БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.

  • Автор
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
BlogCamp туралы
Қай БлогКемп болмасын, өзінше бір ерекшелігімен есте қалады. Қарағандыда өткен шараны да басқаларымен шатастыра алмаймын, ешқашан.

Күтіп алу, орналастыру, бос уақытты тиімді өткізу жағы жақсы ұйымдастырылған. Бұл ретте Айсұлтанның, Ләззат апайдың және Облыс әкімдігі мамандарының ерен еңбегін айрықша атап өту қажет.

BlogCamp форматы туралы жыл сайын сөз қозғалады. Бұл шара өте бейресми, тусовкалы-танымдық бағытта өтуі қажет, менің ойымша. Бірақ «Кім төлесе — музыканы сол тыңдайды». Шымкентте де, Қарағандыда да бас демеуші — әкімдік болды. Сол себепті олар өздері бекіткен бағдарламамен өткізді. Биыл «BlogCamp» деген сөздің мүлдем болмауы аздап күмілжітті.

Мен бұны теріс деп айтқым келмейді. Әкімдіктің өз іс-шаралар жоспары мен мақсат-міндеттері бар. Қаржы да мемлекеттікі. Сол себепті олар диктаттауға әбден құқылы. Бірақ деймін де, басталуы кемптен гөрі, медиа-форумға ұқсап кетті.

Менің ойымша, блогкемпті құрметті қонақтарсыз, ресми тұлғаларсыз өткізе аламыз. Соған ұмтылуымыз да керек.

Блогшылар биыл іріктелді, сапаға бет бұру үшін. Бірақ таңдаулылар арасында да алдын ала келісілген нәрседен бас тартып, аздап абыржытқандар болды. Мысалы, Айсұлтан пәтер мәселесін өзі шапқылап жүріп әрең дегенде шешіп, өз қалтасынан ақша шығарып брондаған еді. Дайын пәтерге келмей, басқа пәтер жалдамақ болғандардың кесірінен ол бірқатар қаржысынан айырылды. Осындай кертартпалықтарды болдырмау үшін, алдағы уақытта БлогҚұрылтайға тіркелуді ақылы ету туралы айтылды. Бұл тәсіл арқылы шынымен келгісі келетіндер сұрыпталады деп ойлаймын.

BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
Қарағанды
Қала — туған қалам Атырауды аздап еске түсіргендей болды: ластау, жолдары нашарлау екен. Бірақ қаланың үлкендігі архитектурасынан, атмосферасынан сезіліп тұрады. Тарихи ескерткіштерге, сауда орындарына бай қала екен. Адамдарының бойынан іскерлікті, шаруақорлықты байқадым. Долинка — Шахтинск — Теміртау бағытындағы турдың жоғары деңгейде ұйымдастырылу осының мысалы.

Бәрімен қуана қауышып, қимай қоштастым. Жалпы алған әсерім — негативінен гөрі, позитиві басым. Келесі кемпте кездескенше! Aloha!

Телефонға түсіріп үлгерген фотолармен бөлісе кетейін:
Қарағандыдан түсіргендерім
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.

Карлагтың орталық басқармасына барғанда түсіргендерім

Теміртауға барғанда
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.
BlogCamp: БлогҚұрылтай - 2014. Patick көзімен.

Ұқсас посттар

17 пікір

abzalsariyev
Қарағанды бардың ба?
Теміртауды көрдің бе?
bizbike
Атырау қазір таза, жолдары да жақсы. Қарағанды да керім екен, үлкен екен.
Соңғы түзету:
Adiletshu
Сіз де болдыңыз ба блогкэмпте
bizbike
Жоқ, екінші жыл арманда қалдым.
Ispek92
Келесі жолы әбизөк барамыз бармағандар, менде осы жолы арманда қалдым
Adiletshu
Қызылордада болады дейді
Ispek92
Нақты шешімін күтеміз және қолдан келгенше көмектесуге тырысамын. Қызылордалық ұйымдастырушылармен танысу қажет болды онда, кімдерді танисың сырттай болса да? Қызылордадан кімдер бар жалпы Қазнетте нан тауып жүрген, болмаса осындай блогсфераларды жазып тұратын. Мен Ал — Астер мен АКА-ны сырттай ғана біледі екенмін
Adiletshu
Ал-Астер Қызылордадан емес. Сабонис, Гастарбайтер
Ispek92
Қателестім онда, Гаста бар екен ғой бас болатын)))
Gastarbaiter
Гаста Қызылордадан емес, Шиеліден. Қызылордада ешқашан тұрған емеспін. Көшіп келіп жатсам, әңгіме басқа.
Ол түгіл Қызылордалық фейсбукерлердің жиынынан еш хабарым жоқ.
Шымкенттіктер мен Алматылықтарды жиірек көремін мен, Қызылордалықтардан.
Сабонис пен Ерболдан басқасын танымаймын да. Олардың өздерін блогкемпте көрдім соңғы рет.
Соңғы түзету:
Ispek92
Алайда осынау ұлы жиын біздің елде өтетін болса бас біріктіретініміз анық қой я ағасы, арамыздағы үлкені де өзіңіз боп тұрсыз-ау
zholantai
фотоларды түсірген телефон моделі?
patick
Google Nexus 4
zholantai
жақсы алад екен, боямасыз, түстері шынайы,
patick
дык, HDR-ы бар ғой
zholantai
уау, зор,. зор, видео салшы, HDR-мен түсірілген, менің Nexus5 ке ойым кетіп жүр,
patick
Бір жаманы HDR тек фотода
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.