Arular.kz

Қытай халқының хертегісі. "Қайыршы мен Конфуций"

Бұл қараң қалғыр қу пәнидің пәтуасы болмағасын, суға кетіп өле қалайын дейсің ғой кейде. Бірақ діндарлар:"өйтсең — Аспандағылар артыңнан айдап алад нақ!" деп, алдыңды тағы кес-кестейді. Рухтың азабы мен тән құлқынының түрмесіндегі осындай қаншама жан, мынау көрмегені жоқ табиғат-мақанда жүр екенбіз? Бай-қуаттылар бай-қуатты болуы себепті "әділет әлдеқашан орнады!" деп сайрап жүр, нұртілеусстің. Олай болса, тағдырдың мынау мазағын кім түсіндіріп берер екен, шешесстің? Өткенде өз көзіммен көрдім!
Ғибадатхананың қасынан Конфуций өтіп бара жатты. Сол-ақ екен, оған сіңірі шыққан қайыршы алақанын жайып тап берді. Бес-он юань бере салса болады ғой? Жоқ, Конфуций өз әніне басып:
— Кедейге ақша бермеу керек, оның орнына қармақ беріп, балық аулауды үйрету керек! — деп, аштықтан алжуға қараған қайыршыға қармақ ұстатты да, кете барды. Мүсәпір қармақты ала сала сол жерде жығылды. Барып басын демеп, аузына су тамызбақ болған маған қайыршы тек:
— Лібә, ең жақын балық аулайтын жер — Сары Теңізге дейін 3 000 шақырым бар ғой, жарад нақ осы пәлсапашы! — деп сыбырлап үлгерді де, көз жұмды.
Шешесстің…
" data-width="600" data-numposts="5">

19 пікір

avatar
қармақты берді де, балық аулауды үйретпей кете берді
avatar
Браво! Тереңнен тартылған әжуа.
Қайыршының берген қармақты сатып, ақшасын ішіп қоятын версиясын да көргем өмірде.
avatar
иманды болсын!
avatar
avatar
екеуміздің сюретіміз күшті үйлесіп тұр)))
avatar
Туайтмайт, ахметоваңдысссс. Қатырдың
avatar
конфуцийдің қайта оралуын есітіп отырғаным осы

кермешеге маңдай тірелгесін жамағатқа мамырдың 13-інен бастап
бұл жәндіктердің бал айы басталатынын жария қылу сүндет
avatar
Хуанхэ мен Янцзыда да балық барын айтатын бір христиан болмағаны ма?
avatar
Сары теңізді білмейтін адамның сөзі
avatar
Неге жазбаларыңзда боқтық сөз жаза бересіз?
avatar
Бай-қуаттылар бай-қуатты болуы себепті "әділет әлдеқашан орнады!" деп сайрап жүр, нұртілеусстің.
=))=))=))

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.