Орташа Есеппен Қазақ Журналисті

Жұма күнгі бояннндар: Орташа Есеппен Қазақ Журналисті

— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;
— Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
— Онымен сөйлескен адам: «журналистпен сөйлесіп тұрмын!» деп, өзін бақытты сезіну керек деп есептейді;
— Газетке, ТВ-ге біреуді шығару арқылы, оны бақытты қылдым деп есептейді, қарсылық білдірсе түсінбейді.
— Жауабы — сұрақтың ішінде тұрған сұрақтар қоюдан — әлем чемпионы. Мысалы, онсыз да дым айта алмай қор болып отырған менттің бастығына: «Қылмысты осылай алдын алып отырса, нұр үстіне нұр болмас па еді?» деген сұрақ қояды. Бірақ кейде менттер оның да жауабын ойланып отырады.
— Оның ойынша ҚЗда мәселе бітпейді, әсіресе тіл мәселесі және қазақты өте бейшара қылып суреттейді;
— Неге екенін қой білед: Замбия мен Қырғызстан міндетті түрде Қазақстаннан артта келе жату керек деп ойлайды;
— Мақала тақырыптары сәйкесінше “ойбай!” стилінде болып келеді;
— Еркектері алқаштау келеді;
— Интернеттегі материалды сілтемесіз ұрлай салу — талантсыз журналистің бас кәсібі;
— Ең топас анекдоттардың хас шебері. Страдивари – уішівөл!
— Кез-келген саладан колонка жүргізе алады. Мысалы, 20 гигабайттық флешкілер заманында, 3,5 дискетаның шыққаны туралы анонс жариялайды.
— Спортты әдеби тілмен жеткізеді. Сондықтан, “Ривалдоның жалындай жасып, темірдей тегеурінімен тепкен добы — қарсылас қақпасының қақ ортасында тулап жатыр!” деп үлгіргенше, қарсылас жағы гол салып үлгіреді;
— Ұйқасқа үйір келеді.
— Internet-те, тіпті Ethernet-те аноним пікір айтуға шебер. Нанбасаңдар, осы посттың каменттерін қарай жүріңдер.

Жалпы, «глав.редтерінссс» дегеннен басқа сөз келмей отыр бұларға, нақтың.

P.S егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емессіз деген сөз, олар Моймир мен Абай кизеттен басқа қазақша сайттарды білмейді

132 пікір

avatar
бұл 2 жыл бұрын жазылған бояннн болғандықтан кей түзетулер, толықтыруларды қажет етіп қалуы мүмкін. жираф салыса отырыңдар.
avatar
Мен қалада туып өссем де, қазақ журналистімін. Және бұл жазбаның көптеген тармақтарымен келіспеймін. Бірнеше адамның мысалында мұндай тұжырымдама жасау қателік. Адами этикаға жатпайды, сірә…
avatar
сіз ендеше орташа есептен жоғары болғаныңыз немесе төмен. менің ойымша жоғары

