Arular.kz

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі: Қазақстан ғылым саласында дамуда

Білім және ғылым: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі: Қазақстан ғылым саласында дамуда

Дүниежүзілік экономикалық форумның Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің жыл сайынғы қорытындысында Қазақстан ғылым саласында жұмыстарын белсенді жүргізуде деген тұжырым жасалыпты.

«Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2015 жылы 81-орында болса, биыл 63-орынға көтерілген. «Жоғары оқу орындары мен бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардағы әріптестігі» көрсеткіші бойынша республикамыз 66-орынға шыққан (2015 жылы 88-орында болатын). «Инженерлер мен ғалымдардың қолжетімділігі» көрсеткіші бойынша біздің еліміз 8 орынды артқа тастап, 64-орынға табан тіреді.

Еліміздің білім беру жүйесінің басқа параметрлері бойынша да даму байқалады. Мәселен, «Орта біліммен қамтылу» көрсеткіші бойынша Қазақстан 138 елдің ішінен 21-орынға шықты (2015 жылы 42-орында еді). Мектептерде интернетке қолжетімділік те жақсарған – былтыр осы позиция бойынша 71 орында болсақ, биыл 29-орынға бір-ақ шықтық. Сарапшылар математика және жаратылыстану пәні бойынша білім сапасының жақсарғанын да атап өтуде. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан екі пунктке көтерілді, былтырғы 71-орыннан 69 орынға шықты.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (The Global Competitiveness Index) — бұл Дүниежүзілік экономикалық форум (World Economic Forum) нұсқасы бойынша экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішнің әлем елдері арасындағы рейтингі және ғаламдық ауқымдағы зерттеу.

Бұл индекс Дүниежүзілік экономикалық форумның (World Economic Forum) әріптес ұйымдар желісімен, яғни танымал зерттеу институттармен және осы саладағы көшбасшы ұйымдармен бірлесе терең талдау жасай отырып жүргізілетін жыл сайынғы ауқымды зерттеу нәтижесінде есептеледі. Бұл ауқымды зерттеу әлем бойынша әртүрлі компаниялар басшыларының ғаламдық сауалнамасының нәтижелеріне және жалпыға қолжетімді статистикалық деректерге негізделеді. Ал, индекстегі білім беру жүйесінің сапасы нақты 12 көрсеткіш бойынша анықталады.

Бұл зерттеу 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді және қазіргі таңда дүниежүзінің түрлі елдер бойынша бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің ең толыққанды кешені болып саналады.
" data-width="600" data-numposts="5">

0 пікір

Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.