Блог Құрылтай - 2013ке барасыз ба?

  • Автор

Биыл Шымкентте өтетін Блогшылар Құрылтайына барасыз ба?
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

85 пікір

AKY
мүмкіндік (уақыт) болса, барғым келеді.
asaubota
нақты күнін білмеймін 22-23 наурыз (жұма, сенбі) күндері деп ойлаймын.
eldar
«міндетті түрде» емес, «бұйыртса» деп қойшы
asaubota
алдына бұйырса деп қосатындар сол бірінші вариантты таңдай берсін. қолданушылардың барлығы ислам дінін ұстанбайтынын ескердім да просто
Beisek
Әттең, Аршеке, 22-23 наурызда Алматыға қызға құда түсуге барамыз деп қойып едік.
Блогкемпке де барғым келп тұр,
әйел де алғым келіп тұр. Қайтсем екен?!
daugozhek
блогкемпке бар)))
asaubota
келме құрылтайға, әйел ал. құрылтайға келіп сонда қызбен танысып, үйленетін болсаң қиын болады. әйелің екеуің интернетке бірдей кіретін болсаңдар бітті дей бер.
Ereimen
Әйел ал блогты сосын неттен ұзын құлақтардан естисің ғой…
Aikona
Міндетті түрде барғым келеді, соған тырысамын!
DoktorD
Сонда арамызда атейстерде барма?
AKY
әлбетте, сосын христиандар, кришнаидтер, буддистер және т.б. бар.
e_zhalgas
Мәдени шокқа ұшырамай тұрғаныңызда, бұл сұрақтың тереңіне бойламай-ақ қойғаныңыз жөн :)
sigma
менің тұсыма 1 деп қой
e_zhalgas
Әзірше жоспарда :)
aza
Әрине, жоспарда бар! Міндетті деп айтпаймын! Барам деп ұшаққа отырғанның өзінде де аман жету — жетпеуіміз неғайбілдеу боп тұрған мына заманда қалай айтамын?!
daugozhek
Блог құрылтайды әзірге Талдардың арасындағы бір палатканың ішінде планшеттерін ұстап отырған 9 адамды елестетіп отырмын))))
TOTY
Бұйыртса, көре жатармыз. Бару жоспарда бар негізі.
alashaman
Бұйырса қатысамын. Бәрібір Шымкентетмін ғой. Дегенмен, өтетін орынды әлі де ақылдасу қажет сияқты. Қалада ма, адалада ма дегендей…
asaubota
Nurgissa Assylbekov
Сонымен, қазіргі статусты түгендеп алайық.
Қазір тауда өткізу опциясын бәрі бір ауыздан қолдап жатқан жоқ екен. Біраз адам басқа альтернативаларды, біразы қалада өтсінді қалап отыр.
Түсіну керек, қай опция таңдалмасын, оған 100 пайыз жинау мүмкін емес. Және уақыттың тапшылығын назарда ұстамақ шарт.
Біркөлік не үшін ұсынылды? Креатив интернет белсенділерін қаланың дүрбелеңі тітіркендірмесін деп, оқшау жерде толықтай жұмысқа жұмылуға жағдай тусын деп, тау етегінде жұмыс жасалсын, келушілер таза ауа тыныстай демалсын деп. Тізе берсең көп. Және осы опция бастапқыдан негізгі вариант ретінде қарастырылып келді деп ойлаппын.
Дауысқа салайық деп көруге болады. Бірақ уақыт тапшы. Біркөлік опциясына тоқтала береміз бе? Әлде келушілердің басым бөлігінен ажырап қаламыз ба? Меніңше, Шымкентке барғандар аз емес, ал тау маңындағы Біркөлікті (қаладан 1 сағатқа жетер-жетпес қашықта) көрген аз.
Пікірлессек.