журналист екеніңізді ескере отырып, қайталап айтайын: бұл жерде барлық журналистер осындай делініп тұрған жоқ. орташа есеппен қандай болатыны туралы жазылған.
avatar
Орташа есеп, яғни әр құбылыстың арифметикалық ортасы бұлай есептелмейді ғой)))
avatar
Енді қалай, есептеп жіберсеңіз?
avatar
Барлық журналистердің қосындысын олардың жалпы санына бөлу. Формуласы: х1+х2+х3… бөлу жалпы саны.
8 класс математика оқулығынан...)
avatar
Сіз орташадан жоғары екенсіз
avatar
мен толықтай келісемін…
avatar
Бұл жерде айтылғанның бәрі де қазақ журналисіне тән нәрсе емес. Бұл — журналистикаға адасып келген не өзінде жоқтан бар жасауға ұмтылып жүргендерге айтылған тұжырым деп түсініп отырмын. Қазақ журналисі деп бұлайша баға беруге болмас.
avatar
ал маған журналистика ұнайды, бірақ олар @asaubota жазғандай болса… мамма))) мен бәрібір орыс редакциясына екен ғой
avatar
Сонда орыс редакциясы деп өз басыңызды «орташа есеппен қазақ журналистерінен» арашалап алғыңыз келе ме?!
avatar
екі түрлі менталитет, екі түрлі нәрсе ғой
avatar
Бәрі бір орыс редакциясының Қазақ елінде ешқандай болашағы жоқ! Кімге керек ол?!
avatar
Қазақстанда қазақтан басқа да ұлттар тұрады.
avatar
Тұрсын мейлі. Тұрса қазақтар үшін тұра ма екен?! Қазақ тілін үйренсін. Солар оқысын, хабардар болсын деп өмір бақи орыс редакциясының өміршеңдігін арттырмайтын шығармыз…
avatar
Қазақ тілін үйренсін.
Мен үйренбесін дегенім жоқ.
Солар оқысын, хабардар болсын деп өмір бақи орыс редакциясының өміршеңдігін арттырмайтын шығармыз…
Мен де, сен де, үкімет те орыс журналистикасының дамуына көмектесіп жатқанымыз жоқ, өміршеңдігін арттырып жатқан жоқ. Нарықтық заман. Кім мықты сол жеңеді. яғни, кімнің сатып алушылары, оқырманы көп — сол.
Қазақ тілді жур-стер мақаласында "қазақ үшін, қазақ елі" үшін жазса, оны өзге ұлт өкілдері неге оқысын. Оларға арналмаған ғой. Егер мен Қазақстандағы өзге ұлт өкілі болсам, маған арналмаған, тек қазақтарға арналған мақаланы неге оқуым керек?! Мені қазақстандық деп санамайды екен (тілді білсем де), мен оны оқымаймын!
Қазақ жур-стері жауыр болған тақырыптарды қозғай бермей, экономика, геосаясат, адамның жеке өміріне, қоғамдық өміріне пайдалы мақалалар жазсын, сонда бәлкім оны біреулер оқыр. Өзге тілдегі газет-журнал оқитындар, қазақ газет-журналдарына қызығушылығы оянар. Сол үшін тіпті тілдік білімін көтерер.
Ең бастысы, "қазақ елі үшін ғана" деп шеттетпеу керек! Менің айтпағым, орыс не басқа тіл жур-касын дамытайық емес, қазақ жур-тері мақалаларында, радио-телеэфирлерінде қазақ ұлтына ғана емес, сөздерін өзге ұлттарға да бағыттаса. Меніңше, олар өзге ұлт түсінбейтініне үйреніп алған сияқты.
avatar
Сіз үйренбесін деп айтты деп отырғаным жоқ, өз пікірімді білдірдім. Ұлты үшін еңбек етпегенде ше… Өзге ұлт өкілдерінің қазақ басылымы, теле-радио арналарын қарау рейтингісі жоғарылауы үшін еңбек етуі ақылға сиымсыз дүние меніңше. Қазақ журналистикасының дамуына жаңа оқу жүйесі керек. Яғни, салалық журналистикаға бағыттау.
avatar
ренжіме, бірақ сенің пікіріңде юношеский максимализм басым
avatar
Өзге ұлт өкілдерінің қазақ басылымы, теле-радио арналарын қарау рейтингісі жоғарылауы үшін еңбек етуі ақылға сиымсыз дүние меніңше.
ужсс… Сіз сияқты тар масштабта ойлайтын қазақ журналистері көп болса, қазақ тілі қағаз жүзіндегі емес, шынайы мемлекеттік тілге ешқашан айналмайды.
Мәселе рейтингте емес, қазақ тілінің статусында. Қазақ тілінің статусын түсіріп отырсыз сіз. Бір ғана ұлтқа қатысты қылып. "Өзге ұлттар оқымасын, оларға қазақ тілін оқып та керегі жоқ, білмейді де" дегенді білдіреді сіздердің позицияларыңыз.
Мысал үшін, аудиторияда 10 кісі отырса, ал сол 10-ның тек алтауына ғана қарап, аттарын атап, сөздерімізді ғана бағыттасақ. Қалған ескерілмеген 4 кісінің реакциясы қандай болуы мүмкін?! Позитивті болатынына күмәнім көп, тыңдамайды да. Түсініп тұрса да тыңдағысы келмейді. Себебі адамға назар керек. Сол сияқты оқырман аудиториясы.
Қазақ журналистикасының дамуына жаңа оқу жүйесі керек. Яғни, салалық журналистикаға бағыттау.
Міне, бұл нақты ұсыныс.
avatar
))сізбен келістім…
avatar
Мейіржан, тақырып атын бір оқып шық та осымен қой әрі қарай сөз таластыруды.

