ҰБТ-ға психологиялық кеңестер

Білім және ғылым: ҰБТ-ға  психологиялық  кеңестер

БОЙЫМЫЗҒА СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.

1. Өзіңізді бағалаңыз. Әдетте өткен өмірге өкпесі бар адамдар сенімсіздік танытады. Алайда материалымыздың басты тақырыбы бұл емес. Өзіңіздің осал тұстарыңызды мойындай отырып, қай жағынан мықты екендігіңізді де анықтағаныңыз жөн. Не нәрсені ұнатып, ұнатпайтындығыңызды білу арқылы мінезіңізге толық сипаттама бере аласыз.
— Жасаған істеріңіз үшін еш уақытта ақталмаңыз. (Егер ешкімге қатысы болмаса).

2. Салмақ салуды қояйық. Жер бетінде қаншама адам бар. Ал біз болсақ бар ауыртпалықты әлемде өзіміз ғана жүргендей арқалаймыз. Қанша жерден мықты болсақ та, әйтеуір бір салада жеңіліс табуымыз мүмкін екенін ұмытпайық. Бастысы қателіктерден сабақ алу.

3. Шамаңызды біліңіз. Қателіктеріміз бен сәтсіздіктерімізді ұмыту мүмкін емес, дәл қазір жетістіктеріңізді есіңізге түсіріңізші. Өзгелер мен жайында не ойлайды деген ойдан аулақ болыңыз. Өзіңізді мақтан тұтуға құқыңыз бар.
— Мұнымен қатар ол жетістіктеріңізді қағаз бетіне түсіре аласыз. Нақтырақ жазуға тырысыңыз.

4. Өткен өміріңізге көз жіберіңіз. Балалық шағыңыздан бастап осы күнге дейін өміріңізді көз алдыңызға елестетіңіз. Бұрын-соңды не нәрсені мақтан тұтып, тамсанатын едіңіз? Бойыңыздағы сенімділігіңізді қандай оқиғадан кейін жоғалттым деп ойлайсыз? Өткен уақытта өте белсенді болғандығыңызды еске түсіру арқылы қалпыңызға келе аласыз.
— Мүмкін бала күніңізде көршінің балаларымен бірге ойнап жүрген кезде аз сөйлеп, үйге келген кезде ашылатын болған шығарсыз. Мүмкін мектеп қабырғасында нашар оқыған боларсыз? Психолог мамандардың айтуынша, бойымыздағы сенімділік біз туралы елдер не ойлайды деп ойлай бастағанымызда жоғалады екен. Сол себепті өзгелердің пікірі туралы аз ойлаңыз.

5. Жетістікке жетпейінше ұмтыла беріңіз. Бойымыздағы сенімділіктің бір күнде келе салмайтыны анық. Бірақ оны қайтаруға бағытталған іс-әрекетке бүгіннен бастап кірісе аламыз.

— Бойыңыздағы сенімділікті көрсету үшін ым-ишара тілін пайдаланыңыз. Отырған кезде тік отырыңыз. Жүрісіңіз барынша сенімді, ал адымдарыңыз жеңіл болсын. Жан-жағыңызға жалтақтап қарай берудің орнына күлімсіреңіз. Сөйлесіп отырған адамның көзіне тік қараңыз;
— Күлкі де есінеу секілді жұқпалы;
— Көркем киініп жақсы әдеттерді қалыптастырыңыз.
— Көбірек қарым-қатынаста болыңыз. Даусыңыз анық әрі сазды шықсын. Қобалжып тұрсаңыз да көбірек сөйлеуге тырысыңыз. Сөзшең адам болып көрінуден қорықпаңыз. Адамдар мұндай жандарды ашық жарқын әрі өзіне сенімді адам екен деп қабылдайды.

6. Нар-тәуекелге барыңыз. Кейбір істердің қолыңыздан келмейтінін білесіз. Әр күн сайын жаңа дүниелердің дәмін татып көріңіз. «Табыс сенімді адамдарды ұнатады». Қандай жолды таңдасаңыз да, нар-тәуекелге барып, жаңа істермен айналысыңыз.
— Өзіңізге жайсыздық сезімін сыйлайтын істемен айналысып үйреніңіз. Мысалы, бұрын-соңды сізге ғашық болған жандар мазаңызды алған кезде қашатын болсаңыз, бұл жолы қарсы жауап қайтарып көріңіз.

