Алматылықтар, Блогкэмпке барамыз!

  • Автор

Құрметті алматылық блоггерлер!


Күн тәртібінде екі мәселе:
1. Астанаға қашан шығамыз? Немен барамыз? Жалпы кім қашан жол жүреді?
2. Алматыда блогкэмптен алдын қашан жиналамыз? Астаналық ұйымдастырушылардың бізге берген тапсырмаларын талқылау керек. (Тапсырмаларды елордалықтар жақында айтамыз деген, не сұрағаныдарын өзім де ұқпадым...)

Сонымен, бірінші мәселе бойынша айтайын дегенім, барлығымыз (по возможности) бірге баруға қалай қарайсыздар? Сосын поездпен барамыз ба, әлде молодежкамен ұшамыз ба? Қайткен күнде, билеттерді қазірден бастап брондау керек (егер ұшаққа десеңдер), ал поездқа уже сатып алып бастау керек, билеттер бар кезде. Наурызға жақындағанда түк қалмайтынын ескеріңдер.

Екінші мәселе. Талғат бастаған оргкомитет Алматылықтар көмектесе ала ма екен деватыр. Соны талқылау керек.

Осы. Жазыңдар тез-тез ойларыңды.

madlen

Men blogger emespın

Ұқсас посттар

81 пікір

madlen
Махаббат күні құтты болсын!    

Аршат, туған күніңізбен!
satibaldi
әлде молодежкамен ұшамыз ба?
Жігіттер пойызбен дейд әрине
asaubota
билетті қазірден бастап ала беріңдер. топ болып келсеңдер мына жақтан пәтер дайындап қою да оңай болады.
zztop
бізге не тапсырма?
asaubota
пәтер жалдау, қонақүй алып қою жағынан тәжірибе бар шығар сіздер жақта?
kokbori
Атыраулықтар не деп жатыр екен? Атырау Керектіктерінің біразын танымайтыным тағы бар.
Gulistan
Сөйлесу керек! Өткен кездесуде көтергем, ешкім ештеңе демеді.
Нешесіне дейін тіркелу керек?
Aldeken
Тіркелудің соңғы күні 20 ақпан еді…
Gulistan
Қой, мен Атыраулықтарды бірақ шайқап көрейін
konvict
Мен Тараздан 19 не 20-сы күні шығамын
manfan
мен поезбен баратын шығармын. давай алдын ала жиналайық…
Omarbek
Бүгiн Aлмaты, Шымкент, және Aтырaуғa телефон соғып хaбaрлaсқaм.

Негiзгi мәселе блогкaмпке қaтысты мәселелердi шешу:
-жaрнaмaлaу
-өткiзуге көмектесу
-бiрге ұйымдaсып келу
-тaғы бaсқa мәселелер

Сол үшiн әр қaлaдaғы aдaмдaр жинaлып тaлқылaсa деген ой ғой бaяғы.
asaubota
қандай адамдар КерекВудта!

қош келдің!
Zhan
КерекВудта!
Уау жаңа термин. Күшті
e_zhalgas
пойызбен! кездесіп талқылау керек…
Rozatai
сәлем, Мадлен! әлгінде Астанадан Сәлімгерей аға хабарласты, бірер күнде нақты қажетті көмектерді айтады. Негізгісі, біз Алматыдағы жастарды құрылтайға көптеп тартуымыз, оларды құлақтандыруымыз қажет екен. Флаерлерді Астанадан дайындап беріп жібереміз деп отыр, соларды қаладағы ЖОО іліп шығуымыз керек екен. Өзім ҚазҰУ-ға жауап бере аламын.
Ал, бірге бару мәселесін құптаймын. Біздің арамызда студенттер көп, сондықтан пойызбен барған тиімді деп ойлаймын. Астана сонша қашық емес қой. Жақын аралықта блогкемпке баруға ынталы алматылықтар жиналамыз десең, нақты бір күнге кездесу белгілейік
patick
Әнәс, сендер қайда болса мен сондамын. Пойызда нетісейік десеңдер — пойызда, ұшақта шегейік десеңдер — ұшақта
dark_nazgul
Операторымды жетектеп, өз бетіммен бара берем, маған алаңдамаңдар.
19852407
Оралдықтарға қандай тапсырмаларың бар Асцтона?
БҚО-ның азды-көпті жүгін көтеріп өзім бара берем-ау дим
patick
Оралдықтарға қандай тапсырмаларың бар Асцтона?