мен танитын біраз журналистер бұл мақаланы нормально қабылдады. «лібә, дұрыс қо на» дегендер де болды.
avatar
Онсыз да бітті…
avatar
оффтоп үшін кешірім.
avatar
Үфәй, үфәй
avatar
 сіз де бір кірпіш дүниеге
avatar
Қыстырыла бердің ғой дейсің бе?
avatar
адамды ялтып дейм да әлгіжерде. Енд жаңа келген пәк адамның пікірі екені көрініп тұр да
avatar
Өзектілігін жоя қоймапты, дос!!! Қазақ журналистикасында әйтеуір бір тұрақтылық бар екен ғой, демек
avatar
— ОЕҚЖ семинар, тренингтерге баруға аса құлық таныта қоймайды, себебі ол жерде бәрі орысша, орыстар деп ойлайды, сосын барғысы келмейді.
— ОЕҚЖ түрлі байқаулар, стипендияларға қатыспайды. Ескерту: «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген сыңайдағы байқау болса қатысады.
— Өз пікірін оқырманға/көрерменге/тыңдарманға таңуға құштар. Қазақстан мұнай-газ қорының АҚШ қор нарығындағы бағалы қағаздардың бағасының өсуіне қалай әсер еткендігі жайлы арнайы экономист-сарапшының пікірінің орнына өзінің пікірін бергенді ұнатады.
— Журналист бола тұра журналистиканың соңғы тенденция, трендтеріне мән бермейді.
— Жасы жиырма бестен асқан соң қабағын түйіп алып, аса бір салмақты, сабырлы, маңғаз, тәкаппар күйде жүреді.
— 4 баспа табақ беттің екеуіне майда әріптермен мақала шығарғанды қош көреді.
— Журналистік бейтараптық, объективтілікті ұнатпайды, я биліктің қас жауы, я қандыкөйлек жолдасы. Тек билік қана емес, барлық тарапта сондай.
avatar
толық қосыламын!
avatar
@qisyq 100 пайыз қосыламын.100 пайыз.
avatar
Сосын мынандай нәрселер бар, бір компаниялар шет елге пресс тур ұйымдастырса міндетті түрде бас редактор баруы керек.Ана компания жазатын журналисті қалап тұр ма, шатағы жоқ. Бас редактор ол экономика ма, ол басқа сала ма, өзі қақпаса да бара береді.Олар барып келген соң оның орнына бір тілшіні мақала жаз деп қинап қояды.Ол жүргені жаңағы компанияға зуандап пресс турда не болды, не айтылды деп.
avatar
Соңғы пункт жұмыс істейтін жеріңе байланысты. Мемлететтен ақша алып отырсаң мемлекетті мақтайсың, болмаса басқа ақша беріп отырған адамдардың сойылын соғасың. Газетке өтпей қалатын мақалалар да көп қой, ақыры өтпейтін болған соң бейтараптық, объективтілікті жазып не қажет?
avatar
Ну, енді, тек билік қана емес. Кез келген жағдайда сондай.
avatar
— ОЕҚЖ семинар, тренингтерге баруға аса құлық таныта қоймайды, себебі ол жерде бәрі орысша, орыстар деп ойлайды, сосын барғысы келмейді.
— ОЕҚЖ түрлі байқаулар, стипендияларға қатыспайды. Ескерту: «Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген сыңайдағы байқау болса қатысады.
— Өз пікірін оқырманға/көрерменге/тыңдарманға таңуға құштар. Қазақстан мұнай-газ қорының АҚШ қор нарығындағы бағалы қағаздардың бағасының өсуіне қалай әсер еткендігі жайлы арнайы экономист-сарапшының пікірінің орнына өзінің пікірін бергенді ұнатады.
— Журналист бола тұра журналистиканың соңғы тенденция, трендтеріне мән бермейді.
— Жасы жиырма бестен асқан соң қабағын түйіп алып, аса бір салмақты, сабырлы, маңғаз, тәкаппар күйде жүреді.
— 4 баспа табақ беттің екеуіне майда әріптермен мақала шығарғанды қош көреді.
— Журналистік бейтараптық, объективтілікті ұнатпайды, я биліктің қас жауы, я қандыкөйлек жолдасы. Тек билік қана емес, барлық тарапта сондай.
Өз жұмысы жаңалықпен байланысты бола тұра, жаңалық атаулыға жаны қас дейсің ғо, опшым

Жоғарыда толығымен үзінді келтірілген Қисықтың сөздерінің негізінде, «Жаңалық атаулыны бидғат санайды» деген пункт қосса бола ма, уа жамағат?
avatar
Кей кезде мақалаларының тақырыбы «Мынау мынандай ма?» тәріздес сұрақтан басталып, мақаланың соңындағы қыртынды қорытынды сөзі де «Сонда бұл қалай?» типіндегі сұрақпен аяқталады
avatar
Мақала демекші, материалында не айтпақшы болғанын 8-інші немесе 9-ыншы абзацта бір-ақ білуге болады. Оған дейін ұзын-сонар кіріспе сөз жазылады.
avatar
Мұныңыздың барлығы баяғыдан бері айтылып келе жатыр, тың, жаңа өз ойыңызды пйтыңыз. Таптаурын дүниені дүрліктірмей…
avatar
Уахахаха))) мен мұны оныншы маусым күні ең бірінші болып айтқанмын, сенің естіп жүргендерің сол мен айтып кеткен соң, менің сөздерімді қайталап жүргендер болды ғой.
avatar

