Құрылтай алдын препати жайлы бірер сөз.

Жеттім-ау))) Тоқсанның соңы, мектепте ығы-жығы боп жүрген балалар, у-шу болған мұғалімдер, оған қоса Наурыз, ҰБТға дайындық деп мүлдем қолым босамай жүр.


бірақ, БлогҚұрылтайдың күні жақындаған сайын, кеудемде толғаныстар мен күдіктер көбейіп жатыр. Алыстан келетін құрбыларды көріп, бір қуанып, жаңа достармен танысып алудың керемет мүмкіндігі деп есептесем де, жауапкершіліктің ауыр жүгі жаныма батады екен.

Сонымен, Наурыз мейрамы күні алғашқы кездесуіміз жоспарда тұр. Препати немесе думан алды жиналыс десем де болады ғой, иә? Сол жиналыс «Кәусар» мейрамханасында (Халал кешен деген аты бар) 22 наурыз күні, кешкі сағат 19-00 да өтеді. Құны 2500 теңге.

Келем деушілерге есік ашық. Тек маған қазір тізім керек боп тұрғаны. Осы жиынға міндетті түрде қатысам деушілер, өтініш, жазба астына «келемін» деп жазып өтсеңіздер))))

Құрылтайда кездескенше, достаааааар))))
З.Ы.мынау ресторанның сыртқы көрінісі. Мекен-жайы: 5 шағын аудан, 20/1
Еуразия сауда үйінің жанында. Сол жақ жағалау. №23,31, автобустары келеді.

Ұқсас посттар

156 пікір

Aizhantabyn
Ал, кеттік. Бірдеме деңіздер, енді.
erkesezim
Келемін, Алла қаласа
aikarakoz
Билет қалтада, пойыз қайда барады
asaubota
обшым кешке дейін мейрамдатпаңдар дейсің ғо…
patick
Не істейміз брат? әлде біздерге арналған бөлек программаларың бар ма?
madlen
өздеріңе арналған программа осы программадан соң болсыншы
satibaldi
өздеріңе арналған программа осы программадан соң болсыншы
Уа patick , сөзге келмей кететінің бар ма еді?
asaubota
арақсыз тойларда жинаған тәжіриеммен бөлісуіме тура келетін шығар
patick
очм көппен біргеміз, Айжантабын мені де жаз пескіңе
asaubota
жетілерге дейін буланып демалып алып, дәрет алып шығып барсақ ше?
patick
шыға алмай қалып жүрмейміз бе?
asaubota
сондықтан өйтпегеніміз дұрыс. а то мен отырған жерім ұнап қалып жатса "өй сгинш, отыра берейік осында" деп қалатын әлсіз адамдардан категориясынанмын
Dinara
Құрылтайдан онлайн трансляция жасалады ма?
Көп көп суреттер күтеміз сіздерден
satibaldi
Хиджап өзімізбен бірге болуы керек пе?
araika
 Мейрамхана тұрмақ, мешітке хиджапсыз кіріп жүргенде…
satibaldi
Құрыдың, Таблии Ямаат саған үкім шығарватыр қазір.
timurrr
Мен пойыздан 18-25-те түсемін, амандық болса. Билет қалтада болса да, баратын ықтималдылығым әлі жүз пайызға жетпей жатыр…
rauka
Менің жағдайым да солай боп тұр
mirasasem
Сәлем! қай вагондасыз? мен 10 вагонга алгам
timurrr
Өй, мына жаққа жауап жазыппын ғой, әлдеқашан)
e_zhalgas
кенезесі кеуіп отырғандарды аясаңдар нетті. кафенің кіре берісінен бастап, бізге деген претензиясы добалдай болатын сияқты

