Blogcamp-2013 қай қалада өткенін қалайсыз?

  • Автор
Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы? Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба?

asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

155 пікір

Daniar-Alan
шешіліп қойған мәселе ғой… несіне жазып отырсыңдар…
asaubota
мүмкіндік болса мына сұрақтарға да жауап жаза отырсаңыздар:

Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы? Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба?
yerbol89
 Мұнда көшірмесін қойып көрдім. Нәтижесі қалай болатынын көрейік.
Daniar-Alan
Биыл Шымкент қаласы Үшінші мәрте ұйымдастырғалы жатқан Блогкемп-2013 өткізуге дайын. Сонда да Астында ұсынылған қалаларға дауыс берейік.

 маладес Ербол
Onlasyn
Сенің сайтыңның қолданушылары блогкемпті онша неғымайды ау дим. Орташа жүз адам отыратын сайттан сегіз ақ адам дауыс беріпт ))
Daniar-Alan
Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы? Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба?

1) Шымкент.
2) Менің ойымша бір шараның бір жерде өте беруі біріншіден адамдарды жалықтырып тек кезекті шара ретінде ғана қабылданады, ал әр қалада өтсе, сол жердің жергілікті адамдары қызығып, тартылып, көбейеді.
Мысалы Алматыда өтсе, онсыз да ол қаланың ұйымдасуы жақсы (бірге КиноПатик өткізіп жүр), Астанада құрылтай өткенше қазіргідей ұйымдаспады. Ал, Шымкенттегілер бір-бірімен енді (!!!) 23-не жолығайын деп жатыр (ойлап көріңіз 2-жылдан кейін).
Ал Шымкентте өтсе, ол жердегі блогшылар ұйымдасады. Бұл өз кезегінде қатарымызға басқа да блогшыларды тартуға өз септігін тигізеді.
3) қай қалада болса да барамын
ademi_alem
Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы? Мен үшін бұрын болып көрмеген кез келген қалада болғаны ыңғайлы.
Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Себебі алдағы уақытта Қазақстандағы барлық қаланы аралағым келеді, Блог Құрылтай көрмеген жерді көріп, шынайы достарымның қатарын толтыруға себепші болады деп ойлаймын… Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба? Әрине! (Бұйыртса)
a63a1
1) Шымкент қаласының шет жағыы… і.шшетін жағында болса, табиғат мақанның құшағында
2) палатка құрып. Сыра ішіп, шашлық жееп
3) Кез келген қалада болсада баруды жоспарлайм, жоғарыдағындай жағдайда өтсе
manshukn
онда блогкемп өткізбей-ақ барып демала берсеңізші)
edige
Шымкенттің салқын сырасы… дешиш
a63a1
ия солайғой, тек Шымкент сырасына қант қосама? ішкен сыраларым сондай әсер қалдырады
Zhanylai
ойлайтыны — ішу, жеу, сыра....
Onlasyn
палатка құрып. Сыра ішіп, шашлық жееп
Шымкент жақсы келеді ғой мұндайға. Барлығы арзанырақ дегендей
Marationok
Атырау. Жәй ғана әділдік үшін.
omarbirat
Шымкентте жазда өткізсе, тіпті қатып кетер еді
Erkekyz
Шымкент
Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы? Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба?
Осы жерде тек бір сұраққа жауап бере аламын. Неліктен ол қаланы таңдадыңыз? Өзім осы қалада тұрғандықтан, болды.
Өзім бара алмайтын болғандық маған қай қалада өтетіні маңызды емес, дегенменде Шымда өтсе, мүмкін керекшілерді көріп қалар ма едім деген ниет бар.
Gastarbaiter
Эгоисттік түрде Шымкент дедім, қалғандары алыстық боп тұр.
Алматыда болса барар едім.
Gulistan
Маған бәрібір. Осы вариантты да қоса салмадыңдар ма?
Жағдай келсе, қай жер болса да барам. Шіренгім келмейді.
Шымкенттіктер, айқайларың қатты, дайындықты бастап та кеткен боларсыңдар
Daniar-Alan
әрине. астыртын жасаватрҚ
asaubota
алдымен жеке өзім үшін айтатын болсам: мен әрине Астанада өткенін қалар едім. өз қаламда, ешқайда жол жүрместен солай ыңғайлы болар еді.