«на то пошло Ая маған ешкім емес»
avatar
AKY мындагеліңіз  Әлгіжерде журик десе маған тиіпжатқаныда әхәхәхә
avatar
Жалғыз өзің қазақ журналистерінің сойылын соғып шырр-шырр етіпсің ғо, әлгі жерде
avatar
онешкім түсінбейд, минуставәлек
avatar
ии, құдай-ай
avatar
қайта үстілерінен қосылып күлгеннің есесіне кәйіпті қайта-қайта бұзып мен де бір
avatar
 жастық-ай шіркін
avatar
Осы жерде лирикалық толғаныс артық етпейді деп ойлай отырып, Абай Құнанбайұылының мына өлең жолдарын қазақ жұртына арнағым келеді:
Есіңде бар ма жас күнің,
Кімді көрсең — бәрі дос.
Махаббат, қызық, мал мен бақ,
Көрінуші еді досқа ортақ.
Үміт жақын, көңіл ақ,
Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық мол жылдар?!
Ақырын, ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар.
avatar
үфәй-үфәй, бірталай жасқа кеп қалған қыз сөйлеватыр, тыңда, халқым!
avatar
демеу білдіргеніңізге алғыс, мәрхаббатым
avatar
Дәлел қосып қойсаңызшы! Көзіміз жете отырсын!
avatar
avatar
сіз менің әр пікіріме мұндай қылық таныта беретін болсаңыз барҒұӘ не істерімді білмеймін тіпті
avatar
«Орташа Есеппен Қазақ Программисті» деп мен туралы да жаза кетіңдерш
avatar
-Кейде бір тақырыпты жарыса жазады, оқудан жалығып кетесің.
-Радиодан кейде орыстардыкін тыңдасаң әрбір жерде әр әнге болсада түсініктеме беріп, адамды елітіп әкетеді ал біздікілер көңіл-күйінің жоқ екенін бірден білдіріп қояды. Амал жоқ орыс тілділерін тыңдауға көшесің.
— айтатын тақырыптары тек саясат, дін жәй адамдардың өміріне қатысты ештеме жоқ.
— толып жатқан жұлдыздармен байланысты журналдар, ашып оқығың келмейді.
avatar
Ұнамас, өздеріңіз оңынан айналдыруға мүмкіндік бар сіздерде…
avatar
"— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. Жалпы бар ойы – осы ғана. Бұдан басқа ойларын Инеттен көшіріп алады;"

Келіспеймін! Көпшілігі Интернеттен де көшіре алмайды! Ол үшін Интернет деген бір алынбас қамал немесе арасында қасқыр көп жүретін орман сияқты!

