Құрылтайшылардың назарына!

  • Автор
Құрметтi Блог Құрылтaй қaтысушылaры,

Сiздердi қaзiргi жaғдaймен тaныстырып өтсек деймiз.

Блог Құрылтaйдың негiзгi мaқсaты – қазақ тілді интернеттің дамуына үлес қосып жатқан жандардың кездесiп өзaрa пiкiр және тәжiрибе aлмaсу болып тaбылaды. Осы кездесу aрқылы құрылтайшылар өздеріне қaжеттi ақпарат пен білім алады, жаңа жобалар пайда болады. Блог Құрылтaй үйлестiрушiлерінің мaқсaты — сiздерге осы кездесудің сәтті өтуіне жағдай жасау. Блог Құрылтaйдың сaлмaғы: ұйымдaстыру, өткiзу, контентi, тaғы бaсқaлaры сіздер мен біздер – барлығымызға да ортaқ.

Қaзiр бiзде шындaп көтеретiн демеушi болмaй тұр. Сондықтaн, жол мен жaтын орын шығыны қaтысушылaрдың өздерiне түседi. Бұл – Блогкемп үшiн қaлыпты жaғдaй.

Қазіргі уақытқа дейін кофе-брейкке деумеуші табылды. Стaртaп бойынша демеуші іздеудеміз. Сосын, Бурaбaйғa бaру бaғдaрлaмaдaн aлып тaстaлды. Бiрiншiден, көп уaқыт aлaды, екiншiден қымбaт. Бaрaйық десеңіздер, Құрылтайға 2 апта қалған кезде нақты шешімге келіп, Бурабайға сапарды ұйымдастыруға болады.

Қaлaй келу жaйлы: Aлыстaн келетiндер көбiнесе поезбен келетiнге ұқсaйды. Ертерек билет aлғaн дұрыс. Нaурыз мейрaмы болғaсын Aстaнaғa көп кісі келедi.

Бiз келе жaтырмыз” деп хaбaр бергендеріңіз бiзге ыңғaйлы болaды. (info@blogcamp.kz) Күтетiн aдaм дaйындaу, жaтын орын дaйындaу үшiн.

Жaтын орын жaйлы: Бiз 6-7 үй бронь жасап қоя аламыз. Сол үйлерге 4-5 aдaмнaн бiрге тұрсa, сондa 2 күнге 3-4 мың теңгедей aқшa кетедi aдaм бaсынa. “Aстaнaдa не iстеймiн?” дегендерге Aйжaнның жaзбaсынaн оқырсыpдaр. Сұрaқтaр болсa коммент ретiнде жaзaрсыңдaр.