Абайус Отариус Маған шымкенттің өзінде өткені дұрыс секілді

Аршат Оразов Кемптің аты айтып тұрғандай кемп форматында өткені дұрыс. қала тіршілігінен алыс, табиғат аясында лагерьде өту варианты алғашқы құрылтайдан кейін де айтылған еді. бірақ өкінішке орай былтыр Бурабайда олай істей алмадық. ал Шымкент және ол жақтың ауа-райы ол үшін қолайлы.

Amangeldi Kurmetuly Бұл пікірге келіспейтіндер аз болмауына байланысты амалсыз мәселені қайта көтеріп отырмыз. Өз басым қаладан тыс жерлерді қолдаймын. Дегенмен, өзге пікірлерді де қарастырып көру керек. Қаланы жақтаушылар тауға көп адам келмейтіндігінен қауіптенеді. Егер дауысқа салатын болсақ 1-2 күнде ғана дауыс беріп үлгерген азбал.

Ильяс Бурханов Меніңше тау бөктері дұрыс.Құрылтайға келетіндерің көбісі ИТ мамандар, блоггерлер.Олардын 95% қалада жұмыс істейді.Бұл бір жағынан қала өмірінен 1-2 күнге болсада арылу, ми тынықтыру.Екінші тауда да интернет колдауға болады деген угіт.Біркөлік жері керемет .Өзім 2 рет болғам.Ондай жерге 1 сағаттық емес 1 күндік жол болсада өкінбес едім

Аршат Оразов — құрылтай қалада болса негізгі мақсатына жете алмайды, яғни танысу-білісу. жұрт кешкісін өз топтарымен кетіп қалады.
— кешігу, іздеу, таба алмау сияқты нәрселер болмайды.
— қауіпсіздік тұрғысынан да бәрінің шашырамай бір жерде болғаны дұрыс.
— жатын орын, тамақ сияқты артық шығындар болмайды.
— бейресми формат арқылы жұрттың іші де пыспайтын болады. мейлінше көп уақыт презентацияларға емес бірге көңіл көтеруге, жарыс, ойындарға жұмсалады.

Timur Bektur Табиғат, экскурция, тау бөктері деген әрине керемет. Бірақ блогқұрылтай ол блогқұрылтай. Щалтай-балтайды қойып, қалаға, яғни Шымкенттің өзінде өткізу керек.

Timur Bektur Табиғат аясындағы блогқұрылтай маған құрылтайдан гөрі бастаңғыны көбірек меңзейді.

Ильяс Бурханов 2 күнде қыдырыпта талқылайтын мәселеніде үлгереміз

Аршат Оразов жұрттың ойына бірден ішу, секс келетін шығар. бірақ лагерь территориясында алкоголь болмайды, әкелгендер бірден аластатылады. біраз адам бала-шағаларымен барғылары келіп отыр, өз ақшаларына сол маңнан коттедж жалдап. сондықтан ондай ойлар болмасын.

www.facebook.com/groups/275127749282164/permalink/284182565043349/
asaubota
Amangeldi Kurmetuly Ареке шамасы біраз жұрт сен айтқандардан қауіптенетін шығар. Турасын айтқаныңа рахмет.

Ильяс Бурханов Футбол ұйымдастырамыз дегенде ой бар.Бір сөзбен керемет өту керек

Omar Anarbayev Блог-құрылтай өтетін кез Наурызға тұспа-тұс келген жағдайда, тауда өткізу жағы қаншалықты қолайлы болар екен?

Аршат Оразов мәселе сол шығар деп ойлаймын Амангелді. лагерьде қыздар бөлек, ұлдар бөлек секцияларға бөлінер. барынша қала тіршілігінен қашқымыз келіп жүрсе қалаға барайық деулерің қызық екен. мен 1 күн ерте барып Шымкентте қыдырғым келеді, қалған 2 күнде далаға.