Интернеттен көшірсе АЙНАЛАЙЫН! дер едім. Әттең…
avatar
О, Құдайым...Өтірік айтуға болмайды ғой, бояушы бояушы дегенге сақалын бояпты дегеннің керін келтірмей отырсаңызшы. Шындыққа жанасымсыз дүние айтпай.Әйтпесе 1940 жылдың арғы, бергі төлдерінің өзі интернетті парақтайды...Әркім өз ойынан хабар береді демекші!!!
avatar
“Ривалдоның жалындай жасып, темірдей тегеурінімен тепкен добы — қарсылас қақпасының қақ ортасында тулап жатыр!”
мынаны айтқан асаба біреу шығар))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
avatar
Білесіз бе, бұны да қабылдауға болар еді. Тек робот екпінмен емес, әсерлетіп, қызықтырып, сондай ырғақпен берсе. Әйтпесе, «Месси әлемдегі ең мықты ойыншы болып есептеледі», сәл кейінірек, «Месси әлемдегі ең мықты ойыншы болып есептелетінін қарсылас команданың қорғаушысы білмейді емес, біледі» деп миды шірітуін кәсіби біліксіздік деп ашық айтайық.
avatar
Әсіресе, хабардағы Асхат аға сөзінің соңын айтқанда басы не еді деп ұмытып қалам өзім әйтеуір
avatar
Білесіз бе, бұны да қабылдауға болар еді
қабылдасақта өзгеретін ештеме жоқ, ол бейбақты даттап орнына басқаны қоюды ойлағанша — Гаста құрдас айтқандай өзіміз спорт телеканалын ашып, дені сау комментаторларды отырғызсақ, міне сол кезде әңгіме басқаша болады!
А то робот үкіметтің — робот комментаторларынан ешқашан құтыла алмаймыз…
avatar
))))))))))))))))))) келісуге болады…
avatar
Маған ұнамайтыны қазақ тіліндегі футбол комментаторлары. Былай газет журналдарда жазатындардың арасында жақсы жазатындары да баршылық қой, мысалы «Жұлдыз» журналында жақсы әңгімелер шығып тұратын(қазір білмеймін).
Футбол коментаторлары дәл жанында отырған Цыбулиннен үйренсе, сұраса да болады ғой. Цыбулин ресейлік комментаторлардан асып түспесе кем түспейді. Орысша коментаторлардың ішінде тағы бір жас жігіт шығып келе жатыр,Қазақстан Әзірбайжан матчын жүргізген, жаңадан бастағандықтан оның да қателіктері бар, бірақ уш төрт жыл комментатор болып жүрген қазақ комментаторларынан жақсы.
avatar
Қазақстан Әзірбайжан матчын Роман Лопатенко жүргізді. ол көптен бері жүргізіп жүр, сондықтан жас комментатор деп айтуға келмейтін шығар. мен сияқты ол да манфан. өткенде финалдағы матчта өз көңіл күйін анық білдіріп қойды ғой.
avatar
Бұрын байқамаған шығармын, жақсы комментатор екен, эмоциясын жасырмайды, «Иньеста отдыхает» деген сөзі көпке дейін ұмтылмайтын шығар ))
avatar
соны айтамын «Иньеста отдыхает» ұмытылмайды. Ол Тобылды былтырғы чемпионаттың ең соңғы матчында Атыраудан жеңіліп қалады деп бәс тігіп, ұтылып қалды. сосын Қостанайдағы Тобылдың стадионын тазалап қайтты. бұл туралы біраз сайт жазды)))))))))))))))
avatar
Негізі футболды Аршат екеуміз барып қарадық. Ешқандай комментатор қанды қайнатқан жоқ, өз көзімізбен алаң ішінде, сыртында болып жатқандарды көрдік, мысалы. Көппен бірге уладық-шуладық, гол салғанда қиқу салдық…
avatar
стадионнан көргенге не жетсін
avatar
Өлтірдің ғой, өлтірдің.
avatar
P.S егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емессіз деген сөз, олар Моймир мен Абай кизеттен басқа қазақша сайттарды білмейді
Өлдім күлкіден
avatar
«Егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емессіз деген сөз, олар Моймир мен Абай кизеттен басқа қазақша сайттарды білмейді
Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емесстер қай жаққа өтсін?
avatar
ешқай жаққа өтпейді, просто тупо қуанады лібә мен ондай емес екенмін ғой деп
avatar
мынау жоғарыдағы мақала жарияланғаннан 2 күн кейін жарияланған сұхбат:

Сайтымызда жарияланған ОЕҚЖ мақаласына қатысты, белгілі бір дәрежеде «резонанс» туды: журналистер мен аудитория арасында. Әр тарап өз пікірін дұрыс санауда. Біздіңше, бұл орайда бейтарап пікірде керек секілді. Бірақ, сауатты. Сонымен, журналистердің ішінен ең алғаш біздің сайтымызға сұхбат берген Республикалық «Туран» газетінің бас редакторы Елтай ДАВЛЕНОВ болды.

— Жалпы Дәруішөлген сайты туралы ойыңыз?
— Мұндай қазақ тілді сайттың пайда болуы, Колумбтың Американы ашқанымен пара-пар. Мұны ойлап тапқан жігіттерге үлкен респект!
Таңғалмаңыздар, мен жақын арада осы сайттың авторларының бірі болып қалуым мүмкін.
— ОЕҚЖ мақаласында келтірілген мысалдармен келісесіз бе?
— Толықтай деуге болады. Алайда, бұл айтылғандардың көбі тұтастай журналистикаға қатысты. Себебі, дилетантизм отандық журналистиканың «шошқа тұмауы».
— Алайда, олар мұны мойындамайды. Жалпы, қазақ журналистикасы аталып жүрген сала бар ма? Жоқ, әлде ол әлі қалыптасу кезеңінде ме?
— Алқаш та өзінің алқаш екендігін мойындамайды, негізі. Ал, әріптестеріңнің жұмысына баға беру… Біріншіден, әркімнің не жазып, не қойғанын өзінің ұятына қалдыру керек. Екіншіден, әдемі емес бұл.
— Журналистер «сыншы» саналады. Кей жағдайда «даурықпа сыншыл» да. Олай болса, олардың сынның мәнін түсіне отырып, нақты сынды қабылдай алмауының себебі неде? Бізден басқа ешкім де емес дегендей, эгоизм емес пе, бұл?
— Мүмкін, менің әріптестерімнің көбі өздерін, сана-сезімдердің әміршісі сезінетін шығар. Әлбетте, бұл дұрыс емес. Қасаң қалып үшін кешіріңіз, алайда, кез-келген сын конструтивті болуы керек. Ал сын үшін сынау бұл журналистика емес, бұл мүлдем басқа бірдеңе…
— Рахмет!
avatar
Журиктер-ай, журиктер!
avatar
сол кезде жазылған каменттер мында