ал енді ұйымдастырушы комитеті мүшесі ретінде қарайтын болсақ: Астана мен Алматы варианттарына қарсымын. иә, бұл 2 қалада өткізу оңай. база да дайын, ұйымдастырушылардың тәжірибесі де бар. бірақ, тек бұл қалаларда өткізе берсек басқа қалалардағы блогшылардың белсенділігі азаюы мүмкін. басқа қалалықтарға да мүмкіндік беру керек. блогшылар басқа ортаны да көргендері дұрыс. блогосфераның дамуы үшін де бұл жақсы.

дәл қазір Шымкент жақсы вариант. барлық нәрсе ақшаға тірелетіні рас. ал ОҚОлық билік басындағылар Құрылтайды өткізуге қазірден дайын екендерін, қолдау көрсететіндіктерін айтып отыр. сондықтан Шымкент вариантын қолдаймын 2013 үшін.
patick
Шымкентте болса блогкемп контингентінің негізін құрайтын алматылықтар оңай барар еді (алматылықтар деп жүргендеріміздің тең жартысы шымкенттік екенін ескерейік )
Onlasyn
Иә, кешке мінесің таңертең түсесің
Adiletshu
Керекинфодағы шымкенттіктердің бәрі басқа қалаларда жүр ғой. Оны кіім ұйымдастырады
yerbol89
Блогкемты өткізу үшін міндетті түрде «Керекинфолық болу керек екен!»- деген заңды қайдан көрдіңіз? Айтаберліктер біздер де айтатын датымыз бар екенін күтіп жүрміз!
Adiletshu
Маған Қазақша форум деген «Керекинфомен» ассоциацияланады екен
yerbol89
Мен тақырыптан ForumCamp2013 деген жазу көріп тұрғаным жоқ.  Мән-Жайдың қандай екені айдан анық қалай өрбіп жатқаны көрініп тұр ))))) Мдааа
Gastarbaiter
Төбелессеңдер біреу ажыратады екен деп ойламаңдар, әне Даниар Әнәң попкорн алып жайғасып жатыр әлден)
Daniar-Alan
бля екі сөзіңнің біріне мені қыстыратын болыпсың ғой өзің…
Gastarbaiter
Екі пікірдің бірі сенікі ғо, қай жағына болайын)
Gastarbaiter
Үбәй-әй десейш Енді екі пікірдің екеуі де менікі болатын болды ғо, жүре бергенің дұрыс еді
nurbergen_makym
Сіз үшін келесі Блог Құрылтайдың қай қалада өткені ыңғайлы?
Алматы
Неліктен ол қаланы таңдадыңыз?
Білмейм неге екенін. Бәлкім, Алматыны жақсы танитындықтан шығар. Бәлкім, блоггер ретінде бетім Алматыда ашылғандықтан болар. Очм, сөзбен жеткізе алмайтын назым бар сол қалаға…
Қай қала болса да баруды жоспарлайсыз ба?
Әлбетте
VKM
Шымкент
aikarakoz
Шымкентте болса, келесің ғой, ВКМ?
Gastarbaiter
Қырылып, бір біріңнің көттеріңді шұқып таласудың қажеті қанша, кезек бәріне келеді амандық болса, ел тыныш болса, тіпті Қызылордаға да кезек келетін шығар деп отырм өзім.
Marco
Қырылған ешкімді көрмедім
Gastarbaiter
Минустарға қарасайшы қып қызыл.
araika
