Бодибилдингтің алтын дәуірі - Кейси Виатор!

Кейси Виатор Жоғары Интенсивті Тренингтің (ВИТ) насихаттаушысы. Жұрттың айтуынша, ешқашан стеройд қолданбаған, тек өте ақылды жаттығу стратегиясы мен саналы жаттығу арқылы және туа біткен бұлшық ет өсіруге бейімділіктің арқасында өз мүсінін салуда үлкен жетістікке жеткен атлет. Мына видеосында қанша жаста екенін білмеймін. Бірақ қырықтың қырқасында сияқты. Фармакологияның күшімен жүрген алыптардың қасында жүріп кезінде аса еленбеген.
Қазіргі стеройдшы монстрлармен салыстырғанда әрине майдалау. Бірақ мәселе неғұрлым үлкен болуда болмаса керек.

5 пікір

avatar
Болаттан құйылғандай мүсін. Нағыз тән сұлулығы. Стероид қолданбаса — ана бұлшықеттердің иесі нағыз күш атасы шығар бәлкім…
avatar
Қазіргі культуристтер адам қорқытуға ғана жарайды бұның қасында. Кейси Виатормен 80-ші жылдары жаттыққан бір химик «Кейси секілді қысқа уақыт ішінде барынша беріліп жаттығатын адамды» көрсем көзім шықсын" деп таңырқапты.
avatar
Бірақ, осылардың(барынша беріліп...) ғұмыры олардың болмысына тым тәуелді келетіні аянышты. Бір себептермен жаттығуларын тыя қойса қатты ауруға шалдығады екен деп естіп едім.
avatar
Біздің де білгенімізден естігеніміз көп еді. Неге сенеріңді білмейсің. Бірақ ауыру ауырмау жаттығуды тыйғаннан кейінгі өмірге байланысты деп ойлаймын.
Және әуесқой культуризм (стеройдсыз) адамның өмірін қысқартады дегеннің де негізі жоқ, тап сол сияқты культуризм адамның өмірін ұзартатыны жайлы да нақты дәлел жоқ. Тұқымқуалаушылық пен экологияға байланысты дейді өмір ұзақтығы.
Әрине мен культуристтерді бұл жерде темекі шегіп, ақаңды сіміретіндермен салысытырып отырғаным жоқ (олардың өмірі азып-тозып 60-65 ке әзер жететінін бесенеден белгілі). Қалыпты, салауатты өмі сүріп жүрген адаммен салыстырып отырмын.
Сондықтан әркім өзі таңдайды.
avatar
daaaa! Dene dep sony ait :)

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.