жарылдым оқып
avatar
 мына сайтты мен неге көрмегем
avatar
Коммент оқимын деп, бәрін оқып шықтым… дәруішвумен жап-жақсы екен.Орташа қазақ қызы, жігіті, программисті деген сол жақтан шыққан екен ғой)))
avatar
Бұрын бар кезінде сол жақтан шықпайтынмын. Жабылып қалған соң қайтып іздемеппін. Енді көріп алып таң қалып отырмын.
avatar
 дұрыс жазылыпты
avatar
лібә, кезекті рет бұттан кетім, актуалдығын жоймапты.
avatar
1. Көпшілігі саяси тақырыптарды сипай қамшылап өтеді.
2. Биліктен өлердей қорқады.
3. Халықтың ақиқатқа шөлдеп отырғанын білседе, халықты жалықтыратын тақырыпта жазудан шаршамайды.
avatar
Халықтың ақиқатқа шөлдеп отырғанын білседе
Халық: — Бізге не керек екенін @serjan -нан сұраңдар…
avatar
Бір журналистке сілтемесін беріп бір сұмдық болып отырмын.
avatar
Ренжіватыр ма?
avatar
Жоқ
avatar
Айта сал, цианидтер класының уларын кез-келген тұрмыстық химия дүкенінен алуға болад.
avatar
Оның ойынша ҚЗда мәселе бітпейді, әсіресе тіл мәселесі және қазақты өте бейшара қылып суреттейді;
,
— Мақала тақырыптары сәйкесінше “ойбай!” стилінде болып келеді;
,
— Кез-келген саладан колонка жүргізе алады. Мысалы, 20 гигабайттық флешкілер заманында, 3,5 дискетаның шыққаны туралы анонс жариялайды.
Қышыған жерден дөп бастың.Бізде ұлттық мәселе, саясат, тіл деген тақырыптар жауыр болды. Айналып кеп жаза береді, жаза береді. Орыстар жазатын техника, технология, демалыс, көңіл көтеру дегендер мүлдем жоқ.Бірен-саран ғана. Мысалы: «Жұлдыздар отбасының» жұлдыз журнал болып кеткені содан. Қайғыру кілең. Бірақ Қазақ журналистикасы өзгереді, алдағы уақытта. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін, жаңа техника, технологияларды жетік білетін журналистер пайда болады. Бірақ ол үшін КСРО-ның кезінде журналистік тірлігін бастағандар пенсияға шығып болуы керек.Сосын қазіргі заман талабына сай салалық журналистер пайда болады.Болашақта жаңа медианың талабы бойынша БАҚ негізінен интернет арқылы, ал дәстүрлі БАҚ сала бойынша ақпарат тарата бастайды. Сонда өз саласын жетік меңгерген журналистер пайда болуы тиіс.Жалпы журналистің жазбағы бас редакторларға, солардың білім деңгейіне байланысты.Ал бізде заман талабын түсінетін редакторлар аз.газеттерін өз беттерінше қаржыландыра алатын, өнімдерін өткізе алатын медиа менеджерлер жоқ.Сондықтан мемлекеттік тендердің ақшасын алып, жаңағы қотыр темаларды жазып отыра береді.
avatar
аха, басшылар кетпей ештеңе өзгермейді. газет форматтары сол баяғы советский форматта. сосын мемлекеттен тек ақша соруды қою керек. бізде қазір тек таза өзі ақша тауып отырған тек сол Жұлдыздар отбасы екен ғой. қалғандарының бәрі тек мемлекеттің ақшасымен отырғандар. ТВ каналдар да сол. реклама алуға талпыну, жарысу деген сол үшін жоқ екен ғой.
мына мақала 2 жыл бұрын жазылды. осы уақыт ішінде журналистермен көп араластым. көбісі жазылғандармен келіседі, бірақ көп нәрсе редакторларға байланысты екенін түсіндірді. солайы солай шынымен.
avatar
Редакторларға арнап семинар-тренингтер өту керек онда!
avatar
жаңа ақпарат министрі Керекинфоны оқитын сияқты немесе көзқарастарымыз сәйкес келеді