Қызылордаға да кезек келетін шығар деп отырм
Men sol kezde baratyn bolam
Marationok
Men sol kezde baratyn bolam
Астанадан ұшып келіп, Қызылорданың Blogcamp-не бармақпысың? Мынауын қызық болды ғой…
araika
Kyzylordalyk ekenimdi eskertsem, eshkandai kyzyk bolmai kala ma, kalai?
Marationok
Оған дейін, оқуымды бітірем дейсің ғой?
Marco
Шымкент
Жастар көп тіркелген, әрі белсенділігі де жақсы деңгейдегі «кейбір сайттардың» осы қалада екені белгілі. Олардың да өз «даттарын» айтуға мүмкіндік беру үшін ғана Шымкентте өткізуге дауыс берер едім. Оның үстіне, жастардың қаржылық жағдайын да ескерген дұрыс, жұмыс істейтін біз сияқтылар әйтеуір ақша тауып барып қалар, ал студентте ненің ақшасы, одан да өзіміз баралық.
konvict
Мен Шымкентті таңдадым. Блогкэмптің әр қалада өткені дұрыс деп ойлаймын. Ұйымдастыру жағынан шымкенттіктер кем түспейді деп ойлаймын.
aza
Қазақстанда өтсе болғаны. Шымкенттің кандидатурасын қолдап дауыс бердім, өз пікірім.
asaubota
Шымкентте белсенді жастар тобы бар. барлық ұйымдастыру істерін өздері де өткізе алады. бұл Керекинфокамп емес, жалпы қазақтілді интернетшілер бас қосатын жиын. сайттарға бөлініп керек емес.
yerbol89
Жақсы айттыңыз ағасы! Жалпы мүдде қазақтілді сайттардың белсенділігін арттырып, білегенімізді басқаларға айтып, офлайнда жүздесу.
aikarakoz
Жоғарыда айтылғандарға қосымша:
Шымкентте жатын жер де, тамақ та арзан))). Әрі Оңтүстікті көрмеген жандар да бар болар, екі желеу, бір сылтаумен әдемі саяхат болады))
Aikona
Алматы деп жауап бергем, ойлана келе Шымкентті көргім келеді екен сондықтан Шымкентті қолдаймын. Тек, жастарға ұйымдастыру жұмыстары қины болып жүрмесе болды.
Daniar-Alan
жастарға қиын болмайды деп ойлаймын. бағыт-бағдар беретін ақсақалдар аман болсын.
edige
Екі желеу бір сілтеумен елді де көретін… Былайша нақты Шымкентте тұратын блогерлерді атайтындар бар ма? /Қарасақалдан басқа/
TOTY
Дауыс беруін бердім, бәрін уақыт көрсете жатар. Құрылтайдан құрылтайға аман-есен жетуге жазсын!
dark_nazgul
Алматыны таңдаймын, әрине. Біріншіден, ешқайда барғым келмейді: «Ауылымның түтіноуууу, қымбат маған» . Екіншіден, Алматыда болса, Нұрберген келеді.
Korkem
Шымкент!
Себебі өмірімде блогкемп көргем жоқ, өз қаламда толық мүмкіндік туғанын қалаймын
Marationok
өз қаламда
Ленгірде ма?
Korkem
Оны қайдан білеС
Marationok
Есімде қалды да
Adiletshu
менің де есімде
Marationok
Сосын, ол қыз күйеуге тимеген дейді Жасы 23-те екен.