Құрметпен, Aстaнa Блог Құрылтaй үйлестiрушiлер тобы.
talgatjez

математик

    Ұқсас посттар

    112 пікір

    patick
    Біз келятырмыз. Күт бізді Астана. Йахоу
    Ministry
    Кел, кел, айналлайен, келе ғой, сендердің құрметіңе ақорданың столовыйына ас салдырам
    Botik11
    вы не представляете даже МЕН келе жатырмын
    Korkem
    Бiз 6-7 үй бронь жасап қой аламыз.
    мынаны түсінбедім, қойы несі? Әлде қой сойып қарсы аласыңдар ма?
    "қоя аламыз" шығар… ))))))))
    Abilakim
    мен де Алла жазса жігітермен(немесе қыздармен) бірігіп пәтер жалдауға қарсы емеспін
    e_zhalgas
    пибіңді дайында Астана. алматылық бір қора баруға тап-тұйнақтай дайын — аш әрі ашулы
    Zhan
    Сынамасаңдар болды.
    AKY
    Алматылықтар 20 адам келе жатқанын айтты. Шамамен 3 бөлмелі 3 кв-ге сыйдырам деп жатырмын
    Басқа қаладағылар да айтсын, қанша адам екенін)
    aikarakoz
    квартиралар 1 бөлмелі емес шығар деген сенімдеміз
    AKY
    3 бөлмелі деп тұр ғой.
    aikarakoz
    кешіріп қойыңыз, көзім дәл сол жерден аттап өтіпті ғой
    kokbori
    Атыраудан жалғыз мен сияқтымын
    AKY
    Чымкенттен біраз джігіттер келеді ау деймін, солардың қасына қыстырып қоям сені.
    kokbori
    Ойбууу,қай жеріне десең ә? Кімдер екен?
    AKY
    Әлі анық емес, Ербол Серікбай бастаған брәтішкілер
    e_zhalgas
    Ербол келсе, өз толпасын ертіп келеді
    AKY
    онда Патик, Теріскей үшеуің 1 кроватьқа жатып, Көкбөріге диванды босатыңдар.
    kokbori
    Ой, рахмет! Әй, керім қылдың ау!
    Aldeken
    Ерте қуанба, Патик, Теріскей, Жалғас үшеуі, горох жеп келіп, диванды түн мезгіілнде пайдалануға жарамсыз қылып тастауы мүмкін, АКҮ-ға өштесіп, әрине…
    kokbori
    AKY Менімен бірге жатпайды емес пе?
    Aldeken
    ойбууу, бәрін бүлдірдің…
    АКҮ-дің өз үйі бар, просто
    онда Патик, Теріскей үшеуің 1 кроватьқа жатып, Көкбөріге диванды босатыңдар
    осы сөз үшін өштесуді меңзеген едім. Ал, сенікі сол баяғы азғын қиял, эхххх…
    Ministry
    ық-ық, пентхаусымдыссссс…
    patick
    онда Патик, Теріскей үшеуің 1 кроватьқа жатып
    Әрине әйелімді сағынамын, бірақ соншалықты емес
    Gulistan
    Менікі әзірге белгісіз, бірақ 1 орын болса жақсы болар еді.
    mirasasem
    Баратын болдыңыз ба Гулстан!!!
    Gulistan
    Әзірге белгісіз, бірақ өзімді блог толқынына дайындап жатырмын.
    GulL
    Менде барамын буйырса ертен Астанага, презентация болмаса да катысуга болады ма ??
    Aldeken
    Батырды ең үлкен пәтерге орналастыру керек,жалаңашішу пижамапатиінссс...
    Zhanylai
    Басқа қаладағылар өздері табатын сияқты ма бірдеңе
    AKY
    3 бөлмелі кв — 12000 тг. шамасында, 2 бөлмелі 8000.
    Адам басына шаққанда 2000-нан келеді. 2 күнге 4000 тг-леріңді дайындап келіңдер
    e_zhalgas
     осылай айтып қосайЧ
    asaubota
    Астаналық керекшілер, осы жұма күні бәріміз бір жиналсақ па деген ой бар. уақытын және орнын жақындағанда жазармыз.
    AKY
    Очым, точно келетіндерің жекеге жазыңдар. Кім бар еді тағы, анау шығыстан Тоты келе ме? Тағы кімдер бар, жекеге шықсын.
    Aldeken
    Не ғо, жеке келе жатқандар жыныстық дискриминациясыз бір пәтерге орналасатын интригасы бар сияқты, ия?
    ал, Алматылықтар, толпамен келе жатыр
    AKY
    Енді адам жетіспей жатса, арзанға шығуы үшін араластырып ұржвереміз де. Арзанға шыққаны өздеріне жақсы шығар
    qisyq