мен де бармын!
asaubota
қой, қыздар шошымаңдар. біздікі әзіл ғой, сап-сау келеміз.
aza
Құрылтайға тіркелмегендер баруға болат па? Осы жиынға?
aza
Айтсаңдаршы аууу, ағайын!
madlen
саған болады )
asaubota
жігіттер мен қыздар бөлек отыратын шығар да? а то менің әйелім шамалы қызғаншақтау. қайта-қайта звондауы мүмкін, ар жағындағы адамдардың даусын есту үшін. және мен үйден шығарда «балдармен отыруға бара жатырмын» деп шығамын әдетте. бір жағынан өтірік айтып, күнәға да кіргім келмейді…  ешқашан өтірік айтпайтын адам едім, қайтейін енді…
rauka
Менің білуімше, жігіттердің бәрі солай сияқты, әйелдеріне өтірік сылтау айтқыш, содан кейін әйелдер олар канша жерден шынын айтып тұрса да сенбейді!!!
Daniar-Alan
өөөйййй қойңыз… мен ешқашан өтркіп айтпайм… шынымды да айтпайм… мен вабще ештеңе айтпайм оған… уот так-то…
kokbori
Пай пай, жел есіп тұр ғой мына жақтан
Aikona
келемін, келемін
Botik11
иа келем иа келмейм бір Алла біледі!
Aikona
келемін деп нақты шешім қабылдап, соған тырысу керек . Ішіңнен алладан соны сұрау керек.
asaubota
мына сөздерден кейін төменгі каменттерге «бұйырса» сөздері қосыла бастады
ErNur
Бұйырса, тізімдеріңізге мені де қосып қоюларыңызға болады
patick
сен келсең препатиде тошны болмайтын шығармыз
Gulistan
Келемін, бұйыртса.
Kasymolzhas
бұйыртса, келемін.
a63a1
,. келемін бұйыртса
Marationok
Келемін, бұйыртса
asaubota
мен де келемін, әйелім жіберсе.
Aikona
мына сөзден кейін, пульт точно сіздің қолыңызда ма деген сұрақ келедта
Aldeken
пульт пен препати салыстыруға келмейді ғо… Препатиға жібермеу үшін, қолына пультті ұстатып қоюы да мүмкін, саяситехнологияларынссс…
qisyq
Aldeken
жырқылдай бермей сен де жалпы саяси басымдықтарыңды қазірден анықтай бер, қайынжұрт па, құрылтай ма, көпвекторлысаясатыңдыссс…
qisyq
Жалғыз баратын болдым, үстелді бір ұрдым да «бармайсың» дедім. Әдия дүкенге шығып кеткен.
Aldeken
Велкам бэк, сатыдейіңдіссс…
patick
мүмкін ол сенің жалғыз бару туралы шешіміңнен де хабарсыз шығар
qisyq
Неге, біледі, срочно Астанаға командировкаға кетіп бара жатырмын дегем.
Aldeken
не ғо, Қисық, үйдегі қарындастың телефонын жазжверш, мейрамымен құттықтайын деп едім…
qisyq
Блин, братан, тек үйде сөйлесеміз, телефоны сынып қалған, агент, скайп, гтолкта отырмайды, домашка сөніп жатыр бір ай болды. Осы наурыз мейрамынан соң бәрін қостырсам ба деп отырмын.
asaubota
қой құрсын, Құдай сақтасын. біздікі қайта шашыңды қидырт, қырын, костюм-шалбарыңды киіп бар деп зайып ал қылып жатыр
Aldeken
не ғо, мынау жалпы әмбебап жауап секілді ғо…
біз де сол...
Aizhantabyn
мен бір жерге (біреумен) барғым келмесе: «Папам жібермейді» дейім))))
asaubota
келемін сөзінен кейін Са, Се-лер қосылып жатқасын мен де жазғаным ғой.
qisyq
Қорқыңдар, қорқыңдар, қорқыңдар… Келемін, әпке.
Aldeken
Қорқып отырмыз, препатиге келіп, ақша төлемей кете ме деп…
qisyq