Korkem
 Епті, Дон оңбайсың
Marationok
Дон деген не? Сұлуым? Сенің слэнгіңді түсінбеймін.
Daniar-Alan
кімге Дон, кімге Дәке
Abilakim
«Дон главарь мафии» деген кино бар еді. Үнділер түсірген һәм түскен
Daniar-Alan
қасқырдың аузы жесе де қан жемесе де қан
Korkem
ақталма, ақталма
edige
Суетке қарап еске түсті… @qisyq қайдасың? керекте де көрінбегелі көп болдың…
zholantai
Басқа қаланы таңдадым, бірақ тиімділік таңдауы Шымқалада сияқты, Алматыны ескермесек әрине
dark_nazgul
Е, Таразды неге қоспағансыңдар? Жақсы қала. Барар едім.
Marationok
«Менің Семейім найманның ордасы қайда? » деп, біраз-міраз наразылық білдірмедіңіз бе?
dark_nazgul
Семей арғындардың ордасы.
Мен «коренная алматинкамын»
Marationok
Жалғыз коренной алматылық бұл сайтта тек қана мен шығармын. Ата бабам Верныйды қалаған… толық құқығым бар
zholantai
Жалғыз коренной алматылық бұл сайтта тек қана мен шығармын.
және бір сауалнамаға сұранып тұр екен,
dark_nazgul
ой ой ой. За то мен, мен бар ғой, нағыз көшпенді қазақтың ұрпағымын, бееее!!!
Marationok
Оны қойшы, мен зато, не ғой, Шапыраштымын (айтпақшы жирный қылып жазайықшы бәріне көрінсін), лИбой есікті теуіп ашамын
zholantai
лИбой есікті теуіп ашамын
минустадым, нақ)))
dark_nazgul
«Для тебя, холоп, я не шапырашты, а шапырашВЫ» дейсің ғой нақ.  құда бала, хехе.
Adiletshu
Минус қоям деп плюс қойып жібердім. Қарызсың
Nurshat
Шымкент қандай шұрайлы!
kokbori
Шымкентті таңдадым. Себебі онда ұйымдастырушылардың ішінде Данияр бар. Астанаға барғанда үйіне қондырған Дәкең Шымкентте, туған үйіне қондырмас деймісің?!. Екіншіден, осы емес пе Атырауда өткізем деп әумесерленіп жүрген деп ойлаған шығарсыңдар, рас, бұрын айтқанмын. Бірақ қазір айта алмаймын.Қазақтың біртуарларын жинап ап, кепілге ұстатып қояр жайымыз жоқ, өзді өзімізбен болсақ та жарар, ал Семейден басқа жерде болса барамын деген ойдамын, бұйырса. Семей мен Атырау екі шет қой.
Janasil
Шымкен!!! Машат!!!
SaZhaM
Ақтөбе!!! Ақтөбе!!! Ақтөбе!!!
Abilakim
Құдай қырсығынан сақтаса қай қалада болса да барармыз.
Aigolek
Лондонда болатын боса мени ала кет
Bekjan
Шымкенттің лоббисттері жақсы жұмыс істеп жатыр… Негізі Шымкентте өтетіні баяғыда шешіліп қойған ғой… Блогқа, басқалармен ақылдасқан сымақ болайық деп қойылған ақпарат… Шымкентте блог құрылтайы өтетін кезде, дастархан фестивалі өтеді как раз… біраз кафе-мейрамханалардың тізімін жасап дайындап қоямыз…

