Блоггерлерді күтіп алу

  • Автор
Тойдың болғанынан боладысы қызық деп, БлогКэмпке 5 күн ғана қалды ағайын. Бір-екі күн айналасында алыста ағайындар пойызға отыра бастайды.
Ұйымдастырушылар түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған шығар иа? Қанша дегенмен, алғаш рет ұйымдастырып отырғаннан кейін көп уайымдайды ғой. Дегенмен, бәрі жақсы өтеді деп сенемін!
Бұл бәріміздің алғашқы бас қосуымыз болғандықтан да бәріміз бірдей ат салысып, жақсы өткізуге тырысайық.
Алматы қаласы және алматылық блоггерлер сіздерді қуана қарсы алады! Алматыда жолыққанша құрметті блоггерлер!
Менің айтайын дегенім алыстан келетін қонақтарға өздеріңізді күтіп алу үшін мына кісілерге хабарласа аласыздар:
1. Димаш- qisyq.wordpress.com/- 8702 4901767
2. Жалғас- yertay.wordpress.com/- 8702 5467107
3. Мейіржан- kazprose.wordpress.com/- 8702 4661941- Қытайдан және Моңғолиядан келетін кісілерді күтіп алады.
4. Қуаныш- www.on.kz/u22984/blog/- 8 707 369 64 26 — Сайран арқылы келетін кісілерді күтіп алады.
5. Нұржан- kaztarih.wordpress.com/- 8700 4705713
6. Айкона- 12aikon1986.wordpress.com/- 8702 4257854- мен жалпы басшылық деп па :)))Күтіп алу жағынан.

1. Егер өз туыстарым, достарым күтіп алады деген кісілер болса осы жерге жазып кетсе дұрыс болар еді. 2. Келетін күндеріңізді, уақытын, түсетін орындарыңызды (т/ж вокзалы 1,2; Сайран, саяхат, аэропорт) осында жариялап қойыңыздар. Біз кімді-кім күтіп алатыны жайлы өзіміз бөліп аламыз.

Ұқсас посттар

120 пікір

Aikona
Егер өз туыстарым, достарым күтіп алады деген кісілер болса осы жерге жазып кетсе дұрыс болар еді. Рахмет!
Aikona
Қосымша 2. Келетін күндеріңізді, уақытын, түсетін орындарыңызды (т/ж вокзалы 1,2; Сайран, саяхат, аэропорт) осында жариялап қойыңыздар.
patick
мен жалпы басшылық деп па :)))

Жалпы, тек бастық блогерлерді күтіп аласың ба? :)
Aikona
Аха, ))) Қалжың ғой.
patick
Туууу, қалжың ба?! Мен рас деп ойлап қалсам.
Nurgisa
:)))) общее администрирование ғой деймін Айконаның айтқысы келгені.
Мықты екен осындай қамқорлық қарастырылып жатса шет-жақыннан келіп жатқандарға.
urimtal
Алматылықтардан машинасы барлар хабарласса жақсы болар еді. Шетелден ұшақпен келетіндерді бейсенбі күні түнде және таңертең күтіп алуымыз керек.