    Мені қайда жатқызасың?
    AKY
    Сізді жанұясымен келе жатыр дегесін, жеке өміріңізге араласуды жөн көрмедік. А так пәтер керек болса, айт, 1 бөлмелісінен қарап қояйық.
    qisyq
    Айтамын. Қамқорлық, мейірбандығыңызға рахмет.
    Aldeken
    Сізді жанұясымен келе жатыр дегесін, жеке өміріңізге араласуды жөн көрмедік.
    Опшым, Қисық, не ғо, кейбір асығыс шешімдер қоғам үшін өзектілігің мен маңыздылығыңды төмендететін байқаған шығарсың, ия, рейтингқуалаушылығыңдыссс
    Құрылтайға отбасымен бару, тек админге жарасқан… Киностанның админі емес, дұрыс түсін…
    qisyq
    Алдеке, түсінемін, тілің от, жағың алдаспан, бірақ, кейде лағып кетпей, жөн сөз айтсаң, «о, братан» деп біз де мәз болар едік. П.С. Асығыс шешім деп нені айтып отырсың?
    meirzhan
    Қыстырылды демеңіздер, меніңше, үйленуді айтқан сияқты.
    satibaldi
    Өй, сен де қыстырылып!
    meirzhan
    Қилеке әнеугүні эталон іздеп жүріп еді. Қыңырлықтың эталоны, мінеки.
    Gastarbaiter
    Қисық, сен дұрыс түсінбедің.
    Асығыс шешім деп сенің отбасыңмен келуіңді және оны жария етуіңді айтып отыр.
    Қыздар әйеліңмен бірге келе жатқаныңды біле сала сені өзектілер және маңызды қонақтар рейтингісінде бір екі позиция төмен қойып отыр дегенге меңзеп отыр.
    Ия, кейде ұйқысырап отырған адамға тым астарлап айтсаң, түсінбей ренжитіні бар.
    qisyq
    Енді… бес саусақ бірдей емес қой.
    AKY
    қідай-ай Қисығым-ай, қалай келе жатсаң да маңызың біз үшін ешқашан төмендемейді.
    Ал аналар оттай берсін.
    Gastarbaiter
    Әзіл ғой Алдекендікі де менікі де.
    TOTY
    @AKY, мені іздеген түріңнен айналдым...әкеш бетті…  21-не алдым билетті деп төменге жазғам, пәтер жағын ертең жекеге жазып жіберем, ақылдасып
    Abilakim
    Жекеге жазамын, амандық болса.
    mirasasem
    Салем, мен барамын Атыраудан, сизге калай хабарласа аламын.
    asaubota
    Швециядан Олафссондар семьясы келе жатыр. бізге бөлек пәтер іздеп әуре болмаңдар, сыйысып жата береміз деп жатыр.
    Erke
    Блогкемпке тіркелмей баруга болама!
    asaubota
    болады. келе бер.
    AKY
    тіркеле салсаң нең кететін ед
    ErNur
    Түш, қарындас үндеме… Өзіміз ғой
    konvict
    Мен туысқанымның үйіне қонамын. Айта кетуді жөн көрдім
    rauka
    Мен де туыстардың үйін паналаймын
    Daniar-Alan
    ииии әпшшшшшшшеееееееееееееееееееееееуууууууууууу сіз де келесіз ба?
    rauka
    Сені Астанаға барып көретін болдық қой, қайтеміз енді?
    Daniar-Alan
    қайтемз енд??.. сізден тығылып жүрем енд…
    rauka
    тыгылып кайда барасын?
    TOTY
    Сенбі күні кездесіп, Данияр екеуіміз билет алып қойдық, сонда Семейден амандығын берсе, 21-і күні шығамыз. Пәтер керек-керек емес жағын сәл кейінірек жазармын.
    katipash
    қазнеттің дамуын үлес қосуға уақыт таппай жүрген, бірақ қосуды армандайтын Қатипашты ала кетесіздер ме?
    kazprose
    Студенттер көшеге шығып бір-екі күн гитара тарып, ән айтып келеміз ғой деймін.
    Zhanylai
    Гитара тапсаңдар, қарсы емеспін
    Abylai
    Баршаңызға Ассалаумағалейкум. мені танымайтын шығарсыз )) танымасаңыз Есімім Абылай ) Маңғыстау обл. Ақтау қаласынан боламын. Блогкэмпке тіркеліп, барабымын деп жоспарлап отырмын. Астанада жататын үйді бірдеңе қылып табармын, тек мында белгілетіп, бар екенімді білдіріп кетейін дедім ))
