Орташа есеппен қазақ қызы

  • Автор
сурет: alashainasy.kz

1 — Орташа есеппен қазақ қызы бойы 1.90, денесі сымбатты, карьерасы бар, білімді және бай, Бред Питт типіндегі бір жігітпен тұрмыс құрғысы келеді. Сондықтан біраз жыл адам таңдап үйде отырып қалады. Бірақ, соңында Сейфуллин Жолбарыстың бойындай, көріксіз, білімсіз бір типке күйеуге шығады. Бақытты екендерін айтады. Бір жылдан кейін балалы болады, жаңа мәселелер пайда бола бастайды. Қашып кетеді немесе айрылып кетеді.

2 — Қазақ қызы өзін өте биіктерде көреді, Синди Крауфордтай әдемімін деп ойлайды. Көшедегі жүрісі де сондай. Еркектерді өзіне ғашық етіп, не айтсам соны істете аламын деп ойлайды. Негізі оларды мұндай қылған біз еркектер. Мән бермей жүре берсек, бәрі біздің қолымызда болар еді.

3 — Өкінішке орай ОЕҚҚ ақымақтау. Білім деңгейлері әншілердің аттары мен өлең сөздерінен әрі аса алмайды. Саясат, ғылым, спорт тақырыптарында жөні дұрыс сөйлем құра алмайды. Құра алмау себебі — миларындағы ақпаратқа бөлінген орынның өте кішкентай болуы. Тіпті сөйлем құрауға тырыспайды да. Бірақ еркектерді ақымақ және тек секс туралы ойлайды деп ойлайды. Олардың ойынша еркек қыздың ішіндегі жұмбақты шеше білуі керек.

4-ОЕҚҚ болашақ туралы бас ауыртпайды. Күйеуге шыққасын күйеуім бағады ғой деп бір мамандықты игеруді де ойламайды. Ақшасыз жүреді. Ешқашан ақша жинамайды. Тек қысқа мерзімді жоспарлары үшін ақша жинайды. Одан басқа алдағы уақыт үшін көп бас ауыртпайды.

5- Қазақ қызының қолынан көп нәрсе келмейді. Жұмысты да көп түсіне бермейді. Секретарша немесе бухгалтер боkу оларға жарайды. Сіз программист немесе вебмастер қыз көрдіңіз бе? немесе электр сымдарын шұқылап, тағып жүрген? Қолдарынан тамақ пісіруден басқа ештеңе келмейді. Тамақтың өзін көбісі дұрыс пісіре алмайды.

6- ОЕҚҚ әзілді де дұрыс түсінбейді. Дұрыс күле де алмайды күлдіре де алмайды. Ең топас анекдотарға да күледі. Өте жіңішке әзіл айтылған кезде түсінбей қалады.
Күлдіруге келетін болсақ мүлдем күлдіре алмайды. Жақында 28-ге толамын мені естен кетпейтіндей күлдірген қыз көрген жоқпын әлі.

7-ОЕҚҚ секстен қашады әрдайым. Алайды секс туралы еркектерден көп нәрсе біледі. Өз құрбылары арасында еркеrтер білмейтін көп нәрсе туралы әңгіме қылады. Бірақ та сезімдерін және табиғи сұраныстарын баса біледі.

8- ОЕҚҚ компьютерді түсіне бермейді. Бар білетіндері Ворд, аська, мэйлагент, бухгалтер программалары. Бірақ солардың өзін дұрыс қолдануды білмейді. Өйткені бұл прогаммалар оларға шынымен ауырлау.

9- Қазақ қызы ғылыми, детектив немесе соғыс киноларын ұнатпайды. Романтикалық киноларды ұнатады. Титаник сияқты бір апатты суреттеген фильмді олар романтика фильмі ретінде қабылдап, соған жылап отырады.