Шымкент жақсы қала.
Daniar-Alan
осыны айтсам жоғарыда -7 қылып тастапты
Erkekyz
Шымкентте блог құрылтайы өтетін кезде, дастархан фестивалі өтеді как раз… біраз кафе-мейрамханалардың тізімін жасап дайындап қоямыз…
Бұл не?
Gastarbaiter
Сексеуіл стансасы форева! Түйеге тегін мінгізем бәріңді
Шұбатқа төлейсіңдер бірақ))
Как раз шөп оратын адам жетпей жатыр ед. Фитнесс таза түрінде)
Marco
Сексеуіл қайда сенің ауылың қайда ахи? Шөпті сол жақтан шабасыңдар ма?
Gastarbaiter
Ұзақ әңгіме, бір отырыста айтармын, есіме түссе)
omarbirat
Үй жағыма жақын болған соң, Алматыны таңдап қойып едім
Aidakonya
ол кайда барса мен сонда барамын
asaubota
жақында біздің alashaman баурымыз ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне жұмысқа кетті. ол да қолдау көрсететіндіктерін айтты. ОҚО үшін бұл үлкен PR болайын деп тұр, облыс имиджі үшін өздері құлшынып тұр.
Daniar-Alan
онда шешілді. келесі постты шығара берейін ба бырат?
monti
29 дауыс Шымкент, менде бердім
жазда Оңтүстікке сапар қатты ұнаған
madlen
Алматы. Ұйымдастырушылық жақсы. Сосын осында болса, қызықты презентациялармен келетін блоггерлер көбірек болады. Шымкентке бармайды көп адам. Өзімізден басқа ешкімді жинай алмай қаламыз… Вечеринка болып кетеді.
patick
Шымкентке сен өзің барсаң болды, презентациясы қызықтысы бар, басқа жері қызықтысы бар талай джігіт артыңнан шауып кетеді. Просто бару арқылы өзің айтқан проблеманы шеше аласың. Сенші маған
Gastarbaiter
Маған негізі қайда емес қашан өтетіні актуалдырақ мәселе боп тұр.
Как раз сол вечеринка үшін барам мен.
Стартапым жоқ, презентация жасамаймын. Жай қолдан тиер көмек болса, бос уақытымды соған жаратып, кәрі қақбастар мен жаңа выскочкалармен қауқылдасып, нәтижесіне бұтақ қойып, процесстен ләззат алу.
Marco
Темір сүйменді мойныңа галстук қылып байлап, он қыз мінген рельсті иығыңа көтеріп, үстіңе керпіш жарғызып цирк көрсетіп кетсей)))
patick
Оның бір орында сальто жасайтын өнері бар. Жай жасап қойса, «жақсы» дейсің ғой, ол… Жә, өзі көрсете жатар
Aldeken
шет жағасын естігенмін бұл «процесстің»…
Gastarbaiter
Ия, негізі сау адам жасамайтын смертельный номер.
Голый выебон на скользкой поверхности))
Біздің салмақпен сальто жасау омыртқаға зиян" деген сылтаумен дәрігерім тыйым салды.
Бірақ жұмсақ жерге болатын шығар, ә?
Aldeken
Не ғо, Гаста, қазірден бастап, наурыз айында вахта болмайтындай қылып ыңғайлауға болмай ма?
Gastarbaiter
Оны да көреміз, осы жылы біраз қызықтан қалдым, өмір бір ақ рет берілед, шығып қайту керек міндетті түрде
Gastarbaiter
Шымкентке мен де күмәнмен қарайтынмын.
Бірақ Шымкент реально ойымдағы «Шімкент шешең деген үлкен ауылмен еш ортағы жоқ Мегамегаполис екенін көрдім.
Адам саны? Уайым жоқ ол жағынан.
Сервис? Лібә, Қазақстанның барлық қаласында болдым, ондай сервис және осынша арзан болғанын көрседім.
Табиғат? Камоон аще, тау мен жаңбырсыз Алматыны елестетіңдер.
Мәмбеттер? Олар барлық жерде бар. Позитив жағынан қараңдар, Әбіләкім жалғызсыоамайд))
Қысқасы, қазіргісі бұрыңғысымен салыстыруға келмейд.
Қазақстанда Астана мен Алматыдан басқа мегаполис жоқ деушілер барып, қателесетіндеріңді білесіңдер.
madlen
Божеее, Гаста, шынымен айтып жатырсың ба? Сені түсінемін, 2 жыл да көрмедің құрылтайды. Еще бізді сағындың. Көрсем, сөйлессем, қыдырсам болды деп ойлап тұрсың. Но Шымкентте құрылтайға керек заттардың барлығы табылса да, ол жаққа баруға ешкімде стимул болмайды. Жаңа жобалар, идеялар алып барып, сол жерде талқылауға салатын қала емес. Жәй өзіміз миникэмп жасай салайық онда Шымкентте. Ол түгілі Астанаға 200 адам бір-бірімізді жүр-жүр деп ертіп жүріп зорға жиналдық. Позорище болады просто.
Gastarbaiter
Истерикаңды бас кішкене. Бармайтын адам хоть Алматыда өтсе де бармайды.