Оралдыққа десең дұрыс болатын шығар
Aikona
Осы жұма жиналайық. Сол баяғы Сити де. Сағат 19 00 де. Бәріне хабарлай жүріңдер.
TERISKEY
құп болад!
Zhan
Осы смайликті қоспай-ақ тұр екен. Бәрінен бұрын гитарист Теріскейге жақсы болды. Әнәсс, тарта түсші інім.
Aikona
Сіз, оның караокеде ән айтқанын көөөрсеңіііззззз
Zhan
Даа, оппа. Онда құрылтайға келсе ән салғызып қоямыз. Жақсы болды.
edige
Конактар қайт десе де кайтпай жатканда салады Теріскей...
Zhan
Бәсе содан екен ғой, неге Теріскей деген атты таңдаған десем
Rozatai
Ойбоууу, бұл ағамыздың даусы сұмдық енді! Көзімді бақырайтып қойып «Сенде слух жоқ!» деп тарс еткізген тұлға ғой
Zilola
Саз әлеміне кастингте өтпей қалып па едің?
Rozatai
жоқ, Х-фактор мен «Жұлдыздар фабрикасына»
TERISKEY
 Жан ханымның құрметіне «live»
Zhanylai
Сауалнамадағы презентация үшін студенттердің көбісі тіркеле алмай жүр. Соны ескерсеңіздер.
Rozatai
Жаңылай, презентация деген міндетті түрде жазылуы тиіс орынға "Әзірге ойланып жүрмін. Тақырыбы белгісіз" деп жазуға болады деп оқығанмын бір жерден
Zhanylai
Талғат "ұрсып" олай жазбаңдар дегенді оқымаған сияқтысың
Janasil
Нақты қандай кедергі болып тұр?
Zhanylai
Олар презентация жасамайды. Сауалнамада міндетті түрде тақырыбын жазу керек
Janasil
Прецентация жоқ деп жаза салса болды. /Талғаттікі де дұрыс, ылажы болса жасау керек./
Zhanylai
әрине пойызбен
qisyq
Мадленжан, Мадленжан… уаха, ухахахааххаха… уахахах… кешірім өтінемін, бір анекдот есіме түсіп кетті. Неее… Айконамен келісемін, осы жұма Ситиде жетіде бас қосайық, достасайық. Топ болып бара жатырмыз, мен де поезд дұрыс деп ойлаймын, өзім общий вагонға билет алып қойдым. Блогкемп Блог құрылтай Ұйымдастыру комитетінің Астана қалалық орталық бас басқармасы (ББҚАҚОББ) берген тапсырмаларды бізге — Алматы қалалық Блогкемп Блог құрылтай бөлімшесіне (АҚББҚБ) жеткізерсің.
Rozatai
Қисық, сен өже билет алып қойдың ба? Қандай шалт, қандай тиянақты едің, жезде! Әкеш бетті  
бізге де кездесуден кейін документтерді жинап, бір-ақ алу керек-ау
qisyq
общий вагонға
қой, қалжыңдаймын, алмадым әлі, қазақпыз ғой, 21-і шықсақ, сол 20-сы күні билет іздермін деп отырмын.
Zilola
болмаса тамбурдың мамық едені сені асыға күтеді
izbasar
Кереку-Баян өңірінен барма екен құрылтайға баратын?
rakisheva
ОК! Жұма кездескенше
madlen
Сонымен, осы жұма күні сағат 19.00де Ситиде кездесеміз.
AKY
сөйтейікші Моржигім менің!
19852407
Алатауда жүрмісің не?
madlen
Минскте бұл апай  Конференцияда
patick
сен айтсаң келеміз ғо
кешігіп келетінімді алдын ала айтып қояйын.
dark_nazgul
ох. бүгін шешіледі менің қалай баратыным, не үшін баратыным. Бүк болса адам сияқты командировкамен барам, Астанадан қосымша сюжеттер түсірем. Шік болса, өз бетіммен, жай құрылтайға қатысып қайту үшін барып, туыстарымның үйінде жатам.
19852407
Бәрімізге де бүк түссе екен...
dark_nazgul
бүк түсті
19852407
әп-бәрекелді, біздікі «шешілу процесінде»
dark_nazgul
жақсы шешілсін сенікі де))))
Zilola
Адамды қызықтырып біттіңдер тегі
Gulnur
Ура, қосылдым!!!
madlen
Қош келдіңіз!
Gulnur
Мен де қызығып кеттім, әттең…
edige
Ситида отырмыз… салиқалы әңгімелер айтылып жатыр
estetika91
Бәсе кеше сіз ноутыңызға кіріп кетердей болып отыр едіңіз, енді түсінікті болды қайда отырғаныңыз…
madlen
Тезірек билет алайық, Алматы!!! Скоро ештеме қалмайды
estetika91
Мадлен дұрыс айтады.  Алматылықтар аузымызды ашып жайбарақат жүргенде, билеттер бітіп қалады  Сондықтан, алдын ала алған дұрыс. Осы аптадан қалмай, алайық! Кімде қандай идея бар?
bitanazamat
Ассаламуалейкум! Құрметті Алматы қаласының блоггерлері! Мені ұмытып кетпеңіздер))) Блогқұрылтайға алғаш барайын деп отырмын. Құдай қаласа осы аптаның ішінде поездға билет аламын. Ұйымдасу жағы қалай боп жатыр? Қашан шығамыз дегендей? ЖАУАП ЖАЗЫНЫЗДАР. Рахмет!
Zhanylai
Сәлеметсіз бе?? Кеше қыздар 24не билет аламыз деп жатқан
bitanazamat
Саламатпын. Өзіңіз? 24? Түсінбедім. Наурыз айының 24? ҰЛДАР, ҚАЙДАСЫЗДАР)))
Zhanylai
Керемет!!Флудтамасаңыз, ертең аламыз деп отқан, 27не(осы айдың) алатын болып шешіптіұлдар, қыздар бірге если ышто
bitanazamat
Алматылық блоггерлер! Бүгін бас қосасыздар ма? Танысу керек еді сіздермен…
Tarazkyzy
Туф, бара алмайтынымды қараш (күйіп, пісіп отқан смайлик).Кстати, бүгін түсімде блогкэмпке барыппым, ел-жұртты көріппін деймін.Өңімде ешкімді (почти ешкімді) танымасам да, түсімде бәрін де білетін сияқтымын. Қызық.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.