Үнді хертегісі. Лашықтан шыққан миллионер

  • Автор
Гангіде әрі-бері жүзіп жүрген Лакшмидің мүрдесіне қарап ойланып отырм да: біз қонаққа шақырғанда қара шайымызға мұрнын шүйіруші еді, енді өзін тіпті ит-құс жемей жатыр. Әсілі Шиваның алты қолы мен қос бұтағын ұстап тусаң да, реті келгенде лақтырып кетуден тайынбайды бұ пяншік құдай. Анау көрші раджамен болған мына оқиға да осы сөзіме дәлел болар.

Ай десе әлгі жері, күн десе көті бар қызын байға берем деп жар салды бір күні раджа. Хабарландыру алты алқашқа мәлім болып, ақтабан-қаратабандардың барлығы біздің ауылға ағылып, құда түсушілердің санында шек болған жоқ, ал кейбір йогалардың тіпті ішегі болған жоқ. Ақыры раджа биден жарыс ұйымдастырып, қызымды ең епті жігітке берем деді. Отыз күн ойын, сосын, тігейінші деп — тағы да қырық күн ойын ұйымдастырып, ақыры финалға екі жігіт шықты.

— Сенің қанша ақшаң бар? — деді раджа бірінші жігітке.

— Бес жүз мың -деді бірінші жігіт.

— Сенің ше?

— Миллион — деді екінші жігіт.

-Онда қызымды саған берем — деді раджа екінші жігітке.

Сол жерде аста-төк той ұйымдастырылып, раджа қызын екінші жігітке беріп жіберді. Бірінші жігіттің доллармен, ал екінші жігіттің рупиймен айтқанын бір аптадан соң бір-ақ білді. Енді таң ата:«күрішті қызылға бояп жесем бе, әлде жасылға бояп ішсем бе» дейтін әлпештеген қызы, қазір сіңірі шыққан кедейде байда дейді ел артындағы өсек. Алты күннің бесеуінде храмда тасы егелгенше мінәжат қылатын раджаны Шива осылай арттан айдап алып жатса, бізге мынау қурап қалғыр қу фәниден сірә жақсылық күіп керегі жоқ шығар, әнасс.
Қой жатыңдар, мен Ченнай Гидротехникалық Институтының ауласына дәрет сындырып келейін: кеше тым жақсы тышып кеткен жерімді тазартып қойыпты оңбағандар…
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    19 пікір

    a63a1
    Херемет хертегі екен
    GulL
    Әсілі Шиваның алты қолы мен қос бұтағын ұстап тусаң да, реті келгенде лақтырып


    asaubota
    Шиважарболғыр біреу басыңды әдемілеп жазып берген ау сірә? көптен мұндай керемет оқымап едік.
    AKA

    «күрішті қызылға бояп жесем бе, әлде жасылға бояп ішсем бе»
    saken


    бірақ қателеспесем Ченнай жақта қызды алушы емес, қызды беруші рупийлерін «шашатын» сияқты етін.
    asaubota
    соған қарағанда ол жақтың қыздары оңай өтпейді ау?  соншама қуанатын болса кеткендеріне.
    mercedes
    құда түсушілердің санында шек болған жоқ, ал кейбір йогалардың тіпті ішегі болған жоқ.

    ken
    Бірінші жігіттің доллармен, ал екінші жігіттің рупиймен айтқанын бір аптадан соң бір-ақ білді
    енесс...
    konvict

    қазір сіңірі шыққан кедейде байда дейді ел артындағы өсек
    edige
    Браво!!! Браво!!!  
    /аптырга/
    Abilakim
    Көптен бері бұндай хертегіні оқымап едім, рахмет!
    VKM
    Кім туралы ертегі екен, а? Прототипі бар шығар)))
    AL-ASTER
    Ер сүйген алады, қыз сүйген қалады деуші ма ед
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.