Бояннн шығар, бірақ, мен жақында естідім:)

  • Автор
Бірде Мейрамбек пен Сәкен өлгенше ішіп алып сахнада білгендерін жасапты. Ертесіне таңертең теледидарға қараса, бүкіл БАҚ бұлардың кешегі сахнадағы қылықтарын айтумен әлек екен.
— Енді халықтың бетіне қалай қараймыз? Көшеде жүрсек танып мазақ қылатын болды — деп Мейрамбек мазасызданады. Сонда қиыннан қиыстырып жол тауып кететін Сәкен:
— Мәке, былай етейік, басқаша киініп алып көшеге шығайық, сонда ешкім танымас! — депті.
Сөйтіп Сәкен қызша киініп, боянып көшеге шығады. Аялдама жақтан өтіп бара жатып, жол жағасында кішігірім заттар сатып отырған әжейден
— Мына суыңыз қанша, әже? — деп сұрайды.
— Әй, Сәкен, саған 200 теңге ғой! — деп жауап береді әжей.
Сәкен "қалай ғана танып қойды екен" деп алды артына қарамай үйіне зулайды. Бұл жолы өте қатты боянып қыздан аумай қалады. Сөйтіп жаңағы жерге келіп тағы да сұрайды:
— Мына суыңыз қанша, әже?
— Саған 200 деп айттым ғой, Сәкен! — деп қайта жауап береді әжей.
Сонда ол кісінің тағы да танып қойғанына жағасын ұстап таңырқап қалған Сәкен:
— Әже, қалай ғана менің Сәкен екенімді біліп қойдыңыз? — десе, әлгі әжей:
— Қуасың ба, Сәкен? Бұл мен ғой Мейрамбек! — деген екен!
Бұқақақақа, за то өзіме қызық

Ұқсас посттар

20 пікір

19852407
агенттен жіберген
manshukn
Маған да агентте біреу жіберген.
konvict
Осыдна бір рет жарияланып еді. Тақырып таппасаң қайда барғаныңды, аптека туралы жазсай
AKA
 Мен де жақында ғана естідім.
dark_nazgul
Осыны Қуат айтып берді ғой деймін…
ushkin
мен бірінші рет естіп отырмын, жақсы әзіл
Zilola
Бiрiншi рет естiдiм (окыдым), но оте сатсiз азiл! ((
Erke
Бир тамада жигит айткан тойда жакында!!!
saken
кейіпкерлердің орын ауыстырып айтса қызығырақ болатындай
omarbirat
Аталмыш кейіпкерлердің қазақтан шыққан Чапаев пен Петькаға айналуының алғышарттары қалыптасып келе жатыр деуге негіз бар ма?
19852407
Халат киіп, орамал тағудан Мейрамбектің студент кезінен тәжірибесі бар негізі
Gastarbaiter
альтернатив аяқтамасы бар неменее күлкілі сенікінен:
танып қойдым, ля ля ля.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.