10- Олардың түсінігінде спорт — фитнесс немесе үлкен көтендерді арықтататын неше түрлі жаттығулар. Соның өзін дұрыс істемейді немесе бармайды, кейін тастап кетеді. Нәтижесінде түк те арықтамайды. Тұрмыс құрғаннан кейін көбісі семіріп кетеді. ТВден шетелдің әйелдерін көріп, таң қалып отырады “ап-арық ай ә” деп. Адам кішкене болса да дұрыс тамақ ішу керек қой, біздікілер дұрыс тамақтануды да білмейді.




кезінде мақалаға жазылған қызық пікірлер:

akzere:

Орта есеппен қазақ қызы қара немесе қоңыр куртка киеді және ұзын етігінің ішіне кіргізіп джинсы киеді.
Қосу мен алуды білсем болды, ең бастысы күйеуге шығып алсам болды, ертең күйеуім асырайды деп ойлайды.
Өзінен әдемі, мықты, ортасында танымал және көпке қол жеткізген қызды көре алмайды, оны бір бұзылған деп ойлайды.

Көбінесе осындай қыздар көп. Сонымен қатар бұдан ойлары жоғарылар да және бұдан, одан да төмен ойлайтындары да жетерлік.

satibaldi:

Арақты атын атамаңдар, кәпірдің деп жүріп, пидрушкаларымен виноны сілтеп, типі сыр айтысады…

Symbat:

Ащы шындық… Аршат күшті жазыпсың, қоғами критика, яғни қоғамға критика. Айта кетейін дегенім, орташа қазақ қыздарының осындай болып қалыптасуына не себеп? Осы жайында жазба оқитын күн бар ма?
— Мәденитіміздің қандай үлесі бар
— Менталитетіміздің қандай ықпалы бар
— Дініміздің не ықпалы бар

Мен оқуға түсетін кезде біздің бір көрші қоймайды папамдарды қайрап, не қыласыңдар ЖООға түсіріп, ақыры соның жемісімен күйеуін асырайды, одан да кезкелген бір колледжге бере салыңдар. ЖООны бітіргенше жасы келіп отырып қалады немесе оқуын бітірмей байға тиіп кетеді деп қайта-қайта айтқаны бар. Босқа шығын деп… Қыз деген керемет бастық боп жетістіреді дейсің бе деп. Осылай ойлайтын еркектер де баршылық. Біздің мектептің директорына әйел кісі келгенде бүкұл еркегі бар, әйелі бар дүрліккен. Ой сол не тындырады дейсің деп. Осындай сөзден кейін әйел кісінің қоғамдағы рөлінің қандай екенін байқауға болады. ОЕҚҚыздарының осындай болуына таң қалатын түгі жоқ..

Асель:

Құрметті Аршат! Қазақ қыздары тек осы 10 критерийлермен ғана шектеледі деп ойласаныз, қателесесіз деп ойлаймын. Жоқ, жоқ, критика деген жақсы ғой, және де мен — феминистка емеспін. Бірақ біз егер дәл жоғарыдағыдай болсақ, күніміз қаранғы екен. 10 пункттердін 1-не де өзімді жатқыза алмадым. Мен, мысалға, жігітердін барлығы бірдей деп ойламаймын, әр адам әртүрлі. P.S. Ресейде 38 жасар Гүлжан Молдажанова деген қазақ қызы металлургия саласында бүкіл орыс елінін активтерін (23 млрд АҚШ доллары) басқаратын болыпты.

Гастарбайтер:

Логикасы мен ойлау қабілеті, әзіл талғамы көп жігіттерді шаң қаптыратын қыздар да бар.
Контингентке байланысты, тұрған жеріне, статусына десем ше?

