Әр жердің сөйлеу мәнері

  • Автор
Ауызашарда пәтер жалдаушылар жиналып жатыр… Жайға жайғасып жатқанда: — тағы үлкен кісі келеді ма? — дегенде: — Бір көкем келуі керек… — деді үй иесі… Жоғарыда бір жайлық орынды қалдырып әңгіме өрбітіп жатыр келгендер. Әңгіме дүкен басталып, сөз таластырып жатыр…
— Сендерде еркекті «Тәте» дейді гой, неге?..
— Ал сендерде апкені «Тәте» дейді, ол дұрыс емес…

Бітпейтін даумен отырғанда бір келіншек келіп төменге жайғасты…
— Жоғары шықпайсыздар ма? — деді үй иесі.
— Жаңа көкем келеді дедіңіз ғой…
— Келді ғой, Айшагүл көкем гой ане отыр…
Үнсіздік… Түсініспеушілік… Жым-жырт…

П.Ы.: Талдықорғандықтар жеңгесін көке дейтінін енді біліппін… е маееееее… Қартайғанда көке атаға айналатын шығар…

Ұқсас посттар

34 пікір

Zhan
тәте деген сөз орыстың тетя деген сөзінен шығыпты дейді бір білгіштер. бізде үлкен ер адамды тәте дейді. Әпкені әпше дейміз. ал көке дегенің талып түсерлік жағдай екен…
boztorgai
үлкен ер адамды тәте дейд
шыңғысханның тұсында тататунга дейтін білімді ұстаз кісі болған
ұлдарынан бастап тәте деп сыйлап ел құрмет тұтқан
Abilakim
«Көке» дегенге сен Начальник ГАИ ма бірдеңе деп қалып па ең?
edige
Ауызын толтырып айтқан соң, шамамен @qisyq-тай форманы елестетім гой...
qisyq
Сөйтсем шұқанақтай болып, басына бір жапырақ орамал байлаған, кісінің көзіне тік қарамайтын бір уыс апай деші (біз жақта апай деп ер адамды айтады деп бас қатырмаңдар, е)…
Dinara
інім айтады кішкентай, әпше көке деп іші дәу адамдарды айтады ия деп )))
Zhan
ГАИ емес бир ер адам деп ойладым
Gulistan
Тоны тозған тақырып.
omarbirat
Бұрын ауылға жазда темекіде істеу үшін қырғыздар келетін. Біреу үйінде істейтін қырғызбен бір жаққа бара жатқанда, қолындағы бір затты әлгі қырғызға "Қалтаңа салып қойшы" деп берсе, анау бұлқан-талқан болып жүр дейді. Бұл аң-таң. Сөйтсе, қырғыздарда "қалта" деген опшым бір жаман сөз екен.
edige
накты болмаса да тұспалдап айтыш… жаында көрші елге барсам деп едім… тағы… айтып қалып
omarbirat
Сонысын өзім де нақты біле алмадым, шынын айтсам. Бар білетінім – әйелдерінің көзінше айту ұят екен, ал еркектерге "қалтаң" десең, опшым таяқ жеп қалуың да ғажап емес дейді.
patick
Типі, "қалтаң қалың екен, оу азамат" деп комплимент айтсаң теуіп тастайд дейсің )))
omarbirat
Иә, солай болып тұр.
blackbeard
Бір қырғыз достым: — Бішкекке келсең қалтаңды қалыңдатып жіберемін деп пааа айтқаны есімде қалыпты. Или сал басқаша еді. Түсінбей жүрсем, мағынасы Қыздарға алып барам дегенге келеді екен.
omarbirat
Айтпақшы, тағы біреуі еске түсіп кетті. Жоғарыда жазғанымды біреуден естігем. Ал мынау енді туыстарымның оқиғасы:

Әпке-жездемнің үйінде, тойыс фазендасында, қырғыздар жұмыс істейтін. Жиенімнің жаңадан тілі шығып жүрген кез. Сонда әпкем өзі жұмыс істеп, баласын сондағы жас үлкен қырғыз әйелге қаратпай ма. Сөйтсе, жиенімнің тілі жартылай қырғызша шыққан. Бір күні біздің үйге жаяу келе жатса (ауыл мен олардың үйінің арасы бірталай жер), баласы жылайды дейді. Не болды деп сұраса, «Бұтым ауырды» дейді екен. Оның шалбарын шешіп қарайды — ештеңе жоқ. Сөйтсе, байғұс бала ұзақ жол жаяу жүргеннен аяғы ауырып кеткен көрінеді. «Аяғым ауырды» дегенді қырғызша айтқан ғой
nurjanbay
Алматының албандары да аяқты бұт дейді
Алматыдан келген құдағидың әңгімесі:
-Бұтыма салқын тиіп ауырып джүр.
edige
кандай эротикалық сөздер… уйййййй
omarbirat
Мынауың өтірік енді. Аяқты аяқ дейді бізде
edige
Естімейтін сөзді есітіген екенсің…
Мүмкін расы сол жері суыктаган шыгар… ондайда, естімеген мән бермеген сыңай таныт
Gulistan
Қырғыздар аяқты «бұт» дейді екен ғой.Онда біздің қазақтар ренжитін болды
omarbirat
«Алдыма түс» дегенді "Астыма түш" дейді
Gulistan
сонда «карман-қалтаны» олар не дейді екен?
Beytanis
Тақырыптың МАКСЫ не?
edige
Қазақстанның 2030да қандай дәрежеге жететіндігі
Beytanis
Мә, глабалны нәрсе десеңші. таңдайын қағып, басын шайқаған ысмайыл.
edige
кризис, қымбатшылық деп пост арнай берсек жағдай түзеледі ме екен…
Бастайық…
Beytanis
Тақырып арнағанша, әр адам шама-шарқынша тіршілігін етсе, нәпақасын тапса, сол дұрыс-ау. Әйтпесе, қазақтың басынан мұнан да жаман күндер өткен.
edige
Тақырыптың МАКСЫ не?
Әйел адамға айтылатын сөзді ер адамға айтып ұятқа қалдыратын сөздер немесе бір жерде жақсы болғанымен екінші жерде ұят сөздер бар дегенім… Оқығаннан түсінікті
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.