При всем уважении, позорище не вгороде, а в головах людей. И по мне так нужно рушить границы, а не обсираться в штаны от страха неудачи.
Менің позициям сондай. Не догоню так согреюсь. Мен де сені түсінем, дұрыс болмай қалады, адам жиналмай қалады, ивент грандиозный болмай қалады деп.

Адамдар осы жолы жиналмаса, келесі жолы жиналады.
Подстраиваться под течение это классно. Но нужно и уметь это самое течение создавать.
Иначе Шымкентті өмірбақи адамдар бодьшая деревня деп қабылдайды.
Үш күндікті ғана емес, үш жылдықты да ойлау керек.
Әрқашан әртүрлі қалада өту ең жақсы идея.
Интернетте шекара жоқ, Қазақстан блогерлеріне де болмау керек.

Өз басым баяғыда айтқандай королевский дворда жасасаңдар да, маған қызық емес адамдармен срать рядом не сяду.
А так маған, менің пікіріме ғана қарап қалмаған шығар.
madlen
Блоггеры Казнета разрушили все границы и стереотипы и организовали слет казахскоязычных блоггеров со всего мира в Шымкенте. Звучит неплохо )))
Gastarbaiter
Звучит классно. бірақ маған поқи, әжем айтушы өлген соң итке тастаңдар мені деп.
Қажетті эмоциямызды алсақ, қалғаны аса маңызды емес.
Abilakim
Мәмбеттер? Олар барлық жерде бар. Позитив жағынан қараңдар, Әбіләкім жалғызсыоамайд))

Гаста, сөздің ашығы жақсы, қолтиықтың сасығы жаман деген. Осы сен мені мәмбет деп көрсете бергеннен ләззат аласың ба әлде мен арқылы өзіңнің қандай екеніңді көрсетіп өту ме? Мәмбет екенің өтірік пе деп, анау мынау деп өз стиліңде қыртылдатып жауап жазып дәлелдерсің жарайд. Шыны керек, сен шектен шығып барасың осы сөзді тек маған қолдану арқылы. Мен басқаны да мәмбет деп айт деп тұрғаным жоқ. Осы сөзді қолданысыңнан алып тастауға не кедергі.
Daniar-Alan
Әбеке, Кен екеумізді сыра татуластырды… Мүмкін сіздер де сәл былай, әңгімелесіп, сыралатып қайтарсыздар?
Abilakim
ішпейтінімді сен жақсы білесің
Gastarbaiter
Кешірш, құдай бере салған ренжіген түрің бар болсын. Өзім мәмбет дегенге ренжімеймін, сайттағы образың солай маған не дейсің.
.
Ауыр сөз айтқан жоқпын деп ойлаймын.
Құрдас мазганы қыртып екіқабат әйел сияқты ренжи берсең, одан сайын айта берем.
Gastarbaiter
Сәтті пайдаланып, Кендюктен, Данияр Әнәңңнан, птьяншік Сатыбалдыдан, Әшәу Ботадан, Нақұрыстан, Дарақы Назғұлдан, Ляди Айгөлектен, Жақабай Хуяктан, Тәннің Хаясынан, Жырғисадан, Владленнен жерге дейін иіліп кешірім сұраймын.
Daniar-Alan
мен саған ренжімим ғо бауыр
madlen
барлығының салған сүрлеуімен жүрмекпіз бе?.. енді көз алдыңа елестет: таза ауадағы форматы өзгертілген презентациялар. түнгі алау… Әшөк быратыңның палауы… ЕҢ БАСТЫСЫ БАРЛЫҒЫ БІР ЖЕРДЕ. қызықтыра ма??..
не құрал керек?
презентацияларды жасауға проектор? 2-3 күнге Шымкенттен арендаға ақ табылады жүдә болмаса

