Шеңберден шық! Маскаңды шеш! (с)

  • Автор
BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
«Шеңберден шық! Маскаңды шеш!» © Аршат Оразов


Мен көрген «Блогқұрылтай-2013» өз мәресіне жетті. Бәріміз өз қорытындымызды жариялап, суреттер мен видеоларды бөлісудеміз. Мен де осыған өз үлесімді қосайын. Бастадық…

1. TEXAS
22-наурыз. Таңғы сағат 9:00. Шымкент вокзалы.
Қызылордадан келген пойызды Шымкенттен Көркем күтіп алды. Бір жылдан кейінгі кездесу. Сағыныпты. Сағыныппын.

Тура бір жылдан кейін келген Шымкент айтарлықтай өзгере қоймапты. Дәл сол күні жайма шуақ ауа-райы еді. Жарты сағат өте алматылықтардың да пойызы келді. Вокзал алдында жиналдық. Димаш, Патик, Жалғас, Назгүл, Айкона, Розатай, Эльвира... барлығын таныдым. Оххх, Назгүл әпке, қатты ұнаттым!

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Одан кейін автобуспен келетін алматылықтарды күттік. Келді, құшақтастық, сәлемдестік, жиналдық, жан-жаққа тарастық. Шымкенттің ақкөңіл қызы — Жаңылай, Алматыдан келе сала бізді үйіне қонақ етті. Аздаған демалыстан кейін, шырайлы Шымкентті аралап, қыдырып кеттік.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Мереке күні адамдар да көп болды. Біраз жерді аралап, соңында "Қиял әлемі" паркіне тоқтадық. Мақта да, дәмді кәуап та болды мұнда. «Мизам» кафесіндегі кешкі отырыстың уақыты жақындады. Кешігіп бардық. Бұған себеп: бір аттракционға міну үшін 1 сағаттан аса кезекте тұрғанымыз.  
«Мизам» кафесі. Жиналған қауым. Жүзі таныстар да, таныс еместер де бар мұнда. Жиналып отырдық, танысу басталып кетті.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Кешкі әдемі отырыстан кейін суретке түстік, сөйлестік, алғашқы кездесулер осылайша қызық өтті. Одан шығып кішігірім түнгі отырыс өткізіп жібердік, «при свечах».

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©

2. Blogcamp'13. Part I
Блогқұрылтайдың алғашқы күні. Университет. Акт залы.
Тіркелудегі әдДемі қыздардың жылы қарсы алуымен басталды бәрі. Айкона, Қалдықыз, Розатай, Эльвира, Айжан... Бәрі де сүп-сүйкімді, тартымды-ақ.  Акт залына келіп жайғастық. Басталды. Ашылу салтанаты, таныстырулар, қонақтар, жобалар, стартаптар, конкурстар, кофе-брейк, құттықтаулар, тосынсыйлар… бәрі-бәрі болды. Министр де, әкім де, блогер мен журналист те, ақын да, әнші де, тіпті кішкентай сәбилерге дейін болды.  Мұнда да көбісін таныдым, барып сәлемдесе алмасам да, барлығын бір байқап қалдым. Көбісі керекшілер, Аршат, Нұрғиса, Марко, Сигма, Гаста, Батыр, Азамат, Сүлеймен, Әбіләкім бастаған ағалар, Димаш, Патик, Данияр, Жалғас, Садық, Абай, Әділет, Назгүл, Қалдықыз, Гүлфайруз, Айкона, Эля, Розатай, Ая, Жазира... ошым көп адамды таныдым.  Үйтіп-битіп жүргенде Аршат ағаймен сәлемдесіп, АКАмын деп айту мүмкіндігі болды.  Осы ресми бөлімінде өзіме нақты әрі түсінікті болғаны да Аршат ағайдың презентациясы болатын. Алып қосарым болмады, тек қолдадым. Жаңа блогшы үшін бұдан артық түсіндіру қажет емес, қысқа әрі нақты.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Ресми бөлім жабылды. Жиналдық. Автобусқа жайғастық. «Бәйшешек» лагеріне қарай жол тарттық.
3. Blogcamp'13. Part II.
Автобус. «Бәйшешек» лагері.
Жолда өте қызық болды. Автобустың ішіндегілер екіге бөлініп, ән айтудан жарыстық. Біздің топты Ақытбек аға бастаса, кіл жастардан құралған екінші топты Садық жүргізді. Лагерге жеткенше әндетіп, жарысып бардық. Соңында достық жеңіп, кеш түскен соң автобустан «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындап түстік.
Лагердегі сол түн өте керемет өтті. Домбыраның үнін жақсы көретін мен үшін бұл кеш есте қаларлықтай. Лаулаған оттың айналасында жылуын сезініп, бауырлардай бір-бірімізбен өте жақын болдық. Көңілді отырыс оттың шоғы басылғанша жалғасты. Ән, күй, айтыс, би де болды.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Одан қалды, түнімен карта мен мафия ойнау басталды. Таңға жуық қана аяқталды бұл ойындар. Бәрі тәтті ұйқыда жатқанда, таңертең тұрып серуендедік. Әдемі табиғат аясында сергіп, таза ауамен тыныстадық.
BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Түске жуық спорттық ойындар ойналды. Командаға бөлініп, бірі футбол, бірі волейбол, бірі баскетболға барды.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Одан кейін бәріміз жиналып, тауға шықтық. Табиғаттың сұлулығын тамашаладық.