Сосын, “эрудит қыздардың бәрі жақсы” деген де біржақты пікір. Маған Тина Канделаки қатты ұнағанымен, кейбір мінезі жеңілдеу қыздарға “аңқау болған сондай жарасады…

сурет: alashainasy.kz
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

79 пікір

AKY
Уаще келіспеймін…
AKY
Арчи, нестевоцың, қазір 17:50-де пойыз.
Aizhantabyn
даааааа, аузым ашылып отырып оқыдым ғой))

орташа есеппен болса, ия, бірақ құрбым программист, ал екінші құрбым химбиолог, тағы бір құрбым (папасының көмегі бар әрине) шишка))

Негізі, олар енді редкость. Алайда, қыздар жағы қиын енді шынымен. Өткенде ғана бір студентка Тоқтар Аубакировтің кім екенін білмей, өсіріліген кірпіктерін қағып қағып алды. Ужас қой.

Шетінен Барби (Перис Хилтон, Николь, Джей Ло, керегінің астын сыз дегендей) болғысы келеді. Интеллект сәнге кірмеді әлі. Бірақ, бәрі де қоршаған ортаға байланысты.

Жалпы, жоғарыдағымен келісуге болады.
Abilakim
Біздің группадағы бір қыз Нүркен Әбдіровтың кім екенін біле алмай үш алғантын. Кейін Нүркеннің ескерткішінің алдына барғанда «Если б не ты у меня по истории была петерка»дегені бартын…
Aizhantabyn
hehe,ondai kadrlar kop endi…
Okiwniwti de. Okygandar kazir ne botan (botanik), o4karik, 4mo bir sozben, al okymai tise kolyna bir narse, onda ol krasav4ik :)

Zaman sondai. Elikteitin adamdardyn da tek syrtky turine gana elikteidi, bolmasa wetteldik kop artister okymysty jane bilimi bar adamdar… Ehhh…
edige
«Тұрмыс құрғаннан кейін көбісі семіріп кетеді.»
— күйеуім жайлы- деп мақтанып қояды тағы
Aizhantabyn
)))

Тұрмыс құрған соң семіре ме, әлде бала көтерген соң семіре ме екен?

Ал теликтен шындықты көрсетпейді. Мәселен, ақыштың семіз әйелдері екі орындыққа отырмаса сыймайды, біздің елде, шүкір, қыз келіншектер ондайға бара қоймайды.

Егер қыздардың күйеулері бала асыраушы алып берсе, ал ійел келін болып үйде тамақ жасап, ата енесінің алдында жүгіріп жүрмесе, үй жинау, кір жуу дегенді қоя бергенде, онда мүмкін біздің қыздар да шыбықтай талдырмаш боп жүрер ме еді.
Көрдім ғой бейшара келіндердің талайын. Таңнан кешке дейін жүгіріп жүреді. Балаға қарайды, оның кірін жуады, емізеді, сосын ата енесіне шай, кейін тамақ, кір, үй жинау, бәрінің көңілінен шығу, ал сосын күйеу бар кеште жұмыстан келетін.
Сол себеп, сонғы тармақты әділетсіз дер ем.
direct
Қазақ қызы өзін өте биіктерде көреді
Керекші қыздар, еш ренжімеңдер, Аршат сендер жайлы жазбағанғой…
Бірақ жазғандарын күнде көріп жүрміз…
Сендер жігіттер жайлы жазсаңдар — ойбай, мен ондай емеспін деп, пікірлеріңді өзімізге қабылдамаймыз, рас, қазақтың «топас» жігіттері жетіп айрылады, өкінішке орай…
Айтарым — қазақтың қызы мен ұлдарын шын мәнінде биіктерден көргім келеді!!!
sammita
Керекші қыздар, еш ренжімеңдер, Аршат сендер жайлы жазбағанғой…
:))) жазба бірнеше жыл бұрын жарық көрген, о кезде осы керектің қыздары жоқ еді:))
direct
енді AKY ханым келіспей отырғой))
VKM
Мен келіспеймін демей-ақ қояйын, тек тағы 1 тармақ қосамын:
— Студент не бітірген,әрине дұрыс жігітпен тұрмыс құрғысы келеді, бірақ сол асырайды деп бух не офис-менеджер болмай, жақсы мамандық иесі не сабақта алда.Қазақ тілінің дамуына ат салысады, бірақ әзіл мен пікірталасты ұнататындықтан, керекинфо:) сияқты сайттарда жүреді. Ақшасы өзіне жетеді, алдыға қойған мақсаттары бар.Кітап, журнал, жаңалықтардан хабары бар,қайсібір өзінше жігіттерді орнына қоя алады.
Неголословно Zilola,bazuka, balzaminka,AKY,Aizhantabyn,Erkekyz,Zere,Aikona,ushkin,aktobe88,madlenжәне мен))) Осылай, ағалар мен достар!
Beytanis
Қазақ тілінің дамуына ат салысады,