Ильяс Бурханов Аршаттыңкі дұрыс.Қалаға әлі үлгереміз

Amangeldi Kurmetuly Мен өз басым қалада қалуды қолдап отырған жоқпын.Тек түрлі ұсыныстарды ортаға салудамын. «Кеңесіп пішу» керек)))

Аршат Оразов сосын ешкімді бөле жармай ешкімнің жолақысын төлемеген дұрыс. келгісі келген адам өз ақшасына келсін. солай әділ болады. бұрын жүрдік қой солай, демеушілер ақшасы оңды-солды шашылып. ақша туралы түк мәселе болмау керек деген ойдамын, лагерь арқылы тиын істейін деп жатыр деген де ой болмауы керек. ол шығындарды акимат көтереді, солар таңдайтын шығар қай жердегі қай лагерь болатынын.

Айсұлтан Жақыпов далада, тауда болған дұрыс қой. «Ақ сүйек» ойнап дегендей…

Дәу Гөжек Далада болған жақсығой, таза ауа, еркіндік, айтылар ойда сергек, аста сіңімді)))

Amangeldi Kurmetuly Біз сол көпшіліктің бір пікірге тоқталғанын күтіп отырмыз. Барып брондау проблема емес қой. Көпшілік тауда десе тауға, бауда десе бауға, қалада десе қалаға бұрыламыз. Сондықтан бұл мәселені бірден дауысқа салу керек. Көпшілік шешсін. Әділі де сол.Дереу сауалнама ұйымдастырсаңыздар. 2 күн ішінде жауап берілсе. Мәселе сонымен бітсін.

Ильяс Бурханов Көпшілік шешкен дұрыс қой.Бірақ ұйымдастырушыларшы?

Nurgissa Assylbekov Далада өзіне ие бола алмай қаламын деушілер олай болса ойлансын. Ол жерде адам құрылтайласуға барады. Жөн-жосықсыз инсинуациялар қажетсіз. Шымкенттік ретінде мен қонақардың әдемі жерге көз тояттап қайтуларын қалаймын. Блог құрылтай арқылы сұлу да көркем даламызбен танысса несі айып келушілердің. Қалада қамалып отыра беруден гөрі мен де осы нұсқаға тілеулестік танытамын.

Аршат Оразов қалада галстукпен өтетін жиындарымыз онсыз да бар: конференция, форумдар. ал БлогКемп кемп форматында далада өткені дұрыс деп ойлаймын. қалашылардың да уәжін тыңдағым келеді. не үшін қала?
Abilakim
Құдай қырсығынан сақтаса барармыз
daugozhek
Шымкент Қызылорданың әуежайынан қанша сағаттық жер?
Abilakim
Бауырым, темір жол қызметін таңдаш…
daugozhek
уақыт тапшығой негізі
edige
Қызылордадан үшып келу қашықтығыңнан әуежайдан қалаға дейінгі қашықтық көп… )))
daugozhek
ой жоға)) Қарағандыдан қызылордаға екі сағатта ұшып барады да ұшақ, сол жерден сыразым Шымкентке тартып отырса деймінде
VKM
Астанадан Шымкентке тура рейс бар)
Janasil
1 сағаттан аса уақытта тура баруға болады Шымға. Бірақ бағасы Қызылордаға қарағанда әлде қайда қымбат.
Janasil
Сол екі сағатта ШЫмға жете алмайсың, Түркістаннның маңайында қалып қоясың.
Aidakonya
Шымкентегі алып кашу маселесі алдын алынады деген ойдамын))
Tyulpan
достар, Айдаконя намек тастап жатыр.  операция Ы ))
Daniar-Alan
мен болам ғо жаныңда гүжігім  бермим ғо (деп айтыыып отырып, келгенінде түрі жәмәәән қыз боп шықсаӘ)
Tyulpan
Сарыағашта бола ма? )) мен оны жазда болады кен деп жүрсем. )) бұйырса, баруға болады…
Erkekyz
Сарыағашта мес, Ленгерде болады  деп жатыр әлі.
Tyulpan
Еркеқыз, сіз Ленгерденсіз ба? ))
edige
Жетсайда болады деп есіттім…
Tyulpan
жетісайда бейбарыс деген көкпаршы жігіт бар еді, экс-солайшы ))
edige
Білмеппін оны… Жетісайда көкпаршы көп… Мұхтарханды да қосқанда…
Ол нағыз көкпаршы ма әлде…
Tyulpan
кәсіби емес, өз ауылының көкпаршысы ғой деймін. солай.де-де көкпар туралы жазып жүретін...))