Блог құрылтай деген табличка жасап қою керек :)
patick
Кыдай жірек Айка «Монти» бар ғой оған :)
Abilakim
Мен Алматы-1ден түсемін, таңғы алтыдан аса. Сонда кімге хабарласамын
Nurgisa
Келіншегіңе. «Аман есен жеттім» деп :) ;)
Abilakim
Аялдаманың оң жағы мен сол жағын түсіндірсеңдер тауып барармыз 9-ға дейін))))
Алтын басым аман болса алтыдан аса түсемін))))
Темір аяғым аман болса тоғызға дейін жетемін))))
patick
Есің кем ба, таңғы алтыда түсіп :)
qisyq
Қай күні? Нақты сағат қаншада? Қандай киімде боласың? Бойың, салмағың? Көңіл-күйің қандай болады?
Abilakim
19-ы күні.Алматы 1 дің вокзалында қарсақ ішікті (қасқыр ішік киюге жас келіңкіремейді), түлкі тымақты, Ақсу-Аюлының арқарының мүйізінен жасалған шақшасын саптамасының өкшесіне қағып атып тұрған қазаты көрсең, ол-мен!
Nurgisa
Қайран, малдар-ай… ;)
Abilakim
ана Димаштарың өшіп жатыр ғой, соткасын айтамын.
qisyq
Димаш Бішкекте саған нәски іздеп жүр)))))))))))))))))
patick
бұттан біржола кетті.
Abilakim
Тесік нәскимен баратын болдым -ау, роумингұрғыр…
omarbirat
Шұлғау ше, шұлғау?
qisyq
Пима-калош болса, нәски не керек? Шыдай тұр, аямай саған бір қырғыздың он сомдық нәскиін алып келемін:)
urimtal
Димаштың Бішкекте қызуы көтеріліп, ауырып жатыр деп естіп едік. Рас па екен? Әлде Дордой деген ауру ма?
Abilakim
Дордай болса жазылар Борбай болса қайтеміз?!
sammita
:)))))))))))))))) Қисық:)))
әй, Әбіләкім, жүрген жерің қып-қызыл шығын болайын деп тұр:))))
19852407
)))))))))))))))))))))))
біржола бәріне жаңа шұлық сатып ап келе салсыншы а!
Aikona
Сізді күтіп алу жағын қарастырамыз ғой.)))
urimtal
Пойызыңыз Екінші Алматыға дейін барса, екінші Алматыдан түссеңіз жету жақсы болады.
Abilakim
1-шіге дейін болып тұр ғой пойызы құрығыр
Abilakim
Машинисттің қалтасына екі жүз теңгені тықсам Алматыға апарар ма екен?!
urimtal
Бірінші Алматыдан екінші Алматыға дейін таксистер ақшаны өкіртіп алады. Бірінші Алматы жақта тұратындарға хабарласайық. Көлігі болса, жеткізіп салар. Қарағандыдан оларға бір сарқыт әкелсеңіз болды ғой ;)
Nurgisa
Көп емес, бір-екі шелек таза көмірден болса…
Abilakim
Сол пойызға қарағандылық бір қыз отырмақшы… Динара атты
urimtal
Әбеке, байқас болшы!
Бүгін түнде шұғыл әрекет ету қызметі «Алматы-1» темір жол вокзалында жарылғыш зат іздеді
Abilakim
БАсымызды бір қосылғанда жер сілкінгелі жатыр дей ме ол жақта?
Abilakim
Негізі менің «Тұзым жеңіл» түрлі оқиғаларға тап болуым мүмкін…
urimtal
1-2 балдық жер дүмпуі сезілуі мүмкін деген.
19852407
Бәсе, бәсе, сен екен ғой бәрін бүлдіргелі отырған. Жете алмаймыз ба деп уайым жеп отырмыз)))
Не ғой, сәуәрдің екінші жартысында Оралға келмей-ақ қойыңызшы, жер дүмпілдеп жүрер бізде де…
))))))))))))))))
asaubota
сәуірдің 15-інен кейін не болады Оралда? менің досым үйленетін еді, 16-сында, бара алмайын деп жатырмын.
19852407
Досыңыздың аты-жөнін, той болатын мейрамхананың әдресін, күнін жаза салыңыз осы жерге.Сағаты белгілі.Жеңеше екеуіңіздің атыңыздан барып қайтайық)))
asaubota
Дәурен ғо аты, 80-шы жылғы. барып қалуым да мүмкін болып жатыр :)
Abilakim
Онда Қалиевке сәлем айта сал)))
19852407
Құр аяққа бата жүрмейді ғой)))
sammita
Әбіләкімді күтіп әуре болмаңдар, 6-да түсіп, жүгіріп барады, адресін айтсаңдар болды.
«Ағзам демалып тұрған кезде азанда жүгіріп отыруды ұйғардым.»
Nurgisa
Байқаймын, соңғы кезде қатыгез боп барасың… :)))
sammita
:))) мына сөзіне мән бердіңдер ме:
«Темір аяғым аман болса тоғызға дейін жетемін))))»
omarbirat
Қонақ үйге дейін трамваймен баратын шығар, мүмкін. Пойыз бен ДТ-дан басқа темір дөңгелекті көлік — сол ғана. :)
Nurgisa
Әбіләкім эстет экэн…
patick
Трамваймен барсын онда, кемпірлермен танысып жолшыбай ))))))))))
sammita
сосын Алматының қоғамдық көліктері туралы блогқа жазсын әсерін:)
Janasil
Ал іске сәт!!! Барлығы жоспардағыдай болсын!!!
asaubota
бұйырса мен және Салтан 19-ы күні таңғы 5-30да түсеміз. күтемін деп әуре болмай, одан да ұйқыларыңды қандырып алыңдар. біз өзіміз жетерміз.

