"Астана интернет форумы - 2015": Ақпараттық қауіпсіздік

BlogCamp: Астана интернет форумы - 2015: Ақпараттық қауіпсіздік

2015 жылғы 4 желтоқсанда Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Шараны «Нұр Отан» партиясы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, форумға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры ресми қолдау білдірді.
Форумға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бiрiншi орынбасарының кеңесшiсi Берік Уәли, «Жігер. Абырой. Сана» Қоғамдық Қорының директоры Есен Елеукен, Ұлттық интернет ассоциациасының президенті Серікқазы Кәкібаланов, сонымен қатар IT-саласының мамандары, танымал блогерлер қатысады.
Алдыңғы өткен І-ІІ Астана Интернет форумына елімізден және шетелден 200-ге жуық адам қатысқан. Онда көтерілген, талқыға салынған мәселелердің өзектілігі оны еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар басқосуға айналдырды.
Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты — қазақ тілінде контент жасаушыларды және портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.
Биылғы форум тақырыбы – ақпараттық кеңістіктігіміздің қауіпсіздік мәселелеріне арналады. Атап айтқанда, ақпараттық қысым және дезинформация, әлеуметтік желілердегі діни-экстремисттік идеология, интернет желісіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әлеуметтік-саяси және техникалық аспектілері, тағы да басқа көкейтесті мәселелер көтеріледі. Сонымен қатар, журналистика мәселелерін зерттеу институтының құрған Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы қазақтілді сайттардың рейтингі нәтижесі келесідей номинациялар бойынша үздік сайттар анықталып, марапатталады:
— Ақпараттық сайттар;
— Корпоротивтік және жеке сайттар;
— Салалық сайттар;
— Мекемелер мен ұйымдар сайттары;
— Қоғамдық-әлеуметтік сайттар.

Байқауға қатысу үшін қарашаның 25 дейін iforum.kz сайтындағы тіркелу формасын толтыру немесе Sanaq.kz сайтына өтіп тіркелу қажет (Sanaq.kz-те бұрыннан тіркелген сайттар байқауға автоматты түрде қатысады).
Жеңімпаздар тізімі барлық республикалық БАҚ-тарда жарияланып, ақпараттық қолдауға ие болады.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы, форум аясында қазақстандық ІТ мамандар жасаған бағдарламалық жасақтамалар, робототехника, мобильді қосымшалар басқа да инновациялық өнімдер көрмесі өтеді.

Ұқсас посттар

7 пікір

Daniar-Alan
Форумның өзіне мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.
Nura
Барып көруге бола ма?
asaubota
студент жастарға пайдалы болады деп ойлаймын. адамдармен танысып, білмеген жерлеріңнен сұрақтар қойып дегендей. жалпы оффлайн жиындардан қалмаған дұрыс
DinaAbdigalieva
Менде осы жайлы естідім, бірақ қанша барғым келсе де бара алмаймын.:( Оқудың ақшасын төлеу керек дегендей, барлығы ақшаға тірелуде. Бізден шамамен он шақты студент барып қалады.
Ispek92
Олар ештеңеге тірелмеген бе? Келетіндер)
DinaAbdigalieva
Білмедім, тіркелгендей
AL-ASTER
Боларынан, боладысы қызық болып жатыр ;)
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.