Әліпби ойлап табуда ма, сөздіктер даярлауда ма?

Ақшасы өзіне жетеді, алдыға қойған мақсаттары бар.

Ақшаларын бірге «санастың ба?»
VKM
@Beytanis, күшті болсаң андағы масқаңды шешіп сөйлеш(
Beytanis
Сен шешсең мен де шешейін.
VKM
Мен маскасыз.Не білгің келед? Сұрай бер
Khalida87
Кешке дейін қазақтын қыздарын жамандаганша қазақтың жалқау жігіттері өз журіс-тұрыстарыңызды жөнге келтіргендеріңіз дұрыс.Сіздер туралы жазатын болсақ 10 критерий емес 100 де жетпес.
Beytanis
Қатты ашулысың ғой?!
meirzhan
жазбай-ақ қойыңызшы
Sebastian
әлі ешкім жазбапты
mercedes
жазыңдаршы тезірек тезірек
meirzhan
Жіңішке әзіл айтқанда қыз түсінбей қалса ыңғайсыз жағдай болады. Бұнда 2 вариант бар: 1 — не өзіңнің әзіліңнің өтімсіз екенін айтуға болады; 2 — не сен түсінбедің деп тура айта салуға болады.
Одан да басқа әңгімеге көшкен жөн.
Шыны керек әзіл жағын ұлдар көбірек шағады.
Ал саясат, ғылым тақырыптары туралы қыздарға білу қаншалықты керек. Оны жалпы орта есепті адам білмейді.
Beytanis
Еркек өз орныңды біл, әйел өз орныңды біл. ауторы Белгісіз Бейтаныс.
Aizhantabyn
Саясат, ғылым, мәдениет, өнерден шамалы болса да қыз балада ақпарат болу керек, өйткені әңгімені «поддержать» ете алмау өте жаман екен))