алматылықтардың ұйымшылдықтарына ризамын!
Nurgisa
Келісем, ұйымшылдыққа керемет тәнті боп отырмын!
Біз Кәмшат екеумізді күтіп алады, өзіміз жетеміз.
19 күні сағат ондардың жобасында қарамызды көрсетіп қалармыз, құдай қаласа.
urimtal
Наурызға сыйлық деп Астананың аязын қоса ала келмесеңіздер болды. Бізде күшті! Көктем!!!
Abilakim
Пимамның сыртына галош ала салайын, бізде қыс…
qisyq
Күпәйкені ұмытпа.
TOTY
Бізде де өкіртіп қар жауып тұр...қыстық киім түскен жоқ әлі…
omarbirat
Қыстық киім Алматыда да керек боп қалады. Бүгін күн тағы бұзылып тұр :)
Abilakim
Қонақ үйдің атын айтсаңдар жеткілікті, тіл бар Құдайға шүкір
Aikona
Қонақ үй жайлы кейінірек жазып қыстырамыз осы жерге. Мынау дегенмен қонақтарды күтіп алуға бөлінген кісілер тізімі.
urimtal
Қонақ үйдің иесі менің қазақшамды түсіне алмай әлек болып жатыр :) Акцентпен сөйлейсіз де, ме, әйтеуір біраз сынап алды ғой.

Қонақ үй бүгін кешке дейін нақты белгілі болады. Сол кезде хабар беремін. Егер біреу тағы қонақ үйде тұрамын десе, хабар берсін. Бронь жасап қоямын, инш!

Стандартный номер бір күнге 9 000+таңғы ас. Қала орталығында.
timurrr
Біз әлі билеттің хабарын күтіп отырмыз…
urimtal
Билетті алдыңдар ғой?
AKY
Өзім тауып барам Айконы))) Шабаданыммен тікелей кимэпке))) Не ғо, жұмыстан сұрандым, ЙЕС!!!
urimtal
КИМЭП-те жұма түстен кейін боламыз.
monti
5 күн демалад дейд па?
еркін жүріп/тұрад…
Gastarbaiter
Лібә, ескі құдалар сияқты ғой әңгімелерің)))Комьюнити деп осыны айт.
AKY
Құдайға шүкір)))
balzaminka
Құрметті, ұйымдастырушы қауым, мені күтіп алады, ниеттеріңізге рахмет! Тек бағдарламамен таныстырып кетсеңіздер. Қашан, нешеде, қайда болу керек?
ПС: он сегізінде түстен кейін тұседі екенмін.
AKY
Ия, әлгі бейресмилерің туралы айтып өтсеңіздер))) Қандай программа деген сияқты;))
patick
Биресми дегеннен ақ белгілі емес па?! Би және ресми.
AKY
әрәқ ше?
patick
Білмедім, арақ жағына Асхат Еркімбай жауап береді :)
AKY
Сен тек би жағына жауап бересің ғой, мен дұрыс түсіндім бе?)
urimtal
оппа! Ағарғаннан наурыз көже ішеміз деп едік қой? ;)
patick
ұялған 3D смайл :)
edige
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» с Рatickтің көршісі ӘШӨК
talgatjez
Қостанайдан келетін біз, Еркебұлан (debatekz.wordpress.com) мен Талғат (matemkz.wordpress.com), қаланы аз-маз білеміз. Баратын қонақ үйдің адресін біліп алғаннан кейін өзіміз жетерміз. Ниеттеріңізге рахмет!
TOTY
Мен де Алматылықтардың ұйымшылдық, бауырмалдықтарына риза болп отырмын.Көп рахмет. Құдай қаласа, мен жұма күні түске жақын жетемін. Туыстарым күтіп алады.
berkut
Машаллах! сондай қуанып қалдым!!! Астаналықтарды кім күтіп алады екен ә? Қисық брат па екен?
berkut
Буйырса, Салтан хазірет, Аршат ұстаз, Бүркіт оқымыстылар 19 күні таңғы сағат 5 те Алматы 1 ден түседі екен. Жай хабарландыру ғо… Жолыққанша, достар!!!
asaubota
Бүркіт те біздің пойызда ма екен?
berkut
Асаубота, сіз қай вагонда боласыз?
asaubota
1-ші вагон, 1-ші купе, 1-ші орын :)
berkut
Сатыпалдының жазбасындағыдай 111 ме?
asaubota
оххх! ол қайтардағы орыным екен. барарда 8-ші вагон :)
Gulistan
Дүбірлі той болады білем:)
asaubota
мас болып қалып, төбелес шығаратындар да болатын шығар :)
berkut
Асау боталар ішсе жаман болатын шыгар?
asaubota
ондай жерлерде норманы азайтамыз ғой :)
Abilakim
ал, егер «Тобылдың» жанкүйерлері болып қалса ше арамызда…
zheniskaz
Норманы азайтып емес, мүлдем… түсінесің ғой!
zheniskaz
Ассаламу алайкум! Жұмыстарыма байланысты түнгілік ұшақтағыларды күтуге көлік жағынан үлесімді қосайын.
Кеш қалмасам Аршаттарды күтіп алу мені қуантады. Жақсы таныймын дегенімғой. Байланыс телефонымды urimtal мырза мен Аршат мырзалар біледі. Жол еределерін көрсету шарт емес, бірақ қайдан қайда жүру керектігін көрсетсе игі іс болар еді.
Aikona
жақсы болар еді. Асхат аға ескертіп қойдым :)))
zheniskaz
Жақсы ендеше, Асхатпен ақылдасармыз.
zheniskaz
Сонымен Әбілакімді, Қостанайлық Талғатты, Аршат пен Салтанатты, келіншегімен Тимурды күтіп алуға бел будым иншаАллаһ.
Abilakim
Рахмет қарағым, менен қайтпайды ғой, Құдайдан қайтсын
zheniskaz
Бізге керегі Құдайдан қайтқаны болып отырғой. Тек Аллаһ разы болсын деп разылығын тілесең жетіп жатыр.
Abilakim
Мен разы болдым, ел разы болды.Алла амал дәптеріңе сауап жазып қояр, тек мынауыңды мына жазбамнан кейін оқыдым))) Сәйкестігін-ай!
asaubota
рахмет Жәке, қиын болмаса 19-ы күні таңғы сағат 05-00де Алматы-2ден күтіп алсаңыз болады.