    бұйырса келесі апта оқудың шаруасымен Ақтөбеге барамын, сол жақтан баратын шығармын Астанаға. Ақтөбеден баратындар болса мені де көшке қоссаңыз деймін )) (Нағыз болмаса через Шымкент барамын ))))
    не ғо Ақтаудан кім барады екен )) білмейсіздер ма?
    satibaldi
    мені танымайтын шығарсыз
    Сені танымай жын ұрып па, Абылайсыз ғой!
    timurrr
    Ой неғып, Маңғыстаудан тірі жан шығып жатыр? Мен бармын.
    meirzhan
    Сұрақтың формулировкасы екі мағынада түсінуге жол береді екен.
    zhannin-sayasi
    Біз де Айжан (Кербез) екеуміз келе жатырмыз, ертең билет аламыз, бұйыртса)))
    satibaldi
    О ғоре міне, ғоре!!!
    zhannin-sayasi
    Завидуй молча!
    satibaldi
    Орысша будем стреляться да?
    zhannin-sayasi
    Валяй)
    satibaldi
    Қандай презентация апара жатырсың, сіңлім? "Ғабдиен мұстафиннің тәлімі"?
    zhannin-sayasi
    Жоқ, Әзілхан Нұршайықовтың қанатты сөздері!
    satibaldi
    Презентацияның жатын бөлмеде жүргізілмейтіні қандай өкінішті. Есінеп, парта сүзіп отырғанда суретке түсіріп алатын оңбағандар бар
    zhannin-sayasi
     Әй, сөз табасың))) Сенімен айтысып отырмаймын, давай  Игнор саған)))
    Gastarbaiter
    Түрсіктен кетті білә
    timurrr
    Амандық болса, мен барып қалатын болармын. Отбасылық мәселелермен нақты шешім айта алмай отырмын. Бара қалған жағдайда, жатын мәселесі болмайтын сияқты.
    Marco
    Тірі жандар не болды, Тимуррр))))
    Gulistan
    Демеушілерді табу мәселесі қалай болып жатыр?
    Нағыз болмай жатса, ортақ касса ашамыз ба? Әркім қал-қадірінше тастасын.
    patick
    30 мың теңгені әрең жинаған халықтан не сұрайсың
    Gulistan
    Бүгін Маржанмен сөйлестім. Жағдайды түсіндіріп бергендей болды.
    Негізі барлық шаралар Астанада өтетіндіктен, қорлар да, демеушілер де сол жақтан болғаны жақсы еді.
    Амал нешік?!
    Енді қолда бар аз уақытты пайдаланып, волонтер Маржанның карточкасына ақша тастауға үндеп жатырмын.
    Қателеспесем, күн тәртібінде тұрған мәселелер:
    — демеуші табу (қаражат)
    — БАҚ — пен қарым-қатынас орнату (қателеспесем, Құрылтайдың тыныс-тіршілігі газет, радио не ТВдан насихатталып, баяндалуы керек)
    — пресс-релизді қазақшаға аудару (оған енді кәсіби аудармашылар атсалыспаса..)
    AKY
    Уобщым кв керек деген мыналар:
    Көкбөрі
    Олжас Қасым
    Елдар
    Патик
    Жалғас
    Әбіләкім
    Айкона
    Айдана
    Тоты
    Айқаракөз
    Жанылай
    Маншук
    Гүлістан
    Салтанат Актажиева (мирасасем)
    Маржан
    Назерке
    Гулназ
    Құралай
    Еркеқыз
    Рысгүл

    Тошнысын нақтыласаңдар екен. Жекеге де жаздым, кейбіреулерінен хабар жоқ.
    satibaldi
    Салтанат Актажиева (мирасасем)
    Деанонимизация!!!
    Gulistan
    Жауабын жаздық.

    Басқаларың үнсіз қалмаңдар!
    asaubota
    жігіттер аз ғой! ана бір жігіттің қасына пәтерге адам табылмай жатыр.
    ErNur
    Мен де бармын, осылардың ішіне қосып қой Айгерім?
    AKY
    жақсы, қостым
    a63a1
    неғой бұл топты қалай қалай бөлсеіңдер? бір ұл бір қыз әлде екі қыз бір ұл?
    qisyq
    балалар аз ғой, екі қыз бір ұлдан шығар.
    Gazizkizi
    Сатыбалдыны көру үшін баруға болад негізі...
    salta
    оның көретін түгі де жоқ… асқабақ асқабақ болып қала беред та...
    Gazizkizi
    брабо! Соңғы кезде тек кесілген асқабақтар көріп жүрмін, тұтасын байқамадым осы…
    Gazizkizi
    Маған айтпадыңдар ма, кыбартир іздеуді
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.