Мәселен, бұрын мен саясаттан тыс едім, мүлдем, марксизмнің не екенін, саяси режимдер мен мемлекет аралық қарым қатынас жайлы бір ауыз сөз айта алмайтынмын, қазір шүкір, біраз ақпарат жиналды (экс жаныма рахмет), оның не керегі бар десең, қыз бала жанжақты болу керек, ол болашақ ана, ал қазір заман сондай, балалар тез дамып жатыр, есейіп жатыр, баласын тәрбиелеуде керек болатын секілді. Жалпы адам жан жақты болу керек деп есептеймін.))
meirzhan
Әрине эрудиция керек шығар.
Саясаттың өзі бірнеше сатыдан тұрады. Төменгі, бастапқы саты — қарапайым адамдар арасындағы қатынастардағы ереже, қағаидалар, саясат. Және одан жоғары — топтар, ұйымдар, мемлекеттер арасындағы саясат, ереже, қағида. Меніңше ең бірінші қарапайым, төменгі сатылы саясатты білу керек. Яғни төменгі сатыны игеру — парыз, ал жоғарғыні білу — уәжіп.
Ал бала тәрбиелеуде «АҚШ елінің Ауғанстандағы саясаты» деген тақырыпты, әдістемені пайдалану орынсыз. Қарапайым дүниелерді білсе болды, гигиена т.б. Ал үлкен саясатты мектеп, ЖОО-нынан біле жатар.
Aizhantabyn
өткенде бір танысымның бес жасар баласы:
Папа, Кадапи деген ағай кім? деп сұрағанын естігенмін))
Негізі, әрине жоғары саясаттың керегі аз, алайда көп білетін ана көп нәрсені түсіндіре алады)))
Соу, әркім өзі шешеді ғой, кімге не керек екенін. Сол себеп, дискусстың мәні жоқ менше)))
meirzhan
Болар бала екен ол. Кадапи туралы сұрастырып жүрсе.
tutamaz
кадапи ма бен ладен ба? Сендер негізгі тақырыптан ауып кеттіңддер ғой!!! қыздар шыны керек таңдайсыңдар! таңдаған тазға жолығар…
Aizhantabyn
таңдағанда емес мәселер, бұйырса болады, бұйырмаса, таңдап жүрмін деп жұбатасың өзіңді)
Naz
Мен де келіспеймин! Критика қабыл алынды, бірақ автор тым қатты кеткен сияқты… Мүмкін оны қызы тастап кеткен шығар соншалықты қыздарға өшпенділік танытатын, әлде қыздар қарамайды ма?? ал бухгалтер мамандығын неге ұнатпайсың тастап кеткен қызың бухгалтермеді?
asaubota
жоқ, автор сүйіктісіне үйленіп, бақытты өмір кешуде және жас кезінде махаббат майданы да қызықты өткен. әйелім ОЕҚҚ екенін мойындаймын, маған сондайлар ұнайды. жалпы көпшілігіне солай сияқты.
Gastarbaiter
Толық әйелдерді әйел ретінде қабылдай алмаймын. Адам ретінде сыйлап, құрметтеуім мүмкін, бірақ әйел ретінде мүлде тартпайды. Тіпті көзіме елестедуің өзінен денем түршігеді.
На лево гулять еткім келмейді, сондықтан әйелім семірмесе екен деймін:))
serjan
Қыздар қазақ жігіттерінің ОЕҚЖ-ін жасаңдар.
ken
қашан жасалады?
VKM
ОЕҚҚ болғым келмейді, солаааай)))критиктер қайдасыңдар?
Nurkoke
Қазақтың небір жақсы жайсаң жігіттері арақтың құлына айналады, көбінің басы қатты істейді, бірақ араққа салынады.Әйелдерінен аса алмайды, келіншектері жардай болып семіріп алады, жанында сүмең сүмең, изең изең етіп келе жатады, ал әйелдері қырып жіберердей болып алшаң алшаң етіп таудай болып келе жатады да, жанында бір уыс боп жүргені қазақ жігіттерінің.Үйленбей тұрғанда да ,қазақтың ұзын қыздарының белінен келіп келе жатады, сенбесеңдер„Екі Жұлдыз„ бағдарламасын көріңдер.пікір айтса да әйеліне жалтақтап отырады, жақпай қалам ба деп.Туыстарының үйлну тойына да өз қалаған ақшасын бере алмайды,қоқаңдап ұрыс шығарады, бірақ артынан жалынып жалпайып бітеді.Сесімен ықтыратындар аз.Спортты да қыздардан аз қарайтын болу керек,әйтпесе жаман француздан жақсы қазақ жеңіліп қалды бокстан, неге тырс еткен дыбыс жоқ мұнда!Өйткені спорт керек емес.Жасықтау сүйетін қыздарының алдында бір ауыз сөз айта алмайды.
Gastarbaiter