найман екенім рас болса, ақша төлемей, сендердің шоттарыңнан тамақ ішкеніммен қатар, кетерде қарызға ақша алып кетемін
asaubota
найман күйеумен тұрған әйелдер жұмаққа барады деген рас па?
Gazizkizi
найман әйелі барлар ше?
asaubota
олар тозаққа баратын шығар, онсыз да тозақта тұрып үйреніп қалған тәжірибелері бар.
Gazizkizi
Керісінше ғой, админ! НАйман әйелі бар еркек жұмаққа барады! Әдейі сұрап отырсам. Сосын «Найман жүрген жерде шайтан жүрмейді» дейд
asaubota
мен не басымды ауыртып отырмын Наймандарға? Кетемін мен.
a63a1
Кетпеяқ қойсайш
asaubota
ешқайда кетпеймін, тек руым Кете
araika
 Ақтөбеде де Кетелер баршылық екен ғой
Aldeken
Көңілді тапқырларды жібереміз ғо, бопсалауға…
konvict
Біз секілді емес, сенің тамақты қалай ішетініңді ойлап қайғырып отырмын
Gazizkizi
ОООО, туысым… Деп қойсам ештеме жазбаңдар
ushkin
барамын )
satibaldi
Неге?
Aikona
сіз келесіз ба
satibaldi
Халал-кафеге бара алмайм, дүниетанымыма қайшы кеп тұр. Сіз үшін амалдап келемін бірақ.
ushkin
сол )
ushkin
Ақзере екеуміз барамыз ) екі адамды қосып қойыңыз )
Lyaila
келемін, Алла жазса
satibaldi
Соңғы пәтуа бойынша, «Аллаһ» болып жазылатын көрінеді, ламашарифсстің.
Lyaila
Бүгінде «соңғы пәтуалар» — сан алуан ғой, бәріне құлақ аса беру мүмкін де болмас. Ең бастысы, «иман тілде немесе сөзде емес, жүректе болу керектігін» ол Кісілер ескеріп, кешіріммен қарайды деген үміттемін)
satibaldi
Христиандар, бүгін жекеге біреу хабарласты. Оның айтуы бойынша, келгісі келеді екен, тіпті бір топ «блогер» достарымен. Бірақ… «kuriltai kai kuni jane sagat neshede jane kai jerde bolatindigin» білмейді екен. Blogcamp.kz -ке сілтеме беріп едім, бет-аузымды сүйіп тыстад нақ, неше түрлі адам болады екен. Дачы.
19852407
Іспескілеріңізден табылайын, астаналық қассақтар, батыс келатр
ushkin
 батыс келятыр )
AKY
19852407
телепонынды көтермисң, билет кетті…
Janasil
Бұл жер қанша адамға лайықталған? 2-қабаты кішігірім еді ғой.
Aizhantabyn
мен 80 адамға орын алдым.
Abilakim
Мені әзірге қарындашпен жаза тұрыңдар
Aizhantabyn
Сөздің ашығы былай: 80 адам болу керек. Қазірге кім бірінші боп жиналады, солар келеді))))
asaubota
сыймай қалса орын беруге дайын жігіттерді білемін!
Rozatai
келемін, бұйырса!
FaraOn1
Бізде барамыз
Adiletshu
Бармаймын, бұйыртса
kokbori
Мен де барамын ба деп отырмын
izbasar
Меніде жазып қойшы, 23 аңырап қалармын алдын ала таныса отырайын.
konvict
Бұйыртса інімді ертіп барамын 22-і күні.
patick
інің бізге тиісіп жүрмей ма?
rakisheva
Мен құрбыммен келемін.
zhannin-sayasi
Айжан (кербез) екеуміз келеміз, бұйыртса!
timurrr
Баруға тырысып бағамыз
Gulistan
Тимур, екі күн қалды, әлі тырысып жатсың ба?
asaubota
құрылтай-сұрылтай не керек? бала бақ!
asaubota
препатиге FEMEN қыздары келіп, қазақ интернетіндегі мәселелер туралы хай-вай шығарып кетеді деген сыбыс бар…
Aldeken
asaubota
Сатыбалды мен Қилызаман спонсор болып жатыр дейді ұзынқұлақ. екеуі өйстіп прикол ұстамақшы. обшым байқау керек, сақ болайық.
Aldeken
FEMEN қыздары келіп, қазақ интернетіндегі мәселелер
Айқаракөзге айту керек, сақ болсын…
aikarakoz
ути-ути! менің жағдайымды ойлаватқан түрінен сол