Жетісай деген жан-жағын Өзбекстан қоршап жатқан, арал сияқты тұрған жер ғой, иә? ))
edige
Бір жағын Қазақстан қоршап тұр…
УЗтелерадио жақсы ұстайтыны болмаса саясаты мен ішкі өмірі Өзбекстанға мүлдем қатыссыз…
bazuka
көкпаршы, көкпаршы)) қызылсырағандарға жылқы сатады және))
Tyulpan
базука, хихи ))
bazuka
Сізге сәәәлем айтып жатыр!
Tyulpan
сәлемет болсын )))
Erkekyz
Мен Шымкенттенмін)))))
Adiletshu
Презинтация сияқты іш пыстыратын нәрселер наққа керек. Ішіп-жеп, ойнап, көңіл көтеріп қайтқан дұрыс қой)
asaubota
әкиш қолды. соны айтам, мен мысалы презентация апармаймын. жігіттермен танысып қайтуға барамын. неше түрлі тақырыпта әңгімелер, анайы анекдоттар айтып, футболға бірігіп бәс тігіп дегендей.
Aidakonya
Астанада да осынын барлыгынын нормасын орындап жатканга уксайсындар))патиден пати)) кандай болганда да карапайым достык демалыстардан айырмашылыгы болу керек, ориентирдi тек 81-87лерге устанбай 91-97лерге де ман берген жон
asaubota
өйтіп бөлініп жатқан жоқпыз. мына Әділет мысалы бұрын көрген адамым емес, осындай бұрын көрмеген біраз адаммен танысқым келеді.
Abilakim
адамдарды жақын білудің ең қарапйым жолы сол ғой. презентацияларды шектеу керек шығар.
Tyulpan
мен бір презентация жасайм ба девжүрсем ))
Janasil
Презентация дегенде жәй сайттың таныстырылуы болып кететіні жаман да.
kokbori
Презентацияны «тұсаукесер» деп аударып жүрген жоқ па?
ademi_alem
Уақыт реті келсе, барғым келеді.
Jansarai
Ел-жұртпен танысып дегендей, барғым келеді. Қарағандыдан бару, қайту, жатын орын, ау-ауқат, жүру-тұру дегендей бәріне қанша қаражат керектігін де жаза салыңдаршы. Ерінбегендерің әрине.
Aldeken
ұйымдастыру мәселелері келісілгесін, қаражат шығыны мәселесі хабарланады. қол үзбеңіз керектен.
maryash87
Бұл қандай блоггерлер құрылтайы? онда не болады? жөне қай жерде? қашан? Мени тастап кетпендер, Ленгер болса да Шымда болса да, Біркөлікте болса да барам. Қызық болса болды. және ол жаққа не апару керек?
Adiletshu
Жынды кайфавать еіп қоям дейсің ғой
kazkozha
Ал призентацияшылдар мен де барғым келеді. Ол жиын не үшін болады? Неге Шымқалада? Оған кез келген мен сияқты қаңғыбас қатыса алады ма? Не апару керек? Кайфовать ететін жер болса қалып кетіп жүрмейін. Сәбірәзімнен қашпаймын өз атымнан да ата аламын! Қыз алыпқашуға да адйынмын!
asaubota
Блог Құрылтай туралы толық ақпарат жақында Құрылтайдың ресми сайтында шығады. күтіңдер.
kazkozha
Воскресение жоқ (Базар жоқ)!!! Күтеміз ағай күтеміз!
bake
Барғым келеді, бара алмасам интернет арқылы тікелей «эфирде» көргім келеді
aizhan
Дәл сол даталарға басқа жерге баруға «заманчивый» ұсыныс түсіп еді, бірақ Шымкенттегі блогкэмпке де уақыт жақындаған сайын барғым келіп жүр, бір сөзбен айтқанда екі ойлымын, қазірше)
asaubota
Шымкенттегі блогкэмпке де уақыт жақындаған сайын барғым келіп жүр

