Блогқұрылтай 2013 - өткізілу орны

Ассалаумағалейкүм!

Шараның алғашқы күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өтеді. Бұл жайында толық бағдарламада жазылған. Екінші күні өтетін орын ретінде «Бәйшешек» лагерін таңдап отырмыз. Бүгін шымкенттік ұйымдастырушылармен бірге «бәйшешекке» барып, Сіздерге түсініктірек болуы үшін суреттерге түсіріп келдік.



әзірге жапырақтарсыз) сіздер келгенше жасыл болатын шығар деген үміттеміз



90-орындық жатынжай ғимараты.



ішкі көрінісі.



негізгі жатынжаймен іргелес тұрған коттедждер. 10-16 адам сияды. Қалған адамдар осы жерлрде орналасады.



коттедждің ішкі көрінісі.


Тау жанында

Бұдан бөлек, лагерь душ, асхана, дәрігерлік пункт т.б. қажетті коммуникациямен жабдықталған.

интернет

Блогшыларға ең қажетті нәрсе интернет екені белгілі. Қазір «Алтел» компаниясымен сөйлесу үстіндеміз, егер дұрыс шешілсе қолжетімді интернетпен (wi-fi) қамтамасыз етіледі. Бағдарлама аясында сонымен қатар, наурыз мейрамына сай келетіндіктен, наурыз көже, бауырсақ секілді ұлттық тағамдармен, мүмкіндігінше қыдыруға ат-экскурсиясын жасауға тырысамыз (шашлык әрине болады ).

Құрылтай пайдалылығымен қатар қызықты өтуіне барлық жағдайды жасауға тырысамыз.

ескерту: 23-і кешкі 18.00-ден 24-і 19.00-ге дейінгі жатын орын, тамақ, жол ақысы тегін болады.

Спорттық шаралар, жарыстар өтетін болғандықтан спорттық киімдеріңізді осы бастан сайлай беріңіздер

Тіркелу формасы ертең блогқұрылтайдың официалды сайтында жарияланып, хабардар етіледі. Тіркелу: ақпанның 26-сы мен наурыздың 15-і аралығында жұреді.

сәттілік

Ұқсас посттар

20 пікір

Adiletshu
Керемет! Ұнады! Базар жоқ, Данияр, ырысбек!)
edige
Дәке, лагердің адресі қандай?
Korkem
Шымкент қаласынан шамамен 30-40 шақырымдай жерде. Автобуспен 1 сағатта жететін жер, таксилетсеңіз 30 минутта жетіп қаласыз.
Daniar-Alan
Біркөлік лагерінің жанында. 4-автобус алып барады. онан бөлек кешігіп қалғандар үшін, ерте қайтатындар үшін қосымша 1 микроавтобус тұрады. Тәуліктің қай мезгілінде болмасын қаладан келу, жету жағынан мәселе болмайды.
ademi_alem
Бірінші сурет қашан түсірілген??? Жер көгере бастаған ба?
Daniar-Alan
Бірінші сурет қашан түсірілген?
кеше. наурызға дейін өрік гүлдейді )
ademi_alem
Қалай қызыыық, бізде қалыыыың қар әлі. 22 — наурызда 2011 жылы қатты боран болған бізде, ал биыл қалай болатынын білмеймін. Бұл уақытта сіздер жақта бұйыртса жылы болады ғой?
saken-d
мынау бір біткен іс болыпты!
madikon
онда не айтылады екен? бәрі біткен соң ақпараттан бізде хабардар болып отырайық!
Daniar-Alan
ең дұрысы көзбен көрген. КелсенЧ
madikon
мен блогшы емеспін ғой.
ruben
Өзім болмасам да, үшемімнің біреуі қатысады
asaubota
Шымкентте кездесе алмай кецек ренжим ал
ruben
Реис, ренжим деген қайдан шықты? мендей пақырдың түздегі есебіне Үйдегісі кереғар болмаса болғаны, абизок келеді рубен. Айтқаным — айтқан.
Daniar-Alan
Құрметті Рубен!
Егер уақытыңыз болса, осы жұма Карл маркс аялдамасы, гипер хаус СО-мен іргелес тұрған ғимарат №1 офиске келіп, ұйымдастыру жұмыстарына ең болмаса ақыл қосып отырсаң тамаша болар еді. Байланыс: 8 778 302 73 88. Кел, күтеміз
ruben
Жұма, жалпы, апта соңы сәл қиындау. Босап жатсам, абизок торпеда тастайм
Porshe
Шымкентте отетiн Блогкемп-2013 бас демеушiсi Beeline компаниясы. Осындай отiп жаткан шараларга оте куаныштымыз. Beeline ушiн казак тiлiн дамыту кейiнгi жылдары корпоративтi-алеуметтiк жауапкершiлiк саласынын негiзгi багыттарынын бiрi болып табылуда. Бугiнге карай желiнiн казак тiлдi кенiстiгiнiн каркынды дамуын корiп отырмыз. Астана каласында откен Екiншi курылтайына да колдау корсеткен болатын. Биыл «Блогкемп-2013» жиын барысында уздiк деп танылган Интернет жобаларынын авторлары Beeline-нан акшалай сыйлыктармен марапатталады. Сонымен катар, Beeline шаранын мобильды операторы ретiнде 23 наурыз кунi 2013 жылы Онтустiк-Казакстан Мемлекеттiк Университетiнде «Блогкемп-2013» катысушыларына тегiн интернет усынылады. Beeline мен бiрге жаркын жакта омiр сурiндер.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.