Күлетін жайт емес негізі, бірақ, ыххы ыххы білә, іш түйіліп қалд нақ. Әсіресе, мына жерінде суреттегенде енді беріліп кетіпті:
Әйелдерінен аса алмайды, келіншектері жардай болып семіріп алады, жанында сүмең сүмең, изең изең етіп келе жатады, ал әйелдері қырып жіберердей болып алшаң алшаң етіп таудай болып келе жатады да, жанында бір уыс боп жүргені қазақ жігіттерінің.
Marationok
Екі Жұлдыз„ бағдарламасын көріңдер
konvict
Кейбірімен келіссем, кейбірімен келісе алмайтын секілдімін. Білесіңдре ме, мен осы постты оқып отырғанда админ жазды деп ойламаппын және төменде қаптаған минус көретін шығармын деп ойлағанмын. Сосын бұны жазған жақсы көретін қызына қолы жете алмаған жанның күйінісі деп ойлап қалдым.
Zhan
Админ ағай, қыздарды тым төмен түсіріп жіберіпті. Не дейміз, еркектер жасасын, солардың дегені болсын, сендерге қидық бар жақсыны деуден аса алмай тұрғаным…
asaubota
құдай жаны! міне нағыз қазақ келінінің ойы. Алла жақсы күйеуге және оның жақсы ағайындарына жолықтырсын, үш ұл, бір қыз ту айналайын!
Zhan
Негізі ер адамға жалпы өзің сүйіп, ұнатып тиген күйеуіңе бағынған күшті ғо. Соны көп қыздар түсінбейді. Или мен өзімді бағындыра алатын жан кездестірмеген соң, осылай айта береді ме екем?..
Daniar-Alan
міне нағыз қазақ келінінің ойы. Алла жақсы күйеуге және оның жақсы ағайындарына жолықтырсын, үш ұл, бір қыз ту айналайын!
алғашын және соңғысын орындады  қалғаны үш ұл
ademi_alem
Қазақ қызы!
Көрмедім мен осындай қайраткерді,
басқар десе, басқарды аймақты, елді.
Бесігін де тербетіп, үйін де ұстап,
айда десе, комбайн айдап берді.
Қорға десе, Отанды, басын тікті,
атын жазып кітапқа асыл түпті.
Қазақ қызы жасаған ерліктерге
қайран қалды басы асау ғасыр тіпті!
Ұға білген мезгілдің кезеңін кең,
өлең жазса, өрнекті сөзі өрілген.
Күте білген ақылмен азаматын,
қиындыққа сабырмен төзе білген.
Ғылымы жоқ меңгеріп, бой ұрмаған.
Ұлылықпен қозғаған ойын қоғам.
Қазақ қызы — қазақтың мақтанышы,
ерлігіне ескерткіш қойылмаған!
Біреу келісер, біреу келіспес, бірақ менің ойымдағы қазақ қызын Күләш Ахметованың осы бір өлең жолдары сыйпаттап бере алады.
Gastarbaiter
Пафосыңның даусын он децибелге азайтсаң, күшті болар еді негізі...Әдемі әуендерді жай қойып тыңдаған жақсы көрем.
ademi_alem
)))))))) Ол енді өз еркіңіздегі нәрсе ғой. Байсалды, сабырлы қалыпта, өзіңізге ыңғайлы өзгеше ырғақпен оқысаңыз нұр үстіне нұр болар еді. )
Gastarbaiter
Пафосың шектен тыс деймін. Ана жерде қазақ қызы емес, кез келген КСРО колхозындағы әйелдің идеалы көрсетілген, орта статистикалық өкілі емес.
ademi_alem
Мүмкін…  дегенмен мына өлең қазіргі қазақ қыздарын да сыйпаттап тұр ғой. Құдай бетін ары қылсын, бірақ ел басына күн туса немесе кімнің кім екені белгілі болатын бір жағдай болса, кейбір адамдар «таңдап жүріп тазға жолығады» деген, білім деңгейі әнші аттары мен өлең сөздерінен аса алмайтын, мамандық игермей, бәрін күйеуінің мойнына артқысы келеді, романтикалық киноларды ғана ұнатады деп ойлайтын қазақ қыздары ерлерге тән ерлік көрсетіп, қайсарлық танытса таң қалмаймын. Айналамызға дұрыстап қарасақ, отбасын сақтап қалу үшін күресетін де, қиын кездерде еркек ішімдікпен дос болып кетсе, бала — шағасын асырау үшін базар жағалап кетсе де әрекетсіз қалмайтын, тұрмыстың бар ауыртпашылығын мойнымен көтеретін нәзік жандылар емес пе, аға?..
dark_nazgul
қой, айтпа ол ағаңа ондай әңгімелерді. Әйтпесе, "әйелдер мұқтаж көрінуге қорқады, сол үшін мойнына жүкті артып алып, бозінген болып сүйрей береді" деп шыға келеді.
ademi_alem
Ағай үнсіз қалды. Соған қарағанда «сізбен келіспеске шарам жоқ» дегізетін жауап жазады қазір… ))))))))))))))))
dark_nazgul
ой, ол ағаңнан бәрін күтуге болады. Білмейтіні бит астында ол бәленің.
ademi_alem
Білем. )))))))) Соны айтам. ))))Сіздер ұқсайсыздар
dark_nazgul
