнамадан, қай әлеуметтік желіден тауып алуға болады?
ErNur
Админ ағаларың?
zholantai
окісібар ғо фейсте
aikarakoz
Марсель Көшімхан?
zholantai
Ол кісі бар ғо, фейсте
zholantai
былай ғо, әуел баста
Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын.
деп жаздым, негізі дұрыс жауап айтылды, кім екенін 2 сағат 3 минуттан кейін айтамын,, өз жауаптарыңды аргументтеріңмен нақтылап берсеңдер тіпті қатып кетер еді,
Korkem
Сатыбалды
zholantai
ол да бар, фейсте
Соңғы түзету:
Ispek92
Мамая тапты ғо, Джонсәкен бұл
Korkem
Екі сағат, үш минут өтіп кетті ужы…
zholantai
о жерде 2 сағат 33 минут деп жазам дегем, бір 3 басылмай қалыпты, неболдсонша
Ispek92
братөн-ау нені күтіп отырмыз, аргументтерді ме?
Korkem
Мен кінәлі емеспін
zholantai
кінәні клаваға арта салып, тап-таза болақалайықч
Ispek92
Джонсәкен екенін ұстап берген жылқылар еді меніңше.
zholantai
эхх, сонымен Бұл қай керекші? Бұл — Dzhonsaken ! "Ә" дегеннен тауып қоюы мүмкін екендігін ескеріп,
Дұрыс жауабын осы жазба жарияланған уақыттан бір тәулік өткен соң барып, айтамын.
деп жаздым. Расымен де тауып қойд.
MamaAya , эстафетаның таяғы өзіңде, қысып ұстап ал,
Соңғы түзету:
MamaAya
Алақаааай!!! 1 қуандым ау бүгіндікке, ал енді кешкі жаңалықтардан кейін дайын болыңыздар жаңа жасырылған жанды табуға!)))))))
Ispek92
Мен ұжы тауып қойдым сіздікін,
жаңа жасырылған жанды табуға
дегеніңізге қарағанда Zhan секілді сол
MamaAya
хахаха! олгімет?!
zholantai
майқұдықтан шыққан солдат қыз, жоқ боп кетті, әйтеуір
MamaAya
старший лейтенантпен әмпей жәмпей боп керкентті…
Ispek92
МамаЯ қоттақтаймыз, пападес, осы жолы таза пара бермей өз еңбегіңмен алдым деп ойла, тезірек жалғастырып жіберіңіз
zholantai
сенде де сіз бен сен араласып кете беред екен дә,
MamaAya
қоттақтаймыз,
дегені нес, көтек? масқара!
zholantai
ужс, ят, ят, оқыған көз, қабылдаған ми жазықты, күнә, күнә, құрт,өшір, ят, ят,
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.