енді барғысы келетіндер саны көбейеді
Tyulpan
соны айтам, қызықтырып қызықтырып ))
ruben
 қытығы кетіп қалмасын.
айтпақшы, Шымға кеп, ана жігітке көкпардың көкесін көрсетпек ой бар ма? сөйтсеңіз, бәрін ысырып, соны көруге-ақ келер ем
Tyulpan
сонда не, мен сізге көкпар тартатын жігітпін ба не?
Daniar-Alan
азғын епті, нең баре кішкентай қыздарда… тігин
ruben
К-х, рахмет! Кішкентай қыз екенінен бейхабар едім. Болт, жирный. Қойдым. Сен емеспің ғой, брат, кіттай қыздарды айналшықтай беретін
Daniar-Alan
Мысал айтайын бро. Әке өтірікші мен бала өтірікші тойда отырыпты. Баласы: Жоғарыдан күшік қыңсылай ма немене?, десе, жанында отырғандар мысқылдап кұле бастапты. Сонда әкесі: Ааа ия, жаңа бір қарақұс күшік іліп кеткен. Сол шығар.., депті. Той тарқаған соң: Балам, өтірікті де келістіріп айту керек, депті. Очм мораль: Көкпар туралы айтқызбай түсінетін қыздарға сүйкенсеҢч… Менің қыздарым бірден түсінед
ruben
Мысалға Ырахмет, Ваша взяла, Дживс Дон-ссс!
Сенің бірден түсінетін қыздарың (!) айтқызбай-ақ түсінеді (!) ғой, онсыз да   диалектикаңдыррайын
kokbori
Екібастан ғой ол:-)
ruben
Бір брәтішке, басқа уақыт құрып қалғандай, тура наурызда келін түсірмекші. Ал, енді, ауылға бармай көр
asaubota
бара алмай қал, Құрылтай Шымкентте күнде болмайды. ал той және інілер көп шығар?
ruben
Баршылық. Аллам есіркесін! Дым бітірмей, алшаңдап жүргеніміз солардың да арқасы.
Күзден бері көктемде кеп-кететінімді айтып, алдаңқырап жүр ем, онсыз да. Елдегі шал мен кемпірлерге, енді, мөрі бар сылтау жолдау керек болды ғой
kokbori
Өзгелерді үгіттеп жатырмын, өзім бұйырса деп қана жүрмін. Айтпақшы Marco «көкбөрішілердің» астында қалып жүрме, топ-тобымен баруы мүмкін
Marco
Келсін! Жас журналистерге арналған презентация жасау ойда бар еді)))
Daniar-Alan
келесі құрылтай бұтағы сендерде ғой негізі… топ-тобымен келгені дұрыс…
kokbori
Қоии, кім айтты оны? Атыраулықтардың осылай істейік дегенін көрмедім ғой. Меніңше Қызылордалықтар белсенді сияқты, солар нетпесе…
Zilola
жұмыс және т.б нәрселер кедергі болып қалмаса, барамын
asaubota
билет алған кімдер бар?
asaubota
әзірше 169 адам тіркеліпті www.blogcamp.kz/2013/02/tirkelgender/

мына сауалнамаға да керекинфодан 24 адам барамын депті. кімдер нақты билет алды?

Астанадан біз (мен, Ерлан Оспан, Аза, Нұрберген, Нұрғиса) билеттерімізді алып қойдық. Қарағандыдан Әбіләкім біздің пойызға билет алды. Атыраудан Sigma билетін алып қойды. тағы кім бар?
bekkerey
Астанадан Бүркіт екеуіміз 22 күні таңғы пойызға алдық билет. 9 вагондамыз.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.