Gazizkizi
Астанада тұрып, Кәусарға жақын тұрып бармасам не болар екен? Сол күні құдалар қонаққа шақырып ед ә. Ұят иә
asaubota
ұят ештеңесі жоқ. құда деген жылда шақыра бермейді ғой. құрылтай деген не ол, жыл сайын болады.
satibaldi
Бармай-ақ қойғаныңыз дұрыс.
Gazizkizi
Қысылып қалдың, байқасаңш
estetika91
Мен барамын бұйыртса, ертесі болатын ресми жиынға қатысты ақылдасамыз ғой…
qisyq
Қойш, мен ақылдасу үшін емес, шай (/О) ішіп, дем алуға барамын. Қорқытпа олай.
estetika91
Жақшаның ішіндегі сөздің «жүзі» көрінбей қалыпты ғой)) Қорқытқаным емес, шыны керек, былтырғы блогқұрылтайға бара алмай қалған болатынмын, енді биылғысына қатысып, көмек керек болса, көмектесіп, белсенділік танытқым келеді қонақ болып барып, қонақ болып қайтқым келмейді…
qisyq
на совесть давишь, а, стратег! Ол сөз емес, фэйспалм.
estetika91
Димаааааааааааааааааааааааааааааш(((((
Gastarbaiter
Қай жігіт красапшік, қай қыз гардопты жарды, кім тормозить етті, кімнің қолы жүрді, кім афтапатиден құр алақан қайтты. Кім крысалық қылды, кім ішіп алып мәрт болды,?.. ким кимге унайды", кім биылдан қалмай үйленед, және тағысы тағысы ең актуалды өсектерді сыпсың қыздар мен мақтаншақ мачолардың агентінен тікелей режимде репортаж беріледі ме джентілмендіктеріңдісс?
asaubota
ішіп отырып ызбандап бәрін хабарлап отырамыз бырат, саспа.
meirzhan
Конференцияға, конференцияға!
Botik11
Мейіржан, сен барасың ба
salta
Керектіктер, кешіріңдер әрине, бірақ блогкэмп деген атты жамылып, Гаста айтпақшы:Қай жігіт красапшік, қай қыз гардопты жарды, кім тормозить етті, кімнің қолы жүрді, кім афтапатиден құр алақан қайтты. Кім крысалық қылды, кім ішіп алып мәрт болды,?.. ким кимге унайды", кім биылдан қалмай үйленед, және тағысы тағысы жасауға жиналып жатқаннан саумысындар? Қазір минустап бәле болатындар табылар, бірақ, өз-өздеріңе мойындасаңдаршы, не үшін жиналып жатырсыңдар? Керекке кіріп, қайнаған өміріне араласпаған бір танысым, түсіндірші мақсаты не деді… айттым, бірақ күлді де кетіп қалды…
Aizhantabyn
нууу, керектен ғана емес, сонау мәссаған мен уордпресстен таныс, бірақ өмірде көрмеген адамдармен жүздесу мүмкіндігі. Сосын, келесі күнгі презентация күні бір-бірімізді жатсынбай, еркін сезіну үшін керек жиын ғой.)) Так ышто, кімнің кім екені, не кигені, не ішкені маңызды емес))))
salta
сіңілім, бәрі де дәл осылай ойлайды деген үміттемін… Жігіттердің конференциясына кіріп шығатын шпион болса дайындай беріңдер… қызықтың көкесі сол жерде болад блогкэмптен кейін...
Aizhantabyn
ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың ғой. Бар әрине сондай элименттер, ни к себе уважения, ни к другим… қайтесің, в семье не без урода.
qisyq
Тем более 80 адамнан тұратын семья деш
meirzhan
Салта препати емес, жалпы блогкемптің мақсатын сұрап еді
Aizhantabyn
енді Салта сөз сөйлесе, сенен мағынасын сұрап алармын, Мейіржан)
Gastarbaiter
Истеричка десе)))
Gulistan
Қанша адам жиналғалы жатыр осы?
bitanazamat
Мен кешкі "құрылтайға" барсам деп едім. Кімге хабарлассам болады? Әлде адам толып қалды ма, оу?
Daniar-Alan
ия. Кіре алмайсың.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.