Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

  • Автор
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Иә, шынымен, мерейтойға бергісіз өтті. Банкет, мол дастархан, табақ тарту, бас ұсыну, сыйлық сыйлау, шапан жабу… Додасы бар, доданың жеңгені бар, ән, би… Көңілді. Бірақ әңгіме онда емес.

1-күн

20-түнгі препатиден титықтап шыққан біздер, шаршағанымызға қарамастан 21 күні «Талдықорған, қайдасың» деп тартып отырдық. «Шаршағанымызға қарамастан» деп қоям өзімше, дайын автобус тұрғанда. Жол ұзақ екен. Жолай тау арасына бұрылып, Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемлекеттік музейіне соға кеттік. Шоқанның көзіндей боп қалған эксклюзив экспонаттарды тамашаладық.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Сол жерден түскі ас ішіп алып, кешке облыс әкімінің атынан берілген асқа топ ете қалдық. Оркестр…

2-күн

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Таңғы асты іше сала наурыз тойлауды бастап кеттік, алаңда мерекелік шаралардың куәсі боп, концерт көрдік. Одан кейін Алматы облысы өлкетану мұражайы, Алматы облысы көркемөнер галереясы,

BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Тіл сарайы, медиаорталық
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
т.б. жерлерді аралап, жаңадан салынған спорттық кешенде волейбол, футбол ойындарына кірістік. Тіпті су жаңа формамызға дейін дайын екен.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой

Жалғас пен Абылайдың бойындағы жауапкершілікке ризамын, автобуста «ертеңгі ресми бөлімнің форматына уайымдаймыз» деп отырған, кешкілік әлі де көп нәрсенің мәнісіне жете алмай жүрген жастарды жинап алып, жақсылап инструктаж өткізді. Жастармен жақынырақ таныстық. Ертеңгі мастер-кластарда жасқанбай сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісуге кеңес берілді. Тура сол отырыс дұрыс шешім болды, себебі қыз-жігіттердің кескіндерінен «уфф» деген бір жеңілдік байқағандай болдым.

3-күн

Тіркелдік. Папкідегі бұйымдарды көріп жымыңдасқан жамағат. Мына жақта додекаэдр үстел, ана жақта сессиялар. Кешегі отырыстан соң ба, Жалғастың мастер-классына қызығушылық танытқандар көп. «Жалғас ағай, Жалғас ағай» болды да қалды оЧм. Абылай «HTML шәйнектерге» тақырыбына мен аздап көмектескен болдым. Гастаның мастер-классы интервьюге ұласты.
BlogCamp: Блогкемп. 5 жылдық мерейтой
Өзгелердікіне қатыса алмадым.
Ресми бөлімдегі сессиялар аздау секілді, бірақ бірдеңе үйренем деушілерге жеткілікті болды деп ойлаймын. Әрі қарай өз қабілеттеріне қарай көре жатар.

Ұнағаны: жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылық, қонақжайлылық, жастар саясаты басқармасының кез-келген уақытта жанымыздан табылуы, әкімшіліктегілердің қарапайымдылығы, бізге көрсетілген зор құрмет.

Ұнамағаны: тағы да жастар саясаты басқармасының қыз-жігіттерінің кез-келген уақытта (тіпті, қажетсіз кезде) жанымыздан табылуы, балабақшаның балаларындай қақпайлауы, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік бермеуі. Оларды да түсінуге болады дегенмен біз де есі дұрыс адамдармыз ғой.

Осы бары. Негізі бұл формат шаршаған. Блогкемптен блогтурға қарай ауысып бара жатыр. Бір тың серпіліс керек.
AKY

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ

    Ұқсас посттар

    16 пікір

    zholantai
    ең дұрыс формат: келемін деушілердің өзара тиын тастап, сол тиынға тау арасынан, не көл жағасынан, не тағы басқа жерден, бастысы қала іші болмаса болғаны, бірнеше коттедж жалдап, ала-қотан отыра қалып, мастер-класс өткеріп, тренингтер ұйымдастырып, ресми және ресми емес бөлім дегендерді жойып жіберіп, өткізу
    asaubota
    Құдай-ау, адамзат Storify-ды не үшін ойлап тапты? :)
    qonyrbai
    Сторифай деген не сонда?
    zholantai
    социалькалардағы посттарды жинап беруші, по хештегу :)
    AKY
    Сенің сүйікті сервисің ғой)))
    Кейін қосып қоярмын)
    KerimAyankyzy
    Маған пікіріңізді, білетіңізді бөліскеніңіз ұнады, рахмет!))
    NazerkeNysanbaeva
    Бәрімен бір қадам болса да жақынырақ танысқаныма қуаныштымын! Осы сапарға барып қайтқаныма өкінбеймін! Әйгерім, сізге риза болдым. Білгеніңіз бен түйгеніңізді бөліскеніңіз үшін, өнеріңізбен көңілімізді көтергеніңіз үшін. ;) :)
    AKY
    Рахмет, Назерке, мен де танысқаныма қуаныштымын)) Бір қаладамыз ғой енді, жиі көрісіп тұратын шығармыз )))
    NazerkeNysanbaeva
    Әрине, Әйгерім! Сіздер шақырып тұрсаңыздар, біздер бас тартпауға тырысамыз!
    Daniar-Alan
    Неге сіз шақырмайсыз ал? :)
    NazerkeNysanbaeva
    Сендер көпсіңдер, ал Мен біреумін! :)) Негізінде мүмкіндік болса, сендерде құлшыныс болса, Мен де шақырудан бас тартпаймын! ;)
    Gastarbaiter
    «Бұл журналистер емес, блогерлер ғой, еркіндікке үйренген, бұйырса, қырсығып қалады...» ©
    NazerkeNysanbaeva
    Асқар, «Бұл журналистер емес, блогерлер ғой, еркіндікке үйренген, бұйырса, қырсығып қалады...» © бұл сөйлем маған қаратыла айтылды ма? Солай болса, нені меңзегеніңізді түсінбедім.
    Rafaello
    Биыл тағы да менсіз өтті Құрылтайларың ;)
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.