7. Осыларды жүзеге асырыңыз. Сенімділікті қайтару көп уақытты талап етеді. Әрдайым жаттығумен болыңыз. Позитив әрдайым негатив эмоцияларды жеңіп отырады. Яғни бастапқыда көрініс табатын жасандылық, артынша әдетке айналып, мінез болып қалыптасады

ИНТУИЦИЯНЫ КҮШЕЙТУДІҢ ТӘСІЛДЕРІ

— Өзіңді басқаның орнына қой.
— Оның не сезінетінін сезін.
— Өзіңе қорқынышты сезінуге мүмкіндік бер
— Қорқыныштан өт. Саған қорқыныш ұнамайды ма? Маған да. Алайда көпшілігіміздің онымен өмір сүруге және оны жауымыздан досымызға айналдыру қолымыздан келеді. Қорқыныш дегеннің не екенін білмейтін жүрек жұтқан адам болсаң, саған қорқынышты өз пайдаңа асыру амалын табу керек болады. Қорқыныш интуицияны сезінуге бөгет болады, әрі қорқынышты сезінуге қарсылық көрсеткен сайын күш алады. Өзіңе қорқынышты сезінуге жол бер. Оны сезінуге ешқандай кедергі жасама. Зейініңді қорқыныштың тап өзіне бағытта да оны ақырына дейін сезін. Онан шыққанда сен күш аласың және санаң тазарады. Қорқынышты сезінуге жол бергенде сен интуицияны күшейтесің, себебі бұл сенің ішкі әлеміңмен күресуді емес, оны естіп, сол қалпында қабылдауды үйретеді.
— Басқалардың көңіл-күйін сезін
— Адамдармен қарым-қатынас жасағанда олардың эмоциясын тануға тырыс. Оларға ат бер. Сөйлесіп отырған кісінің бақытты ма? Көңілді ме? Қапалы ма,үміттеніп жүр ме? Адамдардың эмоцияларын сезінген сайын, әр түрлі ситуацияларды терең сезіне аласың, сенің интуицияң соғұрлым жақсы жұмыс жасайды. Интуивтік сезінулер мен абстрактілі идеялар эмоция мекендейтін жерден бастау алады. Сондықтан адамдардың эмоциясын неғұрлым жақсы тани білесің, соғұрлым интуициямен байланысты бола аласың.
— Ішкі талқылауды тоқтат
— Әлдекімдікі немесе өзіңді өзің кіналау – бұл интуицияның емес – интуицияға бөгет болар негативті энергияның көрінісі. Ішкі сыншы «Ол ақымақ», «ол сүйкімсіз», «Мен толықпын», «Мен жеңіліс табамын» деген кезде тоқтай қал да «Неге бұлай айттым?», «Менің қай бөлігім тепе – теңдікті бұзып тұр?» деп сұра. Бұл сыншының дауысын естігенде оны тоқтат (оны елең қылмай, ығыстыра салам деу әурешілік, ол тағы бір жерден шыға келеді), оны позитивті сұраққа бағытта. « Бұл қолымнан келмейді» деген ой келгенде, мен оны саналы түрде «мұны қалай жасаймын?» деп өзгертемін. Егер менің шыдамым жеткілікті болса, және ішкі дауысқа құлақ ассам, ол маған не істеу керек екенін айтады. Ішкі сыншы «мұнан түк шықпайды» десе, мен «бұл идеяның қай бөлігі жарамды?» немесе «қандай идея жақсырақ болар еді?» деп сұраймын. Сен позитивті сұрақтарды қоя бастағанда бейсана оның шешімдерін интуиция арқылы жібереді.
— Оңаша қал. Ең жақсысы медитация жасау. Күніне жарты сағат болса да өз ойларыңмен жеке қалуға уақыт табуға тырыс. Ішкі әлеміңе ден қоюға уақыт тапсаң, таңғажайып қызықты әлемді ашасың. Жалғыз болғанда ішкі дауысыңды есту қабілетін ашқан соң, көпшіліктің ішінде де қажетті жағдайда индуктивті идеялар шығаруға үйренесің.
— Сұрақтар қой. Бірнеше сұрақтар қой. Сұрақ қою- интуицияны шынықтырудың тамаша тәсілі. Шығармашылықтың шарықтау шыңы бірнеше сұрақтар мен жауаптардың ұзақ ҚАТАРЫНАН соң келеді. Ізденімпаз адамдармен топ құрып, философиялық, ғылыми, әлеуметтік, медициналық, әдеби қиын сұрақтарды талқылаңыздар. Негізгі күшті жауаптар емес, сұрақтар береді- қарастырылмаған жолды ашып, жаңа сұрақтар мен жауаптарға түрткі болады.
— Біреулер интуицияны ғылыми емес, рационалды емес деп атайды. Бұл бір жағынан дұрыс, бір жағынан дұрыс емес. Шығармашылық интуивті идея сен оны дәлелдемегенше ғылыми емес болып табылады. Алайда кез-келген ғылым болжамнан басталады. Ал болжам қайдан шығады? Ең сәтті шығармашылық және бірегей идеялардың бастауы-интуиция.

