Блогқұрылтай: жаңа жоспар

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Алтыншы құрылтай да аяқталды.
Қарап тұрсаң, тәулік сайын ауысып, апта сайын түрленіп тұратын қазіргі заманда аз уақыт та емес. Ауыз толтырып айтатын жетістігіміз де жоқ. Сол, майда жеңіс(шік)тер. Ия, жастар көптеп тартылып жатыр, спикерлердің деңгейі өскен, құрылтайға министр келді… бірақ… жазбаның деңгейі өсті ме? Қай блогшы инфографиканы қатырып жасайды? Кім фотошедевр түсірді? Құдай ауу, видеоблогтың өзін күнделікті түсіріп жүрген адам таппайсың ғой..

,-деп жылап бастасаң постты :)
Кеше блог әлемінің ақсақалы бар, қарасақалы бар (Mikhael емес), Көкбөрісі бар ақылдастық. Отыра қалып биылға, келесі жылға жоспар құрып та тастадық. Келесі жылғы блогқұрылтайдың форматын да анықтап тастадық. Бұл мәселелерді негізі құрылтай кезінде (бәріміз бірігіп) айтылуы, талқылануы керек еді, алайда белгілі бір себептерге байланысты өтпеді. Сонымен…

ФОРМАТ

— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді.
Спонсорлар табамыз, қосымша қаржы табамыз, алайда символикалық болса да жарна төлеп келеді қатысушылар.
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.
Әлеуметтік желі мен интернет қолданушылардың жиылысы емес, блогшылардың шарасы болғандықтан, осы бастан блогқа тіркеліп жазба жазуды бастасаңыздар. Мүмкін шектеу де қоярмыз. Мәселен, блогыңызда кемі 20 жазба болуы тиіс деген секілді.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді.
Өзін-өзі мойындатқан блогшыларға артықшылықтар беріледі. Ол жарна төлемеу, жатын орынды ұйымдастырушылар көтеру, жол ақысын ұйымдастырушылар көтеру секілді тағы да басқа жеңілдіктер берілуі мүмкін.
— Үздіктер анықталады.
«Жыл блогері», «Жыл жаңалығы», "Үздік видеоблогер" секілді тағы да басқа номинациялар беріліп үздіктерді анықтап отырамыз.
— Қай өңірде өтетінін өзіміз анықтаймыз.
Әкімшіліктермен хабарласып, қай өңір қабылдауға дайын екені анықталған соң дауыс беру арқылы өңірді анықтаймыз. Әкімшілік спонсор емес, қолдаушы (орын, автобус т.б.) ретінде қатыстырылуы мүмкін.

Онан бөлек...
Блогкемп аясында тағы да 4 шара ұйымдастыруға тырысамыз.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Астана қаласында мамыр мейрамдары кезінде өтеді. Әзірге 8-9 мамыр деп отырмыз, бірақ датасы өзгеруі мүмкін. Аты айтып тұрғандай тақырыптар видеоға арналады. Ішіне: видеоблог, сценарий, жарық қою, ютюб баптаулары, монетизация секілді көптеген тақырыптар кіреді.
Шара ақылы. Суммасы 5000 теңгенің жобасында болуы мүмкін. Онан асырмауға тырысамыз. Қатысушылар шектеусіз (яғни тек блогшылар ғана қатысады деген шарт жоқ).

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара тамыз-шілде айларында Шымкент қаласында өтеді. Форматы былтырғы «Жазғы мектеп» секілді. Тақырып: мәтін. Яғни, мәтін жазу, тақырып қою, пост құрылымы, СММ тағы да басқа мәселелерге арналады.
Шара ақылы. Нақты сомасын қазір айта алмаймыз, бірақ 20-25 000 шамасында болады. Қатысушылар шектеулі. 50-60 адамнан аспауы тиіс. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Шара Алматы қаласында қазан айында өтеді. Фото түсіру, ракурс, фото жанрлары, жарық таңдау тағы да басқа мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

BlogCamp: Блогқұрылтай: жаңа жоспар

Барлық шараның қорытындысы есебінде «Астана интернет форумы» өтеді. Бұл жерде тек қана блог емес, интернет мәселелері, ақпараттық қауіпсіздік, ІТ секілді көптеген мәселелерге арналады. Шара ақылы. Шамамен 5000-10000 жобасында болады. Бұл шараға да кез-келген адам қатыса алады. Тек қана блогшылар болсын деген шектеу жоқ.

Әзірге осы. Жаңалықтар болса хабарландырып тұрамыз ;)

Ұқсас посттар

4 пікір

eldar
— Келесі жылы блогқұрылтай ақылы негізде өтеді. — сұмдық, ақылы баркемп тек қана Қазақстанда шығар… *lol*
— Тек блогшылар ғана қатыстырылады.- :) бұл дұрыс.
— Блогшылар арасында рейтинг жүреді. — Үздіктер анықталады. -екеуі бір әңгіме сияқты ма? Десекте, есептеу ашық түрде болса, тіпті адамдар қатыспаса супер болар еді.

"Әкімшіліктермен хабарласып..." — Кім ойлап тапқан осы блогкемпке демеуші ретінде әкімшілікті алуды? Қолдаушы болсада… әкімшілік келген жерде «неформальный» деген форматтан бірден айырыласыңдар. Блогкемп өзінің еркін духынан айырылады. Доғару керек мұныда.

Қалған үш шара «blogcamp: video, word, photo» деген тренинг немесе мастер класс дегенге келеді… баркемп форматына тіпті қатысы жоқ, тем более ақылы V_v әр істі өз атымен атаық, бұлардың ақылы болуына қарсы емеспін.
asaubota
Шымкемп қашан?
Daniar-Alan
Июннің ортасы )
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.