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Түстен кейін де қызықты ойындар жалғасын тапты. Ұлттық дәстүріміз жаңғырып, ұйқыашар мен селтеткізер болды. Сыйлықтар мен марапаттаулар да өз деңгейінде табысталды.

4. KEREKINFO
Тосынсый. Марапат. Қуаныш.
Лагердегі соңғы уақыттарда түрлі марапаттаулар болды. Соның бірі — «Керекинфо» сайтының өз марапаттары мен номинациялары. Сондай марапаттың бірі маған да бұйырды. Күтпеген сый болды.
Керекинфо — ғаламтордағы алғашқы мектебім. Алғашқы ұстаздарым да керекшілер. Ғаламтордағы 2 жылдай өмірімде керекинфоның алған үлесі зор. Мұнда өзімді еркін сезіне алдым. Тек керекте ғана бірде-бір рет жазбаларға минус қоймаппын, бәлкім бұл мұнда тек сапалы дүние оқи алғанымнан болар. Асып та кетпедім, қалыс та қалып қоймадым. Айқай-шудың ортасына да түспеппін. Дәл ортасында жүрдім десем де болады. Керекинфо көп дүниеге көзімді ашты, үйретті, тәрбиеледі, ақылын айтты. Мұнда ешқандай образға кірудің қажеті жоқ, бар болмысыңмен ғана көрінесің. Мені осында әкеліп, АҚА деп атаған жақсы адамға алғысым шексіз!  Өзімді керекинфоның құрметті қолданушысы ретінде сезінгеніме қуандым! Мен үшін үлкен мотивация!

BlogCamp: Шеңберден шық! Маскаңды шеш! ©
Рахмет саған, Блогқұрылтай! Рахмет саған, Керекинфо! Жасай бер, шарықта!  

AKA

    Ұқсас посттар

    5 пікір

    asaubota
    саған да рахмет!
    satibaldi
    Оқымай-ақ мазмұнын айтып көрейінЧ: «Алматының қыздарын көрдім — керемет екен. Астананың қыздарын көрдім — керемет екен. Шымкенттің жігіттері жомарт болса, Ақтөбенің жігіттері адал екен».
    Соңғы түзету:
    AKA
    Өтірік жазбаңыз.
    temir1986
    Бармағандап көптен құр қалыпты ғой-Ә
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.