газеттерді модернизациялау туралы нұсқау беріпті. газеттер бұрынғыдан да сапалы болулары керек енді.
avatar
Бірақ ол үшін КСРО-ның кезінде журналистік тірлігін бастағандар пенсияға шығып болуы керек
Солар кеткен соң солардың школасын көргендер қанды ішпесе де. Мәселен, мен бір журналисті білем, жап-жас болса да Аршат айтпақшы өңкей «галстук» тағып алған мақалалар жазады. Ішің пысып кетеді ананың жазғандарынан. Мақалаға басқаша қырынан келіп, өз стилімен жазғандарды ваще қақпайды, түсінуге, қабылдауға өресі жетпейді. Жаттанды сүрлеумен жазып әкеп берген сыпайы мақалаңа ғана қуанады.
avatar
Жалпы журналистің жазбағы бас редакторларға, солардың білім деңгейіне байланысты.
— Өте орынды айтқансың. Бас редактор не только журналист, жазбаң арқылы сенің ішкі дүниеңді тани алатын психолог та болуы керек.
avatar
Бүгін жұмама не?
avatar
Мысалы Түркия салалық журналистикаға 1980 жылдардан бастап бет бұрған. Бізде әлі ондайға бет бұрмақ түгілі, дұрыс оқу жүйесі қалыптаспаған. Сонда кімге ренжиміз?!
avatar
Соңғы рет бір күлейш
avatar
не боп қалд, журналистикаға келмексің бе?
avatar
Газет туралы ең қысқа анекдот:
Газетті пайдаланар алдында оқыңыздар.
avatar
БАҚ туралы емес газет туралы әнек деп түзетсек, бола ма
avatar
Маған қатысы барлары:
— Қазақша өте жақсы білемін деп ойлайды. 
 — Міндетті түрде ауылда туған болады (қалада туғандары — орыс редакциясында);
Сосын
— Ұйқасқа үйір келеді.
Бұрын мектепте өлең жазғам, арасында қозып, ұйқас қосып кетем, бірақ ҚазАқпаратқа келгелі қойдық оны, қысқа-нұсқадан аса алмаймыз. Жалпы маған қатысы аз екен.
егер сіз журналист болсаңыз және мұны оқып отырған болсаңыз, демек сіз Орташа Есеппен Қазақ Журналисті емессіз деген сөз
Бірақ, Аршат ана маймылдың суреті аздап нервке тиіп тұр. Жазылғанның бәрі рас, бірақ өзімді ана суреттегі маймыл ретінде көруге қиналып тұрмын.
avatar

алып тастадым маймылды.