Иманыңды үйіре бер қазір Гаста келеді.
ademi_alem
)))))))))))))))) ой, ішім. )))))))))) шын айтам, ұқсайсыздар (жақсы мағынада ғой әрине), екеулеріңіздің дауласқан, ой бөліскен пікірлеріңізді оқыған ұнайды маған. Бос сөз емес, көп керекті ақпарат алуға болады. ))))))))
Adiletshu
үнсіз күледі екенсіз @a63a1
Gastarbaiter
Айналамызға дұрыстап қарасақ, отбасын сақтап қалу үшін күресетін де, қиын кездерде еркек ішімдікпен дос болып кетсе, бала — шағасын асырау үшін базар жағалап кетсе де әрекетсіз қалмайтын, тұрмыстың бар ауыртпашылығын мойнымен көтеретін нәзік жандылар емес пе, аға?..
Отбасы кімге қатты керек сол жүгіреді негізі. Аяғын аспанға беріп, күйеуі каторгалық қаражұмыста жүріп, баламды тұмсықтыға шоқытпаймын деп өліп-өшіп келгенде тағы «тиын-тебен таптың, жұрт байы сияқты 300 мың таппадың» деп жұрттың байына сұқтанатын қатындарды да көп білемін де. Сондықтан, бұл таласты мәселе. Ондай жалпылама идеал жоқ менде.
Нақты адамдар бар мен әйел деп сыйлайтын, құрметтейтін. Қалғандарына құрмет көрсетем деп уәде бере алмаймын.
Жалпы жыныстық, ұлттық, жалпылауларды жаным сүймейд.
punk
Қысқасы, бес саусақ бірдей емес деген қазақы сөз
Gastarbaiter
Әмбебап жауап Оған «жұмса бірдей болад» деп шығатын боянисттер бар ғой тағы
punk
жұмылған жұдырық сол қыртпаларға бағытталсын онда,
ademi_alem
бұл таласты мәселе.
Иә. сізбен келіспеске шарам жоқ. )))))))
meirzhan
«жұмса бірдей болад»
Gastarbaiter
Әйелдер емес ей, кетейнақ, өзіңе айтылған нәрсені әйелдерге жапсырып, чур меня, сен өзіңді әйелдердің бәрі санайсың ба-ей?
Әйелдер мұқтаждығын жасырмайд, қарызға ақша сұрап жататын да әйелдер көбінесе.
Кейбір менің әпкем сияқты 5 еркекке татитын намысқой әйелдер болмаса.
Еркектер намыстанады көбінесе.
Бірақ кей еркектер баласына тамақты қарызға алуға намыстанады, ал жүзграм үшін белшесінен батып, бір комокты отырғызып кетуге ұялмайд.
Жалпы мен жалқыны ажырата алмайтын не деген… б-б-б… аузым бармайтын шыны керек.
dark_nazgul
Енді «Орташа есеппен қазақ келіншегі» деген пост жазыңдар.
punk
«Орташа есеппен ауыл келіншегі, қала келіншегі»
Zhan
Назгүл, мына жарық әлемде еркектердің көңілі толмайынша, солардың нәпсісі, солардың діттеген ойы қанағат таппайынша, олар зар еңірей беретін сияқты. Солардың көңілі орныққан соң ғана, олар айналаға мейіріммен қарай бастайды. Так что, сол еркектер «Мен еркекпін» деп кеудесін қағып, өмірден алғысы келетін үлестерін алып болмайынша, Олар Иса ма, Шива ма, әйтеуір Жаратушыға таңылған аттардың бірде біреуіне тыныштық бермейді. Сондықтан, мына әлемде бірінші еркектердің көңілі жайланғаны дұрыс. Олардың көңілі толмаса өзгелер оның ішінде сен, мен, басқалар қанша жерден қиналып, қанша жерден еңіреп тұрса да, ол өзгелердің жан мен тән азабына бас ауыртпайды, сезбейді де, сезгісі де келмейді. Солай. Еркектер өздері тоқмейілсіп, көңілі қанағат тапқан кезде ғана, өн бойындағы жылуын, жақсы энергиясы мен сөзін аямайды. Сондықтан, еркектерге «Сен кереметсің, еркектер жасасын» дегенді шын көңілмен тілеу керек және солай болуына түрткі болу керек қыз-қырқындар мен әйелдер қауымы. А так сәл қиындыққа төзбей қит етсе сыныққа сылтау іздеп жауапкершіліктен қашып тұратын еркектер (бәрі емес) көп қазір. Олар да әйтеуір өмірін қызғыштай қорып, қара басына титтей де болса жарық сеуіп тұратын БАҚЫТ іздеп жүр.
GulL
Ваще келіспеймін  әрине ондай қыздардың бар екендіген де жасырмаймын. Енді Орташа есеппен қазақ жігіті деген пост жазу керек сияқты, ең актуалды тема болады. Себебі дәл осындай апама жездем сай жігіттер де көп болмаса аз емес біздің қоғамда
Rafaello
Қазақ қызы ғылыми, детектив немесе соғыс киноларын ұнатпайды. Романтикалық киноларды ұнатады. Титаник сияқты бір апатты суреттеген фильмді олар романтика фильмі ретінде қабылдап, соған жылап отырады.