Асхат, менде мындай сұрақтар болып тұр, мүмкін арнайы пост жазарсың блогкэмп бағдарламасы туралы:

— Блогкэмпке спорт киімдерімізді ала келейік пе? әлде қонақүйге соғып, заттарымызды алып шығатын уақыт болады ма?

— Қонақүй мен блогкэмп өтетін жер жақын ба?

— Ауа райы қалай болады, жеңіл курткамен келсек болады ма Астанадағы қалың киімімізді тастап?
Abilakim
Мені де осы сауалдар мазалап отыр. Пойызға дейін таксимен барып, аяғыма туфли киіп шыға салсам ба деп отырмын
sammita
Африкаға бара жатырсың ба:)))))))))) Туфлиге ерте шығар, кеше Алматыда қар жауды деп жатқан.
zheniskaz
Аршеке қиындық тудырмайды иншаАллаһ.
Қонақ үй мен Блогкэмп болатын жер жакын деугеде болады. Пробка бола бермейтін кошеде орналаскан екі арасы.
zheniskaz
Алмтыда борап түнімен қалың қар жауған болатын. Дегенмен артынан күн шығып қар ери бастағанына бүгін екі күн болды. Бірақ ерігенде тек көшелер ғана еруде. Ал айналадағы қарлар оңайлықпен бүгін ертең ери қоймайтын шығар. Аллаһ білуші.
Әйтсе де күннің таң мен кешке қарай суытатынын ескеріп қалыңдау киімдерді де, күндіз күннің жүзі көрініп жылылау болатынын ескеріп жеңіл киімдіде жол дорбасына сала келгеннің пайдасы мол деп ойлаймын.
Abilakim
Жүрейік сол сығандар құсап дорба арқалап десең ә))))
sammita
«Блоггер болған құшті. Ғұә» ©СаянҮш ©
zheniskaz
Талғат пен Еркебұланды күтіп алуға кеттім!
asaubota
joldamyz
sammita
уау!
«Ақша бетін албырап,
Кеткенің бе сәулем-ай»:))))) Жолдарың оң болсын! Балқаштан балық ала сал, жол бойы ермек болады:))
Gastarbaiter
Сен де бармадың ба не?
urimtal
Dean Cox келді Стокгольмнен. Францияда келе жатқан Ayter-дің Түркияға ұшағы кеш келіп, Алматы рейсіне үлгере алмады. Ертең келеді. Жеңіс Қостанайдан Талғат пен Еркебұланды күтіп алды. Ербол Павлодардан Айжан мен Өмірбекті күтіп алды. Енді кешке қарай келетіндері бар, сосын үшке қарай Бальзаминка келеді.
asaubota
Chuda turmyz, 1 korobok satyp aldym peronda. zajigalkanyn gazy bitip kalypty.
Dinara
Франциядағы Айтер деген кісі Алматыға бара жатырмын деп еді, құрылтайға келе жатыр екен ғой. не ғой, наурыз көжеден әбден ішкізіп жіберіңіздер буйырса, көк базарда сатылады ма деп сұрап жатқан еді :)))
сурет, видеоларды көптеп бөлісіңіздер, құрылтай өз мақсатына жетіп, нәтижелі болсын!
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.