Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

  • Автор
Эстафеталар: Бұл қай керекші? #4 (Эстафета)

1. Менің ең сүйіп оқитын блоггерларымның бірісіз. Жазбаларыңызды оқып жатқанда сізді қандай адам болды екен деп ойлаймын. Басқалар сияқты профиліңізге сурет те қоймадыңыз.Өзіңізді құпия ұстауыңыздың сыры неде?

Жазбаны жазғанда өз-өзіме ұқсамаймын. Көлеңкеде қалғанды ұнатамын. МистерХ мультгерой

2. Сіздей шебер жаза алатын адам кез-келген сайттың сәні. Керекинфоға қалай келдіңіз? Неге осында тұрақтап қалдыңыз?

Керекинфоға жолды ұзақ салдым. Host.kz жеке парақ аштық. Ляхов мырзаның «Блинная Дяди шала» -шала піскен құймақтарында жүрдік. Ұрынбаған жерім жоқ. Тұрақ іздеп керекинфоға жеттік.

3. Бөгде ғаламшарлықтардың бар екеніне сенесіз бе?

Бөгде ғаламшарларлықтардың бары делема ғой. Болуы, болмауы да рас. Бір жақты жауап беру қиын.

4. Әйел адамның қандай қасиеттерін бағалайсыз? Әйел қанадй болуы керек?

Ерінен асып тұрса да, кіші көрінетіндерін. Бізде патриархат, матриархатқа көшкен жоқпыз. Матриархат жасасын дегендердің бұтағы сынсын.

5. Жазбаларыңыздан сегіз қырлы екеніңіз де байқалып жатады. Спортпен айналысасыз ба?

Жазда велосипед тепкенді ұнатамын. Спортпен айналысуым осымен шектеледі.

6. Еркек қандай болуы керек?

Еркекше ойлайтын, ойсыз қылық жасамайтын, өмірдің қадірін түсінетін.

7. Арманыңыз не?

Елу жасымда велосипедпен 150 шақырымдық жерді бағындыру –арманым.

P.S. Сұхбат берген адамның пунктуациясы сол қалпында берілді.
Adiletshu

Жақсы адам сияқтымын

    Ұқсас посттар

    29 пікір

    Ispek92
    bake болуы мүмкін, мына сөзіне қарағанда:
    Бөгде ғаламшарларлықтардың бары делема ғой. Болуы, болмауы да рас.
    Adiletshu
    Жауабын ертең кешке айтамын.
    Daniar-Alan
    Host.kz жеке парақ аштық. Ляхов мырзаның «Блинная Дяди шала» -шала піскен құймақтарында жүрдік.
    бұгім болД кен
    bizbike
    менің ойыма да тек bake келіп тұр
    MamaAya
    Едіге сияқты…
    rakisheva
    Аздап Қисыққа, аздап Патикке ұқсатып отырмын
    Adiletshu
    Бұл — bake. Эстафета Испекте. Алғысы келмесе Бізбикеге берсін
    Ispek92
    Игиттік пен Мерттік() таныта отырып эстафета таяғын менен кейін тапқан bizbike ханымға тапсырамын, әрине қарсы болмаса ғана. Не себепті эстафета таяғын алғым келмеді айта кетейін, Жалғас Ертайды кезекті топас сұрақтар топтамасын тамашалаудан сақтап қалғым келді
    Соңғы түзету:
    bizbike
    Мен жалғастыра алмайды екенмін. Жол жүрейін деп отырмын, сейсенбі күні ғана келемін. Ұзаққа кетеді мен алсам, өзің жалғастыра ғой.
    PatriotKZ
    мен алайыншы?
    MamaAya
    президенттен сұхбат аларсың!
    PatriotKZ
    Президент ол орыс сөзі. Елбасы деген қазақша сөз бар емес па?! Солай сөйлеңіз!!!
    MamaAya
    мозганы тікпей кетш нақ! дейін десем, ұялып тұрғаным!
    PatriotKZ
    ҰЯТСЫЗ!!! СІЗДІ ДЕ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ ДЕЙДІ ҒОЙ…
    bake
    Президент
    орыс сөзі?  Бүгін таңертен, теледидардан. Парламенттегі жиыннан үзінді көрсетті, онда бір белсенді сөз алып:
    -Концепция орыс сөзі, қазақша тұжырым
    осылайша ойланбай сөйлеп қазақты құртасың
    MamaAya
    а патриот сөзі ше? көкек өз атын шақырат деп, атына қарап алса ғой!
    Соңғы түзету:
    Beytanis
    Мына эстафеттеріңе көз жүгірсем, бәрі бірінің-бірі клоны секілді. Кейіпкерлердің сипаттамасы ұқсас. Аффтыр өзі іштей біледі. Әрмен қарай "әңгіме болсын" дегендей «пәлен», «түген» деп отыру.
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.