МАҚСАТ ҚОЮ ЕРЕЖЕСІ

Психологтардың тәжірибесіне сүйенсек, көптеген проблемалар адамдардың өз алдына мақсатты дұрыс қоя білмегендегінен туындайды. Демек, егер мақсат нашар анықталса, оған қол жеткізу тым қиын. Әзірше, мақсат қоюдың екі ережесі беріледі, толық нұсқасында бұл тоғызға жуық.

1. Мақсат оңды құрастырылуы қажет – яғни бұл сіздің қаламайтыныңыз емес, алғыңыз келетініңіз болуы міндетті. Мысалы, «мен өзімді мазақ еткенді қаламаймын» емес «мен өзімді өзіме сенімді адам ретінде көрсеткім келеді». Демек, мақсатты құрастыру аз, оны дұрыс құрастыру маңызды.
Кезінде генерал Эйзенхаур өз жауынгерлеріне «Егер бізге ештеңе бөгет болмаса» емес, «Біз табысқа жеткен кезде» дейді екен.

2. Сіз мақсатты көз алдыңызға жақсы елестетуіңіз қажет. Өзіңіздің бұл мақсатқа қол жеткізуіңіз нені білдіреді? Сіз нені сезінетін, сіз нені көретін, сіз нені еститін боласыз. Өзіне сенімді… (есіміңізді қойыңыз) қалай көрінетінін елестетіңіз, ол қалай сөйлейді, қалай қозғалады, мұнда не сезінеді. Егер өзіңізге қажетті нәтижеге басқа адамдарға байланысты болса, олардың реакциясы қандай: олардың бет-әлпеттерінің қандай болуы қажет, олар не дейді, қандай интонациялар болады және т.с.с.

Алғашқы бапты – барынша саналы, вербалдық бөлік, ол екіншісін – бейсаналық, вербалдық емес бөлік деп айтуға болады.
Сезімталдық. Сізге өзіңіздің мақсатыңызға жылжығаныңызда немесе жылжымағаныңызды білу үшін барынша аңғарымды және сезімтал болуыңыз қажет. Мысалы, сізге өзіңіздің әрекетіңізге жауап ретінде өзіңізде немесе басқа адамдарда болатын өзгерістерді оларды өзіңіздің мақсат туралы пайымдауларыңызбен салыстырып көру үшін байқай білу қажет.

Икемділік. Өз мінез-құлқыңызда жеткілікті икемді болыңыз. Әрбір жағдайда сізде әрекет ету нұсқалары көбірек болса, мақсатқа жету ықтималдылығы соншалықты үлкен. Ал егер мақсат бағыт, ал сезімталдық ең алдымен кері байланыс берсе, онда икемділік – бұл мүмкіндіктердің кеңдігі.

Сонымен, мақсатқа қол жеткізу үшін мыналар қажет:
— мақсат ептілігі;
— сезімталдық;
— икемділік.

