Samsung Galaxy Tab 2 -лі болғыңыз келсе... (oңай жолы)

  • Автор

ия ия дәл солай!!! Егер сіз планшетке қол жеткізгіңіз келсе, онда сізге мүмкіндік келді.Биылғы Блог Құрылтайда байқаулар ұйымдастырылып жатыр.
БАЙҚАУ #1
Блогқұрылтай туралы (еркін тақырыпта) пост жазу. Шарттары қарапайым:
1) Пост еліміздегі кез-келген блогтұғырда (әлеуметтік желі емес) жазылуы тиіс;
2) Басқа тілдердегі посттар саналмайды, тек Қазақ тілінде болуы тиіс;
3) Постта әр түрлі жаргондар, боқтық сөздер, қыстырма сөздер, бөгде тілден енген сөздер т.б. болмауы тиіс;
4) Пост барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
5) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
6) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
БАЙҚАУ #2
Блогқұрылтайды суретпен бейнелеу. Шарттары қарапайым:
1) Сурет еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс;
2) Сурет мотиватор, демативатор, қолмен салынған т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс;
3) Сурет барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
БАЙҚАУ #3
Блогқұрылтайды видеомен бейнелеу. Шарттары қарапайым:
1) Видео еліміздегі кез-келген блогтұғырларға (әлеуметтік желі емес) салынуы тиіс;
2) Видео блогшылардан сұхбат түрінде, видеоблог түрінде т.б. кез-келген түрде, бірақ барынша креативті болуы тиіс;
3) Видео барынша қоғамдық талқылаудан өтіп, барынша көп адам көруі тиіс;
4) Әлеуметтік желілерде постыңыз барынша жарнамалануы тиіс;
5) Пост Facebook-тағы арнайы парақшада көрсетіліп, ол жайында ұйымдастырушыларға білдіру (blogcamp2013@gmail.com поштасына материал сілтемесін тастап, хат жазу).
Байқау 20-наурызға дейін жүреді. Байқау қорытындысын осы салада жүрген арнайы топ анықтайды. Жеңімпазды анықтау Блогқұрылтай кезінде жүргізіледі де, блогқұрылтайдың қорытындылау, марапаттау бөлімінде (яғни 24-ші наурыз күні кешке) марапатталады.

ҚАПЫ ҚАЛМАҢЫЗ
ibnabbas

Жәй қазақтың қара домалақ баласы

    Ұқсас посттар

    10 пікір

    asaubota
    осында біраз материал бар негізі.
    Alisher
    Қап ай а, уақыттың жоқтығын қарашы. Әйтпесе жазуға болар еді
    ibnabbas
    Тек қана жазу емес, басқада байқауы бар фото бейнежазба деген сияқты
    Adiletshu
    Уақыт бар, идея жоқ
    konvict
    Жағдайымыз бір екен)))
    Abilakim
    анабір идеяңыз жақсы шыққан ед негізі)))
    asetalibek
    Samsung Galaxy Tab 2 де қазақша әріптер жоқ)))
    Yernar
    байкауга катысуын катысасын бирак корерменнин конилинен шыгу киындау. біреуге унамайд біреуге унамайд сол сиякты
    катысушыларга сәттілік тілеймін!!!
    Соңғы түзету:
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.