Arular.kz

Аты Алдан еді, алдап кетті

Оңбай алданған аңқаулығым ойыма оралып отыр.
Қаладан ауылға төрт жасымда келдім. Көрші үйдің бір баласы бар еді, есімі Алдан. Негізі, баласы көп. Соңғы патрондарының нәтижесі ғой, ол. Бақташы отбасы болатын, жылқы ұстайды. Алданға еріп, жылқыға да, сиырға да, жылқықамаққа да барамын. Алғаш темекі де тартып көрдім. Шаруаның жай-жапсарын қағып қана қоймай, небір қайыра сыбайтын қазекемнің сөздерін де үйрендім.

Мектепке баратын жылдың жазы. Он шақты тауығымыз бар еді. Ірі-ірі болатын. Қораз жоқ, атам сойып тастаған. Сондықтан да көршілердің қораздары келгіштейтін. Біздің мекиен тауықтарды азан-қазан қылып, қуады да, жүреді. Басынғанына күйініп, тауықтарыма жаным ашып, оларды таспен атқылаймын. Мұны көрген Алдан күліп алып, қуу себебін түсіндіреді. Ұқпайтынмын.
Содан бір күні біздің бір сұр тауық қанаттарын қомдап, күдірейтіп, даусын өзгертіп алыпты. Жанына жақындамақ болсам, мені қуады. Атам "құрық болған" дейді. Түсінбеймін. Сөйтсем, балапан шығарады екен. Жұмыртқа басып жатыр. Мұны Алданға айттым. Алдан: «ол жұмыртқалардан балапан шықпайды, сендердің қораздарың жоқ» деді. «Ой, қораздың қажеті не?» десем, «солай, қораз болмағаннан кейін балапан пайда болмайды» деп, мені жабырқатып тастады. Сүп-сүйкімді шөжелерді күтіп жүрген едім. «Бір жолы бар, сол құрық болған тауықтарыңның астына біздің үйдің тауықтарының жұмыртқаларын саламыз, сенің тауығыңның астындағы жұмыртқаны мен өзіме аламын» деді. Мақұлдадым.
Сонымен кешкісін ол біздің тауық жатқан қораға келді. Қойнында кішкене-кішкене жұмыртқалар, маған көрсетіп, ыржалақтап қояды. Есікті ашып бердім. Енді кіріп, ауыстырмақ болып жатқанда әкем келіп қалды. Айқайлап қуып шықты, ол тұра қашты. Әкем маған ұрысып әлек, мен алмастырмақ болған себебін шала-пұла түсіндірдім.

Сондағысы, ол біздің жұмыртқаларды алып, өзінің құрық болып жатқан тауығының астына салмақ екен. Осылайша, біздің үйдегідей ірі-ірі тауықтарға қол жеткізбек болыпты. Оны әкем айтты. Ойласам, рас екен, себебі олардың тауықтары ұсақ-ұсақ, кекіліктей ғанатын…
" data-width="600" data-numposts="5">

5 пікір

avatar
7 жаста бәрі алданған…
avatar
Біздің Алдекеңді айтып жатыр деп ойладым негізі
avatar
ааа, жоқ, басқа адам
avatar
Алдан ты вор, мошенник и лицемер! На кол тебя!
avatar
Мешітке не үшін барып жүр десем,әй Алдеке-ай, балалықпен жасалған нәрселер ғой оның бәрі

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.