ТАБЫСҚА ЖЕТУ СЫРЛАРЫ
Қандай адам болмасын табысқа жеткісі келеді. Бұл тұрғыда практикалық психологтар мынадай нұсқау береді. Оны қабылдау, қабылдамау әркімнің өз еркі. Кез-келген арман жоба болып табылады. Сонымен, жобамен жұмыс істеу кезінде негізгі 4 аспектті бөліп қарастырылады:

1. Мақсатты құру. Оның талдануы мен визуалдануы, бұл мақсатты қол жетімділігіне, анықтығына (реалдылығына) және экологиялығына тексеру.
Бұл кезеңде ең маңызды коучингтік сауал деп мынаны есептеуге болады.:
Мен шын мәнінде нені қалаймын?
Бұл шабытты құру үшін қажет, бұл армандау кезеңі. Өйткені егер нені қалайтыныңды білмесең, қайда тап болатының белгісіз! Сіз мүмкін ешқашан ештеңеге қолы жетпейтін, өйткені қарапайым нақты мақсатты жоқ адамдарды білетін боларсыз. Екінші жағынан алғанда, біздің бәрімізге күнделікті, апта сайын, ай сайын алдына нақты мақсат қойып және барынша сезілетін нәтижелерге қолы жететін адамдар белгілі. Олардың табыстары нақты сызылған қол жетер мақсаттарға көңіл бөлу бейімділігімен түсіндіріледі. Адамдар көбіне тек қана өздерінің армандауына тиым салады. Көбісі нақты мақсаттарды қоюға қорқады. Және бұл кезеңде коучтың міндеті – клиентке бұл күйреткішті – шабыттану қорқынышын жеңуге және мақсаттарды қоюға үйренуге көмектесу.

2. Жобаны жүзеге асыру. Бұл әрекет ету жоспарын құру кезеңі, бұл сонымен жылжу қажет болатын жол. Бұл кезеңдегі маңызды сауал: Менің бұған қалай қолым жетеді? сұрағы болып табылады.
Адамды бұл кезеңде екінші күйреткіш – жеңілу қорқынышының күтіп тұруы мүмкін. Кейде адамдар өздерін басқалармен салыстыра бастайды. Және көбіне бұл салыстыруда жеңіліске ұшырайды. Бұл кезеңдегі коучтың міндеті клиентке өз күштеріне сенуге көмектесу, қажетті қабілеттердің барлығын табуға жәрдемдесу (ал олар онда бар!). Бұл жерде мінез-құлықтық икемділікті дамыту өте маңызды. Өз мақсаттарымызға қол жетудің көбірек тәсілдерін білген сайын, біз соншалықты тез және қарапайым оларға жетеміз!..

3. Түрткі (мотивация). Бұл жобаны өмірге ретімен енгізу кезеңі. Бұл жерде өте маңызды сауал:
Бұл сізге неге керек?
Бұл сарапшыларды және командамен жұмысты модельдеу, өзіңізді және басқаларды одан арғы жұмыс үшін ынталандыру. Бұл кезеңді жобаның жұмысшы бұлшық еттері деп атауға да болады. Және бұл кезеңде адамды тағы бір күйреткіш – өзіңе де, басқаларға да түңілу қорқынышы күтіп тұруы ықтимал. Бұл кезеңде адам, еш уақыттағыдай емес, өз көшбасшылық қасиеттерін дамытып және толық көлемде көрсете алуы мүмкін. Өзіңді және басқаларды түрткілеу ептілігі – кез-келген адам үшін маңызды қабілет. Және бұл коучтың басты мақсаты.

4. Аяқтау. Бұл кезеңде мына сауалды қою өте маңызды:
— Мен нәтижеге қол жеткізгенімді қалай білемін?
Жобадан шығу мен аяқтау – өте маңызды кезең. Бұл кезеңде адамда ішкі дау (конфликт) (төртінші күйреткіш) пайда болуы мүмкін: алайда жалпы алғанда аяқтау қажет пе, одан әрі не болады, бәлкім мен бірдемені жасамаған шығармын, мүмкін соншалықты өзіме жүк арту керек емес шығар… Дәл осы кезеңде коуч клиентке өз творчестволық бастамасына, шеберлігіне және түйсігіне (интуициясына) «Иә» деп айтуға көмектесе алады. Аяқтау кезеңі – бұл ішкі тұтастыққа өту.

Дайындаған: Р.Мамаева

Дереккөз: https://ust.kz/word/ubt___ga_psihologiyalyq_kengester-46642.html

zhanarustaz

Жас информатик

    Ұқсас посттар

    0 пікір

    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.