Ұқсас посттар

20 пікір

Abilakim
«Ахаң» дегеннен шығады.Қарағандылық жас ақындардың бірлі-екісі өздерін «Мұқағали», «Төлеген» деп атайды.Тіпті біреуі Мұқағали Мақатевқа арнап өлең жазып арасында Мұқаш деп сырласып қояды. Мұқағалидың құрдасы тәрізденіп…
FaraOn1
Менің Мұқаңа арналған өлеңім бар
Қараша үйі Мұқаңның
Қараша үй –
Қара өлеңі Мұқаңның,
Түңілігінен сығлаған сыңар күн.
Жарқанат жыр ай астында туғанда,
Жатағың боп қараша үйге сұрандым.
Қараша үйі,
Қасиетті Мұқаңның.

Асыл жырдың көрінгенде арайы,
Ақын ұлдың тер төгеді самайы.
Рұқсат етші қараша үйге барайын.
Жыр кітабым болмасам да ағайын

Қымыз ішіп қонағы боп жатыңдар,
Шындық айтып шырылдаған ақындар.
Қара өлеңнің қазанында қайнаған,
Қасиетті жырынан дәм татыңдар.

Қараша үйде поэзия жетілген,
Ақындықтың анық сыры шертілген.
Бір бұрылып соқпай өту қиын-ақ,
Қара өлең биік тұрса еркіңнен.

Аққу жырын аттандырып көк белге,
Қарсы алсын деп ұрпақтарым көктемде.
Қанатты жыр қайтып елге оралды,
Мұқаң ақын бұл өмірден өткенде.

Қарасаздың жыр жаңғыртып тасында,
Жетімкөлің жетім жатыр расында.
Қара өлеңнің қараша үйі тұрғанмен,
Өзің жоқсың ошағының басында.

Қараша үйі,
Қара өлеңі Мұқаңның,
Босағаңда сығалаумен тұрамын.
Өйткені мен ғашық болған шығармын,
Қара өлеңге Қасиетті құмармын.
Сондықтан жыр жұлдызын жандырып,
Босағаңда бұл өлеңді шығардым.
FaraOn1
меніңше ақындар оған жыр арнаса Мұқағали Сүлейменұлы деп мемқызметкерлер сияқты сызылып тұрмайды ғой
saken
мен түсінбей отырмын… Аха деп құрдасына айтпайды ғой, керісінше сыйластықтың белгісі емес пе?
Бастығымның есімі Ахметбек, қарамағындағылар (99 пайыз Қызылордалықтармыз) Аха деп сөйлесеміз.
Nurgisa
Меніңше, Ахи деңдер…
Zhan
Бір мақаламда менде «еке» деген жалғауды қосып жазғанмын. Сосын үлкен кісілердің атына және кейбір достарыңа, таныстарыңа «еке» деген жалғауды өзіңе жақын тартып сөйлегеніңді түсінеді-ау, еркелігіңді көтереді-ау дегендерге де айтады екем. Бірақ, қайтыс болып кеткен ұлт зиялылары мен марқұмдарға «еке» деген жалғауды қосқан ыңғайсыз сияқты. Меніңше, «пәленшеке» деген жалғауды көзі тірі адамдарға ғана айтқан дұрыс-ау…
satvaldo
біз мектепте оқығанда «еке» деген жұрнақ еді ғой…
Aya
Ахаң мен Жақаң деген халықының еркелетуі меніңше де, құрдас көріп, иық теңестіру емес…
Nur
Ахаң мен Жақаң, Мұқаң дегендер халықтың еркелетіп атауы. Мұқағалидың өзінде:
«Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты,
Мұқағали мақатаев бар мұнда» деп айтқан.
Сонда ол Махамбетті құрдас санайтын, автор айтпақшы «тәрбие көрмеген көргенсіз» болғаны ма?! Қазақ журналистерінің кемшілігі бар, но оны объективті көрсету керек. Бас-көз жоқ ұра берудің өзі «трбие көрмеген көргенсіздік» болып шығады кей-кейде.
a63a1
осы пікірді жазу үшін жаңадан тіркелдіңбе? Былай Жазсаң саған Сатыбалды ренжімес едіғой
a63a1
тролллліңдыссс…
Nur
Бір жыл болған кірмегеніме, баяғы құпия сөз, бәлен-түгендерді қайта еске түсіріп, «тасымды» қатыруға еріндім.
Сатыбалды анау-мынау ұсақ-түйекке ренжитін жігіт деп ойламаймын.
Nur
Сосын, газетке шыққан мақалалардың барлығын бірдей «журиктер» жазады деп ойлаудың өзі қателік. Кейбір миы ашып кеткен ғалымсымақтар материалдарын тықпалайды, ешқандай стильдік, грамматикалық түзетуге көнбейді ондайлар.
Zhan
Кейбір миы ашып кеткен ғалымсымақтар материалдарын тықпалайды, ешқандай стильдік, грамматикалық түзетуге көнбейді ондайлар.
Айтпа, осындайлар да редакцияға келіп қанды ішеді
satvaldo
керсіншесіне жыным келеді. сенің сөзіңді өзгертіп, өндеп жазғандарына. ТР-да рахат-ақ. қалай сөйлемдерді қате құрап берсең де шығады. ол сенің қатең, кемшілігін боп есептеледі. жорналистер мен газеттерге қатысы жоқ…
Zako
Журналистер де адам
TERISKEY
құбыла қалыпты бір кісі.
zhanibek_nurish
Білерім, тұз бен Жоңғарларға қатысты жазылған қос мақАлА да «Ана тілі» газетінде жарияланған,
Мынаны түсіне алмадым, «эзоп тілімен жазылған болар»,-деп ғана ойлап(себебі, ақын өлеңдеріне оқырман-көңіл құрмет бар,), қойдым.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.