Фғансуз халқының ертегісі. "Жак-дегустатор"

  • Автор
Еее нақ, бұл сонаау — Людовик ағзамның тасын шауып алған күндері орын алған оқиға болса керек. Шешесстің.
Жорждың алқаш ұлы Жак алаңға шығып бөсіпті:
— Кез келген шараптың атын бір-ақ ұрттап айтып бере алам!
Тобыр дереу үш кесе шарап әкеліпті. Жак біріншісін ұрттап:
— «Дон Периньон», 1710 жылы құйылған. Емен бөшкеде 8 жыл ұсталған!
Ду қол шапалақ. Жак екінші кесені ұрттап:
— Chateau «Margaux», 1705 жылы құйылған. Ароматынан Дижон гарфтығының күнгейде өскен жүзімдіктерін сезіп тұрмын. Емен бөшкеде кемінде бес жыл ұсталған.
Тағы да ду қол шапалақ. Жак үшінші кесені ұрттап, құсып жіберіпті де:
— Жарандар, бұларың не, жылқының дәретін құйып не мазақ қылғандарың! — деп, кемсеңдепті.
Сол кезде тобыр арасынан бір қаззақ суырылып шығып(ол не істеп жүр десейш, мал әжеңң!), «мен көрсем бола ма?» депті. «Көр, көр!» депті тобыр. Қаззақ үшінші кесені аяғына дейін мейірлене ішіп қойыпты да:
— «Талас», «ШымкентЭтилСинтез» ЖШС. Ароматынан этилдердің формальдегидтік фракцияларға ыдырап жатқанын сезіп тұрмын. Пластик бөшкеде үш сағат сақталған-депті.

Масқарасы шыққан Жак сол жерде жилетін шешіп, қаззақтың иығына жауып, өзі дүниеден баз кешіп кетіпті. Осы күндері Тулуза алқаптарында бір жабайы кісікиік адам жүреді дейді, бәлкім сол Жак болар. Мың жерден дегустатор болсаң да, қаззақтың шарабына келгенде абыройың айрандай төгілетін осындай қарғыс атқан замандар болыпты деседі ел артындағы аңыз.
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    18 пікір

    aza

    Лібәәәә, өлдім, мал әкең… СААТ!
    Armanjan
    мал әкең… СААТ!
    Zhan
    Күлмеске шара жоқ
    Zilola
    Кезіндегі Агдам, Қайсар, Саяхаттар еске түседі екен ))) Тетрапакеттегі Омар да ұмытыла қоймады.
    GulL
    Ароматынан этилдердің формальдегидтік фракцияларға ыдырап жатқанын сезіп тұрмын.
     
    өлтірдіңіз
    AL-ASTER
    Осы жұрт қалай ажыратад өстіп? Мас бовқалмай ма? Немесе бірінің дәмін бірі алып кетіп шатыспай ма?

    Кофеискепдухитаңда)
    sammita
    дегустаторлар аузын былғап іше бермейді негізі, біреулер тілін тигізеді, біреулер иіскеп-ақ біледі, біреулер аузын шайып төгіп тастайды. Дәмінен айырады ғо, ішіп қою міндетті емес.
    Gastarbaiter
    бір қаззақ суырылып шығып(ол не істеп жүр десейш, мал әжеңң!)
    Уа, Сатыбалды, сын Багратиона!
    Ол қаззақтың не істеп жүргенінің сырын айтайын, айыпқа бұйырмасаңыз!

    Сол оқиғадан бірнеше жыл бұрын әлі тасы шабылмаған Людовик ағзам сарайының ішіне атасына ас беріп дүйім халықты жинап, сарай маңының дегустаторы қызметіне кастинг жариялаған еді.

    Соған бар малын сатып, аузына сеніп ту қаззақ елінен Әбдраззақ та ат терлетіп барған көрінед.
    Шаһар-шаһардан жиналған дегустаторлар Жорждың алқаш ұлына төтеп бере алмапты.
    Екі кеседегі шарапты әдетінше дөп тапқан Жак үшіншісіне ойланып қалады. Сонда топ ішінен Әбдраззақ суырылып шығып, тартжверіп:
    «Бұл аяғы ауыр малай қатынның сідігі. Ұрығының мерізімі 5 ай. Кімнен екен айтайын ба?» -дегенде Людовик ағзам атып тұрып, «Ойбай жеңдің, дүйсенбі күннен бастап жұмысқа кірісе бер!» депті.

    Содан бір ай өткен соң Людовиктің масқарасы ашылады.Сәйкесінше тасы шабылып, Әбдраззақ жұмыссыз қалады. Жактың мерейі қайта үстем боп кетіп еді.

    Жорждың алқаш ұлы қайтарға пұл таппаған қаймана қаззақтың қарымтасы қарымды болатынын білмеген ғой...
    konvict

    Лібә, 80 теңгелік винолар есіме түсіп кетті
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.