Дәл!
asaubota
тақырып өзекті
temir1986
Мында жаман пікірталас бопты ғой. Келісугеде келіспеугеде болады. Көбіне көп бұл ата-ананың тәрбиесіне байланысты. Енді мысал деген жыртылып айырылады. Өз балаларымызды осындай төмен деңгейге тәрбиелемесек болар.
MamaAya
Ё моЁ! Мындағылардың бәрі қазақ қыздарына тән болса, байғұс қазақ жігіттерінің маңдайының соры 5 елі екен ғой!!! Аж, жаным ашып кетті! За күйік жазылған дүние сияқты! Обычно, бір қызбен норма арласып жүрген сөз айтса, ана қыз оны нахқа жіберсе, күйіп:-Ой, ол менен қалған! Өзі ақымақ, басы істемейт, ақшасына мас боп жүрген біреу!-деп сыртынан айтатын әңгімесіне ұқсайды екен.
ех, осылай айтушы, сен жақсы боп жүрсең соған үйіңде отырған қазақ қызының қаншалықты үлесі барын, оны осы күнге жеткізген ауылда қалған қазақ қызы т.е анасың да кіретінін ұмытпаса ғой. Мен қазақтың қызымын- ерлер не десе де, қалай бағаласа да олардың пыш-пышы жәй шәуілдеген бірнәрсенің даусындай ғана әсер етеді! Алға ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ!!!
Артық кетсем, сорри! Бірақ өзіміз өзімізді бұлай таптау, бағаламай, тек жаманын жария ету-моральдық қорлау дер едім…
Соңғы түзету:
Sebastian
Әлі де өзгермеген сияқты бұл сипаттамалар
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.