Қанар

  • Автор
Патриктің мен кедей баласымын.
Басымды бар бір бөлме шалаш-інім.
Аш қарныма иісің маза бермейді,
Қанарыңа қадалған қарашығым.

Оятатын ішектерді ішімдегі,
Қанардағы күлшелердің күші ме еді?
Сол қанарың «микраларда» орналасқан
«Ақсай-нанды» есіме түсіргені…

Қанар деп басталатын асыл атың,
Мұрныма ас болып асылатын.
Бүйрек бүйір, қызыл бет күлшелерді
Қатты келген матаң ғой жасыратын.

Қою майға өрнек боп өрілетін,
Тосап болып үстіне төгілетін.
Қарынымды тойғызар бар қасиет,
Қанарыңда жатқандай көрінетін.

Қымтап қойсаң матаға қуатыңды,
Кедей көзін басқаға бұратын-ды.
Жолыққанда өзіңмен ауыз-ернім,
Шаймаң-шаймаң етіп бір тұратын-ды.

Пеш ішінен шыққанда ертеменен,
Наубайшы да дымы құрып, ентелеген.
Сен де әлі талай жанды құлатарсың,
Бір жапырақ нанға, міне, жетем деген.

Ал, ақшалы өзіңнен бал жұтар керім,
Қарны тойып айтады бұт әндерін.
Малдыларды тербетіп отырарсың,
Қанарыңнан аңқытып жұпар лебін.

Содан соң қарынға кезігерсің,
Асқазанның қатпарына көмілерсің.
Қанардың шын бағасын нан салынған
Тек кедейдің қолында сезінерсің…

qisyq

Саусағымыз қисық болса да, ниетіміз түзу болсын.

Ұқсас посттар

34 пікір

KILYZAMAN
Қанардың шын бағасын нан салынған
Тек кедейдің қолында сезінерсің…
— Дән салынған қанар, Диханның қолында тіпті бағалы…
boztorgai
пахтаны айтпағанда бізде қой жүнін ғана қанарлайды
blackbeard
Біттім! Уөлдім Даке Бұт үгітілді
пысы. Түсінбей отырғандар әуелі мынаны оқысын: www.kerekinfo.kz/blog/3679.html
AKY
Өзіңше болмаЩ, түсіндік.
qisyq
Енді… дұрыс қой.
blackbeard
Тукаааааааааа! Әттең әттең! Осы комментіңді оқығанға дейін, сенің пәк екендігіңе күмәнім жоқ еді huahahahahaha
qisyq
Не дид, қасқа!
Zilola
Жанеее сол! И, жаны!
Сен Қасым Жолдасдың орнын басып емес, сенің өз орның бар ғо! Забудь его, неудачник ғо ол
qisyq
Қайдам… бізге… ондай болу…
Abilakim
Димаш баса алмаған соң не сұрайсыңдар Олжекеңнің орынын. Өмірде біздің жанымызбен симайтын жерге сиып кететін жігіт қой. ал, мындағы орнын толтыра алмай біз әуре
sammita
симайтын жерге сиып кететін жігіт қой
оһһ, тіліңді сындыру керек. Ұру керек сені. Демалыс. Қарағанды.
Abilakim
Демалыс.Қарағанды облысы.Балқаш-Жаңаарқа
meirzhan
сонда сыйып деп жазған дұрыс па. интернет мақалаларында сиып деп те, сыйып деп те жазып жүр екен.
omarbirat
Бұл етістіктің белгісіз формасы «сию» емес, «сыю» екенін ескертуге рұқсат етсеңіз…
sammita
газетте не жазбайды.
meirzhan
Газетте жазғанды автоматты түрде дұрыс деп қабылдайтынмын. Грамматика жағынан.
qisyq
автоматты түрде дұрыс деп қабылдайтынмын.
Сіз сияқтылар көп болса ғой, шіркін…
meirzhan
Грамматика жағынан ғана.
Ал мән-мағынасын, айтар ойын сынап барып қабылдаймын.
qisyq
Мейлі ғой. Біздің әсіресолшыл ультраұлтшыл қозғалысымызға сол да жарайды…
sammita
жаза береді. Солар тексермей ме, әлде білгені сол ма түсінбейсің. "Қазақстан" деген газетте корректор деген өмірі болмаған сияқты сезіледі мысалы. Адамның фамилиясы бір мақалада 3 түрлі жазылады.
Beytanis
Оның рас. Менің әжем 1942 ж. Польша түбінде өткен соғыста опат болған офицердің жесірі, Еңбек ардагері. Әжемнен сұқбат алған газет фамилиясын 3-4 жерде түрлі-түрлі етіп жазған. Тірліктеріне қалай қарайтыны осыдан-ақ белгілі.
meirzhan
Өз жұмысына немқұрайлылық қой.
meirzhan
Блог, комменттерді оқығанда қаның қайнамай ма? қателерден, пунктуациялық, стилистикалық
sammita
қайнайды қаным, ашиды жаным
аншалық қате жазатындар жоқ қой.
sammita
оны неге менен сұрадың Дос?
meirzhan
Газеттің өзінде мұндай қателіктер жіберетінін ескерсек, әр блогшы өзіне редактор болатын мын жақта қателіктердің көптеп болуы заңдылық әрі орынды.
alisha
мын жақта солай
meirzhan
әсілі мияқта деп айтуу керек
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.