Данияр, одан да сол Әшөктің үйіндегі бешеринкаларды ұйымдастыруды қолға алшы… Сені де Шымкентте құрылтай ұйымдастырады деп сеніп отырмыз ғооо ))))
Onlasyn
Осы блогкемптың таныстықтан басқа тағы қандай плюстері бар?
madlen
Блог дегеннің не екенін енді түсіндім дегендерді естігем Алматыдағы құрылтайдан соң…
Onlasyn
Обязательно бару керек десей ))
kokbori
Мәке, меніңше бізге әуелі сол блог дегеннің не екенін түсіндіру керек болып тұр ғой. Кіп кішкене қызына дейін блогкемпке ат арытып келген блоггерлері бар Алматыға тек блогты түсінетіндер ғана баруы мүмкін емес пе? Ал блогты түсінбейтіндер Алматыға баруға ықыласты болмауы да мүмкін. Демек блогты түсіндіру үшін жиналатын болсақ, әр өңірмен араласып, білетіндер білмегендерге үйреткендері жөн сияқты.
madlen
А мен не дедім?
kokbori
Сөзіңнің сыңайына қарағанда Алматыны құп көріп тұрған секілдісің, сонан соң айтып отырмын
madlen
иә, дәл солай ғой.
kokbori
Сондықтан Аршат ағамыз айтқандай әр өңірде өткізсе, түсінбейтіндер бұл не нәрсе деп бас сұғып, сонан соң түсініп кетер деген үкілеген үміт қой. Әуелі санды көбейтсек, сапаға шығармыз деген ой келіп отыр
kokbori
Барынша жақсы әңгіме айтып отырсың қысқасы
madlen
тууу, жылап қалмаш )) Керекинфоны сағынып келіп жүрм өзі, сен, как всегда, қолға түсіп қаласың )))
kokbori
әркез сенің құрбаның болуға әзірмін деуші едім, бірақ бұлай болады деп ойламаппын
asaubota
әзірше дүрлігіп керек емес. Шымкент әзірше ең оңтайлы вариант. ОҚО басшылығы қолдаймыз деп отыр, бірақ әзірше нақты шешілген ештеңе жоқ. қазіргі жұмыс әкімшілікпен келісіп, келесі жылдың бюджетіне кіргізу. Жаңа жылдан кейін барып ұйымдастыру комитеті іске кірісуі керек. егер болмайтын болып қалса басқа қала варианты қарастырылады.
dark_nazgul
Сол Шымкенттіктер жасай берсінші, дайынға барып келе салған дұрыс шығар деген ой келіп отыр.
aikarakoz
«Жасай берсінші» деп, астыртын менсінбеушіліктің бір уысын шашып жіберудің қажеті жоқ. Ат-тонын ала қашып отырғанда қайтер едіңіздер?) Қайта «маған кел» деп таласқанға қуанбай ма екен)))
Gastarbaiter
Шымкенттен шыққан Мадлен менсінбей отыр, меніікі не десейш, мақтап.
Стеереотиптерді сындыруға болады, және сындыру керек жыққанға ыға бермей.
Marationok
Негізі, пәтәлөк деген түсінік бар еді ғой, сол пәтәлөктен асса… ал одан асу үшін…
jako_83
Шымкентіктерр өздеріне түскен жауапкершілікті сезініп абыроймен өткізеді деп сенемін. бастысы олардың өткізуге деген құлшыныстары қандай проблема болсада жеңеді ғой. өз басым оларды қолдауға дайынмын. Өскемен, Аякөз қалаларынан келетін блогер студентерді өзіммен бірге ертіп апаруға көмек беремін,құлақ қағыс шығыстың студент блогерлеріне!
alashaman
Блогкэмпке қатысты бір сұрақ. Егер қыз-жігіттер осы жолғы жиын Шымкентте өтеді деп шешсе, нақты әкімшілік жақтан қандай көмек керек? Пікірлеріңізді ортаға салыңыздар, әкімшілік тарапынан қолдау мәселесін ұйымдастырып жатырмыз. Тек нақтылап алу қажет болып тұр.
KerimAyankyzy
Қарағанды)))
Ispek92
Қай ғасырдың көрнексіз өкілі болдыңыз?)))))
KerimAyankyzy
)) Жай әшейін, жақын болған соң айтқаным ғой…
qonyrbai
Қарағандыда өткен жылы «бітіріп» қойған. Енді тек сенің ұзатылуыңа бармасақ ол жаққа. Шымкентке ұзатыласың ғой.
KerimAyankyzy
Шымкентке? Кенк — кенк))
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.