негізі жазылғандардың бәрі жаман нәрселер емес қой, орташа сипаттамасы жасалған.
avatar
Обидно ей, деп отыр едім. Рахмет!
avatar
қазақша әдемі, әдеби емес, қарапайым тілде ойын жеткізіп, тақырыпты аша алатындары жоқтың қасы… стильдері өте ұқсас. Мысалы, кейбір авторларды жазбасынан тануға болады, ал бізде «инкубатор»…
avatar
Амал жоқ барының сиқы осы. Бұларды жаман, ит, шошқа дей бергеннен жақсарып кетпейді.Уақыт келер түзелетін. Шамамыздың келгенінше КСРО көзқарасты басшылармен алысып, жұлысып жазып жатырмыз. Көбіне жазғаның цензураның қайшысымен қырқылып қалады, кей жазғаның редакторлардың қырықтығымен қысқарылып, қырқылып жүнін жұлған тауық сияқты болып, өзің танымайтын күйде шығады.Кейде сол тексергіштердің өзі бір қатесіне екі қате қосып шығарып қояды. Сосын елден не жазғансың, сені сондай журналист деп ойламаппын деген әңгімелерді естисің. Журналистің жазғаны, журналист болып қалыптасу адамның өз басына байланысты емес көп жағдайда.Басшылардың ұстанған саясатына байланысты.Солардың біліміне қарай.
Жалпы, Қазақстандағы кез-келген саланың маманын алып қарасақ осы «төмендеу» деңгейде. Арасында бірен-саран бастары мықты істейтіндер бар. Жалпы алғанда керемет дей алмаймыз.Дұрыс, өстіп жазу керек, айту керек. Естері дұрыстары алға жылжиды, білім жетілдіреді. Қазір жастар бар, жақсы жазатын.Бірақ оларға да мүмкіндік көп жағдайда берілмейді. Солардың уақыты келгенде дұрыс журналистика қалыптасар.
avatar
"Анау Керекинфо сайты бәле болды басымызға. Өткенде 3-4 материалын ұрлап басып едік, енді соны жарияға жар салып жазып жатыр блогшылар. Аршат деген бір жаман адам екен. Қасиетті қазақ журналистикасына қара күйе жағын интернетте масқаралады. Оның бізде қалған қандай ақысы бар десеңші? Зайыбал" деп, «Жас қазақ» газетінің бір топ журналистері темекілерін ауыздарына терісінен қадап, күйініш шерін тарқатып отыр.
avatar
Мына қасиеттердің әр бірін бөлек бір мәселе қылып, сол мәселеқұмар журиктердің алдарына кесекөлденең тартуға да болады екен :)
avatar
Мына мақаланың ескі екеніндігін пікірлерге плюс қояйын дегенде бір-ақ білдім. Ескі мақала болса да, қозғалған мәселелердің маңыздылығы әлі сол қалпында. Мүмкін, одан да жоғарылаған болар, яғни жасқазақтанған болар :)
avatar
Сатекеңнің мына шедебірін бүгін Абай.кз сайтынан тауып алдым:
Кент әкімшілігі 2009 жылға дейін Қазақстандық ЖОО-ларда журналистика факульетін бітіргендер мен журналист болып жұмыс істегендерді IV, III, II, I топтағы рухани мүгедек деп танып, өтемақы төлейтінін хабарлайды. Қажет құжаттар:
1) Диплом;
2) Ең кемінде ұйқастыра жазылған екі мақаласының көшірмесі. Мысалы, «Салтанатты кеште Салтанат шешей көзіне жас алды», «Елдік пен ерлікті еңсеген ердің ерен еңбегі еленбегені өкінішті» сияқты сөз тіркестері.
3) Әсіре мадақтау эпитеттері бар бір мақала. Мысалы, «Кентбасы есіктен шығып келе жатқанда, басынан алтын сәуле шашырап, алаң нұрланып сала берді», «Тасына дейін тектіліктің лебі есіп тұр» сияқты сөз тіркестері.
4) Статикалық жаңалық авторларына қосымша 1 000 песо төленеді. Ол үшін «Бұтақтөбе шаруа қожалығы кредит алып, шошқа шаруашылығын дөңгелетіп ікетіп отыр» сияқты фразалары бар бір мақала болса — болғаны.
Бұрынғы сарайақындар мен пресс-хатшыларға, өтемақыға қоса, Орталық Мүгедектер Қоғамының ғимаратында жұма сайын ыстық тамақ пен шәй берілетін болады.
Кентканцлер және рейхсәкім: Анджела Мейірқұлова (Шиваның нұры жаусын оған!)
Жоғарыдағы Анджела Мейірқұлованың ұсынысы керемет ұнады, блог иелері көшіріп алды деп ренжімесін.
депті. Сол кәменттің иесі алып жариялаған сияқты. Қателесуім де мүмкін, әрине
avatar
жоғарыдағы мақала да С.Кнің редакциясынан өткенін хабарлаймын.
avatar
Қызық болғанда, бір ағаймен сабақ үстінде келіспей қалдық. «Мақалада журналистің пікірі болмаса, несіне мақала» дейді. Оның айтуынша, мақалада журналистің пікірі міндетті түрде болуы тиіс екен. . Аға, ата журналистеріміз креслоларынан кетсе ғана журналистикада өзгеріс болады.
avatar
Aya неге соншама шырылдап жатырсың? мақала орташа есеппен деп басталып тұр емес пе? ол барлығы сондай деген сөз емес қой. әлде, әлде?..
avatar
«Шырылдаса бозторғай сен екен деп қаламын
Ақ сақалды шал көрсем Кенекең деп қаламын...»
avatar
Ауруыңды жасырғанмен, өлімің әшкере…
avatar
www.nurastana.kz/?p=2432
Өткен жылы мына бір газетке Асель Назаралі деген біреу, менің 2010 ж. қазан айында «Оңтүстік Рабат» газетінде шыққан «Ботпайқырылған» атты мақаламды өз атынан ойланбастан бере салды… Менін айтқан дауыма «пысқырмады» да?
avatar
Бұл туралы «Керекте» талай айтылып, талай жазылған. «Керекті» үзбей оқып жүрсеңіз, әлі талай қызықтарға қанығасыз.
avatar
Оппана, толығырақ айта кетші осы жерді
avatar
«Оңтүстік Рабат» газетінде шыққан «Ботпайқырылған»
Газет атауы да, мақала атауы да өрт екен!
«Менде керемет сюжет бар» қауымдастығынан ба дерсің.
avatar
Өзі жұмыс жасайтын редакцияның газетін оқымайды. Сондықтан, интернеттен материал алып өз атымен жариялағанда «осыны кім оқиды дейсің» деп ойлайды. Бастысы Главредтың тыныштығы.
avatar
келе жатқан мейрам құтты болсын!
avatar
мейрам құтты болсын ал
avatar
. (оқып шықтым, ешқандай еш жеріне қосыла да, көсіле де алмаймын. Тек мына нүкте. Болды)
avatar
осылай жазбай-ақ қойсаң да болады ғой
avatar
ия, сен де жазбай қойсаң болатын екен.
avatar
тілмаштар туралы жазыңдаршы
avatar
аха, мен де ойлап жүрген едім. жазып көру керек.

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.